Педагогика ғылымының міндеттері

Педагогика ғылымының міндеттері

Педагогикалық ұғымдардың бірі — тәрбие. 'Тәрбие жайында осы уақытқа дейін ор түрлі теориялар мен пікірлер айтылып келеді. Тәрбиені ересек адамдардың балаларға ықпал жасауы деп түсіндірушілер де бар. Бұл жағдайда бала пассивті объект түрінде қарастырылады. Ол педагогикалық процестің субъектісі бола алмайды, яғни, өздігінен ойланып, белсенді іс-әрекет жасау рөлін атқармайды. Бұдан тәрбиеге бір жақты анықтама беру байқалады.
Тәрбие баланың өздігінен табиғи және еркін дамуы үшін жасалатын жағдай деп анықтама берушілер де кездеседі. Бұл жерде балаға толық ерік беру мәселесіне ерекше көңіл аударылып, ал тәрбиенің рөлі бүркемеленіп, елеусіз қалып отыр.
Кейбіреулер тәрбиені практикалық тұрғыдан бір жақты жалаң тәжірибеге сүйеніп түсіндірмекші. Мұндай пікірді қуаттаушылар прагматистер. Олардың айтуынша тәрбие баланы тұрмыс қалпына бейімдейді, сондықтан ол өзінің күнін көруге пайдасы бар білімді, іскерлікті және дағдыны меңгеруі қажет. Осы жағдайда бала жеке басының қамын ойлап, өзімшілдік мүддесін қанағаттандырады деп дәлелдейді.
Педагогика ғылыми тәрбиені қоғамдық құбылыс, қоғамдық категория, өйткені тәрбиесіз өмір сүре алмайтындығын философия тұрғысынан қарастырып түсіндіреді. Егер қоғам тәрбиеден қол үзсе, онда адамзаттың мол тәжірибесі мәңгілік елеусіз қалып, тәрбие ілгері баспай, бір жерде тұра берген болар еді деді В. И. Ленин. Сондықтанда Ленин тәрбиені жалпы және мәңгілік категория деп тұжырымдайды.
Тәрбие жайында К. Д. Ушинский: «...мектеп, тәрбиеші не ұстаздар — адамның тіпті жалғыз ғана тәрбиешілері емес оның сонша күшті, ал мүмкін және әлде қайда күшті тәрбиешілері: табиғат, үйелмен, қоғам, халық... және оның тілі болады, — деді.
Ушинскийдің түсінуі бойынша бұл факторлардың әсері педагогикалық талаптардан басқа (әр түрлі дәстүр, үйелмен ішіндегі қарым-қатынас және т. б.) себептерге де байланысты. «Тәрбие» термннің әрдайым тар мағынада «тәрбиеші тәрбиелейді, кең мағынада өмір тәрбиелейді» деп қолданады. Мұның тәрбие жайындағы жалпы ұғымды анықтауда зор мәні бар.
Тар мағынада тәрбие деп мұғалімнің және тәрбиешінің ата-аналармен бірігіп, мақсатты түрде жүргізетін тәрбие жұмыстарын айтады. Әрине, тәрбие жұмыстарымен бір ғана мұғалім және ата-аналар шұғылданып қоймайды. Тәрбие — көптің ісі. Сондықтан тәрбие мәселелерімен кәсіподақ ұйымдары, қоғамдық мекемелер, еңбек ұжымдары және бүкіл жұртшылық болып айналысады. Олай болса тәрбиені кең мағынада табиғат және әлеуметтік ортаның, мектеп пен ата-аналардың, бүкіл бұқараның тұлғаның дамуы мен қалыптасуына ететін ықпалы деп түсіну керек.
Тәрбие арқылы жеке адамның дүниеге ғылыми-материалистік көзқарасы, мінез-құлықтық, эстетикалық және осы сияқты қасиеттері қалыптасады, ол еңбек етуге ынталы қоғамның белсенді мүшесіне айналады.
Қоғам дамуының белгілі сатыларында тәрбиенің құрамды бөліктері — білім беру мен оқыту ұғымдары бөлшектеніп, жеке мағына бере бастайды.
Білім беру — бұл ұғымды ең алғашқы рет педагогикаға енгізген Иоганн Генрих Песталоцци.
