Ши тоқу өнері

Ши тоқу өнері

Қазақ гобелен өнерінің қалыптасуы
Гобелен өнерінің шығу тарихы ХХ ғасырдың басынан басталады. Атап айтқанда, бұл өнер Франция, Италия, Испания, Германия елдерінде жақсы дамыды. Кейінірек ол Прибалтика, Кавказ және Ресейде де кең өріс алды. Гобелен тоқуда кендір жіп, теңіз шөптері және жүннен иірілген жіп пайдаланылды. Прибалтика елдері гобелен тоқуда композициялық суретті толқын тәрізді бедерлесе, Кавказ гобелен тоқымашылары өз шығармаларында тарихи оқиғаларды, эпостарды бейнелеуге тырысты. Ресей суретшілері гобеленді тықыр кілем үлгісімен тоқып, оны сюжеттік суреттермен бедерледі.
Гобелен көркем шығармашылық туындыға жатады. Сондықтан гобелен өнерінің сәндік-қолданбалы өнерде алатын орны ерекше. Гобелен өнерінің қазақ қолөнеріне қадам басуы, қарқындап дамуы 1970 жылдардан басталды. Осы жылдары біздің елде тақырыптық, терең философиялық мазмұнды көркем туындылардың алғашқы ыптасты. Ұлттық дәстүрлі тоқыма өнері аз уақыт ішінде жаңа сипатқа ие болып, Гобилен өнерімен тоғысты.
Бұл өнерді дамытуға ерекше үлес қосқан Қазақстан суретшілері ретінде К.Тыныбеков, Б.Зәуірбекова, И.Ярема, О.Бапанов, С.Бапанова, Л.А.Анисимова, К.Жұбаниязова, С.Г. Иляева, А.Иханова, Е.П.Николаева, Н.И.Павленко, Б.Өтепов, ІІІ.Қожаханов, т.б. атауға болады.
Құрасбек Тыныбеков (1947 -1980) шығармашылығының дамуы тікелей гобелен тоқу өнерімен байланысты. Оның шығармашылық ізденісіндегі басты жетістігі – классикалық гоболен тоқу дәстүрін ұлттық өнер дәстүріме сабақтастыру болып табылады. Ең алғаш орындалған гоболендері: “Шопан” (1970), “Отбасы”(1973), “Көктем”(1974), “Тау мен дала” (1975). Осы туындылар қазақ гоболен өнеріндегі композициялық құрылымы күрделі, бояу үндестігі басым туындылар болып табылады. Сондай-ақ "Өмірағашы" (1976), "Байқоңыр ырғақтары" (1977), "Аққу ән”(1980), “Композиция”секілді гобелендері де өздерінің терең философиялық мазмұнымен ерекшеленеді. Олардың композициялық құрылымында фольклорлық сарын басым.
Қ.Тыныбековтің шығармашылығының бас кезі өнердің жаңа түрі гобеленнің жаңғыру, қалыптасу, өзіндік бейнелеу құралдарын кездестіру кезеңіне сәйкес келді. 1970 жылы студент кезінде-ақ Қ.Тыныбеков Қазақ КСР-інің 50 жылдығына арналған Республикалық халықтық сән және қолөнер көрмесінде өзінің тұңғыш жұмысын көпшілік назарына ұсынды. Бұл оның өнерге бағыштаған жарқын ғұмырының бастамасы еді. Қ.Тыныбековтің шығармашылық жолы ғажайып тиянақтылығымен, тұтастығымен ерекшеленеді. Суретшінің алғашқы жұмыстарының өзі-ақ ән бойында жеке нақыштарды, кейінгі шығармаларда байытылып жататын айрықша композициялық сапаларды жинақтады. Қ.Тыныбеков гобелендер, текеметтер, батиктер (алуан өрнектермен безендірілген маталар) жасау барысында әр түрлі техникада жұмыс істеді.
Халық өнерінің дәстүрлерін шығармашылықпен тең өрістетудегі екі бағытты Қ.Тыныбековтің киізден басқан бұйымдарының да үлгісінен байкауға болады.
