ШҚО әкімі аппаратының бөлім жетекшісі Нұртас Адамбайды жабылып ұруға ұсыныс жасады

ШҚО әкімі аппаратының бөлім жетекшісі Нұртас Адамбайды жабылып ұруға ұсыныс жасады

ШҚО әкімі аппаратының бөлім жетекшісі Facebook желісінде Нұртас Адамбайды жабылып ұруға ұсыныс жасады. Бұған таңырқаған Нұртас әкімдік аппаратындағылардың іші пысып жүр деген тұжырымға келген.

"Нұртасты ауылдағы жігіттерге бір сабаттырып алар ма еді, үстіне қатынның халатын кигізіп тұрып. Ұсқыныңды ұрайын", - деп жазған Асхат Сағидолдин есімді пайдаланушы.

Дегенмен, мұндай пікір отандық әртісімізге ұнамай қалған сияқты. Нұртас өзінің желідегі жеке парақшасында бұл ұсынысты білдірген азаматтың ШҚО әкімі аппаратының бөлім жетекшісі екенін алға тартқан.

ШҚО әкімі аппаратының бөлім жетекшісі Нұртас Адамбайды жабылып ұруға ұсыныс жасады

"ШҚО әкімінің аппаратындағы бөлім басшысы біздің фильмге бола физикалық зорлыққа шақырып отырғаны ма? Менің түсінгенім бойынша, олардың облысында барлық мәселе шешіліп қойған. Халық бақытты, бейқам өмір сүріп жатқаны соншалық, шенеуніктерге осындай іспен айналысудан басқа шаруа қалмаған ба?", - деп ренішін білдірді Нұртас парақшасында.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?