Құқық | Мемлекеттік борыш

Құқық | Мемлекеттік борыш

Мемлекеттік кредит қызметінің нәтижесінде мемлекеттік борыш түзіледі. Мемлекеттік борыш - бұл алынған (игерілген) және белгілі бір күнге өтелмеген мемлекеттік қарыздардың, сондай-ақ борыштық міндеттемелердің сомасы ( олар бойынша есептелген пайыздарды қоса). Мемлекеттік борыш ұлғаймалы ұдайы өндірісті және қоғамдық қажеттіліктерді қанағаттандыру үшін ақша ресурстарын тарту нысандарының бірі ретінде мемлекеттік қарыздарды пайдаланудан туады. Мемлекеттік борышты мемлекет мемлекеттік бюджеттің қаражаттары есебінен өтейді.Орналастыру рыногына, қарыз валютасына және басқа сипаттамаларына қарай мемлекеттік борыш ішкі және сыртқы борыш болып бөлінеді.Ішкі мемлекеттік борыш –Үкіметтің, Ұлттық банктің және жергілікті атқарушы органдардың Қазақстан Республикасының қарыз беруші- резиденттердің алдындағы ішкі мемлекеттік қарыздары мен басқа борыштық міндеттемелері бойынша мемлекеттік борышының құрамдас бөлігі.Сыртқы мемлекеттік борыш- Үкімет пен Ұлттық банктің Қазақстан Республикасының қарыз беруші- бейрезиденттердің алдындағы сыртқы мемлекеттік қарыздары мен басқа борыштық міндеттемелері бойынша мемлекеттік борышының құрамдас бөлігі. Сондай-ақ күрделі және ағымдағы мемлекеттік борыш болып бөлінеді. Күрделі мемлекеттік борыш деп мемлекеттің шығарылған және өтелмеген борышқорлық міндеттемелрінің бүкіл сомасын айтады. Ағымдағы борыш- бұл мемлекеттің барлық борышқорлық міндеттемелері бойынша несиелерге табыс төлеу және мерзімі келген міндеттемелерді өтеу жөніндегі шығыстар.
Қазақстан Республикасында мемлекеттік борыш өз кезегінде тікелей Үкіметтің және Ұлттық банктің кепілдігі уәдесін алған кәсіпорындардың борышы болып бөлінеді. Егер борышты кредиторлардың түрлері бойынша өзара бөліске салсақ көбінесе Дүниежүзілік банкке, Халықаралық валюта қорына және Қазақстандық экспортты қаржыландыратын ұйымдарға қарыз. Қарыз алудың едәуір көлемі жеке несиелерге де тиеді. Бұлар көбінесе Қазақстанның бағалы қағаздарын – қазынашылық міндеттемелерді, Ұлттық банктің ноттары мен еурооблигацияларын сатып алатын шетелдік жеке және заңи ұйымдар. Орналастырылған еурооблигацияларды өтеу мемлекетік борышқа қызмет көрсетуге, жұмсалатын шығыстардың негізгі баптарының бірі болып отыр.
Қазақстан практикасында бюджеттердің тапшылықтары мен мемлекеттік борыш қаржыландыру нысандары және туындайтын зардаптары бойынша айтарлықтай ажыратылады. Мемлекеттік борыштың едәуір бөлігі Үкімет тұрғызатын өзгеше «қаржы пирамидасы» болып табылатын мемлекеттік қазынашылық міндеттемелер бойынша берешек нысанында көрсетіледі. Мемлекеттің қолданыстағы жоғары дисконтқа қарыз алған сомасы ішкі берешекті үнемі арттырады.
Мемлекеттік борыштың басқа нысандарына мыналар жатады: бюджет тапшылығын жабу үшін бұрын алынған кредиттер бойынша Ұлттық банкке берешек;
Облигациялар және басқа бағалы қағаздар шығарумен ресімделген халықтан, шаруашылық жүргізуші субъектілерден алынған қарыздар бойынша борыш.
Сыртқы мемлекеттік борыш-шетелдік кредиторлар турасында белгілі бір күнге, белгіленген мерзімде өтеуге жататын елдің қаржылық міндеттемелерінің сомасы.
Елдің сыртқы борышының болуы орынды дүниежүзілік практика болып саналады. Алайда, оның шегі болады, ол шектен мемлекетік борыштың артуы қауіпті бола бастайды. Мемлекеттік сыртқы қарыз алу бойынша тартылатын қаражаттардың көлемі елдің Ұлттық банкінің таза алтын-валюта резервтерінің 50 пайызынан аспауы тиіс. Сыртқы қарыздарды көптен-көп ауқымда тарту кредитор елдерді экономикалық және саяси тәуелдікке ұрындыруы мүмкін.
Мемлекеттік борыштың мөлшерін салыстырмалы сипаттау үшін дүинежүзілік практикада Дүниежүзілік даму және жаңғырту банкі ұсынған арнаулы көрсеткіштер пайдаланылады:



