Биология | Қазақстандағы ауа қауіпті әлеуметтік мәнді аурулар
Қазақстандағы ауа қауіпті, әлеуметтік мәнді аурулар
О Б А
Оба, чума (латынның pestis сөзінен шыққан, «кенеттен басып кіру» деген мағынаны білдіреді) – аса қауіпті зоонозды табиғи-ошақты карантиндік жұқпалы ауру. Түйеде, кеміргіштерде, қоянда, түлкіде, борсықта, ақбөкенде, мысықта болатын аса қауіпті жұқпалы ауру, бактериясы ауа не қан арқылы адамға да беріледі. Чуманың табиғатта өсіп-өніп отыратын ошақтары болады. Жануарға бүргелер арқылы беріледі. Ауру қоздырғышы таяқша тәрізді бактерияларды 1894 ж. бір-біріне байланыссыз жапон микробиологі С.Китазато (1853-1931) мен француз бактериологы А.Йерсен (1863-1943) (адамнан; 1897 ж. егеуқұйрықтан) тапқан. Оба таяқшасы (Yersinia pestis) пішіні жұмыртқа тәрізді, ұсақ, қозғалмайды, талшықтары болмайды, спора түзбейді, анилинді бояғыш заттармен тез боялады.
Аурудың даму кезеңі 3 күннен 6 күнге созылады. Ауру қатаң әрі кенеттен басталады. Алғашқы белгілері: дененің қатты дірілдеуі, ыстықтың 39-40 градусқа дейін көтерілуі, бастың айналуы, дененің еттерінің ауыруы, құсу, тамырдың дірілдеп соғуы, өкпенің қабынуы /пневмония/. Аурулар есінен ажырамағанмен ессіз адамша жатады. Психикасы өзгере бастайды, орнынан ұшып тұрып, қашқысы келеді. Мастар секілді сөйлей алмайды. Қан қысымы төмендеп, жүрек-жұмысын бұзады. Тілі ісініп, тамағы құрғап, миндалі ісініп кетеді. Бауыры ісінеді. Қанды құсық құсады. Қан кетуі де мүмкін.
Оба ауруының аса қауіптілігіне байланысты бұл ауруды тараптауға үлкен күш салынады. Әлемдік денсаулық сақтау ұйымының қадағалауымен, ұйымдастыруымен бұл аурудың эпидемиялық түрде және жоғары деңгейде дамуына әрі тарап кетуіне жол бермеуге шара қолданылады.
Оба ауруының тарамауына қолданатын шараның негізгі бөлігі оның табиғи ошақтарында тұрақты әрі кешенді бақылау жұмыстарын жүргізіп отыру.
Егер ауру байқалған жағдайда ауырған адамдарды тез арада емханаға жатқызып, олармен қатынаста болған адамдарды дәрігерлік бақылауға екшеп алу керек. Ауруды таратып отырған көзін іздейді. Оны тапқаннан соң, ол объектіні зарарсыздандырып, сол мекеннің жалпы тұрғындарын бақылауға алады. Карантиндік шараларды анықтайды және жүргізеді.
Т Ы Р Ы С Қ А Қ
Тырысқақ (холера) /грек сөзі/. Тырысқақ – аса қауіпті ішек ауруы. Тырысқақтың қоздырғыштары жылы уақытта және ылғалдың аздығына төзімі төмен.
Тырысқақ ауруы көбіне Үнді елінде, оның Ганга жәнн Брахмапутры өзендерінің бойында, Индонезия, Пәкістан елдерінде жиі байқалады.
Тырысқақтың қоздырғыштары ауру адамның бойынан құсықпен, үлкен дәретпен көптеп шығады. Содан соң шыбындардың, басқа да таратқыштармен тарап кетуі мүмкін.
Ауру 1-3 тәуліктің ішінде басталады. Алғашқы көрінуі әр түрлі болады: жеңіл іш өтуден тез арала адам өліміне алып келеді. Алғашқы іш өту тез арада жиілеп, сұйықтанады, аурудың ыстығы көтеріліп, құсады, денеде ылғал азайып, құрысып-тырысып қалады /судороги/, емделмеген кезде адам өледі.
Тырысқақтың сақтануға вакцинаны, антибиотиктерді және басқа да дәрі-дәрмектерді қолданады.
Ауру жедел емханаға жеткізілуі тиіс.
