Экономика | Қазақстандағы жастар мәселесін әлеуметтік экономикалық тұрғыдан қарастыру

Экономика | Қазақстандағы жастар мәселесін әлеуметтік экономикалық тұрғыдан қарастыру

Қазақстандағы жастар мәселесін әлеуметтік-экономикалық тұрғыдан қарастыру.
Жақында ғана еліміз алғашқы мүше жасын атап өтті. Бірнеше жылдар бойы аңсаған егемендікке қолымыз жетіп, бүгінгі ұрпаққа оның қиындығы мен қуанышын көру бұйырған. Сонымен қатар мемлекетіміздің жеке отау болып, іргетасын қалап, алаулаған жалауын көтеру мен бірге, сол туды құлатпай, бүкіл әлемге паш етіп, дамыған елдер алдында бас имей, ғасырлар бойы әрбір шаршы метр жерін шоқпарымен қорғаған ата-бабалар аруағына кір келтірмей, елімізді алға апарар ұрпақ өсіріп, тәрбиелеу міндеті қоса жүктеліп отыр.
Атам қазақ «ел болам десең, бесігінді түзе» деген екен. Ендеше сол келешегіміз, егемендігіміздің болашақ қорғаны, халқымыздың көш бастар серкелі – жастарымыздың бүгінгі күніне бір үніліп көрейікші. Бұл жағдай сұрасаң, мен оны айтсам, сен де жылайсың, мен де жылаймын дегендей. «Ауруын жасырған өледі» демекші, ащы да болса шыңдыққа бойлап, ой салып сараптап көрелік, біздің елде білім беру дәрежесі төмен десек те қателеспейміз. Оған бізде бірнеше себептер бар соның бірі қаржыландыру мәселесі. Әрине, қаражат мәселесін министірлік ұсынысымен Үкімет шешуі тиіс. Менің жеке ойым, сол министрлікте тиісті бағдарлама жасалынып есептеп, талдау жасап отырған мамандар жоқ сияқты. Себебі, қарапайым есеппен, Үкімет басшысына, Мәжіліске мәселе қойып шықса, сол жердегі жауапты басшылар мен депутатардың барлығынның отбасы, балалары бар, ешқайсысы қарсы болмас деп ойлаймын.
Сонымен қатар, нарықтық жағдайда кез келген өндірістік, әлеуметтік қарым-қатынастардың шешуін табатын алуан алуан әдістер мен амалдар бар. Тек жауаптық қызметте отырған белсеңділердің жауапкершілік пен шешім қабылдау батылдығы керек. Мысалы, заманның ауыр кезеңінде кейбір облыстар қысқарып жатқанда, қазіргі Алматы қаласының әкімі Иманғали Тасмағанбетов Атырау облысын екі-үш жыл ішінде, өткен Одақтың бірінші хатшылары мен өзіне деген әкімдерін халық ісін істемеген қыруар шаруаларын шешіп еліне деген махабаттың нарықтық істер мен дәлелдеп жергілікті тұрғындар кеңесіне кеңелді. Ал министр болғанда, айлап-жылдап, күндіз-түні отырып жазған қол жазбаларын баспаға бере алмай қаражатсыз қиналып жүрген жүздеген ақын, жазушыларға құлышын беріп бүкіл қазақ еліне керекті, заманымыздың әдеби мұра болатын кітаптарын шығарып берді. Бұл не көрсетеді? Демек, елім-халқым деген басшылар болса тап біздің Қазақстанның байлығы, мүмкіндігі азынаулақ, 15 миллионнан сәл асқан халқына дамыған басқадай мемлекеттер сияқты толықтай жағдай жасап, еңбек етіп, білім алуына мүмкіндік туғызуға болады.
Өкінішке орай, кейбір шеңеуніктер ел жағдайын өзінің отырған жайлы орнымен және бала шағасының қарыны тоқтығымен өлшейтін сияқты. Осыдан келіп, Президент айтқандай, тегіс жерден күрделі мәселе тудырып, қарапайым халықтың жанның қинап, басын ауыртар адам естімеген, естісе сөңбейтін жағдайлар туады.
