Оқушылардың тәрбиелік деңгейін анықтаудың әдістерін пайдаланып сыныптағы оқушылар ұжымының тәрбиелік деңгейін анықта

Оқушылардың тәрбиелік деңгейін анықтаудың әдістерін пайдаланып сыныптағы оқушылар ұжымының тәрбиелік деңгейін анықта

Сыныптағы оқушылар ұжымы мен педагогикалық ұжымның қарым-қатынасы, оларды топтастыру

Басқарудың және оқушылар ұжымымен тікелей қарым-қатынаста болатын субьект- бұл педагогикалық ұжым.. Бұл туралы орыс педагогтары Л.Н.Толстой, К.Д.Ушинский, Н.И.Пироговтардың оқыту мен тәрбиенің өзара байланыстылығы, оқушылар мен педагогтардың бірлесе жұиыс істеуі, педагогтардың өзін-өзі дамытуға ұмтылуы сияқты идеяларының ықпалымен қалыптасты.
Педагогикалық тұрғыдан болашақ үміт дүииесі деп тұтас ұжым балалар тобы, баланың тұлғалық мәні дамуының ішкі қажеттіліктерін қанағаттандыратын, ұжым мүшелерінің даму дсңгейіне олардың жас және дербес ерекшеліктеріне қоғам талабына сәйкес келетін міндеттерді, мақсаттарды, істерді түсінуіміз керек.
Оқушылардың тәрбие ұжымын және тұлғалық мәндерін қалыптастыру мақсатында болашак үміт дүниелерінің жалпы сипаттағы ерекшеліктері болады. Олар:
- міндстті ұжым болып орындау жолындағы күрес бейнесінің қиялдан туындайтын тікелен бала қызығуына, қуанышына негіздслген істердің еліктіруі;
- нақты істер міндеттерінің, маңсаттарыныц қоғамдық пайдалы кұндылығы және олардың біздің халкымыздың бүкіл күресімен байланысы, болашақ үміт дүниесі үшін күрес барысының нақты ұйымдастырыл
- окушыларда нақты моральдық сапаларды тәрбиелеудің педагогикалық мақсатқа сәйкестігі.
Педагогикалық ұжымның міндеті болашақ үміт дүниесі жүйесін құру, яғни іс-әрекет жүйесін кұру, осы іс-әрекет барысында балаларға қажетті сапаларды тәрбиелей отырып, бір міндет шешімінен екіншісіне ұжымды қозғалту.
Бслгілснген болашак үміт дүниесі жүйслерін жүзеге асыруда әсіресе педагогикалық ұжымның зор ұйымдастыру жұмысы қажст. Оның. болашақ үміт дүннесің тауып коя білуі, оны жүзеге асыруды ұйымдастыру іскерлігі, балаларды еліктіру, қиялын ояту, оның өз ынтасына оқушыларды сендіруі, болашақ үміт .дүниесін айқын, бейнелі, әсем суреттей білуі балалармен бірге олардың өмірін куанышы және қызық еткісі келетініне сендіруі керек.
А. С. Макаренко әдепкі кезеңде окушылар қарсылық білдірмей, пікір таластырмайтындай және тапсырмадан бас тартпайтындай талап қоюдың қажет екенін атап көрсеткен болатын.
Бұл жерде қойылған талаптың сыйымды, балалар шамасына сай орындалуы ұжым мүддесіне қажетті екендігіне мұғалімнің сенімі болуы керек. Бірақ бәрін өз тарапынан туатын талапқа шоғырландыру қате болады. Бүл жағдайдың өзгермеуі түрлі бастамалар мен өзіндік іс-әрекеттерді тежейді. Сондықтан болашақ үміт дүниесі үшін күрестің алғашқы нәтижелері белгілі болғанда, мұғалімнің балалар өмірінің қуанышты және қызықты етуге тырысқанына окушылар сенгенде, балалардың көбі белсенділік көрсеткенде, оқушылар ұжымның өмір мазмұнын күрделендіріп, ұжымға талап қою қызметінің бөлігін белсенділерге жүктеп, оларды жан-жақты қолдап отыру қажет. Окушылардың көбі сыныптың белсенді тобын және мүғалімді қуаттайды. Окушылар ұжымның қоғамдық пікірі құлық тәрбиесінің шешуші кушіне айналады. Қажет болғанда бүкіл ұжым жеке оқушылардан тәртібінің дұрыс болуын талап етеді.