Тырысқақ басталғанда, қатынаста болған адамдар 5 тәулікке дейін оқшауланады, дәрігерлік бақылаудан өтеді, су қоймалары, көздері санитарлық күзетке қойылады, су залалсыздандырылады, тамақ өндірісі, дүкендер, адамдар көп жиналатын жерлерге санитарлық бақылау жасалынады. Сол сияқты бақылау бекеттері теміржол, автокөліктерінде қойылады.
Тырысқақ шыққан жерде Төтенше комиссия карантин жариялайды.
Күйдіргі, Түйнеме (Сибирская язва) – өткір жұқпалы ауру. Күйдіргі ауруы көп елдерде кездеседі. Түркия, Риан, Үндістан, Қытай Чили, Аргентина, Кения, Танзания, Автралия, Американың кейбір штаттарында Кавказ, Орта Азия елдерінде, Қазақстанда кездеседі. Бұл аурулар қоздырғышы ірі қара малда, қойда, ешкіде, бұғыда, түйеде, шошқада болады. Көбінесе ауру малды баққан адамға, сойғанда жұғады. Ауырған малдың етін асқа пайдаланғанда азырақ жұғады.
Күйдіргінің басталуы орташа алғанда 2-3 күнге созылады, тіпті 8 күнге дейін жетеді.
Күйдіргінің жара және висцеральды (асқазан-ішек) түрі болады.
Жара түріндегі күйдіргі қоздырғыштың теріге түсуінен басталады, қошқыл қызғылттанып, тез көтеріледі де, бірер сағаттан соң, 2-3 мм жара пайда болады. Содан соң жарылып шамасы үлйеке береді. Жараның айналасында ісік пайда болады. Жара болып тұрғанда адамның жалпы жағдайы аса қатты өзгермейді. Ептеп бас ауырады, шаршағандық пайда болады. Екінші тәуліктің басында аурудың ыстығы 39-40 градусқа дейін көтеріледі және ыстық 5-6 күнге дейін жалғасуы мүмкін. Ден саулығы нашарлайды. Жүрек ауруы басталады, организмнің улануы басталады.
Күйдіргінің асқазан-ішек түрінде болғанда, іш қатты ауырады, улану басталады. Ыстығы жоғарылайды, тыныстауы ауырлайды. Бауыры ісінеді. Құрысып-тырысып ауырады, менингит басталуы мүмкін. Ауру 5-6 күннің ішінде өлуі мүмкін.
Ветеринарлық-санитарлық және медициналық-санитарлық шаралар жүргізу арқылы қадағалау жүргізу қажет.
Т У Б Е Р К У Л Е З
Туберкулез. Тубезкулез өте ерте заманнан белгілі ауру. Ағзадағы тубезкулез ауруының клиникалық белгілерін алғаш рет б.э.д. IV ғасырда Гиппократ жазған. «Туберкулез» терминін 1813 жылы алғаш қолданған француз дәрігері – Ленник. Бұл аурудың жұқпалы екендігін 1865 жылы ғалым Ж.А. Вейленан дәлелдеген.
Аурудың қоздырғышын 1882 жылы ғалым Кох ашты және аурудың алдын алуға мүмкіндік беретін дәрі-дәрмекті ойлап тапты.
Тубезкулез ауруын таратушы – ауыратын адамдар.
Адамда, жан-жануарларда (ірі қара мал, шошқа, тауықта) болатын жұқпалы ауру. Зақымданған адам мүшесінде (өкпе, лимфа бездері, тері, сүйек, бүйрек, ішек) уақ төмпешіктер пайда болады. Тубезкулезбен екі жолмен жұғады:
1. ауа арқылы (аэрогенный путь)
2. тамақ арқылы (алиментарный путь)
Туберкулездің ашық түрімен ауыратын адам қақырықпен күніне 15-20 млн. қоздырғыштар бөледі. Қоздырғыштар жөтелгенде 2 метрге дейін қашықтыққа, түшкіргенде 9 метр қашықтыққа дейін ұшады.
Туберкулездің өкпе, жілік және омыртқа, буын тағы сол сияқты түрлері болады.
Туберкулезбен күрестің ең тиімді жолы – алдын алу.
Біріншіден, халықты жаппай флюроографиялық тексеруден өткізіп тұру. Екіншіден, бұрынғы туберкулезбен ауырған адамдарды тексеруден өткізіп, бақылауда ұстау.
