Экономика | Үкіметтің микроэкономикалық саясатын талдау

Экономика | Үкіметтің микроэкономикалық  саясатын  талдау

Үкіметтің тұтас микроэкономикалық саясаты жоқ. Үкіметтің ұсынған бағытындағы басты қателік - мемлекет иелігінен алу мен жекешелендруге иек артуы, тауар өндірушілерден, тұтыну рыногын тауарлармен және көрсетілетін қызметтермен тікелей қамтамасыз ететін меншік иелерінің ауқымды тобының пайда болуы үшін, экономикалық реформаларды жеделдету үшін халықтың өзін, әсіресе ауыл халқын қозғалысқа түсіретін нақты негіз қалыптастырудан өздігінен сырт қалғаны.
Бұрынғы және жаңадан құрылған салалық министрліктер осы уақытқа дейін өнеркәсіп саясатын жасамады. Айталық, энергетика және оның ресурстары министрлігі мен Мұнай-газ министрлігі өздерін мемлекеттік монополиялық энергокомпанияға және монополиялық көмір, мұнай, газ және «ЖЖМ» холдингтеріне біріктіріп жіберді. Мұндай ведомстволарға өздерінің өнімдеріне нарықка қарсы ішкі бағаларды өсіру, дайын өнімдерді емес, шикізатты сыртқа шығаруды арттыру тимді. Мұндай монополияшы-ведомстволар құрылымының өзі нарық идеологиясына және реформаның тереңдеуіне қарсы жұмыс істейді.
Транспорт тарифтерінің өсуімен бірге осы өндіріс салаларында бағаны босату нәтижесінде олардың өнімдерінің құны әлемдік баға деңгейінен де артып отыр. Бұл сатылған өндіріс салаларында еңбек өнімділігінің құлдырауын, олардың техникалық және технологиялық деңгейлерінің төмен екенін көрсетеді.
Көмір өндіру саласындағы монополияшылардан басқа көмір өткізу жүйесінде де үстем құрылымдар бар. Мұнай өнеркәсібінде өндіру және ЖЖМ-ді бөлу жөніндегі монополияшылар дербес өмір сүріп отыр. Газ саласында өндіру, тасымалдау және тұтынушыларды жабдықтау әртүрлі монополиялық кешендерге бөлшектеліп кеткен. Технологиялық жағынан бір-бірімен байланысты кен-металлургия өндірісі де монополиялық ұстындарға бөлінген. Олардың әрқайсысы үстем бағаларды «ширатып» жіберуге және несиелерді тек қана өз учаскесінде пайдалануға мүдделі, ал оларды бір министрлік, холдингке немесе ҰАК-ке біріктіру кәсіпорындарды шаруашылық дербестігінен айырады.
Осы уақытқа дейін тауар айналымы жүйесін және тауарлар мен табыстар қозғалысын есепке алуды ұйымдастыру ретке келтірілмеген, бірыңғай делдалдық үстеме ақы жоқ, бірыңғай монополияға қарсы реттегіштер мен тисті заң құжаттары жасалмаған. Республика өнеркәсбі жүйесі тиімділігін көтерудің басты буыны машина жасау, ғылымды керексінетін өндірістерді және ғылымның өзін жедел дамыту болып табылады. Үкімет осы жетекші басым салаларға аз қөңіл бөледі. Республикада машина жасауды дамытудың қазіргі деңгейі құрылымы жағынан да, оның республика қажетін камтамасыз етуге бағытталуы жағынан да артта қалған.
Мемлекет иелігінен алу мен жекешелендірудің қазіргі принципі де қанағаттанғысыз түрде қалып отыр. Біріншіден, жекешелендіру үшін ғана жүргізу мемлекеттің стратегиялық мүдделеріне түбегейлі қайшы келеді, мемлекеттік меншік негізін бұзады. Екіншіден, мемлекеттік меншікті беталды таратып беру микроэкономикалық саясаттың жаңа бағытына және тұтас алғанда экономиканың мейлінше тиімділігінің, басқарудың жеделділігін жақсартудың, жекеше күрделі қаржыларды қосымша тартудың әлемдік тәжірибесіне сай келмейді. Сатып алуға ниеті және қаражаты бар өндіріс тиімділігін өсіріп, басқаруды жетілдіруді қамтамасыз ететін, қосымша күрделі қаржыларды тартуға мүмкіндігі болатындар ғана меншік иесі болуға құқығы бар. Үшіншіден, сатылған меншік үшін мемлекеттің нақты баға алуы әрі кәсіпорынның білікті басқарылуы мақсатына орай әлемдік тәжірибеге сәйкес реформаның табиғи экономикалық бағыты бойынша алдымен инкорпорация жасап алған жөн. Сөйтіп, ақша құнсыздануы тенденция тоқтаған кезде барып кезең-кезеңімен жекешелендірілуі қажет.
Төртіншіден, жаппай жекешелендіру және жедел ақша құнсыздануы жағдайында жаңа меншік иелері осы меншік үлесін басқаруға әрі оны жеке өзі тегін иеленуге өлшеусіз мүмкіндік алады. Қателік мемлекеттік меншікті жекешелендіруде емес, оны іске асыруда, мемлекет иелігінен алудың принципі мен мәнерінде болып отыр.
Инвестиция кешенінін қазіргі жағдайы дағдарысты тез ауыздықтауға мүмкіндік бермейді, инвестиция кешеніндегі дағдарыс, тіпті, күйретерліктей қарқын алды. Соңғы үш жылда инвестицияға бөлінетін қүрделі қаржы мен бюджет қаржысының мөлшері күрт қысқарып кетті.
Кәсіпорындардың көпшілігінде нақты қаржы ресурстарының болмауы, банк процентінің өлшеусіз жоғары ақысы, жинақталған қаражаттың болмауы, банк процентінің өлшеусіз жоғары ақысы, жинақталған қаражаттың өсімді бөлігі баға өсімін өтеу үшін еңбекке ақы төлеуге жұмсалуы _ осының бәрі айналып келгенде кәсіпорындардың инвестициялық ырғағын бұзды.
Банк несиенің қымбаттығы салдарынан кәсіпорындар мұны іс жүзінде күрделі қаржыны қаржыландырудың көзі ретінде пайдаланбайды. Инвестициялық белсенділіктің осындай құлдырауы құрылымдық қайта қйру мен әлеуметтік міндеттерді шешуді тұсап қана қоймай, сонымен қатар өндіргіш күштердің де толық сарқылуы қаупін төндірді, Инвестиция үшін қажетті қаражаттың болмауына негізгі қорлар қйнын төмендетуге ықпал еткен орынсыз саясат, амортизациялық шығындардың құнсыздануы мен экономикалық реформаны жүзеге асырудың қате бағыты теріс тигізген, Осының бәрі және басқа да жағдайлар жаңа микроэкономикалық саясат концепциясын жасау қажеттігін талап етеді ....


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Ораза кестесі 2024 жыл. Астана, Алматы, Шымкент т.б. ауыз бекіту және ауызашар уақыты
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу

Соңғы жаңалықтар:
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!
» 2024 жылы студенттердің стипендиясы қанша теңгеге өседі