Іс-әрекет — бұл қарым-қатынас, ұжымның өздігінен істеушілік және ішкі процесінің көзі, нақты мақсатқа жету. Ұжымның ішкі процесі қарым-қатынас және ақпарат арқылы іс-әрекетімен байланысты. Іс-әрекетінің
Қарым-қатынас — бұл адамға адам қажеттіліктерін қана қанағаттандыру. Сондықтан педагогикалық ұжымның міндеті—жеке адам қарым-қатынас жасаудың негізінде басқа адамдармен бірігіп, қуанышты
Балалар қарым-қатынасты бағалайды. Осы тұрғыдан және қатынастың тұрақты жүйесін және кіші топтың ролін еске алу қажет. Жеке қатынас жүйесінде әр бала өз орнын алады. Біреулері өзінің әйгілілігімен жолдастарының алдында беделді, ал екіншілерімен ешкімнің қарым-қатынас жасағысы келмейді. Бірақ барлық балалар қатынас жасауды қажет етеді. Әсіресе сынып ұжымындағы оқушылар қатынас арқылы ынтымақтық достықты тілейді. Осыған байланысты кіші топ дербес қатынас жасаудың негізінде стихиялы пайда болады.
Балалардың дербес аралық қатынастарын және олардың мақсаттылығын сынып жетекшісі зерттеп, балалардың қарым-қатынасын реттеуде және дамытуда қамқоршы болуы тиіс. Дербес қатынас жүйесінде мұндай шығармашылық тәсіл ұжымда педагогикалық меңгеру жолдарының бірі.
Даму кезеңдерінде оқушылардың іс-әрекеті мен қарым-қатынасын ұйымдастыру ерекшеліктері деген 2.2.параграфында педагогтар ұйымы мен оқушылар ұжымының бірлескен іс-әрекеттері, яғни тұтас педагогикалық процесс, ол туралы С.Т.Шацкий, Н.К.Крупская, Б.Т. Лихачевтардың әр түрлі көзқарастары туралы сөз болмақ.


2 Сыныптағы оқушылар ұжымының даму кезеңдеріндегі іс-әрекеті мен педагогикалық ұйымның қарым-қатынасын ұйымдастыру


Тәрбиелеудің жаңа шарттары мектепте тәрбие қызметінің жаңа формасы оқушылар ұжымын тудырды. Ол жеке адамның жан-жақты дамуына мейлінше жақсы жағдайлар жасайды. А. С. Макаренко көпжылдық педагогикалық тәжірибені қорытып-талдау негізінде: егер балалар ұжымы нағыз ұйым болса, онда ғажайып нәрселер жасауға болады деген.
Оқушылар ұжымы— оқушылардың жалпы мақсатпен және қоғамдық пайдалы бірлескен еңбекпен топтасқан тұрақты бірлестігі. Дені таза және топтасқан оқушылар ұжымына тән сипаттар — идеялық нысаналылық, оның іс-әрекетін жалпы ұйымдастыру, оқушылардың өзара тығыз әрекет етуі, жалпыға бірдей жауапкершілік, ұжымның жеке мүшелеріне жоғары талап қоюшылық. Жақсы ұйымдасқан ұжымның маңызды белгісі — дені таза қоғамдық пікір, сенім мен жоғары талап болуы. Сондай-ақ, топтасқан оқушылар коллективі үшін онда игі дәстүр, алға тартымды перспектива қою, сергек, көңілді күй, жоғары тәртіп орнату, сын мен өзара сынды дамыту тән. Оқушылар ұжымы — бұл өзіндік әрекетке ие ұйым, ол оның барлық мүшелері әр түрлі іс-әрекет ұйымдастыруда дербестік және инициатива көрсеткен жағдайда өсіп, дамиды.
