ОТБАСЫ ЖӘНЕ НЕКЕ

ОТБАСЫ ЖӘНЕ НЕКЕ

Некеге тұрудың тәртібі мен шарттары

Отбасы құқығы бойынша неке бұл " ерлі – зайыптылар арасындағы мүліктік және мүліктік емес жеке қатынастарды туғызатын, отбасын құру мақсатымен заңдарда белгіленген тәртіппен тараптардың ерікті және толық келісімі жағдайында жасалған еркек пен әйелдің арасындағы тең, құқықты одақ "
Отбасы құқығы некелесу, туыстық, бала асырап алу және баланы отбасы тәрбиесіне қабылдаудың басқа да нысандарына орай, пайда болатын, яғни отбасы қатынастарын өзіндік және соған байланысты мүліктік қатынастарды, яғни отбасы қатынастарын реттейтін құқық саласы болып табылады.
Азаматтық құқықтың негізгі міндеті мүліктік қатынастарды реттеу болып табылады. Ол өзіндік қатынастарды, олар мүліктік қатынастардан туындайтын болса, немесе қандай да болмасын өзіндік қатынастарды реттеу туралы арнайы нұсқау болса ғана реттейді. Бұған керісінше өзіндік қатынастарды реттеу отбасы құқығының негізгі міндеті болады
Ал, мұндай қатынастағыларға бірге тұрған кездерінің уақыты отырып АХАЖ органдарында тіркеу жолымен рәсімдеу құқығы беріледі. Кейін ерлі - зайыптылардың бірі қайтыс болған, майданда хабарсыз кеткен жағдайларда аман қалғанының және балаларының мүддесі үшін іс жүзіндегі қатынастарын заңдастыру мүмкіндігі сот тәртібімен шешіліп отырды.
Некеге тұру үшін заңда белгіленген шарттарды сақтау керек. Аталған шарттарды оң (позитивтік), теріс (негативтік) деп бөлу қабылданған. Басқаша айтқанда, оңды жағы көбірек болып, теріс жағы болмаған жағдайда некеге тұруға болады.
Оның біріншісіне мыналар жатады: некеге тұратын еркек пен әйелдің өзара ерікті келісімі және олардың неке жасына жетуі.
Некеге тұратын адамдардың өзара келісімі некеге тұрудың шарты ретінде еркек пен әйелдің ерікті және еркін одағы болып табылатын неке мәнінен туындайды. Осы шарт біреудің мәжбүр етуімен болатын неке одағына заң мән бермейтінін көрсетеді.
"Неке және отбасы туралы" Заңның 10 - бабында белгіленгендей еркектер мен әйелдердің неке жасы - 18. Ертеректе Қазақ КСР – інің неке және отбасы кодексінің 16 - бабына сәйкес еркектердің неке жасы – 18 , әйелдердікі 17 деп белгіленген болатын.
"Неке және отбасы туралы" Заңның 10 – бабында азаматтық хал актілеріне жазу органдары некеге тұруды мемлекеттік тіркеу орындарында дәлелді себептері болған жағдайда неке жасын екі жылдан аспайтын мерзімге төмендету мүмкіндігі (некеге тұрушылардың өздерінің және олардың ата аналарының, немесе қорғаншылардың келісімімен) көзделген.
.Профессор О.С. Иоффе атап көрсеткендей, жеке отбасы қатынастарына жататын заңды тұрғыда нормалаудың объективтік мүмкіндіктері белгілі бір дережеде шектеулі болады да, сырттай бақылаудың ырқынан шығып кетеді. Мәселен, бала асырап алу бала асырап алушы мен асырап алынушының арасында өзара сенім қатынастары орныққан жағдайда ғана өз мақсатына жетеді. Бұл ерлі – зайыптылардың, ата – аналар мен балалардың, қорғаншылар мен қамқоршылардың және қамқорлыққа алынғандардың арасындағы қатынасқа да тән нәрсе.Отбасылық қатынасқа қатысушылардың өзара қарым – қатынасында жеке сенім болмаған жағдайда немесе оны жоғалтқан жағдайда мұндай қатынастарды неке және отбасы туралы заң нормаларымен құқықтық реттеу тиімсіз немесе тиімділігі шамалы болады.
