file loc phone login_m arrow_left arrow_right author ca cat compl coms del down fav fav_del fav_m fav_m_del fb gp left like login mail od reply right search sort sort_down sort_m sort_up tw up view vk ya

Заңгер орысшаға қазақ тілінде жауап бергендердің әрекеті қаншалықты заңсыз екенін түсіндірді

Заңгер орысшаға қазақ тілінде жауап бергендердің әрекеті қаншалықты заңсыз екенін түсіндірді

Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың Алматыдағы іссапары барысында қазақ тілі туралы айтқан сөздері қоғамда қызу талқыланып, әлеуметтік желі қолданушылары түрлі формада өздерінің қарсылықтарын көрсетіп жатыр.

Осыған орай, Абай порталы Батыс Қазақстан облысы адвокаттар алқасының мүшесі, заңгер Абзал Құспаннан тіл мәселесін заң тұрғысынан түсіндіріп беруін сұрады.

«Қазақстан Республикасындағы тілдер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 11 бабының талаптарына сәйкес, азаматтардың арыздары мен басқа да құжаттарға жауаптар мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдармен мемлекеттік тілде немесе арыз берілген тілде қайтарылады. Яғни сол арызды (шағым, өтініш, хат т.б.) қараушы субъект, жауапты қай тілде дайындау керек екенін өзі анықтайды. Өйткені ол арыздарға жауап дайындау барысында тілді таңдауға құқылы, алайда міндетті емес! Осыған сәйкес нормалар «Заңды және жеке тұлғалардың арыздарын қарау тәртібі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10 бабымен де бекітілген", - деді заңгер Абзал Құспан.

Заңгер сонымен қатар әрбір азаматтың өз ана тілінде ақпарат алуға құқығы бар екенін да атап өтті.

«Қазақстан Республикасындағы тілдер туралы» ҚР Заңының 4 бабына сәйкес - Қазақстан Республикасында мемлекеттік тіл болып – қазақ тілі танылады, өз кезегінде барлық деңгейдегі мемлекеттік органдар мемлекеттік тілді жан-жақты дамытуға міндетті. Сонымен бірге, аталған Заңның 6 бабына сәйкес, әрбір азаматтың өз ана тілінде ақпарат алуға құқығы бар. Сонымен бірге, сол Заңның 9 бабына сәйкес, мемлекеттік органдардың актілері мемлекеттік тіл – қазақ тілінде дайындалып, қолдануы тиіс, басқа тілдерде (соның ішінде орыс тілінде) тек қана қажеттілік болған жағдайда ғана қолданылады деп көрсетілген. Жоғарыдағылардың негізінде азаматтар мен заңды тұлғалар тарапынан түскен арыз-шағымдарға жауапты, олардың қай тілде берілгеніне қарамастан, мемлекеттік тіл – қазақ тілінде қайтаруға құқылы екендігіңізді білгеніңіз жөн", - дейді заңгер.

Еске сала кетсек, Назарбаев орысшаға қазақ тілінде жауап берген қызметкерлерді жұмыстан қууды тапсырған еді.


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстандықтар шетелге қай мезгілде жиірек шығады
» Freedom bank-те керемет акция! 1000 ₸ кэшбек сыйлайды
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?