Оқушылар ұжымының тәрбиелік ролін көтеру — мектептің даму тенденциясының бірі. Жақсы ұйымдастырылған ұжымда үш негізгі қызмет: ұйымдастырушылық, идеялық-тәрбиелік және әр алуан іс-әрекетті ынталандыру қызметі ойдағыдай орындалып отырады.
Тәрбие процесін ұйымдастыру жайында сөз қозғалғанда, оны жарақтауды есте тұтудың маңызы үлкен. Тәрбиеші оқушыға тікелей әсер жасай алады, бірақ оған жолдастары арқылы, оқушылар коллективі арқылы да әсер жасай алады. Жеке адамға тәрбиелік ықпал жасаудың негізгі формасы, негізгі құрал-жарағы оқушылар коллективі болады..
Педагогика оқушылар ұжымын ұйымдастыру және тәрбиелеу жөніндегі мәселені шешу кезінде жеке адам мен коллективтің ара қатысы туралы маркстік-лениндік ілімді басшылыққа алады, аса көрнекті педагогтарының теориялық тұжырымдарына және тәжірибелерге арқа сүйейді. Бұл тәжірибе ұжымның тәрбие берудің өте маңызды және ешнәрседен ауыстыруға болмайтын формасына айналғаның көрсетеді. Жеке адамның жан-жақты дамуы үшін қажетті жағдай ұжымда ғана жасалады. Әрине, ұжымда жеке адамға автоматты түрде әсер етпейді.
Ішкі ұжымдық қарым-қатынастарды дұрыс ұйымдастырудың маңызы үлкен. Олар жеке-дара даму үшін қолайлы, қолайсыз және екіталай болуы мүмкін. Педагогтардың міндеті — оқушылардың бір-бірімен араласуын ұйымдастыру, оқушылар коллективінде дұрыс өзара қарым-қатынасты қамтамасыз ету. Мұның өзінде араласу оқушылардың бір-біріне ықпал жасауын ғана емес, өзара әрекеттес болуды, өзара әсер етуді, өзара тәрбиені де қарастырады.
Басқарудың және өзін-өзі дамытудың субьектісі ретінде қазіргі педагогикалық ұжым туралы орыс педагогтары Л.Н.Толстой, К.Д.Ушинский, Н.И.Пироговтардың оқыту мен тәрбиелеудің өзара байланыстылығы, оқушылар мен педагогтардың бірлесе жұмыс істеуі, педагогтардың өзін-өзі дамытуға ұмтылуы сияқты идеяларының ықпалымен қалыптасты.
Мұғалімдердің тәрбиелік ықпалына біріктіру 20-30 жылдары педагогика мен мектептің маңызды міндеттерінің бірі болды. «Тәрбиешілер ұжымы болуы керек, - деп жазды А.С.Макаренко –тәрбиешілер ұжымға біріккен жерде және біртұтас жұмыс жоспары, балаға деген бірыңғай ықпал жоқ жерде ешқандай тәрбие роцесі болуы мүмкін емес».
Педагогикалық ұжымның топтасуы және дамуы идеясы В.А.Сухомлинскийдің педагогикалық жүйесінде практикалық көрініс тапты.Ол әрбір педагогикалық ұжымның өзіндік ерекшелігі болатындығын атап көрсетті.
Педагогикалық ұжым адамдардың әлеуметтік және кәсіптік бірлестігі ретінде ұжымға тән барлық белгілерді біріктіреді. Ерекше адамдар тобы ретінде мектеп педагогикалық ұжымына жинақылық, басшының болуы, топтасу, салыстырмалы түрде тұрақты және ұзақ мерзімде әрекет ету сияқты қоғамдық және кәсіптік сипаттар тән. Педагогикалық ұжым сондай-ақ, оқушылар ұжымы да, оның құрамдас бөлігі болып есептеледі.