Қазақстан аумағында қолданылып жүрген неке және отбасы туралы заңда некені міндетті түрде тіркеу барлық кезде талап етілмеді. Мұндай ереже 1926 жылға дейін болады да, кейін 1944 жылғы 8 – шілдедегі ҚССР Жоғарғы Кеңесі Төралқасының Жарлығы болды. Бұл Жарлық бойынша іс жүзінде некеде болып, бірақ тіркелмеген адамдардың некесі мойындалмады.
Ал, мұндай қатынастағыларға бірге тұрған кездерінің уақыты отырып АХАЖ органдарында тіркеу жолымен рәсімдеу құқығы беріледі. Кейін ерлі - зайыптылардың бірі қайтыс болған, майданда хабарсыз кеткен жағдайларда аман қалғанының және балаларының мүддесі үшін іс жүзіндегі қатынастарын заңдастыру мүмкіндігі сот тәртібімен шешіліп отырды.
Некеге тұру үшін заңда белгіленген шарттарды сақтау керек. Аталған шарттарды оң (позитивтік), теріс (негативтік) деп бөлу қабылданған. Басқаша айтқанда, оңды жағы көбірек болып, теріс жағы болмаған жағдайда некеге тұруға болады.
Оның біріншісіне мыналар жатады: некеге тұратын еркек пен әйелдің өзара ерікті келісімі және олардың неке жасына жетуі.
Некеге тұратын адамдардың өзара келісімі некеге тұрудың шарты ретінде еркек пен әйелдің ерікті және еркін одағы болып табылатын неке мәнінен туындайды. Осы шарт біреудің мәжбүр етуімен болатын неке одағына заң мән бермейтінін көрсетеді.
"Неке және отбасы туралы" Заңның 10 - бабында белгіленгендей еркектер мен әйелдердің неке жасы - 18. Ертеректе Қазақ КСР – інің неке және отбасы кодексінің 16 - бабына сәйкес еркектердің неке жасы – 18 , әйелдердікі 17 деп белгіленген болатын.
"Неке және отбасы туралы" Заңның 10 – бабында азаматтық хал актілеріне жазу органдары некеге тұруды мемлекеттік тіркеу орындарында дәлелді себептері болған жағдайда неке жасын екі жылдан аспайтын мерзімге төмендету мүмкіндігі (некеге тұрушылардың өздерінің және олардың ата аналарының, немесе қорғаншылардың келісімімен) көзделген.
Белгіленген неке жасын кемітудің қажеттілігіне келетін болсақ, мұндай жағдай әдетте неке жасына толмаған, бірақ іс жүзінде некеде тұрғандар үшін, әйелдің аяғы ауырлығы мен баласын тууы үшін жасалды.
Некеге тұруға кедергі жасайтын қолайсыз жағдайлардың, немесе басқа да себептердің болатындығы "Неке және отбасы туралы" Заңның 11 – бабында қарастырылған. Осы бапқа сәйкес мына тараптағы адамдардың некеге тұруына тыйым салынады: 1) біреуі болса да басқа тіркелген некеде тұрған адамдардың; 2) тікелей ата – тегі бойынша және өзінен тарайтын жақын туыстардың (ата –аналар мен балалардың, атасының, әжесінің және немерелерінің), ата – анасы бір және ата – анасы бөлек әкесі немесе анасы ортақ ағалы – інілілер мен апалы – сіңілілер (аға – қарындастардың); 3) асырап алушылар мен асырап алынғандардың;
4) біреуін болса да психикалық ауруының немесе ақыл – есі кемдігінің салдарынан сот әрекетке қабілетсіз деп танылған адамдардың.
"Отбасы" деп аталатын бөлімде ата - аналар мен балалардың Құқықтары мен міндеттерінің негізі туралы, ата - аналардың балаларға байланысты құқықтары мен міндеттері туралы, ата - аналарды ата - аналық құқығынан айыру және шектеу жайында, сондай ақ бала асырап алудың тәртібін айқындайтын ережелер, оны болдырмау және жарамсыз деп тану жөніндегі баптардан тұрады.
"Неке" деп аталатын бөлімінде некеге тұру, оны тіркеу, некені тоқтату, ерлі - зайыптылар арасындағы өзіндік және мүліктік қатынастарды құқықтық реттеу туралы нормалар топтастырылған.
"Қорғаншылық және қамқоршылық" деген бөлімінде қорған болу мен қамқоршылықтың міндеттері белгіленеді, сол бойынша қорғаншылық және қамқоршылық жасаушы, қорғаншылар мен қамқоршылардың құқықтары мен міндеттері, олардың өкілеттері анықталады, қорғаншылық және қамқоршылықты тоқтату қарастырылады.
