Отбасы туралы түсінік

Отбасы туралы түсінік

Отбасы дағдарысы туралы теориялар

Болашақ бүгiннен басталатынын тереңiрек зерделесек, жастар тағдыры, жан-жақты жетiлген ұрпақ тәрбиелеу мәселесi қашан да халқымыздың басты арман-мұраты болып келгенi даусыз. «Ел болам десең, бесiгiңдi түзе»деген М.Әуезовтың аталы сөзi отбасы тәрбиесiнiң маңызын көрсетедi. Бала тәрбиесінің негізі – бұл оның отбасы. Осы шағын әлеуметтік топ, бала үшін өмір мектебі. Отбасындағы ата-ана – баланың өмірлік ұстазы және тәрбиешісі. Баланың болашағы, білімі, мәдениеті отбасындағы ата-ананың сіңірген еңбегіне, тәлім-тәрбиесіне байланысты.
Нарықтық экономикалық жүйеге байланысты отбасындағы тәрбие
жетімсіздігінің кейбір себептері ретінде келесі жағдайларды алға тартуға болады:
- көптеген еңбеккер отбасылардың экономикалық жағдайының әлсіздігі;
- қоғамдық өмір мәдениетінің төмендігі;
- отбасы анасы-әйел мойнына артылған екіталай – жұмыс орнында, жанұяда – ауыртпалық;
- көптеген әлеуметтік-тұрмыстық және моральдық себептердің салдарынан болып жатқан ерлі-зайыптылардың ажырасуы;
- бала тәрбиесінде ер адам әйел көмекшісі деген қоғамдық пікірдің белең алуы;
- күннен-күнге шиеленісіп бара жатқан отбасы арасындағы бәсеке, дау-дамай;
- отбасы мен мектеп арасындағы байланыстың күннен-күнге әлсіреуі.
Отбасындағы тәрбие мазмұны демократиялық қоғамның өзекті мүдде-
мұраттарына орайластырылады. Болашақтағы еңбектік, қоғамдық, отбасылық өмірге бейім дені сау, психикалық болымды, адамгершілікті, иманды, парасатты тұлға дайындау – отбасы міндеті. Жанұялық тәрбие мазмұнының құрамды бірліктері ежелден белгілі бағыт-бағдарларды, тән-дене, адамгершілік-имандылық, сана-сезім, эстетикалық, еңбек тәрбиесін қамтиды, олар өз кезегінде жас әулетті экономикалық, экологиялық, саяси, жыныстық білімдендіру істерімен толығып отырады.
Қазiргi уақытта ұрпақ тәрбиесi туралы мәселеге, мүлдем жаңаша психофизиологиялық көзқараспен қарауды, замана сипаты ерекше талап етуде. Бүгiнгi таңда жалпы адам тәрбиесiне де, сонымен бiрге келешек ұрпағымыздың тәлiмiне де, халық педагогикасының тигiзер жерлерiн, тiптi ештемемен салыстыруға келмейдi. Бұл жайында ғұлама-педагогтар (А.Байтұрсынов, М.Жұмабаев, М.Әуезов, Ж.И.Намазбаева, Х.Арғынбаев, Қ.Жарықбаев, С.Ұзақбаева, С.Қалиев, Қ.Қожахметова, З.Абилова, Б.Мұқанова, К.Оразбекова, А.Бейсенбаева, А.Қалыбекова және т.б.) тамаша зерттеулерi бар.
