Сақтар
Сақтардың археологиялық ескерткіштері. Сақ тайпалары тарихы мен олардың материалдық және рухани мәдениетінің аса маңызды бастау деректері-қорымдар, жартастағы суреттер, сақ бұйымдарының көмбелері. Археологтар зерттеулері Қазақстанның әртүрлі аймақтарынан сақтардың аса жарқын, байырғы мәдениетін ашуға мүмкіндік береді.
Орталық Қазақстан. Біркездері қола дәуіріндегі андронов мәдениеті қамтыған орталық Қазақстан жерінде б.з. дейінгі VII-ІІІғғ. Тасмола мәдениеті қалыптасқан, мұның аты Тасмола алқабының байыпты зерттелген қорымдарына байланысты қойылған. Зерттеулерді Ә.Х. Марғұлан мен М. Қ. Қадырбаев жүргізген.
Тасмола мәдениетінің дамуында үш кезең айрықша көзге түседі. 1) б.з.д. VІІ-VІғғ. қамтиды. Оған Тасмола, Қарамұрын, Нұрмамбет қорымдары жатады. Қорғандардың үйіндісі топырақ не тас аралас топырақ болып келеді.
2) б.з.д. V-ІІІғғ. өлікті қою салты сақталған, атты қоса жерлеу ғұрпы жоғалып кетті. 3)б.з.д. ІІІ-Іғғ. Обалардың бұрынғы құрылымы, түрі сақталады, бірақ мола ішінде түбі тегіс домалақ ыдыстар пайда болады.
Батыс және солтүстік Қазақстан. Дала және орманды дала жазықтарының ондаған қорымдар кездеседі. Біруелер оны савроматтардың а орыстармен роксаландар тайпаларының қорымдары десе, біреулер –исседондардың қорымдары деседі. Еділ мен Жайық арасындағы мол аймақтан қорымдардың ең көп шоғырланған жерлері-Үлкен және Кіші өзеннің бойлары, Қамыс-Самар көлдерінің өңірі, Елек, Шаған, Отуа, Ембі, жағалаулары.Қазақстанның солтүстік аудандарында қорымдар Тобыл мен Есіл алқаптарынан көбірек кездеседі. Обалардың көбінде үйінділері бар, ал олардың аса үлкендері орлармен қоршалған. Тас үйінділері топырақ уақ тастар араластырылған үйінділері бар обалар сирек кездеседі. Бай обалар өздерініңкөлемдерімен көзге түседі және олардың үйінділерінің диаметрі 50-60 метр, биіктігі 3-4м. Болып келеді. Күллі ескерткіштер екі хронологиялық кезеңге жатады. Оның 1)б.з.д. VІІ-Vғғ. Кезеңі деп есептеледі және ол савромат мәдениеті өмір сүрген уақытты қамтиды. 2)б.з.д. ІV-ІІғғ. болып мерзімделеді және сарматтар кезеңіне сай келеді.
Батыс және солтүстік Қазақстан ескерткіштерінің бәріне ортақ бір белгі-қабырлар шығыстан батысқа қарай ыңғайлай қазылады, ал өлгендер молаларда емес, обалар үйінділері астындағы арнайы дайындалған алаңдарға қойылады. Археологтар әйелдер қабырынан ою-нақыштармен безендіріліп, тыстан қашалған құрбандық шалатын столшаларын жиі кездестіреді. Олар алып жүруге ыңғайлы өзіндік бір от сөресі сияқты...
Шығыс Қазақстан. Сақтардың қыруар қорымдары Алтай аясынан,әсіресе Ертіс пен оның салалары алқаптарынан,Қалба қыратының теріскей және түскей жоталарынан,Шыңғыстау мен Тарбағатай бөктерінен кездеседі, үлкен яғни «патша» обалар Шілікті алқабында шоғырланған. Тастары жер бетіне шығып жатыр. Ертістің жоғары өңірінде үйінділерге топырақпен малтатас пайдаланылған, отра Ертістің жазық аудандарында обалар үйіндісі топырақтан тұрғызылған. Шығыс Қазақстанда «грифтер алтынын күзететін» аримасптар тайпасы тұрған.