Ашық түрлі туберкулезде алғашқы және қорытынды зарарсыздандыруды жүргізеді. Алғашқы зарарсыздандыруды ұйымдастыратын де, бақылайтын да туберкулез диспансері.
Аурудың киім-кешегін жуатын жерге өткізбейді.
Киімдерді, ойыншықтарды, кілемдерді, кітаптарды ыстық үтікпен үтіктеп, шаңсорғышпен шаңын жинайды.
Бөлмелерде күнде ылғалды жанау керек. Еденді жууға 2-пайызды сабын-сода ерітіндісімен жуады.
Жуынатын жерлерді, дәретхананы 10-пайызды ерітіндімен жуады.
С А Р Ы П ( Б РУ Ц Е Л Л Е З )
Сарып, бруцеллез (Brucellosis), медицинада – адам мен малдың жұқпалы ауруы. Аурудың қоздырғышы бруцелл – суыққа төзімді, ыстыққа төзімсіз бақтерия. Мұны 1886 ж. ағылшын дәрігері Д. Брюс (1855-1931) тапқан. Кейіннен бұл аурудың адамға малдан жұғатыны анықталды. Сүтті қайнатқанда және пастерлегенде бруцеллдер бірден, арнайы дезинфекцияланған заттардан бірнеше минутта, ал тура түскен күн сәулесінен бірнеше минутаттан 3-4 сағат аралығында өледі; топырақта 3, суда және тоңазытылған етте 5 айдай, сиыр етінде 45 күн, тұздалған қой терісінде 2 ай, мал жүнінде 4 ай дай артық тіршілігін сақтай алады. Сарыппен көптеген үй жануарлары (қой, ешкі, сиыр, шошқа) ауырады. Ауырған мал іш тастайды және шуы түспейді. Індет малдың несебі, сүті, жыныс мүшесінен аққан жалқыаяқ, іш тастаған малдың қағанаты, лас төсеніш, құрал-жабдық, т.б. арқылы тарайды. Адамға сарып көбінесе ауру малдың сүтін қайнатпай ішуден, етін дұрыс пісірмей жегеннен жұғады. Жүн жуатын, ет комбинаттарының жұмысшылары және ауру малды күтуші адамдар сарыппен жиі ауырады. Аурудың белгісі 1-3 аптада білінеді. Ауырған адамның температурасы 39-40ºС-қа дейін көтеріліп, қалтырап, әлсіздік пайда болады. Науқасты қалың тер басып, басы ауырады, буыны мен бұлшық еттері сырқырап, жүйке және қан тамырлар жүйесі зақымданып, кейде адамның психикасы да өзгеруі мүмкін. Ауруды дұрыс емдемесе еңбекке жарамсыздыққа әкеледі, ал жүкті әйелдер сарыппен ауырса, түсік тастайды. Ауруға шалдыққан адам ауруханада емделеді. Сарып ауруы байқалған шаруашылықтардан шетке мал шығарылмайды, шеттен келген мал тексеруден өтеді. Ауру мал жайылған өріске сау малды жаюға тыйым салынады. Сарыптан сақтану үшін сау малға вакцинация жасалады. Ауру мал тұрған қора, алаң, аула көңнен тазартылып, концентрациясы жоғары ерітінділермен дезинфекцияланады; іш тастаған малдың қағанағын, жалқыаяғын, оның жатқан төсенішін, ластанған көңін өрттейді. Өлген малдың терісін 2 айдай тұзға салып қояды, жүнін бромды метилмен зарарсыздандырады. Ауру малды күтуші адам үнемі дәрігердің бақылауында болады.
Қ Ы Ш Ы М А
Қышыма /терінің ауруы/. Саусақ арасындағы қыртыстарда, алақанда, қарында көрініп адамды тынышсыздандырып қышытады. Қотыр кенесі деп аталатын микробтардан жұғады. Лас киіммен жүргенде, ұзақ жуынбағаннан пайда болуы мүмкін.
П Е Д И К У Л Е З
Педикулез. Киімде, адам басында болатын биттерден теріге жұғып ауру туғызатын микробтар.
Алдын-алу шаралары: денені, киімді, төсек-орынды таза ұстау.
