Экономиканы әртараптандыру және жаңарту бағыттары

Экономиканы әртараптандыру және жаңарту бағыттары

Экономиканы әртараптандыру және жаңарту бағыттарының теориялық негіздері

1.1 Экономиканы эртараптандыру мен жаңарту бағыттарының экономикалық мәні, маңызы және рөлі

Қазіргі кезеде еліміздегі экономиканың негізгі секторы болып саналатын өнеркәсіптің құрылымы мемлекеттің тұрақты түрде дамуын қамтамаыз ете алмай отыр.
Өнеркәсіп - шаруашылықтың шешуші саласы. Ол еңбек құралдарын, халық тұтынатын заттарды жасаумен, шикізат, отын, электр энергиясын өндірумен шұғылданады. Ол қоғамымыздың материалдық - техникалық базасын жасауда, өндірістің барлық салаларының индустрялдық негізін онан әрі нығайтуда маңызды рөл атқарады. Қазақстан өнеркәсібінің жетекші салалары - түсті және қара металлургия, отын, химия индустриясы, машина жасау, тамақ және жеңіл өнеркәсіп.
Қазастан экономикасының бір ерекшелігі, ол - жергілікті шикізатпен және отынмен толық қамтамасыз етілген. Бірақ та, мұнда өңдеуші өнеркәсіптен гөрі, өндіруші өнеркәсіп басым, оның себебі, жер қойнауы шикізатқа өте бай және өндірістің көптеген салаларының дұрыс қызмет атқарылмауында. Ендігі мақсат алдағы уақытта пайдалы қазбалардың жаңа кендерін игеріп қана қоймай оларды өңдеу арасындағы орын алып отырған алшақтықты жою./6/
Сыртқы және ішкі нарықтардағы өзгерістерге байланысты экономиканың тұрақты түрде өзгеріп отыруы заңды құбылыс. Біртұтас экономикалық жүйені құру, оның құрамдас бөліктерін дұрыс анықтау арқылы экономиканың негізін қалау немесе қайта құру шаралары неғұрлым нақты жүргізілсе, соғұрлым оның дамуы бірқалыпты және тұрақты болмақ. Сондықтан қандай бір ауытқушылық немесе ірі өзгерістер болмасын, іргесі нық экономикалық жүйе күрделі күйреуге ұшырай алмайды.
Әлемдегі тауар, қаржы және валюта нарықтарында жиі кездесетін тұрақсыз жағдай, минералдық шикізаттық ресуртарға даген бағаның құбылмалы болуынан ұлттық экономиканың тұрақты дамуына теріс ықпалын тигізуге болады. Сондықтан да осындай қолайсыз жағдайларға тап болмас үшін, тек бір ғана шикізатымыздың көмегі жеткіліксіз. Сол себепті сыртқы және ішкі нарықтардағы барлық жағдайларды ескере отырып, ел экономикасын диверсификациялау қажет.
Диверсификация (латын. Diversus - әртүрлі жасау) - өнеркәсіп өндірісінің жаңа түрлерін қамтитын капиталды шоғырландырудың бір түрі ретінде 20 -ғасырдың 50 - жылдарынан бастап дамыды. Диверсификация АҚШ, Батыс Европа елдері мен Жапонияның қаржы саласында, өнеркәсіпте, көлік, құрылыста өріс ала бастады. Диверсификацияның сипаты елдің әлеуметтік - экономикалық ерекшеліктеріне байланысты. Оның дауына ғылыми - техникалық прогресс, жоғары пайда үшін күрес, өз капиталын орналастыруға лайықты нарық іздеу қажеттілігі, бәсекелік күрес т.б. себептер ықпалын тигізеді. Диверсификация нәтижесінде өнеркәсіп көп салалы сипат алады. Өйткені, компанияларға кешенді өндірісті дамыту пайдалы болып табылады. Күрделі қаржының табысы аз саладан барынша пайдалы салаға құйылуы капиталдың дәстүрлі нарығына соқпай ақ диверсификация арқылы жүріп жатады. Диверсификация көмегімен экономиканың құрылымы өзгеріп, көп салалы кешендерге айналады. Қазақстан Республикасында диверсификация әртараптандыру терминімен кеңінен таралуда. /2/
Көптеген мемлекеттер экономикасы әртараптандырылған. Соның нәтижесінде, олар әлемдік аренада алдыңғы орындарды иемденген. Кез келген мемлекет үшін экономикасы қаншалықты әртараптандырылғандығы өте маңызды болып келеді. Өйткені, әртараптандыруды құрайтын факторлар: ғылыми - технологиялық, минералды - шикізатттық ресуртар, өнеркәсіптің көп салалар бойынша түрленуі, бір сөзбен айтқанда, экономиканың барлық секторларын жан - жақты жандандыру берілген мемлекеттің жалпы экономикалық - әлеуметтік, адами көрсеткіштер дәрежесін айқындайды. Жан - жақты, дұрыс ұйымдастырылған экономика, дамыған, өркениетті мемлекттің қалыптасуының негізі.
Әлемдік экономиканың жаһандану жағдайында елдің экономикалық тәуелсіздігі өнеркәсіпті түрлендіру деңгейінен ажыратылмай қарастырылады.
Егеменді ел болып, тәуелсіздік алғаннан кейін жүргізіле бастаған өнеркәсіптік саясат тарапынан белгілі дәрежеде қолдау таппады. Соған байланысты өнеркәсіп жоғары деңгейде дамып, ерекше нәтижелерге жетті деп айту әлі ертерек. Соңғы кездері ұлттық экономиканың шикізаттық емес салаларына назар аудара бастауы уақыт талабы болып отыр. Бұның басты себебіне көп жағдайда әлемдік нарықтағы шикі мұнайдың, табиғи газдың, қара және түсті металл, бидайдың бағасына тәуелді болуы жатады. Егер де оларға баға жоғары болса, әрине онда ешқандай қиыншылық болмайтыны белгілі.
Ал, баға төмендеген сайын мемлекеттің бюджеті қысқарады., қаржы қиыншылықтары пайда болады, кәсіпорындар мен табиғи ресурстармен жабдықтаушылар арасында қарама қайшылықтар орын алып, экономиканың әртүрлі салалары арасында шиеленістер туындайды. Мұндай тәуелділікті болдырмау үшін шикізаттық бағдардан өңдеушілікке экономиканы әртараптандыру жолымен жету керек болып отыр. /3/

