Әдебиет | Қамар сұлу романы
Сұлтанмахмұт Торайғыров
(1893-1920)
Сұлтанмахмұт Торайғыров – екі дәуір тоғысында,аса күрделі кезеңде тіршілік кешті.Ол Россия тарихының,Россияға біріккен қазақ халқы тарихының аса бір өрлеу кезеңінде – тарихи дамулар, күрес-көтерілістер,қиян-кескі соғыстар,дүрбелеңді революциялар дәуірінде жасады.
Сұлтанмахмұт 1893 жылы,29октябрь күні қазіргі Көкшетау облысының Қызылту ауданында туып,төрт-бес жасынан Павлодар облысының Баянауыл ауданында өседі.Ақынның арғы атасы – Торайғыр би,ел аузында аты аңызға айналған көптеген шешендік, билік,сөздері халық жадында сақталған адам.Ақынның өз әкесі, Әубәкір аты ұмытылып,Шоқпыт, Шоқа атанған момын кедей шаруа екен.
Болашақ от ауыз, орақ тілді ақын алты жасында әкесінен оқып ,хат таниды.Қара таныған баланы осыдан кейін кейде Шоқпыт өзі оқытып,кейде ауыл арасындағы молдаға беріп оқытып,
баласын оқудан үзбейді.Молдалардың ішінде Мұқан біраз оқыған, әдебиеттен хабардар,өзі де жадынан өлең шығаратын көңілінің желі бар жан екен. Ол араб,парсы ертегілерінен қазақша өлең етіп жазады;біреуді мақтап,біреуді мазақтап өлең шығарад ды. Дәріс беретін молдаға еліктеуші шәкірттің бірі – Сұлтанмахмұт. Ол Мұқан молдаға еліктеп он үш жасында өлең жаза бастайды.Тұңғыш жазған өлеңі – «Секілді өмір қысқа жарты тұтам» деп аталады. Тырнақалды өлеңінде Сұлтанмахмұт өзін оқытушы молдаларды,оқуы туралы,ақындыққа талпынып жүргені жайында сыр айтады.Сол кезде Баянауыл қаласында медресе ашылып,Сұлтанмахмұт 1908-1910жылдары сонда оқиды.
Өкініші – Сұлтанмахмұт бұл медреседе көп оқымайды.Бір қыс оқыған соң, «аузың асқа тигенде мұрның қанар»дегеннің кебі келіп,көз ауруына ұшырап,медреседен шығып қалады. «Жығылған үстіне жұдырық» дегендей осы кезде жөтел пайда болады,өкпесін дерт шалғаны байқалады.Ақынның теңіздей толқыған көңілі басылып,жадап-жүдейді.
1914 жылдың жазында Сұлтанмахмұт өзінің ауылы – Баянауылға кайтады.Ондағы мақсаты – ауылда біраз уақыт болып,қаржы жинап алып,үлкен қалалардың біріне тағы да оқуға кетпек болады.Осы оймен ол елде бала оқытады.ел жастарын оятпақ,оқуға, мәдениетке талпындырмақ әрекетіне кіріседі.
Сұлтанмахмұт әлеумет өміріне тереңдеу қазақ оқығандарымен араласады.Солар құрған қазақ комитетінің кіші хатшысы болып қызмет істейді,солардың газетіне өлең,мақала жазып тұрады.Бірақ,ол тап болған ортада ұлтшыл-алашордашыл оқығандар басым еді,олардың әсеріне ерді.
Сұлтанмахмұттың «Социолизм» деген мақаласында оқу, мәдениет, ғылым,техника жайлы,қазақ халқының ілгері дамуы,мәдениетті ел болуы туралы сөз етеді.Ақын дүниедегі ғылым-білімді екі жікке айырып ұғады: бірі – дене азығы,екіншісі – ар азығы;дене азығы –техника,ар азығы - әділдік деп ұғады.Өзгеге солай ұғындыруға тырысады.Қазір Европада дене азығы әбден жетілді,ар азығы әлі жетіле алмай отыр.Ар азығы жетілмегендіктен дене азығы,адамды бақытты етуге тиісті құралдар адамды қанауға,бақытсыз етуге жұмсалып отыр.Ал ар азығы ер жеткенде,дене азығы адамды бақытты етуге жұмсала ды,адам жеңіл күн көретін болады.Адамның ақыл-ойымен,күш қуатымен жасалған құралдар – дене азығы адам қоғамын гүлдендіруге, адамды бақытты етуге жұмсалады-дейді ақын.Яғни Сұлтанмахмұт ғылым,техниканы екі түрлі жолмен – капиталис тік және социолистік жолмен пайдалануға болатынын аңғарды.Алдыңғы жолды даттады,кейінгі жолды дәріптеді.Ақын арманы да соңғысы.
