Педагогиканың әлеуметтік зерттеу әдісі

Педагогиканың әлеуметтік зерттеу әдісі

Педагогикалық тәжірибенің зеттеу әдісі.

Қазіргі кезеңде педагогикалық зерттеулер әртүрлі әдістердің бүтін бір жүйесі жәрдемімен алға басуда. Бұларға: педагогикалық бақылау, әңгімелесу, мектеп құжаттарын зерттеу, оқушылардың шығармашылық жұмыстарымен танысу, озат педагогикалық, тәжірибені үйрену және қортындылау, әлеуметтік талдау (сұрақ анкета жүргізу, тестен өткізу, рейтингтік сараптау), математикалық статистиканы талдау, педагогикалық идеяларды теориялық талдаудан өткізу және т.б. әдістер.
Педагогикалық эксперимент. Бұл арнайы ұйымдастырылып, алдын-ала зерттеу мақсаты белгіленген мұғалім мен оқушылардың педагогикалық іс-әрекеті. Бұл сипаттағы эксперименттер әртүрлі: жетіскен білім деңгейін анықтау, дамытып қайта жасау, бақылау эксперименттері.
Жетіскен білім деңгейін анықтау экспериментті-зерттеу жұмыстарының бастапқы сатысы болып, зерттелуі тиіс. Ол проблеманың жалпы жағдайымен танысуға негіз болады. Мысалға, егер оқу жұмысы барысындағы шәкірттердің өзін бақылауы зерттелінуі қажет болса, осы эксперимент арқылы және басқа әдістерді (әңгімелесу, анкета) қолдана отырып, ғалым- оқушылардың өзіндік бақылау әдістерін қаншалықты білетінін анықтайды. Нәтижеде оқушылардың өз оқу жұмысына өзіндік бақылауының мүмкіндіктері жөнінде қорытынды жасайды.
Егер зерттеуші бұл проблеманың мектеп ісінде кері сипатқа ие болғанын анықтаса, ол зерттеуді одан әрі жалғастырып, дамыту, қайта жасау экспериментіне кіріседі, яғни алдын-ала түзілген жоспар бойынша оқушылардың білім игеру тәжірибесінде өзіндік бақылаудың тиімді тәсілдерін ендіреді. Егер иәтиже ұнамды болып шықса, алынған көрсеткіштер теориялық талдауда әдістің мектеп жұмысында қолданылуы жөнінде қорытындылар жасалады.
Бұл проблема жөнінде зерттеу барысы кезеңі аталған эксперимент бойынша көрсеткіштер мен қорытындыларды жалпы мектеп тәжірибесінде тексеру. Бұл міндет экспериментінің жәрдемімен шешіледі. Бұл мектепте сыналған әдіс басқа мектептер мен мұғалімдердің тәжірибесінде пайдалануға ұсынылады.
Озат педагогикалық тәжірибені үйрену және жинақтау. Бұл әдіс оқыту мен тәрбие жұмыстарын табысты өткізіп жатқан озат мектептер мен мұғалімдердің тәрбиесін үйрену және оны теориялық пайымдауға негізделген. Көп жағдайларда мұғалімдер күнделікті сабақ тәжірибесімен эмпирикалық түрде маңызды педагогикалық жаңалықтарға жетіп отырады, бірақ олардың бұл пайдалы істері педагогикада танылмай, тиісті зерттеуден жеке ынталы ұстаздың пайымы ғана болып, көпшілі қалып кете береді. Яғни, жеке мектеп тұрмысындағы педагогикалық практика теориялық ой -пікірмен әдістемелік қорытыңдысына жетпейді.
Оқыту - тәрбиелеудің озат тәжірибесі теориялық пайымдау мен талдауға түссе ғана педагогикалық ғылым жүйесінде орнығуға мүмкіндік алады.

