Экология | Қазіргі қоғам өміріндегі экологияның рөлі

Экология | Қазіргі қоғам өміріндегі экологияның рөлі

Қазақстан Республикасының экологиялық
қауіпсіздігінің жай-күйі
Қазақстандағы тәуелсіздік жылдары экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің мүлде жаңа мемлекетгік жүйесінің құрылуының және қалыптасуының, Қазақстан Республикасының қоршаған ортаны қорғау саласындағы атқарушы органдарды жақсы ұйымдастырылған және аумақтық таралған жүйесін - қоршаған ортаны қорғау мен табиғат пайдалануды басқарудың жылдары болды. Бұл қоршаған ортаны қорғау және табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыруды және дәйекті іске асыруды қамтамасыз етті.
Алайда, Қазақстанда көптеген онжылдықтар бойы қоршаған ортаға төтенше жоғары техногендік салмақ түсіретін, табиғатты пайдаланудың көбінесе шикізат жүйесі қалыптасты. Сондықтан экологиялық жағдайдың түбегейлі жақсаруы әзір бола қойған жоқ әрі ол бұрынғысынша биосфераның тұрақсыздануына, оның қоғамның тіршілік әрекеті үшін қажетті қоршаған ортаның сапасын оның қолдау қабілетін жоғалтуына апаратын табиғи жүйелердің тозуымен сипатталады.
Қоршаған ортаны қорғау сапасындағы мемлекеттік саясаттың негіздері Қазақстан Республикасы Президентінің 1996 жылғы 30 сәуірдегі өкімімен мақұлданған Экологиялық қауіпсіздік тұжырымдамасына енгізіліп, оңда өтпелі кезеңнің экологиялық басымдықтары, атап айтқанда, жекешелендірудің экологиялық проблемалары, табиғат қорғау заңнамасының мемлекеттік бақылау және сараптаманың, табиғат пайдаланудың экономикалық тетікгерінің, қоршаған орта мониторингінің жүйесін құру қажеттілігінің мәселелері қарастырылған болатын.
Ұлттық экономиканың барлық салаларын реформалау табиғи ресурстарды пайдалануға көзқарастардың өзгеруіне, қоршаған ортаны сақтауды ескере отырып, әлеуметгік - экономикалық дамуды жүзеге асыруға негіз болды.
Аталған тужырымдаманы қабылдаған сәттен бастап Қазақстан Республикасыңда қоғамдық дамуда елеулі өзгерістер болды. Мемлекет дамуының стратегиялық құжаттары әзірлеңді, табиғат қорғау заңнамасының негізі құрылды, қоршаған ортаны қорғау мәселері бойынша бірқатар халықаралық конвенцияларға қол қойылды, табиғат қорғау кызметін басқару жүйесі құрылды.
Мысалы, 1997 жылы "Қоршаған ортаны қорғау туралы", "Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы", "Экологиялық, сараптама туралы", 1998 жылы "Радиациялық қауіпсіздік туралы" заңдар, ал 2002 жылы "Атмосфералық ауаны қорғау туралы" заң қабылданды. Табиғатты ұтымды пайдалану саласында Президенттің "Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы" (1996 жыл) және "Мұнай туралы (1995 жыл) заң күші бар Жарлықтары, 2003 жылы - Орман, Су және Жер кодекстері қабылданды. Заңға тәуелді қажетті нормативтік құқықтық актілердің көпшілігі әзірленіп, бекітілді.
Заңнаманы жетілдіру мақсатында республикада оны дамыған елдердің заңнамасына жақындатып және халықаралық стандартгарды енгізу бағыты алынды. Қазақстан Республикасы 19 халықаралық конвенцияға қол қойды және оларды іске асыру жөніндегі іс - қимылдың ұлттық жоспарларын әзірледі. Экологиялық сараптау жүйесі, рұқсат ету және бақылау - инспекциялық жұмысы жолға қойылды.
Тұжырымдаманың міндеттерін орындау нәтижесінде қоршаған ортаны қорғау саласындағы мемлекеттік бақылауды күшейту және міндетті экологиялық сараптаманы енгізу есебінен 90 жылдардың басымен салыстырғанда қоршаған ортаны ластаудың қарқыны едәуір төмендеді. Алайда, мемлекеттің шешілмеген көптеген экологиялық проблемалар мәртебесі сол күйінде қалып отыр.
Жоғарыда аталғандармен байланысты елдің стратегиялық басымдықтарына сәйкес қазіргі жағдайдағы экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің міндеттерін түбегейлі қайта қарау, нақтылау және кеңейту көзделуде.
Жаңа Тұжырымдамада іске асырылмаған міндеттерді шешу ұсынылады. Олардың ішінде: экологиялық қауіпсіздік пен табиғат пайдаланудың аса маңызды проблемалары бойынша зерттеулердің, оның ішінде іргелі ғылыми зерттеулердің дамуын қамтамасыз ету; қоршаған ортаның жай -күйіне мониторингтің бірыңғай жүйесін енгізу; Қазақстан Республикасының аумағын экологиялық аудандарға бөлу және арнаулы картографиялау ұсынылады.

2. Экологиялық қауіпсіздіктің мақсаты
Экологиялық қауіпсіздік саласындағы мемлекеттік саясаттың мақсаты табиғи жүйелердің, қоғамның өмірлік маңызды мүдделері мен жеке тұлға құқығының қоршаған ортаға антропогендік және табиғи әсерлердің нәтижесінде туындайтын қатерлерден қорғалуын қамтамасыз ету болып табылады.