1.2 Экономиканы әртараптандыруда өңдеуші өнеркәсіпте индустриялық деңгейді анықтау
Қазіргі таңда, жалпы алғанда отандық өнеркәсіп арасында өнімдерінің әлемдік нарықтағы бәсеке қабілеті төмен, оның басты себептеріне:
- өңдеу өнеркәсіп кәсіпорындарының, мысалы, машина және прибор жасау, жеңіл өнеркісңп, фармацевтика және т.б. технологиялық жағынан артта қалуы;
- кейбір салаларда негізгі қорлардың тозуы 50 – 60 % және тозған құралдардың үлес салмағы 10 – 20% жетіп жатыр.
Осыған байланысты стратегиялық бағытта елімізде ішкі нарықтың жаңа тұжырымдамасын қалыптастыру үшін өндіруі ұтымды болатын өнімдер, тауарлар, қызмет түрлерін анықтап алу қажет болып отыр. Салалық құрылымда да өзгерістер болуы мүмкін. Экономика құрылымын жетілдірудің негізгі өзегіне өнеркәсіп жататындықтан, ондағы көп салалы индустрияны қалыптастыру, салалар ұтымды үйлесімділік пен байланыс, салаішілік тығыздық пен пропорция, өндірістегі жетілген құрылым, мұның бәр кең мағынада алғанда бәсеке деңгейі жоғары мемлекеттің негізін құрайды./7/
Мемлекет экономиканың өрлеу үрдістері қалыптасқан кезде өнеркәсіптің қай салалары басым бағытта дамуы керек, олардың арасындағы пропорциялық үйлесім қандай болуы керек егендігін анықтайтын экономиканың даму үлгісін дайындаумен айналысып келеді. Перспективасы жоғары өндірістерді дамыту, өнеркәсіптің сыртқы нарыққа шығуы үшін бәсеке қабілетті жоғары өнімдерді өндіруде құрылымдық өзгерістерді ұтымды жүргізудің жолдарын анықтау арқылы жетекші салаларды дамыту қажет болады. /7/
Өңдеу өнекәсібіндегі индустриялық деңгейді анықтаудың жалпы көрсеткіштеріне, менің пікірім бойынша, өңдеу өнеркәсіп өнім көлемінің жалпы өнеркәсіп өндірісі көлеміндегі үлесі, өңдеу өнекәсіп салаларының капитал, қор. Материал, еңбек, ғылыми сыйымдылықтарынң деңгеі, өңдеу өнеркәсібіндегіжалпы өнім көлеміндегі ғылымды көп қажетсінетін салалар өнім көлемінің үлес салмағы, экспорт көлемі, экспорттау мен импорттаудың үлес салмағы, бәсеке қабілетті өнім көлемінің саны, қосылған құны жоғары тауарлар көлемі, өңдеуші өнеркәсіпке тартылған инвестиция көлемі, ҒЗТКЖ - ға жұмсалған жалпы шығындардың өнімді сатудың жалпы көлеміне қатынасы, ҒЗТКЖ - ға жалпы шығындар көрсеткіші, корпорацияның немесе кәсіпорынның жаңа технологияны пайдалану нәтижесінде пайда болатын жинақтамалар деңгейінің жыл сайынғы пайдаға қатысты алғандағы көрсеткіші. /6/
Өңдеуші өнеркәсіпте индустриялық деңгейді анықтау үшін микродеңгейдегі, яғни өнеркәсіп кәсіпорындарындағы индестриялық деңгейдің қай шамада екенін бағалау қажет деп ойлаймын. Өнеркәсіптің индустриялық деңгейін анықтау және оны көтеру мемлекеттің индустриялық - инновациялық дамуының 2003 - 2015 арналған стратегиясында инновациялық бағытпен бірге қарстырылуы кәсіпорындардың жалпы техникалық тұрғыдан арта қалушылығы, ғылым мен өндірістің арасында ықпалды байланыстың болмауы, ғылыми - конструкторлық жұмыстарға қаржының аз бөлінуі, өнеркәсіп өндірістеріндегі негізгі қорларды жаңарту үрдістерінің мардымсыздығына байланысты туындады деуге болады.
Микродеңгейде кәсіпорындардың индусториялық деңгейін анықтаудың көрсеткіштерінің топтамасы:
- кәсіпорынның еңбек өнімділігі, өнімді сату көлеміндегі нарықта бәсеке қабілеті жоғары өнім көлемінің үлес салмағы, өнім көлеміндегі жаңа технологиялар негізінде дайындалған өнім көлемінің үлес салмағы, ғылыми сыйымдылығы жоғары өнңм көлемі, қосылған құны жоғары тауарлар саны, негізгі қорларды жаңарту коэффиценті, экспорт көлемі, инвестиция көлемі;
- жалпы өндірілген және сатылған өнімнің жалпы көлеміндегі инновациялық өнімнің көлемі, айналымдағы және өндірістің жалпы шығындарындағы эксперименттік үлгілер мен жаңа технологияларды жасауға жіне ғылыми қызиеттерге жұмсалған шығындардың үлесі.
Мемлекет құрылымдық - салалық проблемаларды шешу үшін соңғы жылдары бірқатар іс - шаралар дайындады. Оларға импорт алмастыру, экспортқа бағытталған саясат, экономика индустриялық - инновациялық тұрғыда дамыту, әлеуметтік проблемаларды шешу инвестициялық саясаттарды жүргізу жатады./3/



