Қазақ тілі | Қос сөздер

Қазақ тілі | Қос сөздер

Қос сөздер
Қос сөздердің құрамындағы компоненттер я бір сөздің өзінің ешқандай өзгеріссіз қайталануынан, я оның бір сыңарының не бір буынның, бір дыбысының өзгеріп жамалуынан құралады немесе морфологиялық жағынан бір тектес я синоним, я антоним сөздерден салаласып құралады.
Қос сөз: қайталама, қосарлама
Қайталама қос сөздер - белгілі бір сөздің я қосымшасыз, я қосымшалы түрінің екі рет қайтьалануы арқылы, не сол сөздің не бір дыбыстың немесе бір буынның өзгеріп қайталануы арқылы жасалады. М, қора – қора, мая – мая, үлкен – үлкен, қолма – қол, қап – қара т.б.
Қайталама қос сөздер компонентерінің ерешеліктеріне сәйкес, қалыптасқан сыртқы дыбысының және морфологиялық формаларының өзгешеліктеріне қарай төрт түрлі болады.
1) қосымшасыз түбірдің қайталануынан тұратын сөздер
2) қосымшалы түбірдің қайталануынан құралатын қос сөздер
3) түбірдің бір дыбысы өзгеріліп құралатын қос сөздер
4) түбір ықшамдалып құралатын қос сөздер
1) бұл топты жай қос сөз дейді: жол – жол, биік – биік.
2) Қосымшалы қос сөздер: үйдей – үйдей, айта – айта, қолды – қолына, үй – үйдің, мүй – үйге.
3) қағаз – мағаз, шай – пай, қалт – құлт.
Бұл өзгерістердің заңдылығы:
а) Егер сөздердің бірінші дыбысы дауыссыз болса болса, ол дыбыс қайталанғанда көбінесе, м (тас – мас, қол – мол, ) әредік с (кемпір – семпір, мәре – сәре), неме,се п (шай – пай, нан - пан) дыбысына ауысады.
Компоненттерінің ара қатынасына байланысты күрделі сөздерді біріккен, тіркескен, қос, қысқарған сөздер деп бөлеміз.
Компоненттерінің ара қатынасы деп бірігу, қосарлану, тіркесу арқасында туған күрделі сөздердің сыртқы фонетикалық түр-тұрпаты мен ішкі семантикалық құлымында, олардың араларында заң ретінде орнығып қалыптасқан қарым-қатынастардың нәтижесін я оның жиынтығын айтамыз.
Кіріккен сөз деп компоненттерінің я бірігуі, я екеуі де бірдей әуелгі өз мағынасынан айырылып (делексикаланып), тұтассымен тұрып басқа бір жалпы мағына білдіретін оның, сонымен бірег, сол компоненттері фонетикалық (дыбыстары, екпіндері) жағынан әрқилы өзгерістерге ұшырап, бір-бірімен белгілі дәрежеде әрі үндесіп, әрі ықшамдалып құралған күрделі сөзді айтамыз.
Біріккен сөз деп компоненттері мағына жағынан да, форма жағынан да елеулі өзгерістерге ұшырамай-ақ, өзара бірігіп, жинақталған біртұтас лексика-семантикалық мағына білдіретін күрделі сөздерді айтамыз.
Компоненттерінің бастапқы кездегі мағыналық (я синтаксистік) қатынастарының ерекшеліктеріне қарай , қазақ тіліндегі біріккен сөздер не сабақтаса не салаласа құралады.
Кіріккен сөздер: бүгін, ендігәрі, биыл, білезік, қарлығаш, қызғыш, әкел, апар, бүрсігүні, былтыр.
Кіріккен сөздердің тууына, біріншіден, әуелгі жай тіркестің құрамындағы компоненттерінің мағыналарының жоғалуы, екіншіден, олардың формасының өзгеруі себеп болды.
Біріккен сөздер: шекара, демалыс, ақсақал, әлдекім, әркім.....


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Ораза айт намазы уақыты Қазақстан қалалары бойынша
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!