"Отбасы мүшелерінің алименттік қатынастары" бөлімінде ата - аналардың балаларды асырау және кәмелетке толғандардың ата – аналарын бағып - күтуі жөніндегі міндеттері сөз болады, отбасының басқа да мүшелерінің алименттік міндеттемелері көрсетіледі, сондай - ақ алимент тағайындау және оны төлеу тәртібі берілген.
"Азаматтық хал актілері" бөлімінде азаматтық хал актілерін тіркеу, азаматтық хал актілеріндегі жазбаларға байланысты дауларды шешу тәртібін анықтау, акті кітаптарын жүргізу ережесі, әр түрлі акті жазбаларын жүзеге асыру сөз болады.
Отбасы құқығының бастаулары жайлы айтқанда аталған сала құқығының азаматтық құқыққа жақындығын атап өткен жөн. Осыдан шығатын қорытынды, заң неке - отбасы заңдарымен реттелмеген отбасы мүшелері арасындағы мүліктік, мүліктік емес өзіндік қатынастарға азаматтық заңдар қолданылатынын көрсетеді. Азаматтық Кодексті қолдану заң ретінде немесе құқық ретінде де жүзеге асырылуы мүмкін, мұның өзі оның жалпы бастаулары мен мәнінен туындайтын жәйт.
"Неке және отбасы туралы" Заңның, 3 – бабы Қазақстан Республикасының, неке - отбасы заңдары мынадай принціптерге негізделетінін белгілейді:
1. еркек пен әйелдің некелік одағының еріктілігі;
2. ерлі зайыптылардың отбасындағы құқықтарының теңдігі;
3. отбасының ісіне кімнің болса да өз бетінше араласуына жол берілмеушілік;
4. отбасы ішіндегі мәселелерді өзара келісіммен шешу;
5. балаларды отбасында тәрбиелеуге басымдық беру, олардың өсіп - жетілуі мен әл - ауқаты болуына қамқорлық жасау;
6. отбасының кәмелетке толмаған және еңбекке қабілетсіз мүшелерінің құқықтары мен мүдделерін қорғауға басымдық беру;
7. отбасы мүшелерінің өз құқықтарын кедергісіз жүзеге асыруын қамтамасыз ету, бұл құқықтарды сот қорғауының мүмкіндіктері;

"Неке және отбасы туралы" ерлі – зайыптылардың жеке құқықтарына: тегін таңдау құқығы, қызмет түрін, мамандықты, тұрғылықты жерді таңдау құқықтары, отбасы өмірінің мәселелерін бірлесіп шешу құқығы.
Заңға сәйкес ерлі - зайыптылар тең құқықтарды пайдаланады және тең міндеттерді атқарады. Ерлі – зайыптылардың жеке құқықтарының теңдігі отбасы өмірінің барлық жалпы мәселелерін (ана, әке болу, балаларға тәрбие мен білім беру мәселелері және отбасы өмірінің басқа да мәселелері) олардың бірлесіп және өзара келісе отырып шешуінен көрінеді.Қолданып жүрген заңда некеге тұру кезінде, ерлі – зайыптылардың қай – қайсысы да өздерінің некеге отырғанға дейінгі тегін қалдыра алады. Сонымен ерлі – зайыптылар өз қалаулары бойынша ортақ бір тек таңдауға құқығы. Ондай тек ерінікі болмаса әйелінікі де болуы мүмкін. Тәжірибеде ерлі – зайыптылар ортақ бір текті (ерінің тегін) таңдайды.
Кейбір елдердің, оның ішінде ТМД құрамына кіретін елдердің заңы ерлі – зайыптылардың екі текті де алуына мүмкіндік жасайды,яғни өзінің тегіне жұбайының тегін қосуына жағдай жасайды. Қазақ КСР – інің неке және отбасы туралы Кодексі бұған жол берген жоқ еді.