С П И Д
СПИД – ХХ ғасырдың обасы. Бұл дерт бүкіл жер бетін басып келеді. Сондықтан да осы аурудың алдын-алу, одан сақтану, алғашқы және негізгі белгілері және оны емдеу тәсілдері сияқты мәселелер барша жұртты мазалап, ойландыруда. Адамдарды қоршаған сыртқы ортада есепсіз микроорганизмдер бар екені баршамызға белгілі. Бірақ біз ол аурулармен ауыра бермейміз. Себебі, біздің организмімізде микробтардың әсіресе қарсы қарсы тұра алатын қорғаныс жүйесі – иммунитет – бар. Иммунитет дегеніміз адам организміне енген бөтен белок, клеткаларды жоюға немесе шығарып жіберуге бағытталған организмнің қорғаныс шараларының жиынтығы. Бұл реакцияға сүйектің кемігі (миы), төс асты безі (айыршық без), көк бауыр, талақ, т.б. лимфоцит аталатын клеткалар қатысады. Организмнің иммунитеттік жауап қызметі нерв жүйесі және ішкі секреция бездері жүйелерінің басқаруымен атқарылатын түрлі биохимиялық реакциялар арқылы орындалады. Микробтардың ауру қоздыруына қажетті бірден-бір шарт – адам организмінің әлсіреуі, оның қорғансыз қалуы. Басқаша айтқанда организмге иммунитет жетіспеушілігі пайда болады.
Дүниежүзілік денсаулық сақтау министрлігі өкілетінің 1989 ж. 5 қаңтардағы хабарында жер жүзінде 1986 жылдың 31 желтоқсанына дейін СПИД ауруы 142 елде тіркелгені айтылған. Оларда 132976 ауру болды, соңғы деректерге қарағанда СПИД-пен ауырғандардың саны АҚШ-та 100885 адамға, ал Европада 15414 адамға жеткен.
СПИД қоздырғыш немесе адамға иммунитет тапшылығын туғызатын вирусты (Вич-1) 1983 жылы француз ғалымы вирусолог Монтанье тапты. Ал 1984 жылы американдық ғалым Н.Голло вирустың қасиеттерін жан-жақты тексеріп, жариялады. СПИД вирусы адам организміне кірген соң, ол қанның лимфоцит құрамына еніп, клетканың генетикалық аппаратына жабысып, көбейе бастайды. Осының әсерінен клетка жарылып өледі. Одан шыққан вирустар жаңа клеткаға еніп, осы процесс қайталанады. Өкінішке орай, СПИД вирусын өлтіретін дәрілік заттар адам клеткаларына да өте күшті әсерін тигізеді.
СПИД-ті қоздыратын вирустың таралу жолдары. Зақымданған адам организмінде вирус қанның лимфоцитімен қан түйірлері пайда болатын органдарда өсіп өнеді. Сыртқы ортаға ол ұрықпен немесе әйелдердің жыныс мүшелерін ылғалдандырып тұратын сұйықтармен бірге шығады. Жыныстық жақындасу кезінде әріптестердің жыныстық мүшелерінің шырышты сілекей қабығы жарақатқа немесе қанға, сары суға СПИД-пен зақымданған адамнан шыққан вирус түседі де, әріптесіне ауруды жұқтырады. СПИД ауруы тек екі жолмен: жыныстық қатынас және қан арқылы таралады.
СПИД ауруының белгілері. СПИД ауруының белгілері өте көп және әр түрлі. Аурудың белгілері вируспен зақымданғаннан кейін бірнеше аптадан кейін біліне бастайды. Яғни, жалпы шаршампаздық, терлегіштік және қолтықтағы, мойындағы бездердің ісінуі, содан соң жиі-жиі іш өту, арықтау, теріге немесе шырышты сілекей қабығына жара шығу, өкпе қабынуы. СПИД-пен ауырғандардың жұмыс істеу қабілеті төмендейдеп, аяқ-қолдың жұмыс істемей қалуы пайда болады. СПИД адатзат өміріне өте қауіпті ауру. СПИД адамзат алдында тұрған қиын және жаңа проблема. Сондықтан осы аурумен күреске барлық ғылыми күштерді жұмылдыру керек және халықаралық қатынастарды тығыз жүргізу қажет. Бұл СПИД-ке қарсы дәріні немесе вакцинаны жасаудың бірден-бір жолы.
СПИД-тің алдын алу. СПИД – адамзат өміріне өте қатерлі ауру. СПИД-тен қорғану үшін біріншіден, әлеуметтік, мемлекеттік және халықаралық шаралар ұйымдастыру қажет.