Алашорда ұкіметі Колчак өкіметімен ресми бірігіп,әскерін,қару-жарағын соған беріп,Совет өкіметіне қарсы соғыс бастаған кезде,яғни 1918 жылдың июнь айында Сұлтанмахмұт емделем деп еліне,Баянауылға кетті.Ол кезде Сібірде,Баянауыл жағында Колчак,алашорда үкіметі үстемдік жүргізіп тұр еді.Ақын олардың қызметіне қатыспады.Емделді,үйінде жатып өлең,поэмалар жазды,елеусіз мұғалім болып қызмет атқарды.
Торығып жүрген кезінде,өз ауылында жатқанда Сұлтанмахмұт саяси-әлеуметтік,философиялық кітаптарды,социолизм жайында,соғыс,революция жайында көп нәрселер оқиды.
Бұл оқығандары Сұлтанмахмұтқа зор әсер етеді:білімін тереңдетіп, көзқарасын кеңейтеді; көп ой салады; күш береді.Бұл кезде социолизм деген мақала, « Осы әділдік пе?», «Неге жасай- мын?», «Адасқан өмір», «Кедей», «Өң бе,түс пе?», «Дауылдағы әбігер», «Ғайса кім?» деген шығармалар жазады.
Ақын бұл шығармаларда дүниеге,заманға үміттеніп қарайды; оның алдан жарқын болашақ күтетіні ,демократиялық-революциялық ой-пікірі,көзқарасы айқын көрінеді.
1919ж декабрь айында Колчак үкіметі құлап,Сібірде,Павлодар,Баянауыл жағында Совет өкіметі орнайды.Осы кезде ол мұғалімдікті тастап,Павлодарға барады.Жигеров Сұлтанмахмұтты Шідерті болысына революциялық комитеттің бастығы етіп жібереді.Оған ел ішінде Совет өкіметінің жолын,саясатын түсіндіруді,сайлау жүргізуді тапсырады.
Шідерті болыстық революциялық комитеттің бастығы болып екі-үш ай істегеннен кейін оның ежелгі ауруы меңдейді,төсек тартып жатып қалады.Ауырып жатып,1920жылдың алғашқы айларында, ол «Айтыс» деген поэма бастайды.Бірақ ол шығармасы аяқталмай қалады.
Сұлтанмахмұт Шідертіде сырқаттанғаннан, үйінде ауырып жатып, 1920жылы, 21май күні, 27жасында өлді, тіпті жастай көз жұмды. Қыршын кетті.
Қыршын кетуі үстіне Сұлтанмахмұттың осы қысқа өмірінің бәрі кемшілікте,мұқтаждықта,азапта,тартыс-күресте өтті.Жасынан жетім қалды,өгей ана қолына қарады.Кедей болды,ішер асқа,киер киімге жарымады.оның шетке кетіп оқуға,кең білім беретін мектепке түсіп оқуға қаржысы болмады. Әлгі кемшілік пен мұқтаждық,тән азығын да,жан азығына да тарығу оны ауруға шалдықтырды. Бірақ Сұлтанмахмұт мұның бірде-біріне қажып,мұңаймады.
Тұрмыста үмітім көп жеңем деген,
Жеңуге жігеріме сенем деген..
Менде жоқ, қажу деген, ашу деген,
Тарығып,болымсызға сасу деген, -
деп,үнемі,жарғақ құлағы жастыққа тимей,өнер,бақыт,шындық іздеумен болды.Өмірі құлшыныс,күреспен өтті.
Ақын шығармашылығының бірімен-бірі тұтасып жатқан екі түрлі негізгі қасиеті бар.Ол – шығармаларының реалистігі мен халықтығы.
Жазушы шығармаларының тақырыптары түгелдей шын өмір,қазақ халқының Сұлтанмахмұт тұсындағы тұсындағы өмірі.