Бұл мәселенің шешуін басқа деңгейде, жергілікті жағдайда қарастырып көрелік. Алматы қаласына жан-жақтан тіпті басқа мемлекеттерден келіп еңбек етіп отбасыларын асырап, жағдайларын жөңдеп жүрген адамдар көп, ол баршаға аян. Ауылдан келген студенттер де Сейфуллин, Рысқұлов даңғылдарына шығып біреудің ауласың тазалап , үйін жөндеп, үй-мүлкін көшіріп немесе күзетшілік, даяшылық, тағы сол сияқты жұмыстарды өз беттері мен тауып, күнделікті тамағына, азын-аулақ киім-кешегіне қаражат тауып, жоғарғы оқу орындағы оқуларын жалғастырып келеді. Олай болса, қалада жұмыс күшіне сұраныс жеткілікті, яғни, оны сол жоғарғы оқу орнының әкімшілігі жергілікті мемлекеттік атқару органдары мен бірлесе отырып сол жастардың көмегімен белгілі бір жүйеге келтіріп, ретке салуға болатын сияқты. Ондай жүйеде салған, біріншіден, студентердің жұмыс іздеуге кетер уақытың үнемдеп, екінші жағынан олардың еңбегін алдамай, ақысынның дұрыс төленуіне бақылау жасау үшін керек. Нарықты осы жобаны іске асыру үшін төмендегідей жүйенің жобасың қарастыруға болады.
Қалалық әкімшілік жаныңдағы Орта және шағын кәсіпкершілікті қолдайтын департамент жаңында қала бойынша күндіз-түні істейтін диспетчерлік орын құрылып, ол қала ішіндегі уақытша және тұрақты тапсырыстар қабылдап, олармен істелетін жұмыс көлемін уақытың, оның керекті құрал-саймандарымен жабдықталуын, материалдармен қамтамасыз етілуін және төлейтін еңбекақысымен келісіп, жоғарғы оқу орындарында құрылған өздерінің филиалдары арқылы, студенттерден құрылған еңбек күштері мен атқарып отырса болар еді.
Бұл жобаны, тапсырыс берушілер үшін де артықшылығы бар. Өйткені, баршаға аян өз отбасының хал-жағдайын, мүмкіндігін сыртадамдардың білмегенің қалайсың, себебі көптеген үй тоңау, отбасына шапқыншылық жасау мүмкіндігі көп мезгілде өзінің бұрын білмейтін, сырттан келген адамдарды жұмысқа алу өте қауіпті. Ал әлгіндей жүйе болса, кез келген қала тұрғыны өз үйінде отырып орталық диспетчерге телефон соғып, тапсырыс берер еді.
Тағы бір артықшылығы, бүкіл дүниеде үрей туғызып отырған бізден бетін аулақ қылсың, әр түрлі бағыттардағы ұйымдар мүшелерінің қарапайым жұмысшы ретінде қалаға еңіп, лаң салу мүмкіндігін азайтады. Осы тұрғыда сол жоғарғы оқу орындарында да өздерінің студенттеріне жағдай жасауына бірнеше мүмкіндіктер бар.
1. Әсіресе, ұлттық және мемлекеттік жоғарғы оқу орындарында білім алу үшін төленіп отырған қаражат қалай пайдаланылып отыр, бұл осы уақытқа дейін шешуін таппаған және өте мұқият тексеріспен талдау жасауды керек етіп отырған мәселе.
2. Сол оқу орындарының көптеген алаңдар мен бөлмелерін, шеберханалары мен жатаханалары оқу бағдарламасына үш қайнаса сорпасы қосылмайиын жеке тұлғаларға, іскерлерге жалға беріліп отыр. Ал одан соң жерде еңбек етіп отырған мұғалімдер мен студенттер нендей пайда көріп келеді, егер жылма жыл оқу бөлмелерін сол мұғалімдер өз есебімен, өз күштерімен жөңдеуден өткізіп, тіпті керекті оқу құралдарын да айлығына сатып алып отырса.
Сол себепті осындай жоғарғы оқу орындарын басқару және қаржылндыру жүйелері қайта құрылып ашық айқын бір тәртіпке келтіріп тез арада шешім табуы керек ететін үлкен бір мәселе. Сонымен қатар министрлік арқылы әрбір оқу орындарын сол жердегі оқытушылар мен студенттерге сабақтан тыс уақыттарында, қосымша халық тұтынатын әр түрлі құрал-саймандар, күнделікті үй тапсырмасына керекті жабдықтар жасап қарапайым тұтынушылардан тапсырыс алып, пайда табуын ұйымдастыру керек.