2. Қазақстан Республикасындағы өнеркәсіптің өңдеуші саласының даму тенденциясы мен қызметіне талдау

2.1 Республикамызда өңдеуші саланың қалыптасуы мен дамуы

Кеңес Одағы тұсында Қазақстанда шикізатты өңдеу өнеркәсібінің дамуына онша мән бере қойған жоқ. Себебі, тоталитарлық империя шеткері ұлттық аймақтар өндірісінің дамуына мүдделі емес еді. Оларға ұлттық аймақтардың кен байлығын шикізат ретінде өздеріне тасы, оны өңдеп тұтыну тауарларына айналдыры, бірнеше есе қымбат бағасына сол отар халықтарға қайта сатып отыру әлдеқайда тиімді болатын.
Қандай жетілген нарықтық механизмді алмайық, ол өзінен өзі экономика оң құрылымдық өзгерістерге алып келмейді. Ең бастысы - жоғары деңгейдегі көп салалы индустрияны құру мен жетілген экономиканың құрылымын қалыптастыруда мемлкеттік реттеу қажет болады.
Экономиканың өркендеуінің белгілі бір кезеңінде өнеркәсіптің тиімді салалық құрылымын қалыптастыру үшін кейбір жеке салаларды дамытуда басымдылықтарды дұрыс анықтау салалар арасында прогрессивті өзгерістердің болу нәтижесінде экономикалық пропорцяларды қалыптастыру мен инвестициялар мен капитал салымдарының тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді. /2/
Қазақстан экономикасының құрылымын жетілдірудің басым бағыттарының біріне кен өндіру және өңдеу салалары арасындағы арақатынасты өзгерту болып саналады. Кен өндіру салаларына қарағаанда өңдеу өнеркәсібінің дамуы тежелу үстінде.
Әрине, республиканың әртүрлі шикізат түрлеріне ішкі тұтынушылығын қанағаттандыру және экспорттық тауарлады көтеру үшін кен өндіру өнеркәсібінің бұнан да былай дамыту қажет. Дегенмен, өңдеу өнекәсібінің даму қарқыны болашақта өте жоғары болуы тиіс. Соңғысының салыстырмалы түрде төменгі деңгейі, әсіресе, машина жасау саласының, соңғы дайын өнім өндіретін салалардың баяу жұмыс істеуі нәтижесінде шикізат, отын - нергетикалық ресурстар, жартылай фабрикаттар шетелге ағылуда. Өнеркәсіптің дамуының шикізаттық бағыттылығы тауар өндірітін салалардың артта қалуына әкеп соқтырады.
Осы мәселелерді шешуде Қазақстанның болашаққа теңгермелі және тұрақты өрлеу үлгісін жасау қажеттігі стратегиялық бағыттан айқын түрде көрініс тапқан.
Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқына жолдауында көрсетілгендей, біздің қазіргі басты мақсатымыз - 50 бәсекеге қабілетті елдердің қатарына қосылу. Мұның басты талабы - Дүниежүзілік Сауда Ұйымына мүше болу. Ол әрине ең алдымен, әлемдік сауда нарығына жоғары сапалы, көп ассортиментті дайын өнім шығаруды алдыңғы қатарға шығарып отыр. Бірақ, өкінішке орай біздің еліміз үшін бұл талаптарға жеткілікті жауап беру өте қиынға соғады. Алайда, мұндай стратегиялық міндеттерді шешу үшін экономикамыздың бәсекеге қабілеттілігін арттыра отырып, шикізаттық бағыттан бас тартуға және экономиканы әртараптандыру, өңдеуші өнеркәсіптің үлесін арттыру, әлемдік стандарттарға сай өнім өндіру, салалық кластерлер қүру, ғылымды көп қажет ететін және жоғарғы технологиялық экспортқа негізделген өндірістер құруды ынталандыру сияқты көптеген маңызды шараларды жүзеге асыру қолға алынды. Бұл бағытта ең алдымен, еліміздің индустриялық - инновациялық дамуының 2003 - 2015жылдарға арналған стратегиясы қабылданып, іске асырылуда және өңдеуші саланың мүмкіндігі мол басым бағыттары анықталып, оларды дамытуғы баса назар аударылып отыр. /4, 6/