"Дала әуені" (1972) текеметі шебердің киіз басу тәсілінің тосын
эффектілерін: көмескілікті, басыңқылықты, суреттердің құбылмалылығы мен бояулар ауысуының толқымалылығын тап басып көрсетеді. Ал "Аспан" (1973) текеметінің стилистикасы XX ғасыр өнеріне жатады. Суретші түзген абстрактілі композицияда көне материал жаңа дәуірдің көркем идеяларымен үйлесім тамаша құралға айналған.
Сонымен Қ.Тыныбековтің шығармашылығында дәстүрлерді игерудің екі деңгейі көрінеді. Егер оның біріншісі үшін халық өнері үлгілеріне етенелік тән болса, екіншісіне — дәстүрі тәсілдерді шығармашылықпен қолдана алатын қазіргі заман суретшісінің дербес ой түюі маңызды. Ол өз алдына нақ бір көне белгілер құрылымына қазіргі кезде ұмыт болған әу бастағы мән-мағынасын қайтару міндетін қойғандай боп та көрінер еді.
Оның алғашқы "Шопан", "Отбасы” гобелендерінен біз бұл
ұмтылысты біршама сезінгендей боламыз. Шопанның қолын қошақан жартылай жануар, жартылай ою түрінде бейнеленеді, ол "қошқар мүйіз" оюына жақын. Аспандағы бұлт ою түрінде ұшып барады. Жеке оюлық мотивтер бірде аспандағы жұлдыздарды, бірде желдің ұйытқуын, бірде киім бүрмелерін бейнелей отырып, Қ.Тыныбеков гобелендерініңін тұтастай қанықтырып жатады.
Бәтима Зәуірбекова (1946 жылы туған) ең алғашқы туындыларында сәндік ұлттық ою-өрнектерді сюжеттік көрініске ұластырып көзге түссе, кейіннен тақырыптық дүниелер жасауға бел байлады. Б. Зәуірбекованың гобелендері нәзік бояуларымен дараланады. Оның гобелендері көрген жанның көңілін тербеп, ерекше әсерге, терең сезімге бөлейді. Көрерменнің ой-зердесіне, таным-түсінігіне лайықталған туындылары шым-шымдап әсер етіп, терең толғаныспен ойланып барып, асықпай қабылдауға жетелейді. Сондай-ақ өзіне тән сан түрлі, сан қырлы көркемдік иірімдерімен баурап алады. Суретшінің гобелендеріне неғұрлым деп қойып қарап, зерттеп,
“Kepyeн" (1973), "Дала аруы" (1979), “Жер Aнa” (1984) атты шығармалары сиқырлы әуенге толы. Ал “Қазақстан” атты керкем туындысы көп тұлғалы композициялық шығарма болып табылады. Мұндағы Қазақстанның кең байтақ даласының көріністері ою-өрнек, бояу үндестiгiнің табиғи шешешімдері арқылы табылған. Шығарманың компози¬циялық құрылымы тек бip бағытқа өрістеген күрделі үш бөліктен тұрады. Белгілі шебер Б.3әуірбекова көлемі шағын туындылармен қоса, кең тынысты лирикалық-эпостық мазмұндағы күрделі, ілгері туындылар жасау жолында да жемісті енбек етіп келеді.
Оның гобелендері көрген жанның көңілін тербеп, ерекше әсерге, терең сезімге бөлейді. Көрерменнің ой-зердесіне, таным-түсінігіне лайықалған туындылары шым-шымдап әсер етіп, терең толғаныспен ойланып барып, асықпай қабылдауға жетелейдд. Сондай-ақ өзіне тән сан түрлі, сан қырлы көркемдік иірімдермен баурап алады. Суретшінің гобелендеріне неғұрлым ден қойып қарап, зерттеп, зерделеген сайын, соғұрлым олардың эстетикалық кемелдігі жарқырап ашыла түседі. Өзіне тән қайталанбас қолтаңбасымен баршаға танымал Б. Зәуірбекованың еңбектері талғамды бояумен, мәнерлі суретімен әрі сындарлы композициясымен ерекшеленеді.