Ол үшін сол жоғарғы оқу орындарындағы барлық мүмкіндіктер соларға жасалынып қолдау берілуі тиіс және сырттан ешбір адамға, заңды тұлғаларға жалға беруді немесе сатуды қатаң түрде қысқартқан дұрыс. Жалпы, қандайда болмасың оқу орындары болашақта өздерінің қаражатын тек қана студенттер есебінен ғана емес сондай кәсіптікпен және әр түрлі ғылыми жаңалықтар жасап еліміз жылма-жыл бірнеше миллиард таған қаржы бөліп отырған инновациялық жобаларға қатынасып, сол жерде дәріс алып жүрген студенттердің мұғалімдердің толықтай жағдайын жасауға бет бұрыс алуы керек.
Егерде осындай талап қойылып оның атқарылуы қатаң бақылауға алынса онда студенттерде іскерлікке, жауапкершілікке үйреніп киыннан жол табар көш бастаушысына айналар еді. Ендеше, еліміздің болашағына жауапты бүгінгі студенттер жағдай тек қана олардың мәселесі емес ол бүкіл халықтық болып қала берді, үлкен саяси мәні бар үлкен де, күрделі мәселе.





2.1 Білім беру деңгейін көтеру үшін қабылданған мемлекеттік бағдарламарлар мен шаралар
Нұрсылтан Әбішұлы халыққа арнаған биылғы үндеуінде әлемдік білім кеңестігінің көш басында жүрген академиялық институттар мен ғылыми орталықтырды Қзақстанғы тарту үшін алғышарттар жасау қажеттілігіне айрықша тоқталды. Бұл талап еліміздегі білім беруді дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған мемлкеттік бағдарламасы мен үндес. Осыдан – ақ Президент саясатының білім беру жүйесін ілгерілетудегі бірізділігін аңғару қиын емес. Өйткені ол былтырғы жолдауында да осы мәселеге айрықша көңіл бөлген еді. Жаңа сапаға жетелеген талап үдесінен шығу үшін Қорқыт-Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетіндегі кең ауқымды іздеңіс жұмыстарын жүргізіп келеді.
Айталық білім берудегі сапа деңгейін айтарлықтай көтеру үшін Канада, Оңтүстік Корея, Австрия, сол сияқты Ресейдің бірнеше ЖОО және ғылыми орталықтары мен әріптестік байланыстар орнатылды. Соңымен бірге ұжымымыздың Еуразия – Тыңық мұхит университеттерінің ассоцациясына қабылдануы жаңа сапаға көтерілгендігіміздің айқын айғағы. Біз үшін 2005 жылдың 16 қыркүйегінде Болон университетінде (Италия) «Университеттердің Ұлы Хартиясына» қосылуымыз білім беру сапасын Еуропалық стандарттарға сәкестендіруге бағытталған, нәтижелі қадам болып отыр.
Нақты дәлел ретінде айтар болсақ, ұжымның ғылыми әлеуетінің жаңа сапалық деңгейге көтерілуінің көрсеткіші 7 профессор-оқытушымыз ҚР жоғарғы оқу орынының үхдік оқытушысы мемлекеттік грантының иегері атанды. Облыс ғалымдарының ғылыми әулетің өндіріспен үштастыруда технопарк қызметнің орны ерекше. Ғылыми жобаларды жинақтап, оларды қаржыландыру, осы технопарктің негізгі қызметтерінің бірі болып табылады. Бұл бағытта университет ғылымдарының 6 жобасы ұлттық инновациялық орталықтың коталігіне еңдіріліп, өңдіріске еңгізілуге әзір, бұ,ан қосымша түрлі қаржы көздерін пайдалану арқылы таланты жастардың элиттарлық жоғарғы білім алуына мүмкіндіктер жолдары қарастырылды.
«Петро Қазақстан Құм көл Ресорсиз» компниясы мен облыс әкімшілігі арасында жасалған екі жақты келісім шарт негізінде корпоративтік «Демеу» қоры бөлінген қаржы көмегімен қоршаған ортаны қорғау және өндіріс шығындарын азайтуға бағытталған ғылыми ізденіс жұмыстарын жүйелі жүргізуге және бірнеше білімдер жастарымыздың алыс-жақын шет елдерде білім алуына мүмкіндіктер туды.
Болашақ орта класс өкілдерін қоғам қажетіне сай тәрбиелу ісіне түрлі деңгейде білім беретін барлық мекемелер де жауапты екені белгілі осыған сәйкес университет ұжымы бір қатар ауқымды шаралар атқаруды жедел қолға алды. Соңын ішінде қысқартылған бағдарлама негізінде облыс көлемінде балық және күріш кластерлерін дамыту қажетті мамандар даярлауды икемді жүйесі қалыптасып келеді.