Білім беру деп — табиғат және қоғам жайында ғылымда жинақталған білім жүйесін жеке адамның меңгеруін және оны өмірде тиімді етіп қолдана білуін айтады. Білім беру мәселесі әрбір қоғамның даму дәрежесіне байланысты. Мысалы, орта ғасырларда санай және оқи білетін адамды білімі бар деп есептеді. Қазіргі атом, космос және халық шаруашылығын автоматтандыру дәуірінде білім беру ғылыми-техникалық үдеудің құдіретті факторы болып отыр. Білім беру өте күрделі ұғым, оны педагогикалық ғылым тұрғысынан түсіндірудің әр түрлі мәні бар. Егер әңгіме білім берудің сатылары жөнінде айтылса, онда бастауыш, тоғыз жылдық, орта және жоғары білім беру ұғымдары пайдаланылады. Ал білім беру мамандыққа байланысты сөз етілсе, онда - педагогикалық, медициналық, ауыл шаруашылық т. б. осы сияқты ұғымдар қолданылады. Бұл ұғымдардың бір жағынан, өзара айырмашылығы, ал екінші жағынан, бір-бірімен ұштасып жататын табиғат байланысы болады. Халыққа білім беру ісінің негізі — жалпы орта білім. Білім беру барысында жеке адамның таным іс-әрекеттері дамиды, ой-өрісі кеңіп, еңбекке дұрыс көзқарасы және мәдени деңгейі артады. Жастардың орта және жоғары дәрежелі мамандыққа ие болуы немесе өндірісте нәтижелі еңбек етуі орта білім алуға байланысты.
Оқыту — білім берудің негізгі жолы. Оқыту оқытушы мен оқушылардың біріккен іс-әрекеттері, сондықтан да ол екі жақты біртекті процесс: біріншіден, оқытушы оқушыларға білім беріп, іскерлікке, дағдыға үйретеді, екіншіден, оқушы таным міндеттерін жете түсініп, дағдыны игереді және оларды өмірде қолданады.
Педагогикада тәрбие, білім беру ұғымдары бірыңғай және тұтас процесс болып қарастырылады. Оқыту барысында білім беру мақсаты іске асырылады. Олай болса, оқытудың білім беру және тәрбиелік мәні бар. Оқыту барысында оқушыларға теориялық білім мен тәрбие беру бір-бірімен ұштастырыла жүргізіледі. Мысалы, әдебиет сабағында шығарма кейіпкерлерінің патриоттық ерлігін мазмұндау арқылы білім бере отырып, мұғалім оқушыларды фашизмге қарсы өшпенділікке тәрбиелейді. Химия сабақтарында оқушылар химиялық заңдар, фактылар, теориялар жөніндегі ғылымның негізімен қаруланады. Халық шаруашылығының маңызды салаларында химияны қолданумен танысады. Осыған орай, мұғалім оқушылардың ғылыми-материалистік көзқарастарын қалыптастырады, халқына берілгендік рұқында тәрбиелеуге көмектеседі.
Негізгі педагогикалық ұғымдар — тәрбие, білім беру, оқыту біріне-бірі тәуелді, табиғи байланысты. Бұл ұғымдар жастарды өмірге, практикаға дайындаудың басты құралдары.
Педагогика ғылымын дамытуда үлкен үлес қосқан ірі ғалым-педагог Н. К. Крупская. Ол Ұлы Қазан төңкерісінен ке-йін А. В. Луначарский, М. II. Покровский сияқты халық ағарту ісінің белгілі қайраткерлерімен бірге қызмет істей отырып, педагогика ғылымын дамытуда татымды еңбек етті. «На путях к новой школе» журналының беттерінде маңызды педагогикалық мәселелерді үнемі жариялаумен қатар, оны әлеуметтік-педагогикалық ойлардың органына айналдырды.
Н. К. Крупская еңбектері оның он томдық педагогикалық шығармаларында жинақталған. Ол педагогика ғылымының барлық салаларына көңіл бөлді. Әсіресе, ересек адамдар арасындағы сауатсыздықты жою, мектепке дейінгі тәрбие, үйелмен тәрбиесі, политехникалық білім, балалар ұжымының рөлі, оқушылардың өзін-өзі басқарушылығы, мінез-құлық, еңбек, эстетикалық және интернационалдық тәрбие мәселелерін ерекше зерттеп, кұнды педагогикалық мұра қалдырды. Бұл Н. К. Крупская-ның 20 жылдан астам істеген қызметінің нәтижесі. Оның басты еңбектері: «Халыққа білім беру және демократия», «Семья және мектеп», «Неміс мұғалімдерінің Берлин конгресіндегі еңбек мектебі туралы мәселе» т. б.