Сыныпта өз-өзінен шағын топтар, микроколлективтер пайда болатыны аз емес. Олар әдетте ортақ мүдде, ортақ іс негізінде (маркаларды жинау, көгершіндерді бағу, модельдер жасау т.с.с.) құрылады. Олардың жұмысын дұрыс арнаға бағыттау керек. Осы топтарға біріккен мектеп оқушыларының жалпы кластық, жалпы-мектептік істерден тыс қалмауына, өз мүдделері шеңберінде тұйықталып қалмауына ұмтылу керек. Бірқатар жағдайларда қоғамдық, орта мен микроколлективтің әсер етуі арасында қайшылық пайда болады. Өкінішке орай, соңғы әсер ешқашанда жақсы бола бермейді.
Ұжымның өсу және даму процесінде онда сынып пен мектеп өмірінің аса маңызды мәселелері жөнінде, оқушылар іс-әрекетті бағалауда қоғамдық пікір қалыптасады. Ол бірте-бірте оқушылардың қылықтары мен әрекеттерін бағалаудың критерийіне айналады. Қоғамдық пікірдің тәрбиелік ролі моральдық нормаларды бұзушылықты кінәлаумен және теріске шығарумен ғана шектелмейді. Қоғамдық пікірдің ынталандырушылық, ұйымдастырушылық ролінің, коллективтің қоғамға бағалы қылықтар мен әрекеттерді жақсы бағалай білуінің маңызы да ерекше.
Топтасқан ұжым қоғам пікірінің күшімен әр оқушыға, оның мінезі мен тәртібіне игілікті әсер жасайды. Жолдастарының не ойлайтынын, олардың белгілі бір қылыққа қалай қарайтынын ой елегінен өткізу жаман қылықтардан сақтандырады. Оқушылар әдетте жолдастарының пікірін бағалайды, олардың кеңестерін құлақ түре тыңдайды. Осының бәрі мінез-құлықтың қажетті дағдыларын қалыптастыруға көмектеседі. А. С. Макаренко «Совет мектебіндегі тәрбие проблемалары» атты мақаласында: «Зор беделді және сүйікті мектеп коллективінің қоғамдық пікірін бақылау осы тамаша достық одақтың мүшесі ретінде оқушының мінезін шыңдайды, ерікті тәрбиелейді, жеке бастық мінез-құлықтың қоғамға пайдалы дағдыларын, мектеп үшін және өзі үшін мақтаныш сезімін бойға сіңіреді. Сонда бала... өзін қалай ұстауды, өзі құрметтейтін коллективтің оны не үшін мақұлдайтынын және не үшін: кіналайтынын біледі».
Әрине, қоғамдық пікірдің барлығы дерлік жақсы роль атқара бермейді. Кейде, дұрыс тәрбиелемеудің нәтижесінде нашар пікір туады. Мысалы, бір топ оқушылар немесе класс тұтасымен тәртіп пен әдепті әдейі бұзатындарды бүркемелейді де мұны жолдастықтық көрінісі деп біледі. Педагогтардың міндеті — өтіп жатқан оқиғаға коллективтің дұрыс көзқарас қалыптастыру қоғамдық пікірді жағымсыз фактілермен қарсы күресуге жұмылдыру. Тәрбие беруде коммунистік тәрбие міндеттеріне лайықты қоғамдық пікір ғана игі роль атқарады. Ұжым іс-әрекетінің жоғары идеялы сағытта болуын, оның мектептің, оқушылар ұйымдарының өзін-өзі басқару органдарының негізгі міндеттеріне сәйкес келуін қамтамасыз етудің соншама маңызды екендігі осында жатыр.