Шығыс Қазақстан сақ тайпаларының мәдениеті үш кезеңді басып өткен: майәмир кезеңі б.з.д. VІІ-VІғғ., берел кезеңі б.з.д. V-ІVғғ. және құлажүргін кезеңі б.з.д. ІІІ-Іғғ.
Жетісу мен Оңтүстік Қазақстан. Бұл-сақ тайпалары мекендеген аса көлемді аймақ: тиграхаудтар-жетісуда, массагеттер Арал өңірі мен Сырдария бойында өмір сүрген. Сақ тайпалары көп қоныстанған орталықтардың бірі-Іле алқабы болған. Бесшатыр, Есік, Түрген, Кеген, Алексеев оба-мазарлары тап осы алқаптан табан тепкен. Жетісудағы сақ мәдениеті өз дамуында екі кезеңді басынан өткерген: ерте кезең б.з.д. VІІ-VІғғ. Және кейінгі кезең б.з.д. V-ІІІғғ. Соңғы кезеңнің патша обалары ескерткіштері жөніндегі толық мәліметті б.з.д. бір мың жылдықтың орта кезеңіне жататын Бесшатыр қорымы және Есік обасы береді. Жетісу сақтарының тамаша ескерткіштерінің бірі Есік обасы болып табылады, ол Алматының шығысында елу шақырымдай жерде Іле Алатауының баурайында. Обаның диаметрі 60, биіктігі 6м. топырақ үйіндісінің астында екі қабыр-орталықтағы және бүйірдегісі бар, отралық қабыр тоналған, ал бүйіріндегі аман қалған. Моланың ішіне жонылып тегістелген тән-шән шыршасының көлемі 2,9х1,5м., тереңдігі 1,5м. Ғалымдар еденнің өлік жатқан бөлегіне уақ алтын таналар мен әсемделген мата төсеніштің жайылғанын анықтады. Бір кездері сол төсеніш үстінде басы құбылаға қаратылып, мұздай киіндіріліп, қару жарағын таққан күйінде мола иесі жатқан. Антропологтардың анықтауына жүгінсек, марқым болған кісі 17-18 жастар шамасында, бойы 165см болған.
Арал өңірі сақтары мәдениетінің бастау-бұлағы-Тегіскен қорымын қазып аршудан бері белгілі болған кейінгі қола дәуірінің мәдениетінде жатыр. Сақтардың Ұйғарақпен Оңтүстік Тегіскен сияқты қорымдардың қазу нәтижесінде олардың б.з.д. VІІ-Vғғ. салынғаны белгілі болды. Обалардың үйінділері құмдауыт, олардың астынан қабырлық құрылыстың екі түрі шықты. өлік жер бетіне салынған қамыс төсеніш үстіне, жеңіл ағаш там күрке ішіне қойылғандағы, оны сол арада өртеу рәсімі жасалған. Екінші түрі-өлік қазылған мола ішіне жерленген. Ұйғарақ қорымына қойылғандардың бәрі сақ –массагеттердің қауымына жатады.
Сақтардың шаруашылығы мен қоғамы.