2.3. Мектеп құжаттар мен оқушылардың шығармашылық өнімдерін
зерттеу әдістері

Бағытталу тұрғысынан педагогикалық зерттеулер іргелі (фундаменталды), қолданбалы және болжам-жобалау (разработки) деңгейіңдегі болып үш топқа бөлінеді. Іргелі зерттеулер нәтижесінде педагогиканың теориялық және практикалық жетістіктерін қорытушы жалпы тұжырымдамалар алынады немесе болжам жобалаумен педагогикалық жүйелерді дамытудың моделдері ұсынылады. Қолданбалы зерттеулер - бұл педагогикалық процестік кейбір тараптарын тереңдей тануға, алуан қырлы педагогикалық қызметтің заңдылықтарын ашуға бағдарланған істер. Болжам жоба - бұрыннан белгілі теориялық көзқарастарға негізделген нақты ғылыми-практикалық ұсыныстар дұрыстығын дәлелдеп, оларды практикалық айналымға қосу бағытында істелетін жұмыс.
Калаған педагогика зерттеу көпшілік қабылдаған әдіснамалық тиектерге орай жүргізіледі. Педагогикада олардың қатарына - зерттелуге тиіс проблема, тақырып, нысан және оның дені (предмет). Мақсат, міндеттер мен болжамдар, қорғалуы тиіс идеялар кіреді. Педагогикалық зерттеулер сапасын танытушы негізгі көрсеткіштер: зерттеу көкейкестілігі, жаңалығы, теориялық және практакалық маңыздылығы.
Зерттеу бағдарламасы, әдетте, екі бөлімнен тұрады: әдіснамалық және іс-әрекеттік (орыңдау-процедуралық). Алғы бөлімде тақырып көкейкестілігі негізделеді, проблема нақтыланады, зерттеу нысаны мен дені, мақсаты мен міндеттері айқындалады, негізгі ұғымдары белгіленеді, зерттеу нысаны бастапқы жүйелі талдауға салынып, қызметтік болжам жасалады. Ал екіншіде - зерттеудің стратегиялық жоспары түзіледі, сонымен бірге алдыңғы деректерді жинақтау мен оларды іріктеудің реті және негізгі шаралары жасалады.
Зерттеу көкейкестілігін негіздеудің мәні – оқу мен тәрбиенің теориясы және – практикасын бұдан былайда дамыту үшін тиісті проблемалардың қажеттігін, дер кезінде зерттеліп, шешімін табудың маңыздылығын түсіңдіру. Көкейкесті зерттеулер белгілі кезеңдегі аса күрделі де қажет мәселелердің жауабын береді. педаготакалық ғылымға қойылатын қосымшаның әлеуметтік тапсырысын бейнелейді, практикада орын алған келелі қайшылықтарды ашады. Көкейкестілік тиегі өзгермелі, қозғалысты, уақыт пен нақты әрі ерекше жағдайларға тәуелді. Жалпыланған күйде көкейтестілік ғылыми идеялар мен практикалық ұсыныстарға болатын сұраныс (қандай да қажеттілікті қамтамасыз ету үшін) пен дер кезеңдегі ғылым мен практиканың мүмкінідігі арасыңдағы айырмашылық деңгейіне сипаттайды.
Зерттеу тақырыбы шешімі қалтқысыз табылуы қажет, өте күрделі де қоғамдық маңызға ие болған проблемалармен ұштасқан әлеуметтік тапсырыс нақты тақырыптың негіздеме дәйегін талап етеді. Ал бұл, өз кезегінде, қойылған мәселенің ғылым аймағында зерттелу дәрежесінен туындайды.
Егер әлеуметтік тапсырыс педагогикалық практиканы талдаудың нәтижесінде ұсынылатын болса, ғылыми проблеманың өз негізі басқаша. Оның міндеті ғылым құрал-жабдықтарын пайдалана отырып» негізгі қарама-қарсылықтарды баяндап беру. Әдетте, проблема шешімі зерттеу мақсатын құрайды. Мақсат қайта түзіліп, өрнектелетін проблема.
Проблема нақтыланып, өрнектелгеннен соң зерттеу нысанын таңдау кезегі келеді. Нысанға педагогикалық процесс, педагогикалық болмыстың бір саласы немесе қайшылықтарымен жүз берген қандай да педагогикалық қатынас алынуы мүмкін. Басқаша айтсақ, өз ішінде нақты не әлі де күмәнді қайшылықтарды қамтып, проблемдік ситуацияларды туыңдатқан жағдайлардың баршасы нысан есептелінеді. Танымдық процесс бағытталғанның бірі – нысан. Зерттеу дені (предмет) - нысан бөлшегі, біртарапты, яғни бұл түбегейлі зерттеуді қажет еткен нысанның теориялық не практикалық тұрғыдан өте маңызды сапа-қасиеттері, қырлары мен сырлары.

