Қазақ поэзиясының көрнекті өкілі Фариза Оңғарсынова дүниеден өтті

Қазақ поэзиясының көрнекті өкілі Фариза Оңғарсынова дүниеден өтті

фариза23 қаңтарда Қазақстанның Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, Халық жазушысы, қоғам қайраткері, көрнекті ақын Фариза Оңғарсынова 75-ке қараған шағында дүниеден өтті.

1939 жылы 5 желтоқсанда Гурьев (қазіргі Атырау) облысы, Новобогат ауданына қарасты Манаш ауылында туған. Алғашқы өлеңдері республикалық баспасөз беттерінде 1958 жылы жарық көрді.

Тұңғыш өлеңдер жинағы "Сандуғаш" 1966 жылы жарық көрген. "Алмас қылыш", "Тартады бозбаланы магнитім", "Сайраған Жетісудың бұлбұлымын", "Тыңдаңдар, тірі адамдар", "Қарғыс", "Қасірет пен ерлік жыры" поэмалары, "Үйім менің - Отаным", "Маңғыстау монологтары", "Революция және мен" өлең топтамаларының авторы. Көптеген шығармалары шет ел тілдеріне аударылған.

Чили ақыны Пабло Неруданың "Жүректің төрт мезгілі" кітабын, орыс ақыны А.А.Блоктың "Нәпсі", "Куликов даласы", "Он екі жыл өткен соң", "Кармен", "Қарлы перде" өлең топтамаларын, сондай-ақ, Р.Ф.Казакованың, Е.А.Евтушенконың, араб ақыны Әбдірахман әл-Хамисидің жекелеген шығармаларын қазақ тіліне аударған.

1984 жылы "Үйім - менің Отаным", "Маңғыстау монологтары", "Революция және мен" өлеңдері топтамалары үшін Қазақ КСР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты атанды. Ленин комсомолы Орталық Комитетінің, Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің Құрмет Грамоталарымен, "Құрмет Белгісі", Парасат (2001) ордендерімен марапатталған.


Мақпал Жүнісова – Фаризаға!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Ораза айт намазы уақыты Қазақстан қалалары бойынша
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!