Сұлтанмахмұт шығармаларының жиыны қазақ халқының Ұлы Октябрь социолистік революциясынан бұрынғы,революция жылдарындағы қоғам тіршілігінің,дүние,қоғам тануының,әдет-ғұрпы мен мінез-қылығының әрі нағыз шындығы,әрі әділ сыны,халықтың ой арманы тілек-мақсаты.Сұлтанмахмұт революциядан бұрынғы бірсыпыра өлең жырларында қамығып, қайғырады,қайғы-шерді шертеді.Оның аяқ зар,мұң,қайғы,уайым,өкініш,налу болып келеді.Ақын бұлардың бірінде жеке адамның басына түскен қайғы –қасіретті,мұң-шерді айтып,мұңданса,екіншісіне жалпы халықтың,еңбекші бұхараның басындағы ауыртпалықты,аянышты халды айтып зарлайды. Сұлтанмахмұттың тағы басқа бірқатар өлең,поэмаларында халық басындағы ауыртпалықты,жалшы,малшының жоқшылығын,аяныш шеккен,кекті,шерлі адамдардың көзімен бейнелейді.
Сұлтанмахмұт шығармаларының негізгі қасиеті – олардың реалистігі мен халықтығы.Ақын қазақ халқының өз тұсындығы өмірін бар шынайылықпен бейнеледі.Қазақ халқының Октябрь революциясына дейінгі,кейінгі қоғамдық өмірінің көкейтесті көптеген күрделі мәселелерін қозғады.Соның баршасын халықтың тұрғыдан баяндады.С.Торайғыров қиян-кескі күрес-көтерілістер, сұрапыл соғыстар,ұлы революциялар дәуірінде жасады.Өз заманы-
ның азамат та,асқан ойшыл ақыны болды.Өз ұлтының ұлы орыс халқынан үлгі-өнеге алып,ілгері дамуы,саясат,шаруашылықпен, мәдениет жағынан тегіс жетілуі жолында күресті.Бұл жағынан ол ұлы Абайдың жолын дамытушы.
«Қамар Сұлу » романына талдау
XX ғ. басындагы қазақтың іріп-шіріген билеуші табының өскен, тәрбие алған ортасы, ескілікке қарсы үн көтерген "Қамар сұлу" шығармасы, жастарды асқақ қиял, зор талапқа бастайтын лирикасы - оны қазақ әдебиетіндегі демократтык әдебиеттің ірі өкілі етті.
«Қамар Сұлу » романындағы Қамардың бейнесін автор:
Жіңішке сымға тартқан әні қандай,
Балауыз балбыраған тәні қандай.
Ақыл, ой, мінез, көрік түгел келіп,
Толықсып толып тұрған сәні қандай? –
деп ақын Қамардың «Ойы көркіне сай» қазақ қызын бейнелейді. Ал Қамардың бет-ажар сұлулығын бейнелегенде:
Еріткен іші-баурыңды көзі қандай,
Бал тамған майда бұлбұл сөзі қандай.
Жұп-жұмсақ, бып-биязы ішке кіріп,
Жайтаңдап жан күйдірген кезі қандай!
Күлгенде көзіңді алып кірсіз тісі,
Қайнамас оны көріп кімнің іші?
Алмас қылыш жүзіндей аударылған,
Сүйгізіп көлеңкесін әрбір ісі.
Нұрлы жүз жан-жағына сәуле шашып,
Бойының мінсіздігі оның асып.
Өзгеден сып-сыпайы һәм сүйкімді,
Ең арты жүрсе-дағы аяқ басып.
Осылайша автор қазақ қызына тән барлық қасиеттерді жырлайды. Қамардың бойына барлық қазақ қыздарының түрлі қасиеттерін біріктіреді. Қамардың бейнесін ашқанда жоғарыдағы асты сызылған күрделі эпиеттерді қолданған.
Қамар мен Ахмет
Ахметтің Қамарға бірінші жазған хатында:
...Амалсыз арды түйіп қалам алдым,
Кеткен соң ғашық оты бойымды алып...
...Шығаршы жүректегі шын сырыңды,
Жаутаңдап екі көзді мөлдіретпей.
деген өлең жолдарында С.Торайғыров Ахметтің жан-күйін сипаттағанда ғашық оты; шын сыр; жаутаңдаған көз сияқты эпитеттер қолданған.
Талпынып, қол сермедім ұшқан құсқа,
Болса да жетер ме деп қолым қысқа
Негізінен «Қамар сұлу» романынды қазақ салт-дәстүрлері сынға алынған. Ең көрнекті көрсетілген мәселесі қазақ қыздарының қалымға сатылуы, қыз-әйел баласының өмірде алатын орны болып табылады. Ал жоғарыдағы келтірілген шумақта кедей Ахметтің байдың қызы Қамарға «қолы қысқа болса да, ұшқан құсқа қол сермеуі» деп мәселенің түп-төркінің дөп басқан. Ұшқан құс, қысқа қол эпитеттеттерін қолдана отырып сол кездердегі әлеуметтік –теңсіздік мәселесінің қозғалғанын байқаймыз.