Бүгiнгi күннiң талабына сай жастарды отбасы-некелiк өмiрге даярлауда ата-ананың рөлi мен мiндеттерi аса жауапкершiлiктi талап етедi. Отбасы бала үшiн өмiр мектебiн, онда мейiрбандық, шындық, адалдық, қайырымдылық т.б. адамгершiлiк қасиеттерi дамиды және қалыптасады. Жасыратыны жоқ, қазiргi уақытта жастардың жұбайлық өмiрiнiң үйлесiп кетуi үлкен проблемаға айналып отыр. Соңғы кездерi жастар арасында үйленгендерден ажырасқандардың саны артып, тастанды бала, жетiм балалар, жесiр әйелдердiң саны көбеюде. Мұндай етек алып бара жатқан мәселелер қоғамымыздың дамуына кесiрiн тигiзетiнi бәрiмiзге мәлiм. Бұл проблеманың ұшы жастарды тәрбиелеуде жатқандығын да айта кету керек. Жастар мәселесiндегi тәрбиенi шешуде көптеген ғалымдар (К.Оразбекова, С.Қалиев, Р.Төлеубекова, А.Бейсенбаева, Қ.Жарықбаев, Н.Дүтбаева, Ж.Сәрсенова, А.А.Қалыбекова және т.б.) өз зерттеулерiн жүргiзуде. Бұдан басқа жас ұрпақ тәрбиесінде халық педагогикасы тәжірибесінен пайдалану мәселелері бойынша Ж.С.Хасанова, Э.А.Урунбасарова, С.Ә.Әмірова, Ұ.О.Асанова, Қ.Т.Атемова, Ж.Б.Сәдірмекова зерттеулер жасады.
Отбасы – тарихи категория. Оның типтері, формалары және қызметтері өмір сүріп отырған өндірістік қатынастардың, жалпы қоғамдық қатынастардың сипатына, сондай-ақ, қоғамның мәдени даму деңгейіне байланысты. Өз кезегінде отбасы да қоғам өміріне ықпал жасайды. Ол баланың туылуы, балалар мен жасөспірімдердің әлеуметтік орнын табуы, үй шаруашылығындағы еңбегі, өз мүшелерінің күші, рухани және адамгершіліктік-эстетикалық жағынан дамуына әсерін тигізу.
Отбасы - адам үшін ең жақын әлеуметтік орта. Отбасы белгілі дәстүрлердің, жағымды өнегелердің, мұралар мен салт-дәстүрлердің сақтаушысы. Отбасында бала алғаш рет өмірмен, қоршаған ортамен танысып, мінез құлық нормаларын игереді. Ол баланың азамат болып өсуінің негізі болып табылады.
Отбасының басты қызметі – бала тәрбиелеу. Отбасы тәрбиесі – бұл жалпы тәрбиенің ең басты бір бөлігі. “Отбасы тәрбиесі” ұғымының өзі “отбасы” мен “тәрбие” категорияларының жиынтығы ғана емес, олардың синтезі де болып табылады. Оның қызметі мен ролі, отбасындағы тәрбие толығымен қоғамдық өмір заңдылықтарына байланысты дамиды. Отбасы баланың жеке басының қалыптасуына екі жақты әсер етеді.
Біріншіден, отбасының материалдық жағдайын сипаттайтын өмір сүру дәстүрі арқылы, яғни отбасы мүшелерінің материалдық және рухани қажетсінуі мен әлеуметтік құндылықтары бар.
Екіншіден, әлеуметтік және белгілі бір мақсатқа бағытталған әсер арқылы. Бұл көбінесе отбасындағы негізгі көзқараспен тәрбие үрдісі қоғамның тәрбиелік мақсатына, идеялық, адамгершіліктік және эстетикалық талаптарына қаншалықты сәйкес келуіне байланысты жүзеге асырылады.
Қазақ педагогикалық энциклопедия сөздігінде отбасы тәрбиесі ұғымы былайша түсіндіріледі: “Отбасы тәрбиесі – туысқандық қарым-қатынастар мен тұрмыс жайттары балаға үздіксіз ықпал етуші тәрбиелік күш болып табылады. “Отбасы тәрбиесінің мәнін ашу үшін “тәрбиелеу” және “әлеуметтендіру” ұғымдарын байланыстырып түсіндіру қажет. Ұлы ғұлама әл-Фараби “Бақытқа жету жолында” деген еңбегінде: “Тәрбие деп – халықтардың бойына білімге негізделген этикалық ізгіліктер мен өнерлерді дарыту деген сөз” деп анықтама береді.