Бұл жағымды жаңа әдіс арқыры студент жастарды университет қабырғасында шағын және орта бизнеспен айналысуға бейімді оқыту республикамыздың дүние жүзілік сауда ұйымына қабылданары алдында біздің экономикалық мүлдемізге сай келетіні анық.
Биылғы Жолдаудың ерекшелігі – Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық дамуын әлемдік экономикада интеграциялық процестердің ағымына ұштастыруда болып отыр.
Қазақстанның Орталық Азияда ұлтаралық келісім ұйытқысы ретінде таңылып, кейбір ғаламдық мәселелерді шешу барысында саясат сахынасында салмағы артқаны әлемге әйгіленді.
Елбасы Жолдауы отаншылық рухқа толы оптимизімге шақытатын терең толғаныс. Жолдау – мемлекет басшысының өз халқына кемел келешек пен жақын болашаққа бастайтын саяси-экономикалық бағдарламасы.
Қазіргі кездегі білім беру саласындағы қатынастарды реттейтін құқықтық нормативтік база 1991 жылдың 28 маусымындағы Қазақ КСР-інің «Қазақ КСР-індегі мемлкеттік жастар саясаты» туралы заңының Қазақастан Республикасының Президенттінің 1999 жылының 28 тамызындағы «ҚР-ның мемлекеттік жастар саясатның тұжырымдамасы туралы» үкімінен, осы үкімге сәйкес шығарылған республикалық және аймақтық бағдарламалар дан т.б. құқықтық актілерден тұрады.
1991 жылы қабылданған Қазақ КСР-і заңының кейбір нормаларының қазіргі уақытта заман талаптарына сай келмей модерндендіру процесін талап етуде екені айрықша көзге түсуде. Соңдықтан да Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министірлігі жаңа «Мемлекеттік жастар саясаты туралы» заңның жобасын әзірлеу үстінде.
Ендігі кезекте ҚР президентінің үкімімен бекітілген мемлекеттік жастар саясаты тұжырымдамасына көз жүгіртсек, бұл тұжырымдаманың коптеген халықаралық құқықтық нормалары мен қатар, ішкі нормативтік құқықтық актілердің «Қазақстан - 2030» стратегиялық бағдарламасының басшылыққа алынып әзрленгенің көреміз. Сондай – ақ бұл тұжырымдама да мемлекеттік жастар саясатының негізгі мақсаты мен басымдылықтары, негізгі принциптерінен бағыттары сияқты қоғамды толықтыратын мәселелер толық қанды баяндалған.
Осы тұжырымдаманың төртінші болімінде жастардың құқықтары мен бостандықтарының сақталуын қамтамасыз ету мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асырудың кезеңдік сипаттағы іс қимылдарының негізгі бағыттарының бірі ретінде қарастырылған.
Ал жастардың әлеуметтік-экономикалық, саяси, жеке құқықтарын қамтамасыз ету мехенизімі жайлы толық қанды айтылмағаны өкінішті-ақ. Жастардың құқықтары мен бостандықтарын тұжырымдамаға сәйкес ювеналдық әділет жүйесін қалыптастыру, құқықтық мәдениетті көтеру және т.б. арқылы қамтамасыз ететіні туралы мәселе толық шешімін таппай отырған сынайлы.
Жастар реттінде ҚР-да жаңа заңның жобасы бойынша 14-пен 29 жас аралығындағы азаматтар таңылатының ескерсек кәмелетке толмағандардың құқықтары мен бостандықтарын амтамасыз ету ерекше көңіл бөлуді талап етеді. Кәмелетке толмағандардың құқықтары мен мүдделерін барынша тиімді қорғау мақсатында дамыған елдерде қолданылып жүрген ювеналдық әділет жүйесін, оның ішінде мамандандырылған соттар жас өспірімдерге арналған жазасын өтеу орындарын т.б. қалыптастыру қажеттілігі тұжырымдаманың аталған бөлімшесінде баяндалған. Ювеналдық әділет жүйесін қалыптастыру 1991 жылы қабылданған заңда да көзделген.
Ол заңның қабылданғанына он жылдың жүзі болыпты. Тәуелсіздігіміздің он жылдық мерей тойына ювеналдық соты ең болмағанда сыйлық ретінде құру керек еді, бірақ олда болмады. ....


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
» Елімізде TikTok желісі бұғатталуы мүмкін бе?
» Елімізде су тасқынынан зардап шеккендердің қандай мүліктеріне өтемақы төленеді?