Н. К. Крупская эмиграцияда жүрген кезінде (Швейцария) Халыққа білім беру және демократия» (1915 ж.) деген ірі педагогикалық еңбегін жазды. Бұл кітапта оқулы өнімді еңбекпен ұштастырып жүргізу туралы демократиялық көзқарастарға талдау жасалынды, келешек қоғам мектебінің негізгі ерекшеліктері сипатталды.
Педагогикалық тақырыптарға жазылған бірсыпыра құнды еңбектер педагогика ғылымының дамуына осы әсерін тигізді. Олар: «Советская педагогика за десять лет (1917-1927)», ав-торы А. П. Пинкевич, А. Г. Қалашннковтың редакциясымен дайындалған үш томдық «Педагогикалық энциклопедия» (1927-1928); И. А. Каировтың (Москва, 1939) және П. II. Груздева-ның (Ленинград, 1940) редакциясымен жазылған педагогика оқулықтары т. б.
Ірі педагог Антон Семенович Макаренко (1888 - 1939) педагогика ғылымына үлкен үлес қосты. Жастарды қайта тәрбиелеудегі өзінің бай тәжірибесіне сүйініп, оқу-тәрбие жұмысын жүргізудің жүйелі теориясы мен әдістемесін құрды.
А. С. Макаренконың тәрбие мен оқу жайлы еңбектері, оның 1983 — 1986 жылдары жазылып баспадан шыққан сегіз томдық педагогикалық шығармаларында жинақталған. Олар: «Ата-аналар үшін кітап», «Балаларды тәрбиелеу жайлы лекциялар», «Тәрбие жұмысын үйымдастыру әдістемесі", «Советтік мектеп тәрбиесінің проблемалары», «Ұстаздық дастан", "Мұнара үстіндегі тулар», тағы да көптеген педагогикалық және әдеби тақырыптарға жазылған повесть, мақалалар, әңгімелер мен очерктер. Бұл еңбектерінде Макаренко тәрбиенің мақсаттары мен міндеттерін, әдістері мен негізгі принциптерін, балалар ұжымын, оқушыларға қойылатын бірыңғай педагогикалық талаптарды зерттеп жинақтады.
Қазіргі кезеңде тұрған басты міндеттердің бірі — Макаренконың идеялары мен тәжірибесін кеңінен оқып, терең зерттеп оқу-тәрбие мекемелерінде шығармашылықпен қолдану. Бұған А.С. Макаренконың мұрасын тәрбие жұмысында пайдалану мәселелері жөнінде 1972 жылы наурыз айында Петропавл қаласында өткен Республикалық ғылыми-практикалық конференция немесе осы жылы наурыздың 27-29 күндерінде Мәскеу қаласында болған Бүкілодақтық симпозиум дәлел бола ала-ды. Бұл симпозиумға оқулықтың авторы Ж. Коянбаев қатысты. Симпозиумге қатысқан педагогтар, Макаренконың тәрбиеленушілері мен жақын серіктері, бірсыпыра елдердің ғалымдары. Гюнтер (Германия), А.Левин (Польша), Н. Чакыров (Болгария), Во Куанг Фук (Въетнам), т. б. А. С. Макаренконың бай тәжірибесі мен тәрбие жұмысы теориясын уағыздап қана қоймай, оның еңбектерінде тәрбие жүйесін жетілдіру мақсатымен ғылым негізінде қолданудың қажет екендігі туралы бірыңғай тұтас пікірлер де болды. А. С. Макаренконың идеялары, мысалы, Польша мектептерінде 1946 жылдан қолданыла бастады, ал Германия педагогтары А. С. Макаренконың шығармаларын 1962 жылы неміс тілінде 8 томдық етіп баспадан шығарды.
А. С. Макаренко педагогиканың үздік шыққан жаңашыл қайраткері, оның идеяларын меңгеру — педагогикалық ғылымды дамытудың маңызды факторы.