Тоқыма өнерінің жаңалықтары өркен жайып отырған қазіргі заманда, туындыны тоқу ісінде сан алуан техникалық тәсілдер – бедерлі әрлеу, көлемдік – кеңестік конструкциялар қолданылып отырған кездің өзінде де, Б. Зәуірбекова классикалық тықыр гобелендер тоқудан айнымай келеді. Оның еңбектерінен туған халқының мәдениетіне зерделей ден қойып, терең ой жіберу айқын аңғарылады. Бірқатар туындылары қазақтың сәндік қолданбалы өнерінің төл дәстүрлерін шығармашылықпен дамытудың үлгісі болып табылады.
Көркемдік ой шешімінің материалда көрініс табуының алдында нобайлар арқылы қыруар жұмыс істелсе де, б. Зәуірбекова үшін тоқу процесі – шығармашылық ізденістердің қайнар көзі болып қала береді. Міне, осының нәтижесінде әзірлік шешімі одан әрі жетіле түсіп, стильдік жағынан да айқындалып, жаңа сипатқа ие болады.
“Жіп иіруші қыз” (1972) атты гобеленде авторға тән шеберлік айқын көзге ұрады. Мұнда шебер қыз жұмыс үстінде бейнелеген. Басым сәл биязы бұруы, қолдарының әсем қимылы, жеңдерінің қанық түспен бүрмеленуі, шығарманың жалпы әшекейлік сипатымен астасып көрінеді. Гобелен көрерменді жіп иіруші қыз еңбегінің неден бастау алғанын терең сезіммен ұғынуға бағдарлайды. Көркемдік мәні де сұрғұлт, сары, жасыл және көгілдір түсті реңдердің үйлесімді ұштасуынан пайда болған үндестікке байланысты арта түскен.
Б. Зәуірбекованың бұдан былайғы шығармашылығы гобеленнің сәндік тілін байыту жолдарын іздестіру арқылы көрінеді. Композициялары неғұрлым күрделі, ол өз шығармаларында бірін-бірі толықтыра түсетін сюжеттік және әшекейлік сарындарды үндестіре білді.
Күрделі суретімен ерекшеленетін “Көктем” атты (1974) гобелені салтанатты күйді танытады. Автор бейнелі образдарды пайдалана отырып, әуенге толы астарлы шығарма жасайды. Мұнда адам мен табиғат тұтас бірлікте көрінеді. Адам тұлғалары мен айналадағы заттарды тұспалдап бейнелеу арқылы автор мұның бәрінің жалпы туындының композициясымен іштей үндестікте келісім табуына қол жеткізген. Тұрақтылық пен серпінділіктің өзара үйлесімімен жасалған туындының композициясы ішкі буырқанысымен ерекшеленеді. Ағаштардың сұлбаларымен, теңіздей толқыған шөппен, қалықтаған аққулармен, толқындай иіріліп жатқан тау жоталарымен өрнектелген ырғаққа толы туындыны әсем де әсерлі. Шабандоз жігіттер мен қыздардың тұлғалары да осы ырғақта бейнеленген. Кейде формалардың дірілдеу елесін туғыза отырып, бейнелер бір-бірімен атасып кетеді. Сондай-ақ туындыдағы серпінділік қанық және бозаң түстердің алмасуы арқылы көрсетіледі. Осы қозғалыстың бәрі жаңа шыққан көктем образын беретін көрікті ұлттық киім киген қалыңдықтың сымбатты тұлғасын бейнелеу арқылы байыпталады. Жалпы, бұл гоболен тоқымашылық өнердің бейнелеушілік қарым-қабілетін айқындай көрсетіп, суретшінің таным –түсінігінің тереңдігін аңғартады.
