Әдістеме | Тілді үйрету әдісінің түсінігі
Тілді үйрету әдісінің түсінігі. Ана тілін үйренудің заңдылығы, жоғарыда айтып өткеніміздей, бірқатар қабілеттердің даму процесінде ішкі сезім арқылы (саналы емес) жүзеге асырылады: 1) өзінің сөйлеу органы бұлшық еттерін адамның жұмыс істете білу қабілеті – сөздің дыбысын артикулдеу, интонация элементтерін, просодемаларды модулдеу және оларды есту; 2) дыбыс комплекстері мен интонацияны тілден тыс шындықпен салыстыру қабілеті, яғни оларды сөйлеу элементінің мағынасы ретінде түсіну; 3) сөздің мағыналық элементін өз сезімімен салыстыра білу қабілеті, яғни оларды бағалау; 4) араласу, тану, сөзді және адамның мінез – құлқын тәртіптеу процесінде сөздің мағыналық үйлесімділік дәстүрін және бағалау элементін есте сақтау қабілеті.
Егер тәрбиеші баланың табиғи сөйлеуі неғұрлым қарқынды болатын жағдай жасаса, онда баланың тілі неғұрлым безірек байиды және оның психикасы жан – жақты дамиды. Лингвистикалық – дидактикалық принцптерге құрылған тіл үйретудің түрлі әдістерін қолдану тілді дамытуды жеделдетудің негізгі шарты болып табылады.
Оқыту әдісі деп білімді бір адамнан екінші адамға беру мақсатымен орындалатын үйренуші мен үйретущінің іс - әрекетін айтады.
Мектепке дейінгі кезеңдегі тілдің дамуына мынадай практикалық әдістер тән: еліктеу әдісі, сөйлесу (әңгімелесу) әдісі, қайталап айту әдісі, әңгімелеп беру (құрастыру) әдісі.
Еліктеу әдісі
Еліктеу әдісінде үйретуші мен үйренуші екеуі де бір сөзді, бірақ әр түрлі етіп айтады: үйретуші ересек адамдармен сөйлескеннен гөрі біршама қарқындырақ, сөзінің дыбысын артикулдеп және сөзінің дауыс ырғағын мәнерлеп сөйлейді, ал үйренуші тыңдайды да, қайталайды, оның сөзіне еліктейді, сөйлеу қимылын үйренуге(дауыстың артикуляциясы мен модуляциясы) және мағынасын түсінуге тырысады ( затты, қимылды және т.б көрсететін дыбыс комплекстерінің мәліметін салыстырады). Мұндайда тәрбиеші үшін орфоэпиялық норма деңгейінен төмен түспеу және баланың сөзіне еліктемеу ( «сақауланбау», «шолжаңдамау») аса маңызды.
Бұл әдісті қолдануды сәби шағынан бастап, кейінгі шақратда ( тек балалар бақшасында ғана емес, мектепте, тіпті есейгенде де) жалғастырып отырады.
Еліктеу әдісіне үйрену тұрмыстық іс- әрекеттерді атқару кезінде, айталық, баланы шомылдыру кезіндегі бавламен қатынас процесінде еріксіз түрде болу мүмкін.
Сюжетті драммалық- рольдік, «режиссерлік» ойын процесінде тіл дамыту үшін қолайлы жағдай ерекше көп болады.
«Режиссерлік ойында бала өзі роль алмай оны осы оқиғаға қатысатын ойыншықтарға бөліп береді; сюжеттерді – балалар бақшасы, аэродром, зоопарк, парад, ұрыс және с.с балаға оның өмірлік тәжірибесін ескере отырып, тәрбиеші айтып береді».
Еліктеу әдісі бұдан гөрі ересек балаларды тілге үйрету кезінде кез-келген ойын үстінде пайдаланылады.
Заттармен ойын ойнау кезінде балалар оларды бір орыннан екінші орынға ауыстырады, лақтырады, көрсетеді, итереді, шұқылап көреді, бұрайды, заттарды бақылайды және олардың сапасын, қимылын атайды. Мұнда да тәрбиеші баламен сөйлесуге, оны жетелейтін сұрақтар беруге тиіс. « Мынау қандай шар? Кішкентай ма? Көк пе?» «Мына машина жүре ме? Әл де тоқтап қалды ма?», «Автомобиль қалай белгі береді? Паровоз ше? Пароход ше?» - деп сұрайды ересек адам? Бала жауап бере отырып, Тәрбиеші сұрағанда айтқан сөзді қайталайды: «Кішкентай,» «Жүреді», «Би-би!», «Ту-ту!», «Гу-у-у!». Сол арқылы баланың лексикасы кеңейе түседі.
Баланың «құрылыс салуына » көмектесе отырып, тәрбиеші құрылыстың затын, оның бөлшегін атайды, құрылыста нәтижеге жетуде қажетті өзінің іс-әрекетін атайды.
Оқыту тәсілдері.
Жоғарыда көрсетілген мысалдар оқытудың бір әдісімен – еліктеу әдісімен келтірілді. Бірақ әр жағдайда бұл әдіс әр түрлі тәсілдермен жүзеге асырылады.
Белгілі бір әдістің қолданылу вариантын, сол әдісті құрайтын негізгі іс-әрекетке оқу дидактикалық материалдың сипатынан туындайтын қосалқы іс-әрекеттің енгізілуін тәсіл деп атаймыз.
Сонымен, еліктеу әдісін жүзеге асыратын тәсілдер мыналар болуы мүмкін:
1) айналадағылармен танысқанда нақты затты бақылау- жоғарыда айтқан жағдайда, сәби өз қолына қарайды, анасының қолын бақылап, оған ілесе қайталайды, оның сөзіне еліктейді;
2) ойындар: біздің байқағанымыздай, ойын үстінде баланың тілі жаңа лексикамен толығып қана қоймайды, сонымен бірге ол жаңа сөз формасымен де байиды («электр монтері», «қонаққа бару» ойынында балалар зат есімді меңгереді, «Қызыл Телпек пен сұр қасқырды» ойнағанда, балалар диалог сөздерді байланыстыруға үйренеді);
3) сөз үлгісіне сүйену ( сөзді елестету): тәрбиеші айтқан сөзді балалар қайталайды ( «Су, су, менің бетімді жу !»).
Сонымен, біз үйретушімен үйренуші бір сөзді айтатын еліктеу әдісімен таныстық, бірақ үйретуші қалай сөйлеу керек екендігі жөнінде үлгі көрсетеді ал үйренуші оны дәлме-дәл қайталайды, оған еліктейді. Жоғарыда еліктеу әдісін орындайтын тәсілдер келтірілді. Бірақ кез-келген әдісті іске асырудың тәсілдері көп-ақ: творчестволықпен жұмыс істейтін әрбір тәрбиеші әдістің өзін бұзбастан әр дайым өзіндік тәсілдер жасайды. Мысалы, еліктеу әдісі, айтылған тәсілдерден басқа, суреттерді, тірі обьектілерді (жануарларды, өсімдіктерді), диафильмді , магнитофонды және басқаларды пайдалану тәсілдері арқылы орындалу мүмкін. ....

Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
kz | Рефераттар
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?