Саясаттану | Мемлекет функциясының ұғымы

Саясаттану | Мемлекет функциясының ұғымы

Функция деген ұғым латын тілінде (gunctio) — орындау деген мағынаны білдіреді, математика, физиология, лингвистика салаларында кеңінен пайдаланылады. Функция ұғымы мемлекет және құқық теориясында да кеңінен пайдаланылады.
Мемлекет басқару, билік жүргізу үшін құрылған саяси ұйым болғандықтан оның алдында тұрған міндеттер бар. Сол міндеттерді іс жүзінде асыру үшін мемлекетте арнайы функциялар қажет. Функция арқылы мемлекет статикалық (формалары, аппараттары, органдар) құрылымынан динамикалық, қозғалыс мағынасын айқындайды. Бұл жерде функциялар арқылы мем¬лекет алдына қойған мақсаттары мен міндеттерін жүзеге асырады. Мақсаттар әр түрлі болады: стратегиялық және бүгінгі күнгі. Мысалы, Қазақстан Республикасы мемлекетінің болашақтағы мақсаты экономикасы дамыған, халқының әл-ауқаты жоғары, кедейлік пен жұмыссыздық жойылған демократиялық құқықтық мемлекет құру. Ал бүгінгі күн мақсаты шағын және орта бизнесті, мемлекеттік тілді дамыту және т.б. міндеттер.
Мемлекеттің функциялары дегеніміз оның алдында тұрған мақсаттары мен міндеттерін іс жүзінде асырудың негізгі бағыттары. Мемлекет және құқық теориясында мемлекеттің функциялары бірнеше түрге бөлінеді.
Заң әдебиетінде мемлекеттің функциялары әр түрлі мағынада және бірнеше түрлерге бөлініп беріледі. Кеңес дәуірі кезеңінде басылып шыққан әдебиеттерде социалистік мемлекеттің ішкі функцияларын негізінде төрт түрге бөліп қарады: шаруашылық ұйымдастыру, еңбек пен тұтыну өлшемін есепке және бақылауға алу, мәдени-тәрбиелік және құқық қорғау.
Социалистік мемлекеттің аталмыш функциялары негізінде бір орталықтан басқарылатын тоталитарлық жүйенің мақсаттары мен міндеттерін қамтамасыз етіп, іс жүзінде асырды, экономи¬ка саласында мемлекеттік монополия үстемдік етті. Атап айтқанда «Кеңестік әміршілдік экономика дәуірінде мемлекет бастан-аяқ бәрін бақылауға тырысты. Соның салдарынан ол көптеген қайталанатын қызмет буындары көп ебедейсіз құрымға айналды. Қалыпты дамыған елдерде кеңес мемлекеті бақылауына алуға әрекеттенген міндеттердің 80 проценті мемлекеттердің функциясына жатпайды».
Тоталитарлық коммунистік жүйе күйреген соң әдебиетте мемлекеттің функциялары әр түрлі мағынада суреттелінеді. Мысалы, 1994 жылы жарық көрген (В.В. Лазаревтің редакциялық басқаруымен) мемлекет және құқықтың жалпы теориясында мемлекеттің функцияларын бір мағынада қарауды ұсынып, барлық мемлекеттердің функцияларын экономикалық, саяси, әлеуметтік және идеологиялық деп бөліп қарауды ұсынады.
1997 жылы Н.И. Матузов пен А.В. Мальконың редакциялық басқаруымен көрген мемлекет және құқық теориясында мемлекеттердің функцияларын негізгі және негізгі емес деп танып, Ресей мемлекетінің функцияларын: экономикалық, әлеуметтік, мәдениет, ғылым және білімді дамыту, салық, салу және салық алу, экологиялық, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын, меншіктің барлық формаларын, құқықтық тәртіпті қорғау сияқты функцияларға бөлінеді. Ал, соңғы жылдары басылып шыққан В.С.Нерсесянцтың қысқаша оқулық курсында мемлекеттің негізгі функцияларына: құқық орнату, құқықты іс жүзінде асыру, құқық қорғау, сыртқы мемлекеттік функциялар деген жіктеулер пайдаланылады. Басқада жарық көрген оқулықтарда осы көрсетілген функциялар әр түрлі ма¬ғынада қайталанылады. Мемлекеттің функцияларын әр уақытта тарихи құбылыс деп танып, оның қоғамның дамуы барысында өзгеріске ұшырап отыратынын басты назарда ұстау қажет. Мысалы, құл иеленуші мемлекеттегі құлдардың көтерілістерін басып-жаншу функциясы даму барысында мүлдем жойылды.
Ал 1917 жылы Қазан төңкерісінің нәтижесінде орнаған про¬летариат диктатурасы мемлекетінің қанаушы таптардың қарсылығын басып-жаншу функциясы да тарихта таптық мүдделермен тығыз байланыста іс жүзінде асырылған болса, қазір ондай функцияның ешқандай қажеті жоқ. Заман.....


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?