Ирина Зиновьевна Яреманың (1931 жылы туған) гоболенді көркем шығармалары Қазақстан өнеріне қосқан үлкен үлес болып табылады. Оның «Маңғыстау» (1974) атты гоблоленінде осы өңірдегі өндіріс жергіліктиі халықтың тұрмыс-тіршілігі , әлемеуттік жағдайы, фабрика, зауыфт, электр энергиясы , мұнай газ өндіру мекемелерінің көріністері жан-жақты шығармашылық сипат табады. Әр алуан геометриялық фигуралар ішіндегі ою-өрнектер симметриялық үйлесім тауып, көз алдымызға динамикалық қозғалысты алып келеді. Нәзік үндескен бояу айшықтары сыршыл сезімдерге жетелейді.
Қазақ қолөнеріндегі тоқымашылықты дамытуда Сәуле және Әлібай Бапановтардың қолтаңбасы да айрықша. Ерлі зайыпты суретшілердің «Ұлы бәйтерек», «Кеңістік», «Аймақ», «Саяхаттану» атты гобелендері композициялық құрылымымен, ұлттық тақырыптағы мазмұнға сай орындалу шеберлігімен көптеген шетелдерге танылды. Гобеленнің композициялық құрылымындағы желілік , суретті шешімдер қазақ халқының тұрмыс-тіршілігі , өмірі, салт-дәстүрінен сыр шертеді. Ұлы Жібек жолының көш көлігі болған, төрт түлік малдың төресі- түйе шығармада басты кейіпкер алынған.
Қазіргі кезде гоболен қандай дегенге ой жүгіртсек , бәрінен бұрын оның әр түрлілігі еске түседі.
Гоболенің кісіге әсері ерекше. Оның фактурасы мен түр-түсі қосылып, бір сиқырлы сезімге бөлейді. Витраждағы ашық бояулы жазықтықтар қиылысының көз байлайтын кереметтігілі де бар. Осы әсерлі жұмыстың бір ғажабы –жүнді бояп, тоқуға дейінгі шаруа тек қолмен атқарылады. Олар бір-біріне мүлдем ұқсамайды. Кейбір кезде мұндай одақтар бірлігінің беріктігі тек қана ұқсастығында емес, белгілі бір дәрежедегі мінез-құлықтарының кереғарлығында жатқан тәрізді.
Адам мен табиғатты суретшілер бірде бір-бірімен тығыз үндестікте, бірде қатал драмалық тартыста алып қарастырады, олардың шығармаларындағы көпқырлылық осыдан бастау алып жатқандай. Классикалық авангардтық бағыттағы өзіндік мәнерімен ерекшеленетін композициясы автордың өзіне тән жан-жақты ойлау жүйесі, оның талғамы мен биік білім зердесі "Киелі ағаш","Мәңгілі" , "Жаратылыс" атты туындыларында айқын білінеді.
Бапановтардың дала шиінің сабағына оюлап тұр салып, одан шым ши жасауы халықтың дәстүрлі тоқыма өнерінің ұмыт болып кеткен тәсілдерін шеберлікпен қайта жетілдіріп, оны өткір, жаңаша әсемдеу талабынан туса керек. Сәуле мен Әлібай текеметтері шығармашылық іс-әрекеттің құштарлыққа толы қуатын сезінуге көмектеседі. Сезімнен туған ой, ізгі ниет еріктен сыртқа шығуға талпынады: жүн бағзы замандардағы тәрізді әлі күнге дейін құлаш кере сабаланып, еркін қимылмен шабақталып, аяқпен тебіліп, үстіне шығып
би биленіп келеді. Міне, осындай толып жатқан дене қимылдарынан
мына жарық дүниеге тағы да бір әлем образы пайда болады. Олар
жасаған дәстүрлі текемет — ғарыштық энергияға толы ақ - қара түсті
монументальді ою-өрнек жиынтығы.
Сәуле мен Әлібай жұмыстарындағы кейіпкер мен тақырыптық шешімдер кешегі қазақтың көшпелі өміріндегі динамикалық қозғалыс "Көш" туындысында тұп-тура, дәлме-дәл берілген десе боларлық. Сырттай пайымдауға бейімдейтін "Жайлау" берік бірлікте өмір сүретін , адам мен табиғаттың көңл күйін баяндау формасында берілген.