2.4. Педагогиканың әлеуметтік зерттеу әдісі

Педагогикадағы әлеуметтік зерттеу әдістері. Жоғарыда қарастырылған әдістер біршама құндылылығы мен қатар жалғыз-ақ елеулі кемшілікке ие: ғалым ол әдістерді қолдана, отырып, тар өрісті деректерді ғана дамытуы мүмкін, яғни зерттеу қорытыңдысы болмашы сандағы мектептер мен оқушыларға байланысты жасалынады. Ал көп жағдайларда кейбір мәселелердің шешімі ауқымды зерттеуді талап етеді. Бұл ретте педагогтар әлеуметтік зерттеу әдістерін (анкета жүргізу, рейтингтік бағалау) алға тартады. Мұнымен қойылған мәселені жылдам әрі көп сандағы оқушыларға сұрақ қойып анықтауға болады.
Педагогикадағы әдістер тізбегі аталғандармен шектелмейді. Олардың түрі мен формасы педагогикалық теориямен айналысқан зерттеуші - ғалымдар мен озат мұғалімдердің ынта-ықылас ізденуіне байланысты, әдістердің жаман, жақсысы болмайды, олардың әрбірі өз орнында құнды.
Өкінішке орай, сталиндік жеке басқа табыну мен брежневтік тоқырау жылдары педагогика ғылымының ролі төмендеп, оның қызметі мектеп пен білім мәселелері бойынша жоғарыдан түскен "даналық" көрсетпелерге түсіндірме беріп, олардың "тек дұрыс" екенін негіздеумен болды. Бұл теориялық ой-пікірдің дамуына, үлкен кедергі болып, шығармашылық ой ұмтылысын тұсаулап тастады.
Қазіргі кезеңде, егеменді ел-Қазақстан Республикасы аясында педагогика ғылымында догматизм мен жеке пікір үстемдігіне тойтарыс беріліп, шын мәніндегі жаңашыл педагогикалық зерттеулерге қажетті жағдайлар жасалып, халыққа білім беру саласының бүтіндей қайта түзілуіне, біздің қоғамымыздың демократиялануына, ғылыми техникалық даму талаптарына сай жаңа сапалық деңгейге көтерілуіне тиімді жолдар ашылуда.
Қандай ғылым болмасын, дами отырып, өз теориясын байыта түседі, жаңа мазмұнымен толығады, осыдан өз ішіндегі зерттеу бағыттарына орай жіктеле бастайды. Бұл жағдай педагогиканы да айналып өткен емес. Қазіргі кезде «Педагогика» түсінігі педагогикалық ғылымдардың біртұтас жүйесін танытады. Өз алдына дербестік сипатқа ие болған педагогика салаларынан төмендегілерді атауға болады:
1. Жалпы педагогика (тәрбие білім беру және оқытудың жалпы заңдылықтарын зерттейді.
2. Сәбилер және мектеп алды педагогикасы.
3. Мектеп педагогикасы.
4. Сурдотифло және олигофренопедагогика саңырау зағип және ақылы кем балалардың тәрбиесін зерттейді.
5.Жеке пән әдістері.
6. Педагогика тарихы.
Жаңадан қалыптасып жатқан педагогика салалары да жоқ емес, олардан: мектептану, отбасы тәрбиесі педагогикасы, басқару педагогикасы, ішкі істер органдарының педагогикасы және т.б. Дербес педагогикалық пән ретінде әскери педагогика, жоғары мектеп педагогикасы, кәсіби-техиикалық білім беру педагогикасы және тағы басқа жедел қарқынмен дамуда.
Педагогиканың дамуы мен оның мән-мағынасына зер сала отырып, оның ғылым ретінде де көрініс беретін ерекше өзіндік сипатына көніл аудармай болмайды. К.Д.Ушинскидің "педагогика" түсінігі педагогикалық ғылымдардың біртұтас жүйесін танытады. Өз алдына дербестік сипатқа ие болған педагогика салаларына төмендегілерді атауға болады:
ол териялық жағынан, біріншіден, өз зерттеулерінің нәтижелерін, қорытындыларын пайдаланады, екіншіден, адам жөніндегі ғылымдардың теориялық идеяларын біріктіріп өз теориясын дамытуда негізге алады. Сонымен қатар педагогика таза қолданбалық қызмет атқарып, адам тәрбиесіне бағытталған практикалық іс-әрекеті, яғни қажетті болған ептіліктер, дағдылар мен қабілеттер жүйесін қамтиды. Бұл тараптан ол тәрбиелік шеберлік ұштасып жатады. Педагогиканың міне осы ғылымдық әрі өнерлік ерекше сипатына кейбір үстірт ойлайтын адамдар, оны аса қажет теориялық құндылық деп бағаламай тәрбие ісіндегі ептіліктер мен икемділіктерге бұра салады. К. Д. Ушинский "Тәрбие ісі біршама жеңілдеу көрінеді. Тәрбыете шыдамдылық керек екені баршаға аян, кейбіреулер ол үшін тума дарын қажет деп ойлайды, тек аздаған міндеті-деректер мен құбылыстарды тусіндіру және оларды алдын ала болжастыру.