2.2 Еліміздегі өңдеуші өнеркәсіптің көрсеткіштерін талдау

Өңдеу өнеркәсібі экономиканың ең маңызды салаларының бірі болып табылады және халық тұрмысын қамтамасыз етуде басты рөл атқарады.
2005 жылы өңдеу өнеркәсібінде 1833 млрд. теңгеге өнім өндірілген, бұр көрсеткіш өнеркәсіп өндірісінің жалпы көлемінің 35,8% ын құрайды. Өнекәсіп өнімінің нақты көлемінің индекстері бойынша: 2005 жылы өткен жылмен салыстырғанда 6 %-ға өскенін көре аламыз. Өнеркәсіптің негізгі қызметінің қызметкерлерінң орташа айлық жалақысы 2005 жылы 2000 жылмен салыстырғанда 2 есе жоғарылаған. (1 – кесте) /5/

1 кесте - Өңдеу өнеркәсібінің экономикалық көрсеткіштерінің серпіні
1990 1995 2000 2005
Өнеркәсіп өндірісінің көлемі, млн. теңге 58 359982 845773 1832987
Өнімнің нақты көлемінің индекстері:
өткен жылға 99,8 83,7 117,4 106,0
1990 Жылға %-бен 100 39,5 43,9 68,1
Сала өнімінің өнеркәсіп өндірісінің жалпы көлеміндегі үлес 81,8 51,7 46,5 35,8
Негізгі қызметтің қызметкерлер құрамының саны, мың адам --- -- 391,1 378,1
өткен жылға --- --- 96,4 102,2
Өнеркәсіптің негізгі қызметінің қызметкерлер құрамының орташа айлық жалақысы, теңге --- --- 17717 35509
Пайдалылық деңгейі, %-бен --- --- 21,2 24,3
Саланың өнеркәсіптік инвестор-кәсіпорындарының негізгі капиталына салынған инвестициялар, млн, теңге --- --- 71607 220482
өткен жылға %-бен --- --- 147,4 103,8
Ескертпе –ҚР Статистика агенттігі мәліметтері негізінде жасалды


2005 жылы өңдеу өнеркәсібі салалары өндірісінің көлемдері құрылымында 1990 жылмен салыстырғанда түсті металл өндірісінің үлесі 10- нан 21,5% - ға дейін,қара металлургия өнімдері өндірісі - 5,1 - ден 15,2% - га дейін, мұнай өнімдері өндірісі - 2,6 - дан 8,5% - ға дейін өсті./8/....


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Ораза кестесі 2024 жыл. Астана, Алматы, Шымкент т.б. ауыз бекіту және ауызашар уақыты
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу

Соңғы жаңалықтар:
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!
» 2024 жылы студенттердің стипендиясы қанша теңгеге өседі