Қызмет пен мамандықты ерікті таңдау құқығы ерлі – зайыптылардың оқу орындарына түсу, мамандық таңдау, сол таңдап алған мамандық бойынша жұмыс орынның табу жөніндегі мәселелерді жеке өздерінің шешулеріне болатындығын көрсетеді. әдетте, қызмет пен мамандық таңдау ерлі – зайыптылардың екі жақты келісімдері бойынша отбасы мүддесін ойластыра отырып жүзеге асыратын ісі. Тұрғылықты жерді таңдау еркі деген: ерлі – зайыптылардың жеке тұруларына болады, немесе әртүрлі тұрғын үйлерді иемденуге құқылы. Бірақ, еркек пен әйел басын біріктіру үшін некеге тұратындықтан, отбасын құруға және оны нығайтуға мұндай құқықтардың пайдасы болмайды. Заңда көрсетілген тұрғылықты жерді таңдау еркіне ие болу құқығының мәні ерлі – зайыптылардың ешқайсысы да бір – бірін белгілі бір жерде тұруға мәжбүр ете алмайтындығында, ал таңдау екі жақтың өзара келісімімен жүзеге асырылуы керек.
Отбасының өмірлік мәселелерін бірлесіп шешу құқығы отбасының бюджетін бөлісу, балалар тәрбиесі, үй шаруашылығының жүргізу, туған – туысқандарымен немесе бөлек тұру міндеттері ерлі – зайыптылардың бір – бірімен келісімі бойынша шешілетінін белгілейді. ерлі – зайыптылардың ешқайсысы да өзінің еркін екіншісіне таңуға құқылы емес. Егер ерлі – зайыптылар кейбір мәселеде келісімге келе алмаса, онда олар өз дауларын шешу үшін Заңда көрсетілген органдарға шағымдануға құқылы.Мәселен, ерлі – зайыптылар арасында балалар тәрбиесі мен тек таңдауда келісім болмаса, бұл мәселені қорғаншы және қамқоршы органдар арқылы шеше алады.
Жалпы тәртіп бойынша ерлі – зайыптылардың құқықтық жығынан тең болуы олардың қайсысы қандай затты иемденуіне, ол заттың қандай мақсатқа арналғанына және кімнің атына жазылғанына байланысты емес. Ерлі – зайыптылардың құқықтық жағынан тең болуына олардың отбасы табысының жалпы сомасына қаншалықты үлес қосқаны да әсер ете алмайды. Заң бойынша ерлі – зайыптылардың ортақ мүлікке құқығы некеде тұрған кезеңде үй шаруашылығын жүгізуді, балаларды бағып – күтуді жүзеге асырған, немесе басқа да дәлелді себептермен жеке кірісі болмаған жұбайға да тиесілі екендігін арнайы ескертеді.
.Ата – аналардың балалар тәрбиесіне байланысты құқықтары мен міндеттері. Бала тәрбиесіне байланысты құқық ата – аналардың ең маңызды жеке құқықтары болып табылады. Сонымен бірге бала тәрбиесі олардың міндеттеріне де жатады. "Неке және отбасы туралы" заңның бірінде ата - аналар өз балаларын тәрбиелеуге құқылы және міндетті де екенін, олардың денсаулығына қамқорлық жасауға, орта білім алуын қамтамасыз етуге міндетті екенін көрсетеді. Бала тәрбиелеуді ата – аналар бірлесіп жүзеге асырады. Баланың атына және тегіне қатысты ата – ананың арасында туындаған келіспеушілікті сот шешеді.
Бірге тұрған кезде жинаған ортақ мүліктен басқа , ерлі – зайыптылардың әрқайсысына тиесілі жеке мүлкі болады және оған өздері дара билік етеді. Мұндай жеке дара мүліктерге ері мен әйелінің некеге тұрғанға дейінгі немесе ерлі – зайыптылардың, некеге отырғаннан соңғы жеке міндеттемелері бойынша алған заттары ,ері мен әйелінің сый ретінде алған , немесе мұрагерлік жолымен иемденген заттары , жеке пайдаланатын заттары ( сырт киім , аяқ киім ,т.б.) ерлі – зайыптылардың некеге тұру кезінде ортақ қаржысына сатып алынған болса да қымбат заттар мен басқа да сән – салтанат заттарын қоспағанда , басқасының бәрі жатады. Мысалы , әйелінің құндыз мантосы, ерінің алтын сағаты т.б. ерлі – зайыптылардың ортақ мүлкі болып саналады. ....


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Ораза кестесі 2024 жыл. Астана, Алматы, Шымкент т.б. ауыз бекіту және ауызашар уақыты
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу

Соңғы жаңалықтар:
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!
» 2024 жылы студенттердің стипендиясы қанша теңгеге өседі