2.5. Педагогиканың бақылау және әңгімелеу әдістері

Педагогикалық бақылау әдісі. Бұл әдіс педагогикалық зерттеудің қай-қайсысында да қолданыс табады. Себебі педагогикалық құбылыспен танысу зерттеушіге педагогикалық жұмысқа қатысы бар деректерді үйреніп, жинақтап, белгілеп алуды қажет етеді. Мысалға, ғалым сабаққа қатыса отырып, оқушылардың, егер мұғалім сабақ материалын қызықты түрде баяндаса, жым-жырт отырып, зейінді тындайтынын аңғарады. Одан әрі зерттеушіге аян болатыны: бір оқушылар өзін сабақта белсенділікпен көрсетіп, мұғалімнің сұрақтарына ықласпен жауап беруге тырысады; жолдастарының жауаптарына толықтырулар енгізеді, өздері сұрақ қоя отырып, сабақ мазмұнын терендете ұққысы келеді және т.б. Ал кейбіреулер сабаққа деген енжарлығы мен зейінсіздігін байқатады. Осы құбылыстарды бақылау зерттеушіге алғашқы болжамдарын қортындылауға мүмкіндік береді. Оның мән-мағынасы келесідей болуы ықтимал:
1) оқушылардың зейінділігі сабақтың мазмұндығына байланысты;
2) сабақта зейінділік жәке белсенділік танытқан оқушылардың білімі біршама жоғары дәрежеде. Бақылау әдісі, осылайша, нақты теориялық ой-пікірлерге нәр беріп, кейін олар басқа да әдістердің көмегімен тереңдете зерттеліп, тексеріледі. Әңгімелесу әдісі. Бұл әдіс те ғалым тәрбиеші мен тәрбиеленушінің екеуінің де бірдей педагогикалық дерек пен құбылысқа деген ойы мен қатынасын айқындауға жәрдемін тигізеді. Соның арқасында ол көрініс берген құбылыстардың мәні мен септері жөнінде тереңдеу пайымдалған ғылыми тоқтамға келуге тырысады. Егер, мысалға, жоғарыда келтірілген оқушылардың сабаққа деген әртүрлі мінез-құлықтық қатынасын алар болсақ, зерттеуші бұл құбылыстың себептері жөніндегі өзінің пікірін мұғалімнің ойымен салыстырғанды жөн табады. Бұл үшін ол мұғаліммен әңгімелесуді бірден-бір жол деп, сабаққа кезіккен құбылыстардың себебін түсіндіріп беруге мұғалімді ойыстырып, оның пікірін білуге ұмтылады. Белгіленген сұрақтар бойынша, мұғалім мен оқушы пікірлерінің өзара сай келуі немесе алшақтығы, өң берген педагогикалық жағдайдың түп төркінін айқындауға себтігін тигізері, әлбетте сөзсіз.
Мектептік құжаттар мен окушылардың шығармашылық өнімдерін зерттеу әдісі. Көптеген педагогикалық құбылыстарды зерттеу барысында мектеп құжаттары мен оқушылардың шығармашылық іс-құжаттарын көздеп отыру үлкен маңызға ие. Мысалы оқушылардың күнделікті сабақ бағаларының оларды жалпы үлгеріміне ықпалы білу үшін мектеп жұрналымен, өткен жылдардағы табельдерімен танысып шығу орынды. Мектеп кітапханасындағы балалардың оқырман карточкесімен танысу олардың қызығу өрісінен хабар береді. Үй тапсырма дәптерлерін көре отырып, зерттеуші баланың үйге берілген жұмыстарды орындауға деген қатынасын байқайды. Белгілі бір тақырыпта еркін шығарма жаздырып немесе сурет салдырып, ғалым оқушының дүниеге, қоғамға көзқарасын болжауы мүмкін және т.б.