Сәуле мен Әлібай гобелендері — мына аса жылдамдатылған технология заманында асықпай, аптықпай атқарылатын қолонер кәсібінің тартымды екендігінін құпия сырын ашуға көмектеседі.
Зейнелхан Мұхамеджанұлы байырғы қазақтын кесте өнерін халқымен қайта қауыштырған шебер ретінде танылды. Әрбір суреткердін жүрегінде құлыптаулы сыр жатыр. Уақыт тоқтаусыз алға зырлайды, дамылсыз өнер адамдары тынышсыз тіршілік кешуде. Өнерпаз әрқашан толассыз ойынан тын туындылар өрбітеді. Халық әрдайым үлгі болар өшпес ұлттық өнер күтеді. Зейнелхан хас шебер болмаса да, ата-бабадан қалған өшпес мұра-кесте тігу өнерінің қыр-сырын терең меңгеріп, көркем туынды тудыруда. Тылсым тіршіліктің иірімдеріне терең бойлап, ата кәсібін пір тұтып, өнермен өлшеп, өрнектеп-кестелеп көрермендердің көңілінен шығып келеді.
Тыңнан жол тауып, алуан тақырыптағы көркем шығармалар сыйлай білген З.Мұхамеджанұлының кестемен сурет салуды заңды құбылысқа айналдырып, өзіндік жаңа бағыт ұстауы да көрермендерді қуантады. Оның әрбір шығармасының өрнектеліп орындалған композициялық құрылымы еңбектің жеке-дара табиғи қасиетін аша түседі.
Күрделі композициялық құрылымнан тұратын картиналарды кесте өнері арқылы өрнектеуі жаңа ғасырмен үндесуде.
"Қорқыт ата" көркем шығармасында күй атасының образы ерекше
сомдалған. Қорқыт ата көрерменіне тура қарап, өсер ұрпағына
даналығын паш етеді. Қолындағы қобызының формасы әр алуан қазақ
қолөнер бұйымдарын көз алдына елестетеді. Айыр қалпақтың алды
мүйіз тәрізді өрнектеліп, малы мен жаны егіз болған халқымыздың
кәсібіне тән ерекшеліктерін көрсетеді. Композицияның артқы
фонындағы шеңбер шартарапқа әйгілі Қорқыт ата жайлы аңызбен
үндесіп жатыр. Оң жағындағы фондағы ұшқан құс, таутеке, ирек
жылан тәрізді өрнектер хайуанаттар әлемінен байланыстырса, ал сол
жағындағы көрініс ұлы көшпелі халықтың өмірін, тіршілік тынысын
баяндайды.
"Жауынгер" атты көркем туындысы сақ дәуіріндегі салт атқа мінген хас батырлардың ұрпағы екендігімізді ойға қалады.
"Балбалдар" атты көркем шығармада ата-бабамыздан мұра болып келе жатқан тарихы мол, тағдыры бөлек тас мүсіндердің үлгісін образ тұтқан. Образ кестелеп тігілген кескіндік бейне көшпелі халқымыздын өмрімен ұштасып, өзгеше сипатқа ие болады. Келбетті бейнелік тұлғаның бойынан ұлтымызға тән әр түрлі элементтер байқауға болады. Атап айтқанда, шаңырақ, қалқан, айбалта. Шаңырақ бірлікке шақырса, айбалта мен қалқан "еліңе берік бол" деіендей терең философиялық ойды қозғайды. Артқы фондағы бейнелер төрткүл дүние тіршілігінің тұтастығын көрсетеді. Қарапайым бояу үңдестігімен көмкеріліп тігілген көркем кесте қазақ халқы қолөнерінің бастау бұлағынан нәр алғандай, көрерменін бірден баурап алады. Авторлың шығармасы әрдайым ұзақ қарап,терең ойлап, жүйелі талдауды қажет етеді.....


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Ораза айт намазы уақыты Қазақстан қалалары бойынша
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!