Экономика | Құндық категория ретінде қаржының ұғымы оның мәні мен қажеттігі

Экономика | Құндық  категория ретінде қаржының ұғымы оның мәні мен қажеттігі

Құндық категория ретінде қаржының ұғымы, оның мәні мен қажеттігі.

Қаржы(қолма-қол ақша,табыс ұғымын білдіретін орта ғасырдағы латын тілінің financia сөзінен пайда болған француздың finance сөзінен шыққан)-тауар-ақша қатынастарымен және мемлекеттің өмір сүруімен байланысты тарихи қалыптасқан аса маңызды экономикалық категориялардың бірі. Ол натуралдық шаруашылықтан жүйелі тауар-ақша айырбасына көшу жағдайында пайда болып, дамыды және мемлекеттің қаржы ресурстарына қажеттіліктерімен тығыз байланысты болды. Бүгінде қаржы терминін күнделікті қолданысқа енгізген авторды атау қиын. Бұл терминнің авторлығын 1577жылы «Республика туралы алты кітабың деген жұмысың бастырып шығарған француз ғалымы Ж.Боденге жазып қоюға болады.»
Қаржы туралы жұмыстың («Афин республикасының кірістері туралы») алғашқы авторы Ксенофонт(б.э.д.430-365ж.ж.)болды.Аристотельдің(б.э.д.384-322ж.ж.)қаржы саласындағы көзқарасы оның «Афинның мемлекеттік құрылысы»атты жұмысында баяндалған.Қаржының мәні ,оның даму заңдылықтары, тауар ақша қатынастарын қамту сферасы мен қоғамдық ұдайы өндіріс үдерісіндегі рөлі қоғамның экономикалық құрылысымен, мемлекеттің табиғатымен және функцияларымен айқындалады.Құн категорияларының жүйесінде қаржы белгілі орын алады және оның ішкі ерекшеліктерімен,сонымен бірге ұдаиы өндірістегі өзгешілік рөлімен айшықталады. Қаржының ақшалай сипаты оны жүзеге асырудың нысанын және оның құндық экономикалық катигорияға қатыстылығын баса көрсетеді. Қаржы экономикалық катигория ретиінде эканомикалық заңдардың (құн заңының, сұраным мен ұсыным заңының, қажеттіктердің жоғарлау заңының, өндірістік қатынастардың өндіргіштік күштердің сипатымен даму денгейіне сәйкестік заңының, уакытты үнеидеу заңының) іс-әрекетіне негізделеді.
Қаржы мемлекеттің заңи және жеке тұлғалардың арасында, жекелеген мемлекеттер арасында ақша қорларын қалыптастыру, бөлу және пайдалану жайында пайда болатын ақша қатынастарының жүйесі болып табылады. Басқа сөзбен айтқанда, ерекше қорлар арқылы іске асырылатын ақша қатынастары-бұл қаржылық қатынастыр. Қаржыны экономикалық категориялардың қатарынан бөліп алу үшін қаржы құбылысын қараудан оның мәнін- оның болмысының барлық сан алуан нысандарының бірлігінде көрінетін мән-мағынасының ішкі мазмұнын зерттеуге көшу керек. Қоғамдық қатынастардың ақшалай қатынастар экононмикалқ қатынастарға жатады, ал экономикалық қатынастар өзкезегінде қоғамдық қатынастар жүйесінің айқындаушы бөлігі - өндірістік қатынастарға кіреді. Бұл қаржылық қатынастарды базистік әрі негізгі қатынастар болып табыылатын өндірістік қатынастардың бір бөлігі деуге болады. Қаржы-ақшалай қатынастардың жиынтығы және олардың ажырағысыз бөлігі, сондықтан оның рөлі мен маңызы экономикалық қатынастарда, ақшалай қатынастарда қандай орын алатынына байланысты болады. Алайда кез-келген ақшалай қатынастар қаржылық қатынастарды білдіре бермейді және ақша әр түрлі экономикалық категориялардың-бағаның, еңбекақының, қаржының, кредиттің, көмегімен жүзеге асырылатын қоғамдық өнімнің бүкіл құнының қозғалысын ортақтастыратындықтан кез-келген ақша операциясы, мәміле қаржы операциясынан жата бермейді. Қаржының ақшадан мазмұны жағынан да, функциялары жағынан да айырмашылығы бар. Ақша-бұл ең алдымен ассоциацияланған өндірушілердің еңбек шығындары өлшенілетін жалпыға ортақ балама-ал қаржы-ішкі жалпы өніммен ұлттық табысты бөлудің және қайта бөлудің, экономикалық тетігі, ақша қорларын жасау мен пайдалануға бақылау жасаудың құралы. Ол өндіруге, бөлуге және тұтынуға ықпал жасайды және объективті сипатта болады. Алайда қаржы ақшалай қатынастардың бүкіл сферасын қамтымайды. Мемлекеттің, оның аумақтық бөлімшелерінің, сондай-ақ кәсіпорындарының, ұйымдардың, мекемелердің ақша қорларын құратын тек ақша қатынастары ғана қаржынының мазмұны болып табылады.
«Қаржы» ұғымы ақша нысанындағы қоғамдық өнімнің ұдайы өндірісімен байланысты болатын экономикалық қатынастардың кең ауқымын қамтиды. Жалпы қоғамдық өнім мен ұлттық табысты жасау, бөлу және қайта бөлу үдерісінде қалыптаса отырып, қаржы қоғмның түпкілікті пайдалануға жіберілетін материалдық ресурстар бөлігінің ақшалай тұлғалануы болып табылады. Қаржының басты белгілерінің бірі-оның тұлғалануының ақша нысаны және ақшаның нақталы қозғалысымен қаржылық қатынастардың бейнеленуі. Тауар-ақша қатынастарының жалпы қамтуындағы сипатқа ие болып отырған рыноктың экономика жағдайында қаржы нақтылы және үздіксіз болып жататын ақша айналымын-ақша ағынын бейнелеп көрсетеді.
1) Ақшаның нақтылы қозғалысы ұдайы өндіріс үдерісінің екінші және үшінші стадияларында неде болады?
А)бөлуге және айырбастауға
Б)бөлуге және қайта бөлуге
В) өндіруге және тұтынуға
Г)дұрыс жауап жоқ
2)Қаржы туралы жұмыстың («Афин республикасының кірістері туралы») алғашқы авторы.
А)Ксенофонд
Б)Аристотель
В)К. Маркс
Г)Д. Ж.Кейнос
3)Қаржы ақшалай қатынастардың бүкіл несін қамтымайды?
А)сферасын
Б)құбылысын
В)мәнін
Г)бөлігін
4)Қаржы ненің қатынастарынан тыс өмір сүре алмайды?
А)тауардың
Б)ақшаның
В)өнімнің
Г)дұрыс жауап жоқ
5)Қаржы мен қаржылық қатынастардың пайда болып, іс-әрекет ететін орны ақшаның нақтылы қозғалысы болатын ұдайы өндіріс үдерісінің ...болып саналады?
А)бөлу стадиясы
Б)өнімнің стадиясы
В)қайта бөлу стадиясы
Г)тауар стадиясы ....


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Ораза кестесі 2024 жыл. Астана, Алматы, Шымкент т.б. ауыз бекіту және ауызашар уақыты
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу

Соңғы жаңалықтар:
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!
» 2024 жылы студенттердің стипендиясы қанша теңгеге өседі