Экономикалық өсу оның типтері мен факторлары

Экономикалық өсу оның типтері мен факторлары

Экономикалық өсудің теориялары.
Мультипликатор және акселератор эффектісі

Өндіріс қарқынын жеделдетуге қол жеткізу үшін, Батыс елдерінің әртүрлі мектеп өкілдері экономикалық өсудің моделі мен формулаларын жасап, алдағы уақытқа болжау құрды.
Өсу формуласының негізінде Кейнстің «мультипликатор» теориясы жатыр. Ол кейінірек «акселерация» теориясымен толықтырылды.
Мультипликатор- көбейткіш, ал акселератор- бұл дайын өнім сұранымының өсуіне деген интенсивті өсушілік коэффициенті. «Мультипликатор» ұғымын ағылшын экономисі Кан 1931-ші жылы ендірген, кейінірек Дж. М. Кейнс өзінің «Еңбекпен қамту, өсім және ақшаның жалпы теориясы» (1936) кітабында дамытты. Бұл ұғымды А. Хансен, Р. Харрод, Дж. Хикс, П. Самуэльсон, Н. Калдор және басқалары өз еңбектерінде қарастырды.
Мультипликатор- бұл қолда бар күрделі қаржының өсуі кезіндегі ұлттық табыстың қанша есе өсетіндігін көрсетеді.
Мысалы, жаңа жолды салуға күрделі қаржы 5 млн. долл. тең делік. Орташа табыс жылына 1000 долл. болатын алғашқы кезде 1000 адамды жұмысқа тартады. Бірақ жолды салуға белгілі көлемде ірі жабдықтар мен материалдар қажет және оларды өндіруге жұмыс атқаратын 1200 адам керек. (сол бұрынғы жылдық табыс бойынша) болды. Жұмысты атқаратындардың (жұмыстылықтың) өсуі тұтыну зататрына сұранымды өсіре түседі. Сөйтіп келесі кезекте олардың өндірісінің ұлғаюына алып келіп, 800 адамды қосымша жұмысқа тартады.
Демек, инвестициямен тікелей байланысты 1000 жұмысшыны жалдау нәтижесінде, жұмысты атқаратындардың түпкі жиынтығын 3000 адам жалпы 15 млн. долл. табыспен құрайды немесе алғашқыдан 3 есе көп деген сөз. Бұл жағдайда мультипликатор 3-ке тең.
Акселератордың іс- әрекеті мультипликатормен байланысты: мультипликатор инвестицияның көбеюімен ұлттық табыстың өсуін (оның өсуі еселенеді) қарастырады; акселератор (дайын өнім сұранымының өсушілігіне инвестициялық сұраным өсушілігінің коэффициенті)- ұлттық табыстың өсуі инвестицияның өсуіне алып келеді. Кезегінде бұл барлық жүйені қозғалысқа лаып келеді. Экономикалық өсудің біртекті, бір бағытта іс-әрекет жасайтын мультипликациондық процесі пайда болады. Акселерация принципін алғашқы рет 1913- ші жылы француз экономисі А. Афтальон (1874-1956) және 1919 жылы американ экономисі Дж. М. Кларк ұсынған. Кейінірек ол Р. Харрод, Дж. Хикс, П. Самуэльсон еңбектерінде одан әрі дами түсті.
Мультипликациондық эффекті масштабын болжау үшін Дж. Кейнс ендірген тәуелділіктің мәні зор: тұтыну шығындары мөлшері мен осы дейгейдегі табыс- «орташа тұтынуға бейімділік»- арасындағы тәуелділік. Орташа тұтынуға бейімділікті («АРС»- арқылы белгіленеді) экономикалық ғылымда «психологиялық фактор» ретінде түсіндіреді. Себебі адамның тұтыну тауарларын сатып алу ниетін көрсетеді. Тұтынуға бейімділік дегеніміз- ұлттық табыстың тұтыну бөлігінің (С) баолық ұлттық табысқа қатынасы (Y) яғни
тұтыну С
АРС=------------- немесе ------
табыс Y
және «шектеулі тұтынуға бейімділік» (МРС) дегеніміз кез- келген тұтынудағы өзгерудің табыстағы өзгеруіне қатынасының көрсетілуі, яғни
тұтынудағы өзгеру ДС
МРС= ----------------------------- немесе -------
табыстағы өзгеру ДY
Бұдан басқа да, ДЖ. Кейнс жинақтау мөлшері мен сол кездегі табыс деңгейі арасындағы тәуелділікті ендірді, орташа жинақтауға бейімділік және шектеулі жинақтауға бейімділік.
Жинақтауға бейімділікті бірден- бір психологиялық фактор ретінде түсінеміз. Ол адамның ниетін сақтауды білдіреді. Орташа жинақтауға бейімділік (АРS) ұлттық табыстың жинақтау бөлігінің (S) барлық ұлттық табысқа (Y) қатынасымен анықталады, яғни

