Құқық | Қазақстан Республикасы Азаматтық құқығының ұғымы

Құқық | Қазақстан Республикасы Азаматтық құқығының ұғымы

Қазақстан Республикасы Азаматтық құқығының ұғымы.
Азаматтық құқықтың пәні.

«Азаматтық құқық» атауы ежелгі уақыттан бері белгілі, оны римдік заңгерлер Рим азаматтарының құқығы- цивильді (juscivile) құқық деп атаған.
Тарихтан белгілі римдіктердің құқығы осы атаумен белгіленді (квириттер құқығы). Римдік jus civile көне римдегі азаматтардың мемлекеттік, қоғамдық және жеке өзіндік қатынастарын реттеді және қазіргі азаматтық құқыққа қарағанда ұғымы әлдеқайда кең болды. Қазіргі кезде азаматтық құқықтың римдік атауы сақталғанымен оның мазмұны барынша өзгерді. Дейтұрғанмен соған қарамастан «civil» атауы еуропалық құқықтануға еніп қана қоймай, заң терминологиясына (
Zivilrecht, droit civil, civil law) кірді. Сондықтан да азаматтық құқықты цивилистік деп атайды, ал бұл саладағы мамандарды-цивилист деп жүр.
Римде құқықты жария және жеке (jus pablicum ,jus privatum) деп екі салаға бөлгенін білеміз. Жария және жеке құқықтардың классикалық аражігін Ульпиан былайша ашып көрсетеді: «жария құқық дегеніміз рим мемлекетінің құқықтық мәртебесіне қатысты, ал жеке құқық болса жекелеген адамның мүддесіне сай келеді».
Қазақстан Республикасының қазіргі құқық жүйесі жария және жеке құқық деп бөлінбейді. Біздің ұлттық азаматтыққұқық тек өзіне ғана тән және белгілі бір ерекшеліктері бар институттардың аясында қалыптасты дей аламыз.
Сонымен қатар азаматтық құқықтың әртүрлі жүйелерінің арасында белгілі бір дәрежеде ұқсастықтар бар. Сондықтан азаматтық құқықтық жүйелерде болып жатқан процестер Қазақстан Республикасының азаматтық құқық іліміне әсерін тигізіп отыр. Бұл орайда «біз жаңа мемлекетті, жаңа нарықтық экономика мен жаңа демократияна көптеген өзге де жас тәуелсіз мемлекеттер осы тәрізді жолды басынан кешіп те үлгер. Республикасының құқық салаларының бірі болғандықтан күнделікті тыныс –тіршілікпен, сондай-ақ азаматтардың, заңды тұлғалар мен мемлекеттің өзімен, оның әкімшілік –аумақтық бөліністерімен тығыз байланысты.
Азаматтық құқықты зерттемес бұрын азаматтық құқық пәні анықтап, басқаша айтқанда, мұның пәні не екенін белгілеп алуға тиістіміз. Ал азаматтық құқықтың пәнін анықтаудың өзі оңай шаруа емес. Өйткені, азаматтық құқықпен реттелетін қоғамдық қатынастар ауқымы өте кең де сан қырлы.
Құқық жүйесі іштей құқық салаларына бөлінеді. Әдетте құқықтық қай салаға жататындығын анықтау үшін оның пәні мен құқықтық реттеу әдістемесі қолданылады. Дәл осы пән мен әдістеме арқылы азаматтық құқықты Қазақстан Республикасының басқа құқық салаларынан аражігін айыра отырып, сонымен бірге оның салалық ерекшеліктерін де айқындауға болады.
Қазақстан Республикасы азаматтық құқығының пәнін тауар-ақша қатынастары және қатысушылардың теңдігіне негізделген өзге де мүліктік қатынастар, сондай-ақ мүліктік қатынастарға байланысты мүліктік емес жеке қатынастар құрайды (Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 1-бабы, 1-тармағы). Сонымен қатар мүліктік қатынастарға байланысы жоқ мүліктік емес жеке қатынастар азаматтық заңдармен реттеледі, өйткені олар басқа заң құжаттарында өзгеше көзделмеген не мүліктік емес жеке қатынастар мәнінен туындамайды.
