Экономика | Қ Р ИННОВАЦИЯЛЫҚ ЖОБАЛАРДЫ ҚАРЖЫЛАНДЫРУ МӘСЕЛЕЛЕРІ

Экономика | Қ Р ИННОВАЦИЯЛЫҚ ЖОБАЛАРДЫ  ҚАРЖЫЛАНДЫРУ МӘСЕЛЕЛЕРІ

Қ.Р. ИННОВАЦИЯЛЫҚ ЖОБАЛАРДЫ ҚАРЖЫЛАНДЫРУ МӘСЕЛЕЛЕРІ.
Бүгінгі ақпараттың, ғылым мен техниканың, технологияның қарқындап жатқан дәуірінде инновация - дамудың орталық мәселесіне айналып отыр. 2003 жылы ел Президентінің жарлығымен қабылданған дамудың инновациялық жолын таңдау туралы бағдарламаға сәйкес инновациялық іс-әрекетті қалыптастыруда қаржының мәні зор екендігі белгілі. Жалпы, дамыған елдердің тәжірибесі көрсеткеніндей, дұрыс таңдалған инновация кез келген салада өз жемісін береді. Мысалы білім беру, денсаулық сақтау, банк жүйесі, өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы. Алайда кез-келген инновациялық процесс сәтті аяқтала бермейді. Ал Қазақстанның жағдайында инновацияның қажеттігі экономиканың кез келген саласының өңдеу жүйесінен көрініп отыр. Өйткені экономикамызда біраз жылдар бойы үстемдік еткен дамудың шикізаттық бағыты соңғы жылдары өзінің тиімсіздігін, болашағының жоқтығын, жақын арада экономиканың дағдарысқа ұшырау ықтималдығын, ресурстардың шектеулі екендігін еске түсірді. Ғалымдардың пікірінше, дәл қазіргі темппен пайдаланылып отырған шикізат ресурстары алдағы 25-30 жылға ғана жетеді екен. Осы орайда 2003 жылы 30 мамырда “Инновациялық қызмет туралы”Қ.Р. Үкіметінің қаулысы, сондай-ақ 2003-2015 жылдарға арналған Индустриалдық-инновациялық Даму Стратегиясы қабылданды. Стратегияда көзделген басты мақсат – елде инновациялық белсенділікті дамыту, жаңашылдық аясындағы мүдделі тұлғаларға жағдай жасау, осылайша дамудың шикізаттық бағытынан біртіндеп бас тарту. Қаулы бойынша республикалық бюджет қаражаты есебінен 3 млрд. теңге мөлшерінде жарғылық капиталы қалыптастырылған, 100 пайыз мемлекеттің қатысуымен “Ұлттық инновациялық қор” акционерлік қоғамы құрылды. Инновациялық қор – басты даму институты болып табылады және коммерциялық пайда табу мақсатын көздемейді. Қордың акционері Қ.Р. Үкіметі болып табылады. Қ.Р. “Акционерлік қоғамдар туралы” Заңына сәйкес Қордың акция шығаруының мемлекеттік тіркелуі жүзеге асты және Ұлттық банктің куәлігі алынды. Қор қызметінің мақсаты – елдегі жалпы инновациялық белсенділікті арттыру, жоғары технологиялық және ғылымды қажетсінетін өндірістерді дамытуға жәрдемдесу. Бүгінде инновациялық қор инновациялық іс-әрекеттер мен жобаларды басты ұйымдастырушы және қаржыландыру көзі болып отыр. Қ.Р. Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен Қ.Р. Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігіне Қор акцияларының мемлекеттік пакетін иелену және пайдалану құқығын тапсырған.
Қазірде инновациялық қызмет субъектілерімен , инвесторлармен қарым қатынас қалыптастыру, дамудың басқа да мемлекеттік институттарымен іс-әрекетті сәйкестендіру жұмыстарын дамыту өте маңызды. Сондай ақ венчурлық қаржыландырудың нысандары мен тетіктеріне , ұлттық инновациялық инфрақұрылым элементтерінің қызметіне байланысты талдамалық зерттеулер, инновациялық қызметтің мәселелерін реттеп жүйелендіруді жолға қою қажет. Қордың қызметінің негізгі бағыттарының бірі – венчурлық қорларды құруды жүзеге асыру мақсатында халықаралыұ инновациялық қызметке талдау және венчурлық қорлардың қазақстандық инвесторларының әлеуетіне бағалама жасалды. Жасалған талдаулар қазіргі кезде венчурлық қорларды құру жөніндегі әлеуетті инвесторлары мен серіктестері халықаралық қаржы ұйымжары, ірі корпорациялар, сондай-ақ отандық қаржы институттары мен өнеркәсіп компаниялары бола алатынын көрсетті.