жинақтау S
АРС=------------- немесе ------
табыс Y

Шектеулі жинақтауға бейімділік (MPS) жинақтаудағы кез –келген өзгерудің сондағы табыс өзгеріне қатынасын көрсетеді, яғни

жинақтаудағы өзгеру ∆S
АРС=---------------------------- немесе ------
жинақтаудағы табыс ∆Y
Осы тәуелділіктер шекті мультипликациялық эффектіні бағалауға ықпал жасады.
Қазіргі Батыстық неоклассикалық экономикалық мектебінің өкілдері экономикалық өсудің тым күрделі көп факторлы моделін ұсынады. Нақтыласақ, көп факторлы Кобба-Дуглас функциясын айтамыз.
Оның формуласы мынандай:

мұндағы Q- өнім;
L- еңбек;
K- капитал;
S- жер.

Экономикалық өсудің қазіргі типтері және оның ерекшеліктері
Экономикалық өсу экономиканың бір қалыпты оң қозғалысын және оның әлеуметтік- экономикалық прогресін көрсетеді. Мұндай прогрестің жалпы критериі өндіргіш күштердің даму деңгейі болып табылады. Экономикалық прогрестің қозщғаушы күші қайшылық болады. Өндіріс пен тұтыныс арасындағы қайшылық жалпы негізгі және қозғаушы күш болып табылады. Тұтыныстар өндірісті ынталандырады, екінші жағынан өндірістің өзі жаңа тұтыныстарды қалыптастырады- сөйтіп осылай қайталана береді. Бұл қайшылық –оның қоғамдық түріне тәуелсіз ең жалпылама және өндіріс дамуының табиғи негізі. Кез- келген қоғамда тұтынысты дәріптеу эконмикалық заңы бар. Жыл сайын тұрғындардың саны өседі және олардың тұтыныстары да өсіп отырады. Олардың тұтыныстарын қанағаттандыру үшін экономика материалдық және рухани игіліктерді қамтамасыз етуі қажет. Осыдан байқалатындығы, экономикалық жүйе осы мәселені қандай дәрежеде шеше алатын мүмкінділігіне қарай оның өміршеңдігі анықталады. Ескеретін жай, қоғам ресурстары шексіз емес, сондықтан экономикалық өсудің интенсивті типі қолайлылау. Себебі, материалдық игіліктер мен қызмет көрсетудің артуына ғылыми- техникалық жетістіктердің негізінде, еңбек өнімділігінің өсуі есебінен қол жеткізіледі. Әрине, бұл барлық өндіріс факторларын тиімді қолданудың нәтижесінде ғана жүзеге асады.
Экономикалық өсудің қазіргі типінің өзіндік ерекшелігі бар. Оның артта қалуы ХХ- шы ғасырдың 50-ші жылдары басталған ғылыми- техникалық революция дамуының сәйкестігімен байланыстырылады. Экономикалық өсу сапалық жаңа дәрежеге көтерілді және ҒТР жағдайында өндірістің интенсификациялау негізінде жүзеге асады.
ҒТР-ның қазіргі дәуірі технологиялық революция айдарымен жүзеге асып (70-80 жылдары басталды), ол мынаны байқатады:
- еңбекті сақтандыратын технологияны кеңінен қолдану, яғни робототехниканы кеңінен қолданатын жұмыскерсіз технология, сондай-ақ машинасыз технологияны қолдану- өнімді машинаны қолданбай- ақ дайындау (мұндай технологияларға мынаны жатқызамыз: плазмалық, электронды- сәулелік, радиациалық, биологиялық және басқа технология түрлері);
- ресурсты сақтау технологиясы, шикізат пен материалды кешенді өңдеу арқылы аз қалдықты және қалдықсыз технологияны қолдану, шикізат элементтерін атмосфераға жіберуді, ағынды суға және қоқыс, үйінді тасталуын жою, яғни қорщаған ортаны ластамау.
Жаңа жағдайда өндіріс нәтижесіне баға беру өзгереді: бірінші орынға сандық мәселе емес, шығарылған өнімнің сапасы көтеріледі.