Демек, тәрбие - бұл қоғам талабына сай адамды қалыптастыруда белгілі бір мақсатқа сәйкес жүйелі әрі саналы түрде әсер ету болып табылады екен. Тәрбие қоғамдық өмірдің жалпы және қажетті категориясы болып табылып тәрбиенің мақсат-мазмұны, ұйымдастыру түрі, әдісі қоғамдық қатынастардың тарихи дамуына сәйкес өзгеріпотырады.
Кейде “тәрбиелеу” ұғымы “әлеуметтендіру” ұғымымен сәйкестендіріліп түсіндіріледі. Әлеуметтендіру – латынның “социалус” деген сөзінен аударғанда “қоғамдық” деген мағынаны білдіреді. Яғнм, қоғамдандыру немесе қоғамда өмір сүруге икемдеу деген сөз. Соңғы жылдары жарық көрген философиялық әдебиеттерде: “Әлеуметтендіру – индивидті ұрпақтан-ұрпаққа беріліп отыратын еңбек тәжірибелерін, білім мен мнез-құлық нормаларын, құндылықтар мен дәстүрлерді меңгеруге және әрі қарай дамытуға бейімдеу. Сондай-ақ, индивидті қоғамдық қарым-қатынас жүйесіне ендіру және оның бойында әлеуметтік қасиеттерді қалыптастыру болып табылады”- деп анықтама берілген.
Әлеуметтендіру тәрбие жүйесінде жеке тұлғаны белгілі бір әрекетке түсіру кезінде жүзеге асырылады. Оған бірнеше әсер етуші факторларықпал жасайды. Олар отбасы, отбасынан тыс тәрбиелік мекемелер және оқу орындары, еңбек ұжымдары, қоғамдық ұйымдар, жолдастар, таныстар және т.б. Соның ішінде негізгі фактор тәрбие болып табылады. Бүгінгі нарықтық қатынас отбасына және ондағы тәрбие үрдісіне үлкен әсерін тигізіп отыр. Өмір тәжірибелері мен ғалымдар зерттеулері (А.А.Вербицкий, Э.Д.Днепров т.б.) отбасы тәрбиесінің мынадай даму тенденцияларын бөліп көрсетуге мүмкіндік береді.
1 тенденция. Отбасы тәрбиесінің әлеуметтік тенденциясы.
Нарықтық қатынас жағдайында жеке тұлғаның қалыптасуында отбасының жаңа тұрғысындағы ролі айқындалып келеді. Ол отбасының әлеуметтік ролі. Бүгінгі отбасы нарық талаптарын мойындап, қоғам ағынымен өмір сүруге бейімделе бастады. Тіпті, нарықтық қатынас кезеңінде отбасына қатысты жаңа экономикалық ұғымдар пайда болып қолданылуда. Бүгінгі әрбір отбасының материалдық экономикалық жағдайы ең алдымен осы жоғарыда келтірілген мәселелердің шешілуіне байланысты болып отыр. Әлеуметтік жағдайы жақсы отбасыларындағы балалар жоғарғы сапалы ақылы мектептерде білім алып, өнер, спорт және басқа тәрбие институттарында тәрбие алуға мүмкіндік алды. Отбасы тәрбиесі мен балалар болашағын жоспарлау ең алдымен әрбір отбасының әлеуметтік жағдайына қарай жүзеге асады.
2 тенденция. Тәрбиенің индустриялылығы тенденциясы яғни бүгінгі қоғам өміріндегі өндірістік қатынастардың жан-жақты дамып, мектеп пен отбасы өміріне ықпал жасауы.