Индустриалдық-инновациялық даму стратегиясын іске асырудағы екінші деңгейлі банктердің ролі жөнінде өткізілген дөңгелек стол барысында отандық банктерге еліміздегі венчурлық бизнесті дамытуға қатысулары туралы ұсыныс жасалды. Қазақстанда банктің қатысуымен венчурлық қор құруда жүзеге асқан үлгі бар. Қор “Тұран Әлем секьюритис” АҚ бірлесе отырып инновация мен жоғары технологияны қаржыландыру жөнінде венчурлық қор құрды, ол Әділет министрлігі органдарында2004 жылы 26 мамырда тіркелді.
Әлеуетті инвесторлар тарту мақсатында шетелдерде презентациялар, мониторингтер жариялау қажет. Дамушы елдерде венчурлық қорлар құрған қаржылық институттар (мысалы халықаралық қаржы корпорациясы, Қайта жаңарту мен дамытудың Еуропалық банкі және т.б.) қатысатын болса, венчурлық өнеркәсіпке инвесторлардың сенімін арттырады, венчурлық қорларды басқару ісінде озат тәжірибені игеруге көмек жасайды.

Ұлттық инновациялық қордың негізгі міндеттері:
- отандық және шетелдік инвесторлармен бірлесіп венчурлық қорлар құру, инновациялық жобаларды венчурлық қаржыландырудың тетіктері мен инфрақұрылымын қалыптастыруға қатысу;
- гранттар беру жолымен экономиканың коммерциялық тиімділігі мен технологиялық даму көзқарасы тұрғысынан әлеуетті перспективалы болып табылатын жаңа технологияларды, жұмыстарды, тауарларды, қызмет көрсетулерді құруға бағытталған қолданбалы ғылыми зерттеулер мен тәжіибелік-конструкторлық жұмыстарды қаржыландыру;
- инвестицияланатын компаниялардың жарғылық капиталына үлестік бақылаусыз қатысу жолымен инновацияларды енгіуді қаржыландыру;
- ұлттық инновациялық инфрақұрылым (технополистер, технопарктер, бизнес инкубаторлар, инновациялық орталықтар) элементтерін құруға қатысу;
- инновациялық технологияларды көшіру, қарызға алу, өсіру, оларды коммерцияландыру және енгізу саласындағы халықаралық ынтымақтастықты дамыту.

Қ.Р. Үкіметінің 2003 жылғы 30 жлтоқсандағы Байланыс пен хабар таратудың ұлттық геостационарлық серігін жасау мен ұшырудың кейбір мәселелері атты қаулысына сәйкес 2004 жылы басымдық бағыттар ретінде мыналар таңдалды:
- өлшеуші техника, электроника және прибор жасау;
- ақпараттық жәнетелекоммуникациялық технологиялар;
- машина жасау және механотроника;
- жаңа материалдар мен нанотехнология;
- баламалы энергетика;
- биотехнология және фармацевтика;
- ауыл шаруашылық өнімдерін өңлеу.
Сонымен қатар, ғылыми техникалық өнім рыногының қалыптасуына стандарттау процестеріне және интеллектуалдық меншікті қорғауға, жәрдем көрсетуге, осы құқықтарды қорғауға кәсіпкерлерге көмек көрсету жүйесін құруға бағытталған мемлекет саясатын жүргізу қажет.
Жалпы, бәсекеге қабілетті инновацияларды бағалаудың қаржылық критерийі келесілерден көрінеді:
- инвестициялар мөлшері (өндіріске, маркетинг жұмыстарына, ҒЗҰКЖ жобаларына)
- потенциалды жылдық табыс мөлшері;
- күтілетін таза табыс нормасы;
- ұйымда қабылданған капитал салымының экономикалық тиімділігі критерийіне жобаның сәйкес келуі;
- жобаны жүзеге асырудың бастапқы шығындары;
- қажет сәтте қаржының қолда болуы;
- қабылданған жобаның басқы да қаржыны қажет ететін жобаларға әсері;
- жобаларды қаржыландыру үшін қарыз капиталын (несиені) тарту қажеттігі және оның инвестициядағы үлесі.