Экономикалық өсудің жаңа сапалық белгісі өндірістің прогрессивті құрылымының құрылуымен, ғылымды қажет ететін салалардың үлес салмағының артуымен түсіндіріледі. Олар ҒТР нәтижелерін ендіруді және қамтамасыз етуді жүзеге асырады.
Қазіргі жағдайда ғылым ролінің өзгеруімен экономикалық өсу жаңа сапалық дәрежеге көтерілді. Ғылым қоғамның тікелей өндіргіш күшіне айналуы ақталып келеді. Жоғарыда аталған барлық жағдайлар экономика қозғалысына, экономикалық дамуына жаңа сапалық сыйпатбереді.
Экономика өсуінің қайнар көзі- экономикалық ресурстар, экономикалық мүдделер мен ынталандыру жатады. Олар атқаратын қызметтің көлемін ұлғайтуға және сапасын арттыруға белгілі уақыт кезеңінде барынша мүмкіндік жасайды.
Экономикалық даму - әлемнің барлық елдерінің алдында тұрған басты проблема. Германия және Жапонияның Екінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі даму тарихы олардың экономикасының түгелдей дерлік қирағанын көрсетеді. Қазір осы елдер тұрақты экономикалық дамудың үлгісі болып отыр. Экономикалық өсу- бұл ұлттық өнімнің сандық көбеюі және сапалық тұрғыдан жетілуі.
Әрбір елдің үкіметі экономикалық өсу қарқынын ішкі ақша жинауды және инвестицияларды көтермелеу, шетел инвесторларын тарту, меншік құқықтарын сақтау және т.б. жолдармен арттыруға ұмтылады. Капиталдың шоғырлануы оның табыстылығының төмендеуімен қосарлана жүреді. Басқаша айтқанда, экономика неғұрлым көп капиталға ие болса, ол алға қарай аз қайтарыммен өседі. Сондықтан жиналған ақша үлесінің көбеюі алғашқы кезеңде жылдамырақ дамуға әкеледі де, содан кейін экономика капитал мен еңбек өнімділігі артуының ең жоғары деңгейіне жеткенде баяулай баста
Нарықтық экономикаға тұрақсыздық, көтерілу және құлдырау қасиеттері тән, ол экономикалық кезеңді қалыптастырады және эономиканың кезеңділігін анықтайды.
Экономикалық кезең (цикл)- бұл бір экономикалық дағдарыстың басынан екіншісінің басталуына дейінгі кезең, ол экономикада кезең- кезеңмен қайталанатын өрлеу және құлдыраулармен сипатталады. Экономикадағы кезеңділіктің негізгі себептерінің бірі ретінде көптеген экономистер тұтыну мен инвестициялардың өзара қатынастарының ауытқуын атайды.
Экономикалық өсудің кезеңдік ауытқуын Кейнсиан мектебі акселерат принципімен және мультппликационды-акселерациондық механизмнің әрекетімен түсіндіреді.
Экономикадағы кезеңдік ауытқуларға әсер ететін факторлар сыртқы және ішкі болып бөлінеді.
Сыртқы факторлар- халықтың санының өзгеруі, технологиядағы түпкілікті өзгерістер, соғыстар және саяси оқиғалар.
Ішкі факторлар- тұтыну, инвестициялау, үкіметтің қызметі (қазынагерлік және монетарлық саясат арқылы).
Қазіргі даму кезеңіне экономиканың кезеңдік сипатының кейбір ерекшеліктері тән:
1. Кезеңнің мерзімдерінің қысқаруы (орташа 3-5 жыл);
2. Дағдарыстардың әлсіреуі (ЖҰӨ-нің төмендеу тереңдігінің азаюы);
3. Кезең құрылымының өзгеруі (кейбір фазаларының түсуі) немесе олардың уақытша байқалуы. Осы өзгерістерге себепші негізгі фактор экономиканы мемлекеттік реттеу болып табылады.
Дағдарысқа қарсы саясат- бұл мемлекеттің экономикалық белсенділіктің дағдарыс алдындағы құбылуын реттеу және экономикалық дағдарыстардың дамуына жол бермеу жөніндегі шараларының жиынтығы.
Тоқырау және өрлеу- мемлекеттің ерекше бақылауында болатын кезеңдер.