Ұжым өз ішінде байсалды сын және өзара сын, оның мүшелерінің теріс қылықтарын коллектив болып айыптау бар жағдайда тәрбие берудің қуатты құралына айналады. Егер оқушылар кемшіліктер туралы батыл да ашық айта алатын болса және іскер және принципті сынды дұрыс қабыл ала білсе, мектепте жақсы қасиеттерді қалыптастыру ойдағыдай өтеді. Жөнсіз қылықтар ескерусіз қалмайды. Оларды мұғалімдердің, мектеп басшыларының нұсқауын күтпей-ақ оқушылардың өздері-ақ айыптайды.
Сынып ұжымында сын мен өзара сынның даму деңгейі көбіне оның топтасу дәрежесіне байланысты болады. Ұжым неғұрлым топтасқан сайын онда кемшіліктер мен лайықсыз қылықтар соғұрлым батыл сыналады. Бұл сын тіпті тым шашаулау жүргендердің өзін өзі мінез-құлықтары туралы ойлануға және оны түзетуге, кемшіліктерді жоюға көндіреді. Жолдастардың қатал, бірақ, әділетті сыны әдетте мұғалімдердің ақыл айтып, кеңес беруінен әлдеқайда әсерлі. Көптеген мектептердің тәжірибелері ұйымшыл және топтасқан коллективтің класта іріткі салушыларға коллектив көмегіне сүйенбейтін мұғалімдерден гөрі, әлдеқайда тиімді әсер ететінін көрсетіп отыр.
Оқушылар ұжымы тәрбие беруде «қатар әрекет жасау пе-дагогикасык» ойдағыдай қолдануды қамтамасыз етеді. Ұжым неғұрлым топтасқан болса, педагогтар мен оқушылар ұжымы, органдарының қатар әрекеті жасауы соғұрлым күшті және тиімдірек болады. Мұның өзі коллективті тәрбиелік ықпал және оқушылардың өмірін ұйымдастыру объектісінен тәрбиелеу, тәрбиелік, қарым-қатынастарды дамыту субъектісіне апналдыруға жәрдемдеседі.
Тіпті, өте талантты педагогтың бір өзі, ол оқушылар ұжымына сүйене отырып қол жеткізерліктей табысқа жете алмайды.. А.С. Макаренконың тәрбие беретін мекемелердегі көпжылдық тәжірибесі негізінде дұрыс, советтік тәрбие тұтас, күшті, әсерлі коллективтер құру жолымен ұйымдастырылуы тиіс деген қорытындыға келуі тегін емес. Ол оқушылар коллективін тәрбие жұмысын ұйымдастырудың ең басты формасы ретінде қарастырылады.
Ұжымда және ұжым арқылы тәрбие беру жеке-дара ықпал жасауды,
Оқушылар ұжымын ұйымдастыру, топтастыру және тәрбиелеудің ролі үлкен. Олар оқушылар ұжымының өмірі мен жұмысына идеялық мазмұн береді және класс, жалпы мектеп ұжымдарының сүйеніші болып табылады.
Мектептің ұйымы. Қазіргі жағдайда мектеп ұйымдарының алдына қойған міндеттерді ойдағыдай шешуге көмектесуге жұмылдырылған: саяси жағынан белсенді, істі білетін, еңбекті сүйетін және жұмыс істей алатын, өз Отанын қорғауға әрқашанда дайын адамдар ұрпағын калыптастыруға септігін тигізу. Жігіттер мен қыздардың саяси, еңбек және адамгершілік шыңдалысын күшейту, оларда білімге, мәдениетке, кәсіптік шеберлікке, халық игілігін сақтауға деген ұмтылысты тәрбиелеу әр ұйымының жауынгерлік нақты ісіне айналуы тиіс. Мектеп оқушыларына кәсіптік бағдар берудегі ролі үлкен.