Инновациялық жобаны жүзеге асыру кәсіпорынның инвестициялық, құрылымдық және ғылыми-техникалық саясатының өзара тығыз байланысын талап етеді. Алайда инновациялық жобаны енгізу ең алдымен кәсіпорынның қаржылық мүмкіндіктеріне байланысты.Сондықтан да инновациялық жобаны бағалауда және қаржыландыруда оны таңдауда инновациялық жобаның тиімділігінің мынадай көрсеткіштеріне аса назар аудару қажет:
- коммерциялық (қаржылық) тиімділік, бұл оның тікелей қатысушылары үшін жобаны жүзеге асырудың қаржылық салдарларымен түсіндіріледі;
- бюджеттік тиімділік, бұл мемлекеттік және жергілікті бюджеттер үшін жобаны жүзеге асырудың қаржылық салдарларымен түсіндіріледі.
Инновациялық жобаларды енгізуде қаржыға қатысты мынадай тәуекелдер туындайды:
- рыноктық конъюнктураның, бағаның, валюта курстарының тербелмелілігі;
- кәсіпорын-қатысушының іскери және қаржылық жағдайы туралы ақпараттың толық және анық еместігі (банкроттықтың, кәсіпорынның сыртқы қарыздарының, келісім шарт міндеттемелерінің орындармау мүмкіндігі)
Ұлттық инновациялық қордың мақсаты инновациялық белсенділікті арттыруға, жоғары технологиялы және ғылым сыйымды өндірісті дамытуға бағытталады. Ұлттық инновациялық жүйені дамыту мен құруға байланысты қорға мынадай қызметтер жүктеледі:
- инновациялық дамуды институционалды қолдау;
- инновациялық процесті қаржылық қамтамасыз ету.
Венчурлық қаржыландыру институттарын құру Қазақстанда біоім мен ғылымның жүйелік өзара байланысының алғышарты болуы тиіс. Осы бағытта инновациялық қор белсенді жұмыс істеуде. Бүгінде инновациялық қор отандық 5 венчурлық қор құрды. Олар:
1. Тұран Әлем банкімен бірлесе отырып құрылған “Әрекет” жоғары технологиялар қоры. Жарғылық капиталы – 5 млн. АҚШ долларын құрайды, қордың үлесі – 2,4 млн. АҚШ доллар.
2. “Lancaster Group” ЖШС-мен бірлесе құрылған “Адвант” венчурлық қоры. жарғылық капиталы - 20млн. АҚШ доллары, қордың үлесі 9,8 млн. долларды құрайды.
3. “Сентрас капитал” ЖШС-мен құрылған “Сентрас венчурлық қоры.” Жарғылық капиталы – 20млн. доллар, қордың үлесі – 9,8 млн. долларды құрайды.
4. Қ.Р. халықтық жинақ банкі АҚ-мен құрылған “Halyk Private Equity”акционерлік қоғамы. Жарғылық капиталы 20 млн. доллар, қордың үлесі 9,8 млн. доллар.
5. “Глотур технологи” АҚ-ы Жарғылық капиталы 20 млн. доллар, қордың үлесі 9,8 млн. доллар.
Ұлттық инновациялық қор сондай-ақ өз жанынан құрылған Ғылым қорын қаржыландырады. 2005 жылы 100 млн. теңге көлеміндегі қаржыны осы қорға бөлді. Ал бұл қаржыларды тиімді пайдалану Білім және Ғылым министрлігі мен Ғылым Академиясына жүктелген.
2005 жылдың 5-қазанына дейінгі мәліметтер бойынша қор 3 шетелдік венчурлық қорлардың акционері болды. Біріккен венчурлық қорлар құрудағы мақсат - әлемдік алдыңғы қатарлы технологиялық компанияларға шығу, білім, тәжірибе, технология алмасудың ашық жүйесіне ену. Әлемнің алдыңғы қатарлы венчурлық қорларымен жұмыс істей отырып, біз шетел инвестоларының қаржылық капиталын тартуға ғана емес, сонымен қатар жоғары технологиялы компаниялармен біртұтас жүйе құруға және Қазақстан ғылымы үшін жаңа мүмкіндіктер ашуға ұмтыламыз. Қазіргі кезде хабар таратудың серіктік жүйесі мен қазіргі заманға проекциялық және дыбыстық жабдықтардың мүмкіндіктерін біріктіретін және Қазақстанның барлық аумағында әсіесе селолық жерлерде кинофикацияның сандық жүйесін халыққа жаңа сапалы деңгейде көрсететін фильмдерді телекөрсетулердің жоғары технологиялық қиыстырылғансеріктік жүйесін енгізу жөнінде “Жарық” ЖШС “Телекөрсетулердің сандық серіктік жүйесі” жобасын қаржыландыру туралы шешім қабылданды.