«Қазақстан- 2030» стратегиясында көрсетілгендей, республиканың гүлденуін қамтамасыз етуде ұзақ мерзімдегі басымдылықтардың арасында «жоғарғы деңгейдегі шетел инвестициялары мен ішкі жиналған ақшасы бар ашық экономикаға негізделген экономикалық өсу» ерекше маңызды болып саналады. Қазақстанда экономикалық өсу келесі міндеттерді жүзеге асырумен тығыз байланысты:
- мемлекеттің белсенді ролі жағдайында экономикаға араласуын шектеу;
- қатал қазыналық және монетарлық шектеулерді жүргізу;
- шетелде қаржылық инвестициялар стратегиясын жасау;
- жеке меншікті нығайту және заңды қорғау;
- аграрлық сектор мен әлеуметтік саладағы жекешелендіруді аяқтау;
- энергетикалық және басқа табиғи ресурстарды әзірлеу;
- либерал инвестициялық саясатты дайындау;
- еңбекті көп қажетсінетін өндірістерден капиталды, технологияны, ғылымды қажетсінетін өндірістерге көшу, яғни индустриалды технологиялық стратегияны дайындау;
- өндірісті әртараптандыру;
- болашағы мол (бәсекеге жарамды) салаларды дамыту.
Экономикалық өсудің көрсеткіштік өлшемдері ЖҰӨ және ЖІӨ болып табылады (тек нақты сипаттары). Халықаралық деңгейде салыстыру үшін ЖҰӨ және ЖІӨ-нің халықтың жан басына шаққандағы көрсеткіші пайдаланылады. ЖҰӨ (ЖІӨ)-нің бірдей көлемінде оның халықтың жан басына шаққандағы шамасы тұрғындардың санына тәуелді болады. Мысалы, ЖҰӨ Индияда Швейцарияға қарағанда 70 есе көп, бірақ халықтың жан басына шаққанда ЖҰӨ Швейцарияда Индияға қарағанда 60 есе асып түседі. Қазақстанда ЖҰӨ халықтың жан басына шаққанда 1997ж.-1445,9; 1998ж.-1468,8; 1999ж.-1127,4; 2000ж.-1230,2 АҚШ долларын құрады.


Экономикалық дамудың циклдық теориялары
Артық өндіру және жеткіліксіз өндіру экономикалық дағдарыстың теориялары