3. Экологиялық қауіпсіздіктің негізгі міндеттері
Осы мақсатқа қол жеткізу үшін мынадай міндеттерді шешу қажет:
- климаттың өзгеруі мен жердің озон қабатының бұзылуына душар ететін
антропогендік әсерді азайту;
- биоәртүрлілікті сақтау және жердің шөлейттенуі мен тозуының алдын
алу;
- экологиялық апат аймақтарын, әскери - ғарыш полигондары мен сынак,
кешендерін оңалту;
- Каспий теңізі қайраңының ластануының алдын алу;
- су ресурстарының тозуының және ластануының алдын алу;
- табиғи ластануларды, әуе бассейнінің ластануын, радиоактивті, бак-
териологиялық және химиялық, оның ішінде трансшекаралық ластануларды
жою және олардың алдын алу;
- өнеркәсіптік және тұрмыстық қалдықтардың жинақталу көлемдерін
қысқарту;
- табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу.
Қойылған міндеттерді шешуге:
- Қазақстан Республикасының заңдарын, табиғат пайдаланудың
мемлекеттік экологиялық бақылаудың және экологиялық мониторинггің
экономикалық, тетіктерін жетілдіру және жүйеге келтіру;
- табиғат пайдаланудың және экологиялық сараптаманың рұқсат ету
жүйесін оңтайландыру;
- қоршаған ортаны қорғау, экологиялық статистика, экологиялық білім
беру, экологиялық үгіт - насихат және жұртшылықтың қатысуы саласындағы
ғылыми - зерттеу жұмыстарын дамыту;
- халықаралық ынтымақтастықты кеңейту жолымен қол жеткізіледі.

4. Экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз
етудің негізгі қағидалары
Мемлекеттің экологиялық қауіпсіз дамуы мынадай қағидаттарға негізделеді:
- табиғи ресурстарды пайдаланудың экологиялық мүмкіндік шектерін
айқындайтын және қоршаған ортаны сапалы теңгермелі басқаруды қамтамасыз ететін шектеулердің, нормативтердің және шаруашылық әрі өзге
де қызмет жүргізу ережелерінің ғылыми - негізделген кешенін енгізу жолымен мемлекеттің тұрақты дамуы үшін барлық қоғамдық қатынастарды
реттеуге экожүйелік тәсіл; экологиялық қауіпсіздіктің өңірлік және
жергілікті міндеттерінің экологиялық қателердің алдын алуды жаһандық
және ұлттық мақсаттарына бағыныштылығы;
- қоршаған орта мен адамның денсаулығына келтірілген залалды өтеудің
міндеттілігі (табиғат пайдаланушылар мен ластанушылар төлейді);
- өндірістік күштерді дамыту мен орналастырудың экологиялық, экономикалық теңгермелігі (экологиялық сыйымдылық пен аумақтық жоспарлау қағидаттары);
- шаруашылық және өзге де қызметінің қоршаған ортаға әсерінің одан
кейінгі экологиялық және санитарлық - эпидемиологиялық сараптамаларымен бағалаудың міндеттілігі;
- халықтың экологиялық ақпаратқа қол жетімділігін қамтамасыз ету және
оның экологиялық проблемаларды шешуге қатысуы;
- халықарапық ынтымақтастықтағы әріптестік және халықаралық қүқық нормаларын сақтау.


5. Климаттың өзгеруі
"Қызу әсерінің" салдарынан болатын климаттың өзгеруі жалпы әлемдік көлемдегі проблема болып табылады және қоршаған ортаның жай - күйіне барынша қатер төндіреді.
Қазақстан 1995 жылы Климаттың өзгеруі жөніндегі БҰҰ Үлгілік конвенциясын бекітті, ал 1999 жылы осы Конвенцияда Киото хаттамасына қол қойды.
Аталған хаттаманы бекіткен және ол күшіне енген жағдайда Қазақстан қызған газдардың шығарындыларын қысқарту жөніндегі сандық міндеттемелерді өзіне жүктей отырып, I қосымшаның Тарапы болады.
Қазақстанның Киото хаттамасын бекітудің мақсатқа лайықтығын айқындау үшін 2004 жыл барысында қызған газдардың шығарындыларын қысқарту жөніндегі сандық міндеттемелердің Қазақстанның экономикасына әсері туралы зерттеулер жүргізу қажет.
Талассыз экологиялық тиімділігінен басқа, Киото хаттамасын бекіту біздің ел үшін халықаралық инвестцияларды тарту, басқа елдердің экономикасына активтерді орналастыру мүмкіндігімен инвестор рөліндегі бірлескен жүзеге асыру жобаларына және "таза даму" процестеріне қатысу, өндірістік энерготиімділікті арттыру үшін жаңа технологияларды қолдану, сыртқы энергетикалық рынокта елдің экономикалык, мүдделерін қорғау үшін көміртегі кредиттерін шоғырландыру, қызған газдардың шығарындыларына квоталар сату жөніндегі перспективаларды ашады.
Киото хаттамасын бекіткеннен кейін нақты жобалар мен іс - шараларды іске асыруды көздейтін Қазақстан Республикасында қызған газдардың шығарындыларын азайту жөніндегі 2015 жылға дейінгі бағдарлама әзірленетін болады. ....


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Ораза кестесі 2024 жыл. Астана, Алматы, Шымкент т.б. ауыз бекіту және ауызашар уақыты
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу

Соңғы жаңалықтар:
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!
» 2024 жылы студенттердің стипендиясы қанша теңгеге өседі