Қамардың Ахметтің хатына жазған жауап хаты:
Қарасам, сүйгендіктен қарамаймын,
Сүйсем де, сол сөзіне жарамаймын.
Арыстан айға шауып мертігіпті,
Секірме, қолың жетпес көктегі аймын.
Сен шыда, күйіп тұрсың, бір-ақ отқа,
Болсаң да қандай қызу жалын шоқта.
Аузың айтып, ар жағың біліп тұр ғой
Екі оттың арасында тұрғам жоқ па?!
Деп Қамар Ахметке қатал да, ойлы хат жібереді. Мұндай хаттың жолдауының себебі «Аш бала мен тоқ бала ойнамайды» дегендей. Және Ахметтің кедей отбасынан шыққаның ескерсек онда Қамардың данышпандығына сүйсінуге болады. Бұны өлең жолының бірінші шумағынан байқауға болады.Ол өзінің махаббатын болашақта Ахметтің амандығына қияды десе де болады.
Бұл хатты алған Ахметтің толғанып Қамарға жазған екінші хаты:
Ол рас менен гөрі малың тәуір...
Не шара, айтқан сөзім ем болмаса,
Сұңқар мен сұқсыр үйрек тең болмаса
Сен үшін мұнша қапа болмас та едім:
Алды-артым бәрі қысқа кем болмаса.
Өз жағдайын осылай бағалайды, бірақ өзінің шың махаббатынан қол үзбейді.
Екеу арасындағы сезімдерін ашқан ақ хаттар осылай өтіп жатады.
Бірақ «Жазмыштан озмыш жоқ» дейді ғой қазақ , бірін-бірі сүйген жандардың тағдырына бірге болу жазбаған. Жол айрықта екі жаққа айырылғанмен махаббатары еш өшпейді. Қамарға жорға Нұрым деген бір шал көз салып, оны:
Ататай, болдым ғашық мұрыныңа,
Көк бурыл иектегі құрымыңа.
Кірпідей аяқ-қолы жиырылған,
Қосылар күн болар ма тұлыбыма?
Қамар сарказммен осылай суреттейді. Бұны сатиралық түрдегі мысқыл да секілді.Бірақ бұл өмірдің қайда апарарын білмейсін ғой. Солай да Қамарды он бепс жасында жорға Нұрымға тұрмысқа шығарады.Кейін Қамар қатты ауыруға шалдығып, күннен-күнге халі нашарлайды. Жорға Нұрым өзінің надандығынан әртүрлі сөзі майлы бақсыларға сеніп, Қамардың жағдайын одан бетер ауырлатады. Қамардың қалған соңғы күндерінде Ахмет Қамарға келеді. Сонда Қамардың айтқаны:
Қазақта қыз туған жоқ менен артық,
Құлпырдым он бескеше бағым артып,
Майысып пісіп тұрған дер кезімде,
Малды шал анталады иттей тартып.
Ғибрат ал мен сорлыдан, қазақ қызы!
Түйрейтін мал менен шал-саған бізі.
Оңбайды бұл әдетпен қазақ халқы,
Бол себеп ақырында қалмасқа ізі.
Естіп жанында тұрған Ахмет естіген сайын өнбойы шымырлап, үзіліп кете жаздағандай болып, егіліп жылап отырып мынаны айтады:
Сені кім отқа салған шырылдатып,
Қойыпты тамағыңды қырылдатып.
Құтырған көк төбеттей арс-ұрс етіп,
Бақсыны кім әкелген ырылдатып.
Келіп ем көзі барда көрейін деп,
Көрген соң, күйігіңнен өлейін деп.
Шыдамай бұл қорлыққа мен отырмын,
Өзімді сенен бұрын көмейін деп
Ахмет бұл әділетсіздік өмір күресіне қате жол таңдап, жорға Нұрымға қол салады.
-Қарағым Қамар, міне сенің үшін жаным, қасықтай қаным, қош!-деп Ахмет соңғы сөзін айтады. Бұл өмір шындығы. Қазақ тарихының ұйқыдағы қазағымның ұзын да ұзақ қаралы жолы. ....

Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
kz | Рефераттар
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?