Қазіргі нарықтық өндіріс бір қалыпты әрі үзіліссіз есемтігімен айқындалады. Өндірістің экономикалық өсуі және бір қалыптылығы үнемі оның құлдырауымен қосақтасып отырады. Экономикалық дағдарыс- бұл өндіріс көлемінің кенеттен төмендеуі. Өндіріс көлемі төмендеуінің алға шартына эконмикадағы қорлану диспропорциясын жатқызамыз. Осы салдар түптеп келгенде өндіріс пен тұтыныстық арасындағы негізгі пропорцияны бұзады.
Қазіргі нарықтың маркетингтік зерттеулерді фирма, корпорациялардың кеңінен қолданылғандығына қарамастан, олардың ешқайсысы өзінің өндірістік және коммерциялық қызметінің барлық салдарларын дәл есептей алмайды.
Біріншіден, бұл тауар және ақша қайшылығымен байланысты екендігі белгілі. Қай кезде ақша айналым құралы ретінде қолданылғанда, онда айырбас процесі Т-А-Т екі қарама- қарсы актіге үзіледі: 1) сату Т-А, 2)сатып алу А-Т болмақ. Тауарды сату деген сол мезгілде басқаны сатып алуды көрсетпейді: сатып алу кештеу басқа жерде болуы мүмкін немесе тіпті болмауы да мүмкін – ақша жинақтау құралы ретінде қолданылады. Алайда тауар өндірушілер өзара бір-бірімен байланысты. Мысалы: егер мата өндіруші келесі тоқыма партиясын сатып алуды кейінге қалдырса, онда тоқыма өндіруші мақта мақта өдірушімен есептесе алмайды, ал ол мақта жинайтын комбайнды берушілермен, олар болса машина жасаушылармен (құрастырушылармен) есептесе алмайды және т.б..Бұндай жағдай жай тауар өндірісен ғана тән болғанмен, бұл құбылыс қазіргі жаппай өндірісте де кездесуі мүмкін. Сату мен сатып алу актісіндегі үзілістер де төлем төлемеу шынжырының туу пайда болуының нақты мүмкіндігі жатыр және сондықтан өндіріс құлдырауы пайда болады.
Екіншіден, бағалы қағаздардың тауар нарықтарындағы бағалардың үзіліссіз тербелуі осы рыноктағы сұраным мен ұсыным арасындағы диспропорцияның тұрақты пайда болуын байқатады. Егер осы диспропорциялар ұзақ сипатқа ие болса, онда өндіріс пен тұтыны саясында да ұсыныс масштабының сұранымға өзгеруіне алып келеді.
Үшіншіден –бұл капиталдың артық қорлануы. Өндірістің ұлғаюы төлем сұранымымен салыстырғанда тым артық болып кетеді. Сондықтан да экономикалық дағдарыстарды әдетте артық өндіру дағдарысы деп те атайды.
Экономикалық дағдарыстар динамикасы артық өндірудің ХІХ-шы ғасырдағы құбылысы 1825 жылдан бастап үнемі әрбір 8-11жылдан соң пайда болып отырған:1825 ,1836, 1847, 1857, 1866, 1873, 1882, 1891.
Ал, ХХ-жылға дейін қысқара бастады: 1900,1907, 1917, 1921 ,1929-33, 1937-38.
әсіресе дағдарыстар арасындағы мерзім екінші дүниежүзілік соғыстан соң айқын байқала бастады: 1945 ,1953, 1957, 1960, 1969, 1973, 1979, 1981.
Егер екінші дүниежүзілік соғысқа дейні экономикалық дағдарыстар негізінен әлемдік сипатқа ме болса, экономикалық дағдарыстардың бір мемлекетте пайда болуы мұң екен, сол мезетте өзінің орбитасынак әлемдік қауымдастықтағы көптеген елдерді үйіріп алады. Екінші дүниежүзілік соғыстан соң экономикалық дағдарыстар негізінен ресми сипатқа ие болады. Мәселен, ХХ-шы ғасырдың екінші жартысында артық өндірудің әлемдік экономикалық дағдарысы үш-ақ рет байқалды: 1958, 1974, 1980 жылдары, ал ХІХ-шы ғасырда бұдан 3 рет артық болды.
Артық өндіру экономикалық даңдарыстары екі қызметті атқарады: бұзушылық және сауықтырушылық. Сөйтіп өндіріс пен тұтынушы арасындағы қалыптасқан диспропорцияны бұзуды. Өндірісмына жағдайда тоқтайды: бағаның төмендеуі оның қызметінің пайдасыздығына ұрындадырады және ол кәдімгі пайданы таппайды да. Шығар жол біреу ғана- өндірістік қорларды жаңалау : машина, күрделі жабдықтарды және аз шығын кірісу қажет.
«Бәсекелестік күрес,әсіресе техникадағы шешуді төңкерістер кезінде, ескі еңбек құралдарын оның табиғи өлуіне дейін жаңасымен ауыстырудыталап етеді. Катастрофа , дағдарыстардың басты қояр нәрсесі- кәсіпорындағы ірі жабдықтарды кең қоғамдық масштабта мерзімінен ертерек жаңалауға итермелейді». ....


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
» Елімізде TikTok желісі бұғатталуы мүмкін бе?
» Елімізде су тасқынынан зардап шеккендердің қандай мүліктеріне өтемақы төленеді?