Азаматтық құқықпен реттелетін қоғамдық қатынастар негізінен мүліктік қатынастар болып табылады. Материалдық игіліктермен (мүлікпен, жұмыспен, қызмет көрсетумен, ақшамен, құнды қағаздар мен басқа да мүліктермен) байланысы бар қоғамдық қатынастар мүліктік қатынастар деп аталады. Мұндай қатынастар иелену немесе мүліктің тиістілігіне қарай (заттық қатынас), мүліктің бір адамнан екінші адамға ауысуы , өтуі(міндеттемелік қатынас),меншік иесіне қайтыс болуына байланысты заттың тағдырын шешу (мұрагерлік қатынас), тәрізді қатынастар тұрғысынан көрінсе, онда олар азаматтық заңмен реттеледі. Бір сөзбен айтқанда, мүліктік қатынас дегеніміз мүліктерді сатып алу, иелену, басқа адамдарға беру мен пайдалану жөніндегі қатынас болып табылады.
Дейтұрғанмен бұдан азаматтық құқық мүліктік қатынастардың бәрін бірдей реттей береді деген ұғым тумауы тиіс. Өйткені, олардың өзі әртүрлі сипатта кездеседі. Сайып келгенде мүліктік (имущественность) дегеніміз заңды белгі болып табылмайды, ол тек экономикалық түсінік. Сондықтан да азаматтық құқық пәнінің мазмұнын оны біріктіретін әрі мән-мағынасын ашатын тұсын бөліп қарауды қажет етеді. Қоғамдық қатынастарды бір-бірінен ажырататын мүліктік қатынастардың мынадай белгілері, атап айтқанда, белгілі бір экономикалық құндылыққа ие болуымен байланысты материалдық объектілер жайында адамдардың арасындағы қатынастар болғандықтан оның ерік сипатында болатындығы нарықта дербес тауар иеленуші ретінде қимылдауы,қатысушылардың өзара келісім және өзара шарт жасауы.
Мүліктік құндылық қатынастарға ең алдымен иқатысушылардың құн заңына сүйенетін мүліктік қатынастарының теңдігіне негізделген тауар-ақша қатынастары және өзге де қатынастар жатады десек, нарықтық экономика жағдайында тауар-ақша қатынасы азаматтық құқықты реттеудің негізгі өзегіне айналады.
Мүліктік қатынас адамдар арасындағы қатынас болғандықтан ол мүліктік емес қатынастар мен біте қайнасып, ұштасып жатады.
Қазақстан Республикасы азаматтық заңдары мүліктік емес қатынастардың екі түрін, атап айтқанда,мүліктік қатынастарға байланысты мүліктік емес жеке қатынастар (АК-тің 1-бабы, 1-тармағы) мен мүліктік қатынастарға байланысы жоқмүліктік емес жеке қатынастарды (АК-тің 1-бабы, 2-тармағы) реттейді. Мүліктік емес жеке қатынастардың бірінші тобына мүліктік қатынаспен байланысы бар мүліктік емес жеке қатынастар жатады. Бұл жердегі «байланыстылық» деген сөз жеке қатынастардың мүлікке бағыныштылығын көрсетпейді, қайта қоғамдық қатынастардың біртұтас бірлікте болуын айқындайды (мәселен, авторлық, өнертабыс және т. б. қатынастар). Мысалы,бір ұйымның басқа бір заңды тұлғаның тауарлық белгісін заңсыз қолданса онда ол әлгі тұлғаға зиянын тигізеді. Мүліктік емес қатынастан келіп мәселен, шығарманың авторы үшін мүліктік қатынастың мүліктілігі пайда болады. Сондықтан мүліктік қатынасқа байланысты мүліктік емес жеке қатынастар азаматтық құқық нормаларымен реттеледі.
Мүлік қатынасына байланысы жоқ мүліктік емес жеке қатынастардың екінші түрі мүліктік қатынасқа қарағанда өзге фактілерге орай және басқа субъектілер арасында да туындайды. Ол жеке адамдар мен ұйымдарға ғана тән әрі олардан ажырамайтын игілік болып табылады, сондай-ақ онда мүлік мазмұны болмайды, ақшамен де бағалауға келмейді.
Мүліктік емес жеке қатынас Қазақстан Республикасы Конституциясымен реттеледі.Конституцияның II тарауы адам мен азаматтың ажырамайтын құқықтарына арналған. Сонымен азаматтық құқықтың реттеу пәніне мүліктік қатынастарға байланысы жоқ мүліктік емес жеке қатынастардың мейлінше кең ауқымы енеді. Қорыта айтқанда, азаматтық құқықты реттеудің пәні, осындай.Енді әдістеме жөніндегі мәселеге тоқталайық.