3 Оқытуды ұйымдастырудың формалары туралы ұғым

Мектеп ұйымдары мектептің өндірістік еңбек коллективтерімен жанды байланысын жүзеге асыруға жәрдемдеседі. Бұл еңбекке тәрбиелеу, кәсіптік бағдар беру, оқушыларды өмірге, еңбекке даярлау міндеттерін ойдағыдай шешуге көмегін тигізеді, олардың идеялық-адамгершілік тәрбиесін жетілдіруте себепші болады. Бұл мәселелер айрықша үлкен орын алады.
Мектептегі жылдар — жеке адамның идеялық-адамгершілік жағынан қалыптасуында мейлінше маңызды және жауапты кезең. Дәл осы жылдарда дүниетаным мен жоғары идеялылығының негізі салынады. Бұған ғылым негіздерін игеру, басшылыққа алынатын документтерін оқып-үйрену.
«Ұжым» деген ұғымның өзі тәрбиеленушілер бірлестігі деп түсіндіріледі. Мұндай ұжымның өзіндік маңызды белгілері бар:
1.Жалпы әлеуметтік мәнді мақсат: кез келген топта.трамвайға мінген жолаушыларда да, ұрлық істелген қылымыскерлерде де мақсат болады. Ұжымның мақсаты қоғамдық мақсаттармен сәйкес келеді, яғни өкісет заңдарына, конститутцияға, басшы идеологияға сай келмей, қоғам мен мемлекеттік қолдау көрмейді.
2.Жалпы бірліктегі іс-әрекет: қойылған мақсатқа қол жеткізу үшін жалпы біріккен іс-әрекет ұйымдастыру қажет. Адамадар белгілі бір мақсат жолында ұжымдарға бірігеді. Ұжым мүшелерін ерекшклейтін белгі- олардың іс-әрекет қорытындысы үшін болған жоғары өзіндік жауапкершілігінің болуы.
3.Жалпы таңдалған басқарушы орган: ұжымда демократиялық қатынас пайда болады. Басқару органы ұжымның беделді мүшелерін ашық және тікелей таңдайды.
Жақсы ұйымдасқан ұжымда бір-біріне көмек, бір-біріне жауапкершілік, дұрысын айту, өзін-өзі сынау, бәсекелестік сияқты сана қалыптасады. Жоғарыда аталған белгілері бар ұжымда еңбекке, адамдарға, жеке және қоғамдық міндеттерге гуманистік қатынастар жүйесі қалыптасады.
Ұжым үнемі өзгеріп отырады.Өйткені оның құрамындағы адамдар ауысып отырады. Сол үшін педагогикалық жетекшілер қарым-қатынас және әсер ету жобаларын жиі өзгертіп отыруға міндетті. Тәрбиені ұжымдағы қарым-қатынас құрылымының көп деңгейлігін ескере жүргізу қажет.
Тәрбиенің басты міндеті – балаларды дамытудың әр түрлі деңгейіне бара-бар қатынастың қазіргі кездегі тәжірибесін форма есебінде беру ғана емес, сонымен бірге жеткіншектерді жаңа, неғұрлым жоғары қоғамдық қарым-қатынас деңгейіне бағыттап дайындау. Адамның тұтас жеке басын қалыптастырудың аса маңызды шарты мен құралы коммунистік тәрбиенің идеялық-саяси құралы, адамгершілік, еңбек эстетикалық және басқа жақтары балалар коллективі болып табылады. Оны жалпы да өзіне тән белгілердің жиынтығын сипаттайды.


4 Тәрбиені ұйымдастыру формалары және оларды жіктеу

Тәрбиені ұйымдастыру формалары және оларды жіктеу. Күрделі де көпқырлы тәрбие процесі әр түрлі формалардың көмегімен жүзеге асырылады. Олар өте өзгермелі, серпінді келеді. Оларды таңдау тәрбие жұмысының мазмұнына, оқушылардың жас шамасына, тәрбиешілердің шеберлігіне және тәрбие процесі өтетін басқа жағдайларға байланысты болады.