Сыртқы борыштың салыстырмалы параметрлері

Сыртқы борыштың салыстырмылы параметрлері
төмен
берешек баяу
берешек жоғары
берешек
1. жалпы сыртқы борыштың ІЖӨ-ге қатынасы(пайызбен, фирмааралық берешекті қоса) 48-ден
азырақ 48-80 80-нен жоғары
2. жалпы сыртқы борыштың тауарлар мен қызметтердің жылдық экспортына қатынасы (пайызбен, фирмааралық берешекті қоса) 32-ден
азырақ 132-220 220-дан жоғары
3. жалпы сыртқы борыштың тауарлар мен қызметтердің экспортына қатынасы (пайызбен, фирмааралық берешекті шығарып тастағанда) 18 - ден
азырақ 18-30 30-дан жоғары
4. сыйақы төлемдерінің тауарлар мен қызметтердің экспортына қатынасы
( пайыз) 12- ден
азырақ 12-20 20-дан жоғары

Дүниежүзілік практикада мемлекеттік борыштың мөлшерін салыстырмалы сипаттау үшін арнайы көрсеткіш-борышқа қызмет көрсетудің коэффициенті пайдаланылады. Ол борыштық төлемдердің елдің валюталық түсімдеріне қатысы ретінде есептеп шығарылады. Мұндай қатынастың қауіпсіз деңгейі 20 пайыз болып саналады.
Елдің экономикасының көлемімен салыстырғандағы оның сыртқы борышының мөлшері туралы түсінікті Дүниежүзілік банктің сыныптамасы негізінде жасауға болады.Осы халықаралық қаржы ұйымының анықтауы бойынша мемлекеттің берешегі төмен деп есептелінеді, егер:
a) Жалпы сыртқы борыштың ішкі жалпы өнімге қатысы 48 пайыздан аспаса (Қазақстанда-33,8 пайыз);
b) Жалпы сыртқы борыштың экспортқа қатынасы 132 пайыз (Қазақстанда-113 пайыз);
c) Берешекке қызмет көрсету сомасының экспортқа қатынасы 18 пайыз (Қазақстанда-22,8 пайыз);
d) Сыйақы төлемдерінің экспортқа қатынасы 12 пайыз (Қазақстанда-5,1 пайыз).
Сөйтіп егер мезгілі өткен төлемдердің көптігін есепке алмасақ, Қазақстанның берешегін әзірше төмен деп санауға болады. Бірақ республика борышының жоспарлы өсіп отырғанын, ал оның экспортының керісінше төмендеп отырғанын ескерсек ахуалдың нашарлауы мүмкін.
Алынған және өтелмеген мемлекеттік және мемлекеттік емес сыртқы қарыздардың, сондай-ақ Қазақстан Республикасы резиденттерінің Қазақстан Республикасы бейрезиденттерімен келісімшарттары бойынша берешектік міндеттемелерінің белгілі бір күнгі сомасы жалпы сыртқы борышты құрайды. Ол сыртқы мемлекеттік борышты кіріктіреді, Қазақстан Республикасының бюджет кодексінде сыртқы мемлекетік борыш Қазақстан Республикасы Үкіметі мен Ұлттық банкінің Қазақстан Республикасының қарыз беруші –бейрезиденті алдындағы сыртқы мемлекеттік қарыздары мен басқа борыштық міндеттемлері боыйнша мемлекеттік борышының құрамдас бөлігі ретінде анықталған.