Зерттеу әдістемесінің (методика) дайындығы ғылыми ізденіс логикасына орай жүргізіледі. Бұл әдістеме өте күрделі де сан қилы қызметтермен байланысты нысан болған білімдену процесін аса жоғары шынайылылықпен зерттеуге мүмкіндік беретін теориялық және эмпирикалық әдістер (метод) тобынан құралады. Әдістердің тұтас бір бөлігін қолданудан назарға алынған проблема жан-жақты айқындалады, оның барша қырлары мен шектері түгелдей зерттеуден өтеді. Педагогикалық зерттеу әдістерінің әдіснамадан өзгешелігі – бұл педагогикалық құбылыстарды зерттеу, олар жөніндегі ғылыми ақпараттарды жинақтап, заңдылықты байланыстар, қатынастарды анықтау, оның нәтижесінде ғылыми теория қалыптастыру мақсатымен жүргізілетін іс-әрекет жолдары мен тәсілдерінің өзі. Әдістер көп түрлі де сан қилы, бірақ жүйелестіре келгенде, бұлардың бәрі үш топқа ажыралады:
1) педагогикалық тәжірибені зерттеу әдістері;
2) теориялық зерттеу әдістері;
3) математикалық әдістер.
Педагогикалық тәжірибені зерттеу әдістері білім беру процесін ұйымдастырудың көз алдымызда қалыптасқан тәжірибесін зерттеудің жолдары. Зерттеуге озат тәжірибе, яғни танымал мұғалім мен қатардағы тәлімгерлер қызметтері бірдей алынады. Оларда жұмыстарында кезігетін қиындықтар педагогикалық процесс қайшылықтарымен, пайда болған не енді туындауы мүмкін проблемаларға байланысты келеді. Педагогикалық тәжірибені зерттеу барысында келесідей әдістер қолданылады: бақылау, әңгімелесу, интервью, анкеттеу, оқушылардың жазба, графикалық және шығарма жұмыстар көзден өткеру, педагогакалық құжаттармен танысу.
Бақылау — зерттеу барысында нақты дерек материал жинақтау мақсатымен кандай да педагогикалық құбылыстың назарға алынуы. Бақыланған құбылыстар міндетті түрде хатталады. Бақылау нақты нысанмен жете танысуға орай алдын ала белгіленген жоспар бойынша жүргізіледі. Бақылау жұмысы келесі кезеңдерге бөлінеді:
1) міндеттері мен мақсаттарын айқындау;
2) бақыланатын объект, оның элементтерін және ситуацияларын таңдастыру;
3) бақылау және оның барысында ақпарат топтастыруға оңтайлы әрі тиімді тәсілдерді іріктеу;
4) байқалғандарды хатқа түсіру формасын ойластыру;
5) жинақталған ақпараттарды өңдеу және дәйектеу.
Бақылау түрлері: араласа бақылау - ізденуші зерттеу жүргізіп жатқан топтың мүшесі ретінде қатысады; сырттай бақылау - зерттеуші ізденіс жұмыстарына тікелей араласпайды; ашық және таңдамал жасырын бақылау; тұтастай және таңдамалы бақылау. Бақылау - орындалуы тұрғысынан ең оңай әдіс, бірақ өзіндік соңғы нәтижеге зерттеушінің тұлғалық - әлеуметтік жеке — дара бітістері (көзқарасы, мүддесі, жан толғанысы) ықпал жасап, оның қандай да шынайылылықтан ауытқуына себепші болуы мүмкін.
Сұхбат әдісі - қажетті ақпаратты алу немесе бақылау барысында түсініксіздеу болған құбылыстың мәнін айта түсу мақсатымен дербес не қосымша қолдалылатын зерттеу тәсілі. Сұхбат айқындалуы тиіс нақты сұрақтар бойынша күні ілгері түзілген жоспармен орындалады. Әңгімелесу еркін жүргізіліп, сұхбаттас кісінің жауаптары хатталмайды. Сұхбаттасудың екінші бір түрі педагогикаға әлеуметтану саласынан енген интервью алу. Бұл әдісте сұрақтар алдын ала түсіндіріліп, бірізділікпен қойылып барады. Интервью жауаптары анық жазылып, хатталады.
Анкеттеу - ауқымды материал жинақтау үшін қолданылады. Сұрақ жауаптары жазба күйінде қабылданады. Сұхбаттасу мен интервью алу бетпе-бет әңгімелесумен жүргізіледі, ал анкеттеу сырттан орындалады. Аталған әдістердің нәтижелі болуы қойылатын сұрақтардың мазмұны мен құрылымына тәуелді. Сауалнама түзуде ескерілетін жәйттер:
1) алынатын ақпараттың сипатын анықтап алған жөн:
2) қойылатын сұрақтың бірнеше баламалы өрнегі болғаны қажет;