Қоғамның мәдени даму деңгейіне байланысты мектеп пен отбасы тәрбиесі өзгеріске түсті. Қазіргі өзіміз ғұмыр кешіп отырған қаланың балаларына қарасақ, тіптен өзгеше, оларды тәрбиелеу күрделірек. Өйткені, қазіргі компьютерлендіру заманында балалардың алатын ақпарат көлемі бұрынғыдан да көп. Соған байланысты, балаға тәрбие беруші адамдардың білімі, тәжірибесі өткен сайын үлкен жауапкершілікті талап етеді. Сонымен қатар әрбір отбасы қоғамда пайда болған өндіріс құралдарын пайдалануға мүмкіндік алды. Оған әрбір отбасында компьютердің пайда болуы, жоғары сапалы фотоаппараттар мен бейнекамералар және т.б. құралдардың күнделікті тұрмыста қолданылуы дәлел бола алады. Бұл ұғым “қоғам  мектеп  отбасы” бағытымен жүзеге асуда.
3 тенденция. Отбасы тәрбиесіндегі баланың субъектілік ролі.
Бүгінде қазақ балаларының психологиясы мен мінез-құлқында, жүріс-тұрысында өзгерістер пайда бола бастады. Ұлттық балаларымызға тән ұяңдық, үлкеннің алдын кеспей, тіл алғыштық, т.б. қасиеттерді қолдай отырып, бүгінгі нарықтық қатынас тұсындағы қарым-қатынаста қажетті көпшілдік, белсенділік, өз пікірі мен ойларын дәлелдеуге талпынушылық, алға ұмтылушылық және т.б. осындай қасиеттерді балалар бойында қалыптастыру қоғам мәселесіне айналып отыр. Әрбір отбасы баланың жан-жақты дамып жетілуі үшін тәрбие институттарының бар мүмкіндіктерін қолдануда.
4 тенденция. Мектеп пен отбасының ынтымақтастығы тенденциясы.
Бүгінде отбасы мектеппен ынтымақтаса әрекет етуге өте ынталы болып отыр. Ата-аналар балалары жоғары білім алып, жан-жақты дамуы үшін ең таңдаулы мектептерге, тіпті жоғары ақылы мектептерге оқытуға беруде. Оқушылардың ұлттық тәрбие алуымен қатар әлемдік тәрбие жетістіктерін пайдалануы үлкен сұранысқа ие. Бұл отбасы өмірінде өз орнын көрсетуде.
Бұл отбасының даму тенденциялары бүгінгі нарықтық қатынас ықпалын тындап отырғандығы белгілі. Осы тенденциялар оқушыларда гумандық қасиеттерді қалыптастыруда басшылыққа алатын бірнеше қағидаларды айқындауға мүмкіндік берді. Олар:
1.Оқушыларда гумандық қасиеттерді қалыптастыруда қоғам мектеп, отбасы және басқа да арнаулы институттардың тәрбиелі мүмкіндіктерін интеграциялау.
2.Тәрбиені гуманизациялау. Оқушылар бойында жоғары интеллектуалдық, материалдық азаматтық қасиеттерді қалыптастыруда әрбір баланы қоғамның ең жоғарғы әлеуметтік байлығы, құндылығы деп санап, онымен гумандық қарым-қатынас жасау.
3.Мектептің педагогикалық ұжымының отбасымен тығыз байланыс жасай отырып, әрбір баланың қабілетін толық ашу мен дамытуға мүмкіндік жасауын даралау мен жалпылау.
4.Мұғалімдер мен оқушылардың және ата-аналардың белсенділігін, бастамшылдығын арттырудың демократияландыру.
Отбасы тәрбиесінің дамуы, оның қоғаммен, ортамен байланысы келелі мәселе ретінде басты назарда болып келген.
Отбасындағы гумандылық, өзара түсіністік пен сүйіспеншілік Шығыстың ұлы ғұламалары әл-Фараби, К.А.Иассауи, М.Қашқари, Ж.Баласағұн және т.б. еңбектерінен кең көрініс тапқан. Ол идеялар гуманист педагогтар мен ағартушылар тарапынан бүгінге дейін жалғасын тауып келген.