II.Мемлекеттік борышты басқару әдістері

Сыртқы борыштың болуы жасалынған өнімнің бір бөлігін елден тыс жерге берудің қажеттігін білдіреді. Мемлекеттік борыш бойынша пайыздық төлемдердің тез өсу үрдісі бар. Мұндай төлемақылар болашақ экономикалық дамуды тежейді және реципиент-ел бюджетінің тапшылығын ұлғайтады.
Сыртқы борыштың өсуі сонымен қатар реципиент-елдің халықаралық абыройын төмендетеді және ел үкіметінің саясатына халықтың сенімін кетіреді.
Сыртқы қарыз мәселесі үнемі бақылап, реттеп отыруды талап етеді, себебі ол мемлекеттің болашақта дамуына кері әсерін тигізуі мүмкін. Латын Америкасында жоғары инфляция мен өндірістің төмен деңгейімен сипатталған онжылдық өте терең құлдыраудың үлкен сомадағы сыртқы қарыздардан туындағанын ұмытпау керек.Мемлекеттік қарызды басқару негіздері жоғарыдан келетін бұйрықтыр мен арнайы тапсырулардан тұрады. Сыртқы қарызды басқару әдістері:
1) Қайта қаржыландыру әдісі
2) Қарызды төлеуден бас тарту
3) Қарызды кешіру
4) Реструктуризация әдісі
Сыртқы қарызды басқарудың қаржылық әдістері:
1) Реттеудің конверсионды әдісі;
2) Қарызды жеке инвестиция мен салымдар тарту арқылы толық өтеу;
3) Қарызды өтеу + дамуды қаржыландыру үшін пайыздық төлемдерді пайдалану.
Сыртқы қарыздың конверсиясы ретінде сыртқы қарызды міндеттердің басқа тұрлерімен өтеуге болатын барлық механизмдерді түсініледі. Бұған инвестициядағы қарыз конверсиясы, тауарлы жеткізілімдермен өтеу, қарызды меншікке айырбастау, қарызды облигацияға айырбастау және т.б. кіреді.Сыртқы қарызды басқару кредиторлар (жеке және ресми) және қарыз алушылар түріне байланысты жүргізіледі.


III.Сыртқы қарызды өтеудің әлемдік тәжірибесі

Латын Америкасының барлығына жуық елдері қатаң экономикалық құлдырауды бастан кешірген, сыртқы қарыздарын өтеу олар үшін мүмкін емес еді. Қарыздың көп бөлігі жеке сектор емес мемлекет үлесіне тиген. Шетел қаржыландыру көздерінің азаюы мен сауда жасау мүмкіншіліктері нашарлауы салдарынан жиынтық сұраныс мөлшері азайды. Бұл бірден сауда балансына әсер етті. Көп жағдайда қарыз көлемі ЖҰӨ қатынасы 100 пайыздан асты.
1985жылдың аяғында Бейкер жоспары (осы саясатты жүргізген АҚШ қаржы министрі Джеймс Бейкердің атымен аталған ) қарыз-мемлекеттердің өз бетінше кредиторлармен келіссөздер жүргізуін қолдады.
Шығыс-еуропа елдері толығымен конвертирленген валюта құруға тырысуда.
Польшада сыртқы қарызды программалық басқарудың бірнеше кезеңдерін атап өтуге болады. Біріншісі - бұл 1980 – жылдар, яғни Польшаның Париж клубына деген қарызы жайлы төрт келісім жасауы; және Лондон клубымен 7 келісім (коммерциялық банктерді біріктіруші).Бірақ бұл аталған келісімдер күткен нәтиже берген жоқ, және Польшаның сыртқы қарызы екі есе үлкейді.
Екінші кезең 1994ж. сәуірде басталып әлі күнге дейін жалғасуда. Париж клубымен қарызды 20 пайызға төмендетуге келісім жасалды . Сонымен қарызды конверсиялау жөнінде де мәселе қаралды.1994 ж. 2 қыркүйегінде Лондон клубымен қарызды коммерциялық банктерге реструктивациялау жайлы келісімге қол қойылды.
Польшаның сыртқы қарызының төмендеуі баяу жүрді.Келісімшарттардың негізгі нәтижесі қарыздың тез өсуі баяулап, ел халықаралық нарықта өз несие қабілетін қалпына келтіргені болды.
Болгария сыртқы қарыздарының реструкитвациясы да осыған ұқсас жағдайларда өтті.
Схеманың қолданылуы бұл елдердің қарыздық қиындықтарын жеңілдетіп, әлемдік нарықта өзінің несиеге қабілетін жақсартуға, жаңа шетел инвесторларын тартуға көмектесті.Коммерциялық банктердің алдындағы қарыздың төмендеуі мемлекеттер мен кредитор – банктер тарасындағы шиеленістерді шешуге, және сыртқы сауданың дамуына көмектесті.....


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?