Азаматтық құқықтың әдістемесі.

Құқықтың әрбір негізгі саласының өзіне тән құқықтық реттеу әдістемесі болады. Ал оның жеке қырлары субъектілердің құқықтық мәртебесінде (статусында), құқық қатынастарын қалыптастыру негіздерінде, олардың мазмұнын айқындау әдістерінде және заң санкцияларында топтастырыла көрсетілген.
Мүліктік және мүліктік емес қатынастардың азаматтық - құқықтық реттеу әдістемесі бірқатар өзіндік белгілерге ие:
а) азаматтық құқықтық қатынастарға қатысушылардың жалпы құқықтық жағдайы олардың тауар-ақша және басқа қатынастарына негізделген заңды түрдегі теңдігімен сипатталады. (АК-тің 1 және 2-бабы,1-тармағы). К. Маркс «Капиталда» былай деп жазды : «Бұл заттар бір-біріне тауар ретінде қатысуы үшін тауар иелері бір-біріне адам ретінде, бұл заттарды еркімен билейтін адам ретінде, қатысуға тиіс:сонымен, бір тауар иесі тек екіншінің еркі бойынша,демек олардың әрқайсысы екеуіне ортақ ерікті акт арқылы, өз тауарын басқаға бере отырып, өзге тауарды өзі иемденеді. Демек олар бірін бірі жекеменшікші деп білуге тиіс.
Азаматтық –құқықтық қатынастарға қатысушылардың заң жүзіндегі теңдігіне келсек, олардың азаматтық айналымда тең құқықты, тәуелсіз субъектілер екендігін көреміз, әрі оның әрқайсысы мүліктік оқшаулыққа ие болады, сондай-ақ бір-бірімен қарым-қатынаста тең дәрежеде әрекет етеді. Бұл азаматтық құқық субъектілерінің бірде-бірі азаматтық құқық қатынасында екінші жаққа бір жақты міндет жүктеуіне болмайды деген сөз. Сонымен қатар құқықтық қатынастағы жақтардың араларында дау туындаған жағдайда, екінші жақ үшін міндетті болып табылатын шешімді қабылдай алмайды;
ә) азаматтар мен заңды тұлғалар өздерінің азаматтық құқықтарына өз еркімен және өз мүддесін көздей отырып ие болады және оларды жүзеге асырады. Олар шарт негізінде өздерінің құқықтары мен міндеттерін анықтауда және шарттардың заңдарға қайшы келмейтін кез-келген жағдайларын белгілеуде ерікті. Демек, азаматтық-құқықтық қатынастардың қатысушыларына өзінің қалауынша және мүддесіне сай келетін жағдайларды таңдауына мол мүмкіндік жасалады;
б) тараптар азаматтық құқықтық қатынастарда тең дәрежеде қорғану құқығына ие және қорғанудың белгілібір мүмкіәндігін таңдауға ерікті. Азаматтық құқықты қорғау сотпен (төрелік сотрпен немесе аралық сотпен) жүзеге асады, бұл орайда Азаматтық кодекстің 9-бабына сәйкес қорғанудың азаматтық істерді жүргізу заңдарының ерекше ережелерін сақтай отырып ашық әдістерді қолданылады. Егер заң құжаттарында өзгеше көзделмесе, бұзылған құқықты қорғау үшін өкімет билігі немесе басқару органына өтініш жасау, құқық қорғау туралы талап арызбен сотқа шағымдануға кедергі жасамайды. Былайша айтқанда, сот бұзылған немесе дауға түскен құқықтарды қорғауға тиіс. Егер қандайда бір құқық әкімшілік жолмен қорғалса, онда ол заңға тікелей сүйенуі керек .Мұндай жағдайда құқыққа байланысты дау сотқа бірден жіберілмей, алдымен әкімшіліктің шешімін күтеді. Әкімшілік шешім қабылдағаннан кейін ғана оны сотқа беруге болады.
Азаматтық кодекстің 9-бабының 1-тармағына мемлекеттік басқару органының немесе жергілікті өкілді атқарушы органның заңдарға сәйкес келмейтін құжатын жарамсыз немесе орындауға жатпайды деп тану туралы азаматтық құқықтарды қорғаудың жаңа тәсілі енгізілген. Азаматтық кодекс қабылданғанға дейін көптеген құқық қолданушы органдар заңға сүйеніп жасаған құжаттардың сол заңға сәйкес келмегенімен іс жүзінде оның қолданылып келгеніне әрі мұндай заңсыз құжаттарды ешкімнің де теріске шығармағанына талай мәрте көз жеткізген болатын, ал осындай келеңсіздік көп қиындық келтірді;
в) азаматтық-құқықтық жауапкершілік өзіндік сипатымен, атап айтқанда, мүліктік және өтем түрінде айқындалады; сондай-ақ оған келтірілген залалды толықтай өтеу талабы да жатады, заң құжаттарында өзгеше көзделмеген жағдайда, бұл заң бұзушының кінәсінің қандай екендігіне де байланысты болады.
Осы айтылғандарға сүйене отырып, мынадай тұжырым жасауға болады : азаматтық-құқық құқықтың бір саласы,ол тауар-ақша қатынастары және қатысушылардың теңдігіне негізделген өзге де мүліктік қатынастар, сондай-ақ мүліктік қатынастарға байланысты (немесе байланысы жоқ) мүліктік емес жеке қатынастарын реттейтін нормалардың жиынтығы болып табылады ....


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?