Әдебиет | Қорқыт (IX ғ.)

Әдебиет | Қорқыт (IX ғ.)

Қорқыт (IX ғ.)

Қобыз атасы, композитор, жыршы, ақын, музыкант, бақсылардың қамқоршысы. "Қорқыт ата кітабы" әдеби ескерткіштерінен ІХ-Х ғасырларда билік құрған оғыз тайпасынан шыққандығын білуге болады. Оны Ш.Ш.Уәлиханов қазақтың алғашқы шаманы, алғашқы ақыны деп атайды. Қорқыт жайындағы аңыз әңгімелер Ә.Науаи арқылы белгілі болып, түркі халықтары, әсіресе қазақтар арасында кең тарады.
Аңыздарда Қорқыт Қырмаш пен "жарық жүзді сұлудан" туылған делінеді. Оның есімінің өзінде магиялық мән бар. Уәлихановтық-потаниндік түсіндірме "қорқыт" сөзі — адамзат тұрмысының жағдайын көрсететін "қорқыту" сөзінен шыққан деп түсіндіреді. Өлімнен қорқу мен одан қашу — шаман халық аңыздарының жемісі.
Аңыздарда Қорқыт қобыз жасаған. Ол қобыздың музыкалық дыбысталуынан үшкіру, ауа, сиқыр өткізген.
Қорқыттың пайымдауынша, адамдар адамилық қасиеттерін сақтап қалу керек. Адам үшін ең қауіптісі — адамилықты жоғалту. "Қонақ келмес үйдің қирағаны жақсы, жылқы жемес шөртің шықпағаны жақсы, адам ішпес ащы судың ағысты жылғаларды кумағаны жақсы, атаның атын былғайтын ақылсыз ұлдың тумағаны жақсы". "Адам қанша қажетсінгенмен, ол өз үлесінен артық жей алмайды". Сол аңыздарда Қорқыт жер-жаһанды кезіп, "басқа елден әркімге өз елінде жақсы" деген ой түйіндегенін байқауға болады. Оның айнымас досы сиқырлы Желмаясы болды.
"Қорқыт ата кітабы" — кейіннен түркі халқының құрамына қосылған оғыз тайпасының эпикалық жазба ескерткіші, Кітап оғыздардың өмірі жайында баяндайды. Оғыз — қыпшақ тайпаларына ортақ тілде жазылған. Кітаптың араб әрпімен жазылған екі нұсқасы саққалған (Дрезден, Ватикан). Әр жырдың өзіндік сюжеті бар. Олардың әрбіріңде көріпкел, тайпа көсемі, ақылгөй Қорқыт ата бейнесі берілген. Әрбір жырдың соңы Қорқыт атаны мақтаумен аяқталады. Кітап ақыл-өсиет, мақал-мәтел, нақыл, шешеңцік сөздерге толы.
Ондағы оқиғалар Сыр бойында, Орта Азия, Кавказ жерлеріңде өтеді. Одан кең даланы мекендеген рулардың кұралу, ыдырау тарихы аңғарылады. Бамсы-Байрақ жыры Алпамыспен ұқсас болса, Үсүн қожа — қазақтың үйсін тайпасының атасы. Қорқыт ата жайындағы аңыздар қазақ, қырғыз және т.б. түркі халықтарының арасында сақталған.
Кітапта қазіргі қазақ тілінде кездесетін географиялық атаулар көптеп кездеседі. Бұл кітаптың қазақ этносына енген әртүрлі түркі тайпалары мекен еткен қазіргі Қазақстан жерімен тығыз байланысты екенін дәлелдейді. "Қорқыт ата кітабы" түркі халықтарының тарихи ескерткіші больш табылады.
Мұраның орыс тіліне толық аудармасын В.В.Бартольд 1922 жылы жасады, ол 1962 ж. жарық көрді. Ал қазақ тіліне аудармасын Ә.Марғұлан, Н.Келімбетов, Ә.Қоңыратбаев сынды қазақ ғұламалары 1986 ж. басып шығарды.
Қорқыт атаға арналып 1980 жылы Қызылорда облысының Жосалы стансасынан 18 км жерде, Қорқыт разъезінің түбінде архитектуралық ескерткіш орнатылды. Авторлары — архитектор Б.А.Ыбыраев, физик С.И.Исатаев. Ескерткіш темір бетоннан жасалған 4 тік көктастан (стеладан) тұрады, биіктігі 8 м. Жоғарғы жағында аузы кең түтіктер орнатылған. Аузы кең орталық тесікке түйісетін 40 металл түтік жел соққан кезде қобыз сарынымен үндес дыбыс шағарады.
“Қорқыттың қобызы” – бұл шын мәнінде мүлдем ғажайып еңбек, – дейді Мұрат Мұхтарұлы. – Қорқыт қай уақытта да нағыз суретшілерді, сәулетшілерді шабыттандырып келеді. Қызылорда облысында кезінде Қор¬қыт¬қа ескерткіш ашылды. Мүсінші Бек Ыбыраев оны жасау кезінде аэроди¬намикалық эффектіні пайдаланды және кей кездері дала желінің екпінімен қобыздың үні естіліп тұрады. Қорқытқа байланысты аңыз көп. Барлық уақытта оны “Тағдыр” ислам қағидасына қарсы шыққан (тағдырды алдын ала болжау) адам ретінде қабылдады. Қорқыт жас кезінен бастап адамзат өмірінің тез өтіп кетуіне көнгісі келмеді, сондықтан өліммен күресуге бел буды. Қорқыт ата желмаясына мініп өлімнен тысқары өлкені іздеуге шықты. Ен даламен келе жатып, шұңқыр қазған адамдарды кө¬реді. Олардан не істеп жатқанын сұра-ғанда, “Қорқыттың көрін қазып жатыр¬мыз”, – деген жауап алды. Басқа жаққа барады – онда да осындай жағдайды кездестірді. Қайда барса да оған көр қазып жатады. Қорқыт адамдардан бе¬зіп кетті. Бірақ қайда барса да ол өлімді көрді: орманда – шіріген және сұлаған ағаштар; далада – күнге күйіп қураған бетеге – бәрінің айтатыны сол жайында. Тіпті мығым таулар да оған олардың қи¬рап, бүлінетінін, Қорқытты да осындай жағ¬дай күтіп тұрғанын қоса ескертумен болды. Қорқыт жалғыздықтың зарын шеге жүріп, шырғай ағашынан алғашқы қобызды жасады, оған ішек тағып, өзінің азапты ойлары мен сезім шерін шығара отырып ойнады. Музыканың құдіретті үні кілемше үстінде Сырдария өзенімен жүзуге және өзін қауіпсіз сезінуіне мүм¬кіндік берді. Бірақ, Қорқыт ұйықтап кете¬ді де, қобыз үні тоқтайды, кілемшесіне жорғалап келген жылан сазгерді шағып алады. Дегенмен сол уақыттан бері Қор-қыт¬тың әуендері және ол ойлап шығарған қо¬быз жер бетін шарлап кетті, ал Қор¬қыт¬тың аты қобыздың ішектері мен адам¬дар¬дың жүрегінде мәңгі өлместей болып қалды.....


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?