Екіншіден, жеке адамды қорғауға бағытталған шаралар жүргізілуі тиіс. Ауру адамның сау адамдарға ауру тарату мүмкіншілігін тежеп, оған жол бермеу. Яғни СПИД вирусымен зардап шегетін адамдардың жыныстық қатынасқа түспеуіне тыйым салу керек, сол сияқты қан құю арқылы аурудың сау адамға таралуына жол бермей керек.
Аурудың таралу жолдары мүмкіншілігін тежеудің немесе жоюды алдын алу жүйесін енгізу керек.
Үшіншіден, әр адамның жұқпалы ауру қоздырғышқа қарсы тұра алатын қабілетін күшейтетін вакцина жасап, оны адамдарға егу керек.
СПИД – адамзат алдында тұрған жаңа және күрделі мәселе. Ол тек медициналық қана емес, әлеуметтік проблема. Сондықтан, осы аурумен күреске барлық ғылыми күшті жұмылдыру керек және халықаралық қатынасты тығыз жүргізу қажет. Бұл – СПИД-ке қарсы қолданатын дәріні және вакцинаны жасауды тездетудің бірден-бір жолы.
Жұқпалы аурулардың қанат жаюының себептері
Жұқпалы аурулардың кең қанат жаюына біріншіден, экологиялық жағдай, екіншіден экономикалық, әлеуметтік жағдай әсер ететіндігі белгілі. Жақын және алыс шетелдерден дәрі-дәрмек тасымалдау ісі қазір ең пайдалы бизнес көзіне айналып отыр. Соңғы екі жылда шетелдерден дәрі-дәрмек әкелу Қазақстанда 245 есеге артты, ал осы дәрі-дәрмектің көбі сапасы төмен немесе пайдалану уақыты өтіп кеткен өнімдер екенін дәрігерлердің өздері де мойындайды. Мұндай алыпсатарлық іс халықтың денсаулығына елеулі зиян келтіреді.
Адам денсаулығын нығайтудың жолдары
Бұл тақырып туралы айтқанда бұрыңғы Кеңес Одағының белгілі ғалымы, профессор, хирург Н.М. Амосовтың денсаулық туралы айтқандарына ескермеуге болмайды:
– Адамның көпшілік ауруларына табиғат та емес, қоғам да емес, тек өзі айыпты.
– Көбіне жалқаулықтан, сараңдықтан, ал кейде ақылға симайтын істер істегеннен ауырады.
– Медицинаға сүйенбеңіз. Ол көп ауруларды жазуы мүмкін, бірақ адам денсаулығын нығайтып түзей алмайды.
– Медицина әзірге денсаулықты қалай нығайту керек екеніне жауап бере алмайды.
– Дәрігердің тұтқынына түсуге ұмтылмаңыз. Кейде адамның әлсіздігін ұлғайтып, ғылымның дәрежесін жоғарлатуы ықтимал.
– Денсаулықты нығайту үшін үнемі тек өз жеке басыңның ұмтылысы керек. Мұны ештеңемен ауыстыра алмайсың. Адам бақытына қарай, оның жаратылысының жетіскендігі сонша, ол әрдайым денсаулығын нығайта алады. Тек үлкейген сайын және аурудың ұлғаюына сәйкес денсаулық үшін өз қара басыңның күресуі де ұлғаюы және әр түрліше болуы қажет.
Денсаулықты нығайтудың 4 шарты бар:
• денеге қажетті физикалық күш түсіру; /физ. нагрузки/
• денені шынықтырып отыру;
• тамақты шектеп ішу; Салмағың бойыңа сәйкес болуы керек: (180 см. – 80 кг. 160 см. – 60 кг.)
• уақытын тауып демала білу;
• сабырлы, салиқалы өмір кешу.
Әр түрлі қызметпен араласа жүріп адам шаршап, денеге салмақ түсірмей, теріс әсер бермейтіндей етіп ұйымдастыра алуымыз керек. Күнбе-күнгі еңбектің тығыз желісін денсаулыққа зиянсыз қалай өткізу керек.
Біздің жұмысымыздың сапалылығы да, өміріміздің ұзақтығы да, оның белсенділікпен жүруі де осыған байланысты. Өмірде еңбексіз күнелту мүмкін емес. Еңбек тек қоғамның не әлеуметтік маңыздылықпен шектелмейді, ол адамның денсаулығына, оның рухани өміріне зор әсер етеді.
Тек денсаулығы мықты адам ғана қоғамда байлық өндіре алады, оны сайтай алады. ....

Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
kz | Рефераттар
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?