Байтақ дала мен тау алқаптарын игеру дәуірі, мал шаруашылығының сан алуан түрлерінің жаппай дамып, жетекші салаға айналуы және оның егіншілікпен ұштасу дәуірі сақтар уақытымен байланысып жатыр. Бағы заман авторлары сақтар туралы: «олар әсте егіншілер емес, көшпеліліер» деп жазғанда немесе солардың тіршілігіне: «Еркін кеңістікке, от пен судың молдығына қарай, бір жерден екінші жерге көше береді»- деп анықтама бергенде сынаржақ пікір айтқан. Шын мәнінде сақтар шаруашылығының түр түрі табиғи жағдайға, қала орталықтары мен сауда жолдарына алыс-жақындығына байланысты анықтап отырған. Қысқы мекен жайлар ұзақ тұруға арналмайтын. Көшпелілердің негізгі малы алыс жүріске бейімделген жылқы, түйе, қой болатын. Жартылай көшпелі мал шаруашылығы тұрақты қысқы және жазғы мекен жайлары болуын күн ілгері ойластырып отырған. Қысқы тұрақтар үшін жертөлелермен жартылай жертөлелер салынған. Мұндағы жұрттың бір бөлегі жаз шыға, келер қысқа азық-түлік дайындау үшін қыстауда қалып егіншілікпен айналысқан. Мал шаруашылығының осы түрі Шығыс Қазақстан мен Жетісуда, Орталық және Батыс Қазақстанның бірқатар аудандарында етек алған еді. Мал шаруашылығының үшінші түрі- отырықшы шаруашылық болатын. Мұнда халықтың бір бөлегі ұдайы егіншілікпен шұғылданып, отырықшы болып қалатын. Оның екінші бөлегі жақын-жуық жерлердегі жазғы жайлаумен қысқы өрістерге көшіп кетіп, қайтып келіп отырған. Қазақстанның Оңтүстігінде-Сырдария мен Арыс, Келес алқаптарында хал-жағдай тап осындай еді.әсіресе ірі қара мал басым болған. әлбетте, тіршілікте қиаметтей қиын, күрделі жәйттер көп кездеседі, мал шаруашылығының осынау түрлерінен ауытқушылықтар болып жатады, мұның бәрі Қазақстанның әртүрлі аймақтары мен аудандарының қалын жұртының өміріне өшпестей ізін қалдырады. Жылқы өсіру сақтар мал шаруашылығының аса маңызды бағытының бірі болған. Орталық Қазақстанда жүргізілген қазу жұмыстарының бірі болған.орталық Қазақстанда жүргізілген қазу жұмыстарының материалдарынан жылқының екі тұқымы болғаны анықталды.Оның біреуі басы үлкен, аяғы жуан, денесі шомбал, жатаған жылқы, ал екіншісі – шоқтығы биік бойшан, сымбатты жылқы, оны қарулы жауынгерлер мінетін болған.
Алтайдағы Пазырық обаларын қазған кезде табылған 80 ат қалдығының материалдары бойынша жылқынығ 4 тұқымы бөлініп шығарылды. Ірі денелі жүрдек аттар селекция нәтижесінде пайда болған. Оларды көсемдермен текті батырлар мінген. Жылқының жаңа тұқымын шығару ісіне желдей жүйрік сәйгүліктерімен аты шыққан Ферғана, Бактрия, Парфия сияқты көрші елдердің асыл тұқымды жылқылары пайдаланылған. Таңдаулы ереуіл аттарды көшпелілер жоғары бағалаған.
Көшпелілердің үйге үйренген малының ең маңызды түлігінің бірі ет пен сүт, жүн мен тері беретін қой еді. Қазбаларға қарағанда, сақтарда маңдай алды дөңестеу ірі қойлар көп тараған. Олар қазақтың қазіргі құйрықты қойлары тұқымына жақын болған.
Сақтар арасында қой мен бірге түйе шаруашылығыда кең дамиды, ол әсіресе Батыс және Оңтүстік Қазақстанның далалық және шөлейт аудандарында өркен жаяды. Түйе мініс және жүк көлігі есебінде пайдаланылады, оның жүні, еті мен сүті көшпелілердің тұрмыс қажетін өтейді.
Егіншілікпен суару. Қыстау маңындағы егін сақтарды астықпен қамтамасыз еткен. Олар тары, арпа, бидай еккн. Оңтүстік Сырдария алқабында сақтардың Шірік-Рабат, Бәбіш-Молла, Баланды секілді қоныстары төңірегіндегі егістіктерді жарма тартып суарып отырған.
Кәсіптері мен сауда. Сақ тайпалары арасында металл өндіру және оны өңдеу, әсіресе қола құюға байланысты кәсіпшіліктері жоғары дәрежеде дамыған еді. Қола дәіріндегі сияқты, темір мен мыстың, қалайы мен қорғасынның, алтын мен күмістің бұрыннан белгілі кенді орындарында жұмыс толастап көрмеген. Мамандардың есептеуінше, кен рудурурын өндіру орасан зор көлемде жүргізілген. Мәселен, Имантау кенді орнынан 3 млн пұт мыс рудасы, ал Жезқазған мен Успенскіден-он мың және 26 мың пұт руда өндірілген, сонда сол руданың дені сақтар заманында өндірілгенін анықталды. Сақ ісмерлері қоладан қанжарлар, оқ жебелері мен сүңгі ұштарын, аттың қайыс-әбзелдерін, әшекейлер мен айналар, сол сияқты қазандар мен құрбандық ыдыстарын жасаған, олардың көбісі көркем өнердің таңдаулы туындыларының қатарына жатады.