Ұлы ғұлама әл-Фараби отбасын басқару, ондағы адамдардың міндеттері туралы былай дейді: “Үй белгілі бір бөлшектерден құралады, солардың әрқайсысында гүлденді. Бұлар саны жағынан төрттеу: ері мен әйелі; қожайыны мен қызметшісі; әкесі-шешесі мен баласы; мүлкі мен мүлік иесі. Кімде-кім бұл бөлшектер мен бірлестіктерді басқарса, ол адам үйдің билеушісі және әкімі болады. Оны “қожайын” деп атайды” деп отбасы басшысының міндеттері мен құқығын ерекшелеп көрсетеді. Сондай-ақ, әл-Фараби “Үй қаланың бір бөлігі, ал үйлер қалада орналасқан, демек олардың мақсаттары әртүрлі. Солай бола тұрса да, бұл әртүрлі мақсаттарға қол жеткенде және олар ұштасқанда, олар қаланың мақсатына жетуге бағытталға өзара көмек болып бірігеді”- деп әрбір отбасы мемлекеттің бір бөлігі екенін, мемлекеттің өркендеп дамуы әрбір отбасының дұрыс жетіліп дамуына тікелей байланыстылығын көрсетеді.
Я.А.Коменский отбасын тәрбиенің белгілі бір мақсатқа бағытталған және ұйымдастырылған сатысы деп санады. Мұндағы жұмыстың мазмұны ананың белгілі бір деңгейдегі білімділігін талап етумен қатар тәрбиелеу мен оқытудың қарапайым әдіс-тәсілдерінен хабардар болуына байланысты. Сондықтан отбасы тәрбиесі “Ана мектебі” жүйесіне енді. Осыған сәйкес отбасында баланы тәрбиелеуді педагогикалық жағынан қамтамасыз ету жолдары жасалды.
Отбасы тәрбиесінің мәселелері кеңес педагогтары А.С.Макаренко, А.В.Сухомлинский, Н.К.Крупская және т.б. педагогтар еңбектерінен де кеңінен орын алған.
Отбасы тәрбиесінде ананың орнының ерекше маңыздылығы түсіндіре келіп, М.Әуезов тәрбие түзелу үшін ең алдымен сол тәрбиені қалыптастыратын аналар жағдайының дұрысболуын, аналардың өздерінің сол тәрбиеге лайықты болуын талап етеді.
Отбасы тәрбиесін жақсарту мәселелерін қарастырған қазақ әдебиетінің көрнекті өкілдерінің бірі Спандияр Көбеевтің жазушылық және педагогикалық қызметі тығыз байланысты дамыды. Оның өлеңдері мен әңгімелері жастарға тәрбие берерлік мазмұнға бай. С.Көбеев отбасы тәрбиесіндегі гумандылыққа көп көңіл бөлген. Оның “Баланы семьяда тәрбиелеу” атты кітабы осының айғағы. Онда ата-аналарға баланы жастайынан отбасында тәрбиелеудің нақтылы жолдарын көрсетіп береді.
Отбасында балаларды тәрбиелеу мәселелері мен оның педагогикалық жолдарын көрсетуде осы ғасырдың басында өмір сүрген қазақ ағартушылары да өз ойлары мен еңбек үлестерін қосты. Осы тұста М.Жұмабаевтың “Педагогика” деп аталатын еңбегін айта аламыз. Онда баланы тәрбиелеудің жолдары айқын жазылған. Ол: “тәрбиедегі мақсат-баланы тәрбиешінің дәл өзіндей етіп шығару емес, келешек өз заманына лайық қылып шығару”, - дейді. ....


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Ораза кестесі 2024 жыл. Астана, Алматы, Шымкент т.б. ауыз бекіту және ауызашар уақыты
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу

Соңғы жаңалықтар:
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!
» 2024 жылы студенттердің стипендиясы қанша теңгеге өседі