Сонымен жаңа өмірге сәйкес прогресшіл педагогтардың мұраларын шығармашылық тұрғыдан пайдалану — тәрбиені дамытудың және оның ғылыми негізін жасаудың басты жолдары.
Қазіргі жағдайда педагогика ғылымының жетістіктері жан-жақты пайдаланылмайынша, жастарды барлық жағынан бірден үйлесімді етіп дамыту мүмкін емес. Өйткені, жас ұрпақ халқымыздың мұраттарын сөз жүзінде біліп қоймай, оларды күнделікті істермен тығыз байланыстыра білуі қажет. Міне, осы тұрғыдан педагогика ғылым мен техниканың өскелең дәрежесіне сан тәрбие мен оқытудың ғылыми негізін жасайды.
Педагогика ғылымы философия, социология, психология ғылымдарына сүйеніп, жастарға тәрбие және білім берудің мақсаты мен міндеттерін, мазмұны мен принциптерін, формалары мен әдістерін анықтап жетілдіреді, жалпы политехникалық және кәсіптік білім берудің практикасы мен байланыстың зерттейді, тәрбие ісінде мектептің, үйелменнің және жұртшылықтың рөлі мен бірлігін анықтайды, адамды дамытуда және қалыптастыруда енбектің рөлін жан-жақты зерттейді, озат педагогикалық теориялар мен тәжірибелерді таратып, оларды оқу-тәрбие барысында шығармашылықпен пайдаланудың тиімді жолдарын іздестіреді.
Бұл өзекті мәселелерді шешуде және оларды одан әрі жетілдіруде «Білім беру туралы Қазақстан Республикасының Заңы» (1992), Қазақстан Республикасының «Жалпы білім беретін мектептері тұжырымдамасы» (1992), Қазақстан Республикасының «Тәлім-тәрбие тұжырымдамасы» (І993), Қазақстан Республикасының «Жалпы білім беретін мектептер оқушыларды еңбекке оқыту мен тәрбиелеу тұжырымдамасы» (1993) педагогика ғылымының зор сүйеніші болады. Сонымен бірге көптеген мұғалімдердің де тәжірибелері педагогика ғылымының дамуына игі әсерін тигізуде.
Педагогика жаңа идеяларды басшылыққа алып, оқушыларды терең және баянды біліммен қаруландырудың, оларды өмірге, мамандықты сапалылықпен алуға әзірлеудің бұдан былай да тиімді тәсілдері мен әдістерін анықтап дамыта береді.
Педагогика ғылымының дамуына қазақтың белгілі философтары, ағартушы-педагогтары, психологтары айтарлықтай үлес қосты. Олардың ой-пікірлерін қысқаша байымдау, еске түсіру, ғылыми және әдеби еңбектерін жастарға білім беру саласында, әсіресе, өскелең өмір жағдайында кең түрде қолданудың қажет екендігі сөзсіз.
Қазақстанда ағартушылық идеяны көтергендердін бірі — Уәлиханов Шоқан Шыңғысұлы (1835-1865). Шоқанның өзіндік педагогикалық көзқарастары болды. Ағартушы-ғалым қазақ даласындағы оқу, мектеп ісін ғылыми негізінде құрап, оқу-білімнің табиғат сырларын ашуға бағытталуын, туған халқының алдыңғы қатарлы мәдениетті елдерді қуып жетуін аңсады. Діни бағыттағы медреселер мен ел билеуші әкімдер мен тілмаштар дайындайтын мектептердің мақсатын сынай келіп, жалпы білім беретін мектептердің ашылуын көздеді, тек ақиқат білім ғана адамға күдік туғызбайды, ол өмірді бағалауға, тұрмыс құруға үйретеді», — деді, Шоқан еңбектерінде білім жалпы халыққа бірдей ортақ болсын деген озық идея басым. Шоқанның ағартушы-ғалым демократ ретінде көздеген ой-пікірі, негізгі мақсаты — халқына қайткенде де білім беру, оқыту, үшін тануға же-телеу, оны реформа арқылы іске асыру еді.
Қазақтың аса көрнекті ағартушы-педагогы Ыбырай Алтынсарин (1841-1889). Алтынсариннің демократиялық-ағартушылық бағыты педагогикалық көзқарастарынан айқын көрінеді. Бүкіл өмір жолын мектеп ашуға, қазақ балаларын оқуға тартуға, дүние ғылымдарын үйретуге, оқу құралдарын жазуға, тәлімгер-ұстаз дайындауға, оларға ғылыми әдістемелік басшы-лық жасауға, өз кезеңіндегі қазақ халқының қоғамдық өмірін-дегі саяси-әлеуметтік мәселелерді жан-жақты қамтып жазуға жұмсады.