Еуразияның далалары мен таулы алқаптарын сақтар билеп тұрған кезеңде Батыс пен Шығысты, Жерорта теңізі аймағы мен Қытайды байланыстырған халықаралық өтпелі сауда басталады б.з.д. І мың жылдықтың орта кезінде дала жолы пайда болады, бұл жолмен 40-параллель бойын қуалай, далалық аймақтарға бағалы тауарлар жеткізіліп отырған, Хуанхэннің үлкен ирек иінінен басталған жол Алтайдың шығыс және теріскей сілемдерін, Қазақстанмен Қаратеңіз өңірінің ұлан даларын кесіп өтіп, гректермен этрустар жеріне дейін жетеді екен. Геродоттың сипаттауына қарағанда, дала жолы Қаратеңіз өңірімен жүріп, Дон жағалауына, Оңтүстік Орал өңіріндегі савроматтар жерінен Ертіс бойына, одан әрі жоғары Ертіс алқабын мекендейтін Алтайдағы агриппилер еліне жеткен, содан шығандап Манғолия мен Қытайға қарай кететін болған. Жолдың ұзыннан ұзақ бір бөлегі Қазақстанды кесіп өтеді. Қытай жібегі мен Иран кілемдері осы жолмен сақтарға келіп жетеді, олардың жұрнақтары Алтайдағы Пазырық обаларын қазған кезде табылды.
Өнері мен мифологиясы.
Сақ өнерінің зерттеушілері, бірінші жағынан, оның Иранның Ахеменид және Бактрияның көркем өнері мен, екінші жағынан, Қытайдың Чжоу мен Хань дәуірлері өнер мен тығыз байланысты деп есептейді. Ғылымда сақтың «аң стиліндегі» өнерінің қай жерде, қай заманда пайда болып қалыптасқаны жөнінде алуан түрлі болжам бар. Бабажан мекені мен Сурх-Дум ғибадатханасында соңғы жылдары жүргізілген қазбалар Луристан қоласының жаңа нұсқаларын: жер бауырлап жатқан қаблан, қойдың басы тәрізді тұтқасы бар егеутас, бүркіттердің стильдендірілген бастары, жыртқыштармен «заулап бара жатқан» бұғылар, аттар мен түйелер бейнесін тауып берді. Алайда зерттеушілер сақ көркем өнерін тек луристан стиліне жатқызып қоюға болмайды, олар бір-біріне тәуелсіз екі көркемдік стиль деп есептейді. Б.з.д. І мың жылдықтың бас кезінде қазіргі иран территориясына иран тілді тайпалар кіре бастаған, солардың ықпалымен елге бір қатар әдет-ғұрыптар, қару-жарақ пен ер-тұрманың жаңа түрлері тарай бастады. Сонымен бірге ирандар Ассирияның, Эланмен Урарту мәдениетімен танысып, олардың өркениет табыстарын қабылдайды. Ирандықтар олардан композициямен стильдің біраз белгілерін үйреніп алады. Ахеменид Иранының көркем өнері осылай туып қалыптасады,ол сақтар өнеріне қатты ықпал жасайды. Осынау мемлекеттер өнерімен сақтар алдыңғы Азияға жорту жорықтар жасаған сапарында танысады. Олардың патшалықтарын Мидия патшасы Киаксар талқандағаннан кейін, олар бейнелеу өнерінің көптеген үлгілерін алып, үйлеріне артынып-тартынып қайтып келеді. Тувадағы Аржан обасын қазған кезде оның диаметрі 120м биіктігі 3м орасан зор құрылыс-оба үйіндісінің астынан археологтар аса күрделі ағаш конструкциясын тапты:оның дәл ортасында жуан бөренелерден қиылған көлемі 8х8м үлкен там, оның ішінде көлемі 4,4х3,7м тағы бір там бар екен. Сол тамда ағаш табытқа салынып көсем жерленіпті, оның жанында тағы бірнеше еркектің-көсемнің туыстарымен серіктерінің мәйіттері жатыр, тегі олар өз еріктерімен көсемі соңынан о дүниеге аттанса керек. Айналаға радиус бойынша орнатылған тамдар ішіне жорық ер-тұрмандарымен 160 ат қойылыпты.