Ал, ел өнеркәсібінің әртүрлі салалары үшін жылу қуат қондырғыларына қажетті сұйықтықтарды экологиялық таза әрі қауіпсіз жылыту жүйесін жасау жобасының құны – 52 мың АҚШ долларын құрайды.
Заңдылық деңгейінде мемлекеттік даму институттарының қаражатына жасалған технологиялар трансферті процестерінің тәртібін нақты етіп белгілеу, жасалған интеллектуплдық меншікке қатысушылардың құқықтарын нақтылау қажет. Ғылыми техникалық өнім рыногын қалыптастыру мақсатында қор интеллектуалдық меншікке қатысты мәселелер жөнінде кейбір заң актілеріне өзгерістер енгізу жөнінде өз ұсыныстарын білдірді. Қор болашағы бар әзірлемелердің, инновациялық жобалардың деректемелік базасын қалыптастыратын және инновациялық қызмет субьектілері үшін оның ашық болуын қамтамасыз ететін болады.
Қазірде елімізде инновациялар қарқынды дамып жатыр деп айту әзірше біршама ерте, бұл әлі де елде инновациялық белсенділіктің, отандық тәжірибенің жоқтығынан болып отыр. Сондықтан да жаңалық ашуға қызығушылық білдірген тұлғалар арасында бәйге, жарыстар, конкурстар ұйымдастыру қажет. Ал қаржыландыру мәселесіне келсек, Стратегия бойынша қазір инновациялық жобалард ы нақты іске асыру кезеңі басталған тұста қаржы жұмылдыруды одан әрі арттыру қажет. Инновация – бұл үздіксіз жүруі қажет процесс. Сондықтан да қажет сәтте үзіліссіз тоқтаусыз қаржыландырылған жоба ғана өз жемісін берері сөзсіз, тек сол жобаның ішіндегі ең таңдаулысын, тиімдісін, бәсекеге қабілеттісін іріктеп алуда жаңылыспау қажет. Инновациялық процестердің кешенінің және инфрақұрылымының болмауы – басты мәселелердің бірі, ал бұл өз кезегінде қаржының жүйесіз, бей-берекет жұмсалуына әкеледі. Инновациялық инфрақұрылымның басты құрамдас бөлігі – технопарктерді ақша қаражаттармен қамтамасыз ету тағы да күш салуды қажет етеді. Өйткені инновациялық өнімнің дайындалатын орындары – нақ осы технопарктер. Инновациялық процестерді жеделдету мақсатында технопарктердің қызмет ету ауқымын кеңейту қажет, яғни біруақытта бір емес, бірнеше жобалармен қатар жұмыс істеуге дағдылану қажет.
Басты инновациялық субъектілер – мемлекет және кәсіпкерлер. Осы бағыттағы атақты экономист Шумпетердің пікірінше, инновацияны басты жүзеге асырушылар – елдегі кәсіпкерлер. Тек сол кәсіпкерлерге қолайлы жағдай және қаржылық, материалдық қолдау жасау қажет. Мұндайда тек мемлекет ғана емес, елдегі барлық қаржы институттары мүдделі болуы тиіс, мысалы, екінші деңгейлі банктер, сақтандыру, зейнетақы қорлары, инвестициялық компаниялар және т.б.
Сонымен, қорытындылай келгенде еліміздің экономикалық даму аясындағы инновация түсінігі орталық мәселе болуы орынды. Экономикамызда инновацияларды енгізуде тек мемлекет қана емес, елдің кез-келген азаматы қызығушылық танытуы қажет. Өйткені инновацияларды енгізу, оны тәжірибе жүзінде ел игілігі үшін пайдалану - аса жауапкершілік пен төзімділікті, жоғары тәуекелге бара алуды талап етеді. ....


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Ораза кестесі 2024 жыл. Астана, Алматы, Шымкент т.б. ауыз бекіту және ауызашар уақыты
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу

Соңғы жаңалықтар:
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!
» 2024 жылы студенттердің стипендиясы қанша теңгеге өседі