Мұны қазақ жерінде екі сыныпты — орыс мектебінің, тұңғыш мұғалімдер мектебінің (1888 ж.) ашылуынан, орыс-қазақ мектептеріне арнап «Қазақ хрестоматиясы» (1889 ж.). «Қазақтарға орыс тілін үйретудің бастауыш құралы» (1889 ж.) кітап-тарының жарық көруінен көреміз.
Алтынсарин қазақ жастарының кәсіптік мамандық алуына жол ашты. Торғайда — қолөнер, Қостанайда — ауыл шаруашылығы училищелері, Ырғызда қазақ қыздарына арнап мектеп-интернат ашылуына зор ықпал жасады. Кейінірек қыздар училищелері өмірге келді.
Қазақ халқының ұлы ойшыл-ақыны Абай Құнанбаевтың (1845-1904) поэтикалық шығарыалары мен «ғақлия» сөздері педагогикалық ой-пікірлерге толы. Табиғаттың санадан тыс, тәуелсіз өмір сүруді, өмір ақиқатын түйсікпен қабылдануы, адамдар жаратылысының бірдей еместігі, ғылымның ақылымен, жан құмарымен алынатындығы, қоғамдық қатынастар тұрғысындағы пікірлері, жастарды халқының әдет-ғұрпы, салт-санасы, дәстүрінен тәлім-тәрбие алуға шақыруы, оның педагогикалық көзқарастарының дүниежүзілік педагогика классиктерінің ой-пікірлерімен терең қабысып жатқандығының айғағы. Абайдың педагогикалық көзқарасындағы басты нысана «Атаның баласы болма, адамның баласы бол... жақсы көпке ортақ, пайдаң еліңе, халқыңа тисін», деген гуманистік ой-пікірді қуаттау болды. Абай ұрығын сепкен оқу, өнер-білім, адамгершілік, әдеп, мораль мәселелері егеменді еліміздің рухани қазынасына айналып отыр.
Қараңғы қазақ елінің көгіне, өрмелеп шығып күн болуды көксеген ағартушы-педагог Сүлтанмахмұт Торайғыров (1893-1920) артына педагогикалық ой-пікірдің өшпес мұрасын қалдырды. Өзінің қысқа өмірінде қоғамдағы әділетсіздікті, теңсіздікті көре біліп, бұларды оқу-ағарту, тәлім-тәрбие ісімен жөндеуге болады деген пікірді насихаттап, ағартушы-демократ деңгейіне көтерілді.
Сұлтанмахмұт халықты, жастарды дүниетану оқуына, өнеркәсіп үйренуге, мәдениетке жетуге, өнерлі, прогресшіл елдерден үлгі алуға, ілгері өрлеуге, басқа елдермен теңесуге шақырды. Өмірді өзгертуші, адам мінезін қалыптастырушы ұлы күш саналы тәрбие деп түйіндеді. «Ары тазаның жаны таза» деген қорытындыға келді.
Ұлттық тәлім-тәрбиенің көрнекті өкілдерінің бірі — Шәкәрім Құдайбердиев (1858-1931). Шоқан, Абай, Ыбырайлар салған ағартушылық арна-дәстүрін әрі қарай жалғастырды. Шәкәрімнің жастарға ұсынған адамгершілік жолы — адалдық және ғылымды меңгеру. Ол үшін жастарды адал еңбек етуге, өз мінін өзі көріп, түзете білуге шақырды. Бар білімнің түп атасы ақыл деп қорытындылады.
Ағартушы-педагог Ахмет Байтурсынов (1873-1937) бай педагогикалық мұра қалдырды. А. Байтұрсынов өзінің барлық сапалы өмірін қазақ қоғамында білім-ғылымының дамуына, мектеп ағартушылық ісінің жанданып, кемелденуіне бағыштайды. Ол ауыл мектебінде, семинарияларда бала оқытты, оқу-тәрбие жұмысын жетілдіру саласында көп ізденді ....


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Ораза айт намазы уақыты Қазақстан қалалары бойынша
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!