Тағы да толып жатқан аттар қалдықтары оба сыртындағы шеңберлі қабырлардан табылды.Барлық аттар құла және жирен түсті яғни патшалар мен абыздар түстеріне сәйкес келеді екен.Оба бағы заманда тоналыпты,бірақ археологтар үлесіне де көп-көп олжа қалыпты: түрі бүрісіп жатқан ілбісінге немесе барысқа келетін әлемдегі ең үлкен қола қаптырма, арқарлардың бейнелері, сабы қабан бейнесіндегі қанжар, алтын өңіржиек, жебелер табылды. Оба б.з.д. VІІІғ тұрғызылған, сақ өнерінің одан кездескен заттары ең ескі дүниеліктер болып табылады. Соған қарап сақтың «аң стилі» Азия даласында туған деп болжам жасауға болады. Оған дәйекті негіз бар, осы арада оның бастаулары да бар. Тіпті қола дәуірінің өзінде жергілікті ісмерлер жануарлар бейнелерін жасаған. Бұғыларды, бұқаларды бейнелейтін тасқа салынған суреттер кеңінен мәлім. Сол сияқты б.з.д. ІІ мыңжылдық соңы және І-мыңжылдықтың басы кезінде ерекше бір көркем өнер туып қалыптасқан, бірақ ол әлі «аң стилі» емес еді.
«Аң стилі» өнері сақтар Алдыңғы Азия мен Иранға жорық жасаған кезде танысқан оңтүстік дәстүлері әсерімен пайда болған. Дәп сол кездері осы арада сақтар өнеріне арыстан, арыстан-самұрық, «өмір дарағы» образдары ауысып келеді. Бұл образдар бұғы, қошқар, түйе, барыс, жолбарыс бүркіт сияқты жергілікті жануарлар бейнелерімен сіңісіп кетеді.
Сақтар арасында зергерлік өнер мейлінше жетіліп, биік деңгейге көтерілген.зергер-шеберлер алтын, күмісті балқытып құю, штампылап өңдеу ісімен таныс болған, олар алтын мен күмістен, ферузадан әсемдігі мен композициялық түзілімі кісіні таң қалдыратын бұйымдар жасаған, олары адаммен оның киім-кешегін, аттың ертұрманы мен тұрмыстық мүліктерді әшекейлеп, безендіру үшін пайдаланылған. Мұндай бұйымдар қатарында жануарлар басымен әсемделген өңіржиектер, сақиналар, лағыл мен феруза тізілген алқалар, алтын тоғалы белдіктер, киім-кешектің сәнін кіргізетін қаптырмалар болған.
Сақтардың зергерлік өнері Есік обасы бұйымдарынан бәрінен де толығырақ көрінеді, со бұйымдарға қарап, біз текті дәулетті сақтардың киген киімі, айқасқа шығарда тағынатын қару-жарағы туралы біраз мәлімет алдық.
Зергерлік өнерде олар ағаштан жасалған әртүрлі бейнелер мен әшекейлерді қақ алтынмен аптау әдісін кеңінен қолданған. Сақтар арасында ағашты өңдеп, оюлап бедерлеу ісі қатты дамығанын ағаштан істелген ыдыс- аяқтардан, аңдар мен жануарлар бейнелерінен, әралуан тапсырмалардан көруге болады. Ағаш ою-өрнектеумен бірге сүйекті өңдеу және одан әртүрлі бұйымдар – қапсырма, тоға, түйме жасау кәсібі де дамиды.
Сақ ісмелерінің тастың жұмсақ түрлерінен құрбандық жозыларын жасап, оларды ғажайып ою-өрнектермен әспеттейтінінайтқан едік. Түрлі түсті асыл тастардан – сердоликтен, халцедоннан, ақықтан, ферузадан сақтың зергерлері моншақ-таналар жасаған.
