Мәдениет | Әлеуметтік таным белгісі

Мәдениет | Әлеуметтік  таным белгісі

“Мәдениет” атауы латын тілінен алғашында дегенді білдіреді. Сөйтіп табиғи себептерден туған өзгерістерден өзгеше, адам әрекеттерінен табиғат обьектісінде болатын барлық өзгерістер мәдениет деп түсінілді. Кейіннен “мәдениет”сөзі адам жасағанның бәрін білдіретін жинақтаушы атауға айналды. Осы тұрғыда алғанда мәдениет адам жасаған “екінші табиғат”, табиғатта жоқ, адамның саналы қызметінен жасалған бүкіл дүние ретінде қарастырылады. Мәдениет дегеніміз - белгілі бір адамдар тобы үшін ортақ мінез – құлық нормалары мен үлгілері, сенімдер мен адамгершілік құндылықтарының жиынтығы.
Адамдардың өзара байланыстарының өзгеруі олардың мәдениетіндегі өзгерісте де туғызады. Осы жөнінен алғанда адам мәдениетінің әлемі адамның аса мәнді қуатты күштері қалыптасуының дамуы мен көрініс табуының, олардың табиғатпен қоғамда іс жүзінде асырылуының аясы болып алады.
Күнделікті санада мәдениет ұғымы дербес адам, белгілі бір әлеуметтік тұтастық сипаттамасы үшін әдетте бағалаушылық қызмет атқарады. Ал мәдениеттің ғылыми ұғымына иеленетін болсақ онда оны адамдарың жасампаздық қызметі нәтижесінде жасалған және жасалынатын материалдық және рухани құндылықтар жиынтығы ретінде қарастырамыз. Рухани мәдениет - өркенді рухани құндылықтар жиынтығын тиісті мәдени – ағарту мекемелерінің құндылықтары мен өзіндік өндірісін танытатын рухани өмір дамуының нәтижесі, адам шығармашылығының жемісі. Бұл ұғым жасалынған құндылықтарды ғана емес, сондай ақ оларды өндіру, бөлу және тұтыну процесінің өзінде қамтиды.
Социологияда мәдениет деп заттар қатынасы емес және әлеуметтік ұйымдасу жүйесіндегі рөлдер қатынасы емес, қайта қоғам дамуының жеке тұлғалары мен субьектілері түріндегі адамдар олардың өздерінің қатынастары түсініледі. Рухани мәдениет аса күрделі де өзіндік ерекшеліктері бар қоғамдық құбылыс.
Адам мәдениетінің көрінісі социология тұрғысынан үш негізгі белгімен анықталады.
Біріншісі: адамның қоршаған табиғатқа қатынасы. Қазіргі жағдайда мәдениет пен жеке адам, мәдениет пен қоғам адам тұрған ортасына түзетуге келмейтін зардаптарды болдырмайтын жауапкершілікпен қатынасуға тиіс хал – ахуалдың сана деңгейімен өлшенеді. Адам қоғамы мәдениеті – қоғамның табиғатпен өзара байланыстарының ең алуан түрлі аяларынан: өндірісте демалыста тұрмыста көрінетін үйлесімдіктен.
Екіншіден: мәдениет – адамның басқа, адаммен қатынасы. Адамдар, мемлекеттер, этникалық топтар арасындағы қатынастар мәдениетінің дәрежесі. Ұжымдағы күнделікті тұрмыстағы отбасындағы өзара қатынастары мәдени ахуалы адамдардың өзара байланысы фактісін жеке түсіну дәрежесіне тәуелді.
Үшіншіден: мәдениет – адамның өзіне - өзінің қатынасы. Индивиттің мәдени қызметі дегеніміз – бұл үнемі өзін-өзі тәрбиелеу, өзін-өзі тану, өзін-өзі дамыту. Жеке адамның мәдени деңгейі білім алуға деген ұмтылыстан, тұрақты адамгершілік принцптердің қалыптасуынан, әдемілікті кемелдікпен сезінуінен, байсалды сырт келбетінен, денсаулығын жақсы ұстауынан көрінеді.
Мәдениет өз бойына материалдық және рухани өндіріс нәтижелерін бейнелендіріп сіңіреді. Сондықтан осыған сәйкес мәдениетті материалдық және рухани деп негізгі екі салаға бөледі. Осылайша бөле отырып, мәдениет бір тұтас жүйе, оның барлық эелементтері өзара байланысты екекнін ұмытуға болмайды. Әрине мәдениеттің материалдық және рухани салаларға бөлінуі олардың әр қайсысы қоғамдық қатынастар дамуында өзіндік өзгешелігі болатындығымен және ерекше рөл атқаратындығы мен өз ақтауын табады.
Материалдық мәдениет материалдық қызметтің барлық асласын қамтиды және оның нәтижелері(еңбек құралдыры, тұрғын үй, көлік құралдары, тұрмыста қолданылатын заттар), адам идеяларының матеериалдандырылуы, білімнің заттандырылуы болып танылады. Қоршаны ортаны қайта құру мен байланысты материалдық мәдениет ұғымы, біріншіден, өндірістің материалдық ортасын мақсатқа сай қалыптасытыруды, екіншіден, тұрмыстың материалдық ортасын өзгертуді, үшіншіден, адам организмі дамуының әлеуметттік ортасын өзгертуді білдіреді.
Рухани мәдениет ұғымы қоғамдық сананың барлық формаларымен деңгейлерін білім мен тәрбие жүйелері мәдениет мекемелері жүйелерін қамтитын күрделі де көп жақты құрылым. Таным мен білім берудің барлық түрлері, әдебиеттің, өнердің, философияның, дінің, ғыфлымның, адамгершіліктің барлық формаларымен түрлері осыған жатады.Демократиялық қоғам орнатып жатқан қазіргі жағдайда рухани мәдениет жан жақты кемелденген және әлеуметік белсенділігі зор жеке адамды қалыптасытыруды зор рөл атқарады. Егер қоғамның рухани өмірі адамдардың рухани қызметінде болатын қоғам өмірінің бір шама дербес саласы, ол қоғамдық сананы өндіру мен таратумен және қоғам мүшелерінің рухани сұраныстарын қанағаттандыру мен байланысты десек, ал рухани мәдениет адамдардың шығармашылық (творчестволық) қызметі нәтижесінде жасалған және жасалынатын материалдық және рухани құндылықтар жиынтығы.
Рухани мәдениеттің салыстырмасы дербестігін мойындай және оның бүкіл өзгешілігін ескере отырып, социология оны әлеуметтік өмірден, әлеуметтік қауымдастықтар мүдделерінен бөліп алып, оған қайдағы бір рухани бастаманың көріну формасы ретінде қарайтын мәдениеттану концепцияларына үзілді – кесілді қарсы шығады. Социология бүкіл адамзаттың мүдделер мен құндылықтарды қастерлейтін жалпыадамзаттық ортақ мәдениет түбінде үстемдік алатынына сенеді. Егер материалдық мәдениет негізінен табиғат күштерін игеруді білдірсе, ал рухани мәдениет қоғам мен табиғат танудың деңгейі мен терендігін көрсетеді.
Мәдениет адамдарға өз ортасында тұтуға, бірлестіктің басқа бірлестікпен өзара әрекеттігі бірлік пен тұтастықты сақтауға көмектесетін адамның өзара әрекетінің маңызды механизмі ретінде қалыптасады ....


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
» Елімізде TikTok желісі бұғатталуы мүмкін бе?
» Елімізде су тасқынынан зардап шеккендердің қандай мүліктеріне өтемақы төленеді?