Тәрбиені ұйымдастыру формасы — деген көп жағдайды қамтитын кең мағыналы ұғым. Ол тәрбие қызметін ұйымдастырумен байланысты нақты процестерді белгілеу үшін қолданылады. Егер тәрбиені ұйымдастыру формасын ең жалпы түрінде қарастыратын болсақ, онда олар тәрбиешілер мен тәрбиеленушілер арасында қалыпқа түсіп келе жатқан қарым-қатынастарды, сондай-ақ балалар коллективіндегі тәрбиелеу процесіндегі қарым-қатынастарды бейнелейді. Осы қарым-қатынастар қалай қалып алып келе жатқанына, тәрбиешілер мен тәрбиеленушілердің қандай позицияда тұрғанына байланысты тәрбие процесі белгілі бір ұйымдастырушылық формаға келтіріледі. Олар басшылық ету және бағыну қарым-қатынастарын, жұмсалатын күштің орны анықталуын, тәрбиелік қызметтің жоспарлануы мен ұйымдастырылуын, оның нәтижелерінің есепке алынуы мен бағалануын сипаттайды.
«Форма» ұғымы — «заттың, процестің, құбылыстың ұйымдасу әдісі мен тіршілік әдісін» білдіреді (философиялық экциклопедия). Тәрбиені ұйымдастыру формасы — тәрбие элементтерінің ішкі байланысын бейнелейтін және тәрбиешілер мен тәрбиеленушілердің өзара қарым-қатынастарын сипаттайтын тәрбие процесіи ұйымдастыру әдісі. Кейде педагогикалық әдебиетте және мектеп практикасында «тәрбиенің ұйымдастыру формалары» ұғымы қолданылады. Бұл да тәрбие процесін ұйымдастырудың әдістерін мегзейді.
Педагогикалық әдебиетте оқушылардың қалайша ұйымдастырылғанына байланысты (тәрбие процесіне бүкіл класс, оқушылардың шағын топтары мен немесе жеке оқушылар қатыстырыла ма) тәрбие формаларының жіктелуі беріледі. Соны есепке алудан мынадай формалардың беті ашылады: жаппай немесе бұқаралық топтық немесе үйірмелік және жеке-дара. Бұл әлдеқайда көп таралған жіктеу. Ол ұйымдастыру формаларын көрсетеді, мұнда тәрбиешілер мен тәрбиеленушілердің тәрбие процесіндегі қарым-қатынастары, олардың
Тәрбие қызметін ұйымдастыру формаларын тәрбиелік ықпал жасау методикасына байланысты жіктеуге талпынушылық та бар. Мұндай жіктеуде тәрбие формалары мынандай топтарға бөлінеді: сөздік, (саяси-хабарлар, жиналыстар, жиындар, линейкалар, лекциялар, баяндамалар, оқырмандар конференңиялары, диспуттар, кездесулер, ауызша газеттер, радио, журналдар т.с.с); практикалық (жорықтар, экскурсиялар, спартакиадалар, олимпиадалар мен конкурстар, пионер және комсомол әрекеттері ауқымындағы жұмыстар, қызыл ізшілдердің іс-әрекеті, техникалық творчество, жас натуралистер үйірмелері, сондай-ақ сенбіліктер, т.с.с); көрнекілік (мектеп музейлері, лениндік мүйістер, бөлмелер, мен залдар, соғыс және еңбек ерлерінің галереялары, кіші третьяков галереялары, көркем творчество көрмелері, кітап көрмелері мен жаңа кітаптар жаймалары, тақырыптық стенділер, т. б.) Мұндай жіктеу ең алдымен тәрбиелік шараларды бір рет өткізуді мегзейді (саяси хабарлар, әңгімелер, экскурсиялар, жорықтар т. с. с). Рас, практикалық және кернекі формалардың кейбіреулері белгілі бір бағытта ұзақ уақыт тәрбиелік жұмыс өткізуді көздейді. (Мысалы, қызыл ізшілдердің қызметі, тимуршылар жұмысы, мектеп музейлері). ....


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Ораза айт намазы уақыты Қазақстан қалалары бойынша
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!