Басқа халықтар сияқты сақтар да табиғаттың тылсым күштеріне – күнге, оның күркіреуіне, нажағайға, жел-дауылға табынған, осынау құбылыстар оларға құдай бейнесі секілденіп көрінген. Олардың түсінігі бойынша құдайлар, қанатты тұлпарлар, ат-самұрықтар сияқты, қиялдан туған аңдар мен құстар, жануарлар бейнесінде де көріне беретін болған. Осынау образдардың мифология мен ауыз әдебиетінен кең орын алатын сондай, евразия далалары өнерінде өзгеше бір «аң стилін» тудырған.
Сақтар мифологиясындасәйгүлік ат күнмен, отпен байланысты болған. Дүниені жаратқан көк тәңрісі Митра «Авеста – Уәста» сөзіне жүгінсек, төрт ат жегіп шығады екен. Аттарға Сурья, Яма, Агни, Индира секілді құдайларға қатысы болған. Есік обасындағы патша дулығысының төбесіне қадалған қанатты тұлпарлар бейнелері ол күн күймесі. Қанатты тұлпар бейнесінің күн бейнесі ретінде берілуі өзге халықтар фольклорында да кездеседі. Гректерде күн шұғылалы құдай Аполлонның күймесін аспанда қанатты прақтар зулатып алып бара жатады. Жыртқыш қырандар бейнесі де күн құдайдың символы болған. Үндіиран халықтарының қиял аңыздарында Күн аспан көкте төрт прақ немесе төрт бүркіт зымыратып алып жүретін дөңгелекті күйме түрінде көрінеді. Сақтар әлемінің құрылымы жөнінде өзіндік түсінігі болады. Космостағы тәртіп оларға арт түсінігіндей болып көрінген, сақтар оны Күн, Күн күйме деп ойлаған. әлемдегі тәртіп, үйлесімі – гармония, олардағы бар нәрсенің ұйымдастырушылары Митра, Варуна, Индира секілді құдайлар екен, әлемнің үлгісі оларға үш дүниенің – жер асты дүниесі – төменгінің, белорта дүниесі – жердің және жоғарғы дүние – аспанның өзара сәкестігі болып көрінген. Әлемнің төрт жағы – сол, оң, алғы және артқы жақтары болған. Сақтардың космос жөніндегі символикалық түсінігіне Есіктен табылған сақ патшасының дулығасы нақты мысал бола алады. Ондағы ою-өрнектер тік сызықты үш қабатқа бөлінген. Шеңбер бойындағы қалпақ алтын таулар мен ағаштар тізбегін көмкеріп тұр. Тау баурайында «жер айуандары»: жолбарыстар мен ешкілер жүр. Шырқау биікте – құстар мен қанатты жолбарыстар. Ою-өрнектер дулыға жиегі, сақтардың түсінігінше дүниені жан-жағынан қоршап тұрған әлемдік тау қыраты болып табылады. Дөңгелек жиектің крест болып орналасқан нүктесінде әлемнің жан-жағын: шығыс пен батысты, солтүстікпен оңтүстікті күзетіп тұратын аңдар бейнелері қойылған. Бас киімнің алдынғы жағына күн белгісі – космостың тұтас бейнесі: төрт қанатты пырақ пен төрт алтын жебе салынған. Бұл күн өз жолымен жүргенде айналып өтетін барша үш дүние мен жалғанның төрт бұрышын түгел билейтін өктемдіктің өзгеше бір белгісі. Алдыңғы жақты сақтар жалғанның шығыс жағы, артқы жақты – батыс жағы деп есептеген. Осындай мұрақты – тәжді кигізу көсемге күллі мифологиялық Космосты билеуді берді деген ұғымды білдірген. Көсем-дүниенің кіндігі, оның орталығының бейнесіндей болған, ал оның киіміндегі символдардың бәрі мифологиялық ұғымдар.
Тұтас алғанда сақтардың немесе сақ – скифтердің «аң стилі» сақ тайпалары дүние танымының заңды көрінісі, олардың мифологиясының бейнелеу өнеріне келіп дарып – сіңуі, көшпелілер идеологиясын білдіретін айрықша белгілер жүйесі ретінде құрылып қалыптасады ....

Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
kz | Рефераттар
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?