3) сауалнаманың бірнеше жоспары түзіліп, ол алғашқы тексеруден өткізілуі тиіс;
4) сауалнама кемшіліктері түзетіліп, пайдалануға ақырға редакциясының ұсынылуы дұрыс.
Құнды материал оқушылардың шығарм ашылық туындыларын зерттеу әдісімен де алынады. Олар: шәкірттер орындаған жазба графикалық шығармашылық және бақылау жұмыстары; балалардың суреттері, сызылмалары, жасалған қосалқы бөлшектер, кейбір пән дәптерлері. Мұндай жұмыстар оқушылардың даралық қабілеттерінен дерек береді, олардың қандай да бір саладағы ептілік және дағды жетістіктерінің деңгейін көрсетеді. Мектеп құжаттарымен танысу әдістерін қолдана отырып, оқушының жеке ісі (личное дело), дәрігерлік карта, күнделік, жиналыс не отырыс хаттамалары және сол секілді мектеп іс-қағаздарымен танысу арқылы зерттеуші оқу-тәрбие, білім игеру процесін ұйымдастыру тактикасында нақты қалыптасқан объектив жағдайлар жөніндегі ақпараттармен қарастырылады.
Педагогикалық зерттеудің қандайда бір әдіс не тәсілінің педагогикалық тиімділігін анықтау үшін арнайы ұйымдастырылған тексеру түрі- эксперимент ерекше маңызды.
1) педагогикалық эксперимент асуында көрініс беретін себеп- салдарлы байланыстар мәнін зерттеу;
2) педагогикалық құбылысқа зерттеушінің белсенді ықпал жасауы;
3) педагогикалық ықпал мен ықпалдастықтың нәтижесін өлшестіру.
Эксперимент келесі кезеңмен өткізіледі: -теариялық: (проблема қою, зерттеу мақсатын, нысанын және денін анықтау, міндеттер мен гипотеза белгілеу);
- әдістемелік (зерттеу әдістемесі мен оның жоспарымен айқындау, бағдарлама түзіп, алынған нәтижелерді өңдеу әдістерін нақтылау):
- эксперимент жұмысы — бірнеше тәжірибелік зерттеу әрекеттерін орындау (ситуация түзу, бақылау. тәжірибені басқару және зерттеушілердің жауап әрекеттерін бағалау);
- талдау - сандық және сапалық сарапқа салу; алынған деректерге түсініктеме беру қорытынды жасап, практикалық ұсыныстар енгізу.
Эксперимент түрлері: табиғи (қалыпты оку-тәрбие процесі жағдайында) және зертханалық - қандай да әдістің тиімділігін тексеру үшін жасанды жағдайлар түзу (экспериментке алынған балалар тобы өз алдына бөлектенеді). Көп жағдайларда табиғи эксперимент қолданылады. Ол зерттеуге алынған педагогикалық құбылыс мазмұны, мақсаты және т.б. орай ұзаққа созылған не қысқа мерзімді болуы мүмкін.
Егер эксперимент педагогикалық процестің нақты жағдайымен танысуға бағытталған болса, деректеуші (констатирующий) аталып, ал оқушы не сынып ұжымының дамуына қажет жағдайларды анықтауға арналған күнде мұндай эксперимент – қайта жасаушы (дамытушы) деп аталады. Қайта жасау экспериментінде салыстырып баруға керек бақылау топтары түзіледі. Эксперименттік әдістің қиындығы: оны жүргізу техникасын жете білу қажет, бұл зерттеу барысында ұйымдастырушының аса үлкен сыпайылығы мен әдептілігі, көрегендігі мен егжей-тегжейлілігі, зерттеудегілермен қатынас түзу қабілеттілігі де маңызды келеді.....


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Ораза кестесі 2024 жыл. Астана, Алматы, Шымкент т.б. ауыз бекіту және ауызашар уақыты
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу

Соңғы жаңалықтар:
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!
» 2024 жылы студенттердің стипендиясы қанша теңгеге өседі