Өлең: Еске алу

Өлең: Еске алу

Автор: Айгуль Нургалиева

Өмірдің жиылғандай бар керегі.
Силастың елдің жақсы ардағымен,
Араласып бетке ұстар саңлағымен.
Жеті бала өсіріп, қырық бес жыл,
Қол ұстасып келіпсіз жан-жарыңмен.
Барында, жоғында да дәулетіңнің,
Көңілін қалдырмадың әлдекімнің.
Тізгінін кісілікпен ұстап жүрсіз,
Әулие Ешенғазы әулетінің.
Айналған қосағыңнан туысыңа
Апайым аман болсын-тыныш ұя.
Өмірдің бар қызығы алдан шығып,
Шайқалмас ырыс қонсын уысыңа!!!

Көре алмай тіршіліктің көп қызығын,Тата алмай шаттық өмір тәттілігін.
Жарқырап келе жатқан жұлдызым ең,
Әттең-ай! Ерте сөнді-ау от-ғұмырың.
Қыраным ең шырқар биік аспанға,
Айналардай ұлым едің мақтанға.
Пенделіктің ашпай жатып пердесін.

Періште боп ұшып кеттің аспанға.
Шаңырақтың еркесі едің, серкесі едің,
Өнердің еншілеп ең ерте шебін.
"Апайлап" өткен асыл құлыным-ай,
Жамбасыңа батпасын жер төсегің!

Анама

Анажан шаңыраққа болдың пана.
Жамандық қылмаушы едің ешбір жанға.
Амал не, жоқсыз бүгін ортамызда.
Сағындық,ана, сізді баршамыз да.
Жан-ана, ұл-қызыңның тірегі едің.
Тірі болсаң жарқылдап жүрер едің.
Болмасаң да бүгін біздің жанымызда.
Айтқан сөзің, тәтті күлкің жадымызда.

Жұбанышпен жанымыз жабырқаулы.
Сағынышпен туғандары еске алады.
Өзіңізбен өткен күндер.
Жадымызда мәңгіге сақталады.

Сезім шіркін көңілдерді кернеген,
Қимастықтың күйін шертіп тербеген.
Күтпеп едік, көріп жүрміз бүгінде
Қиындықты біздер бұрын көрмеген.

Сағыныштан жүрек тулап алқынды,
Жылағаннан көз жасымыз сарқылды.
Жол апаты болған сүрең қаңтарда
Мәңгілікке жоғалттық үш алтынды.

Бақыт дейді, бақыт бар ма жалғанда
Көнеміз ғой тағдыр басқа салғанға.
Өзімізді санаушы едік бақытты,
Үшеуі де ортамызда болғанда.
Алла алды, өзі берген жандарын
Тілейміз біз жұмақтан орын болғанын
Туыс, бауыр, достарынан сұраймыз
Дұға оқып, естеріне алғанын!
Асқаровтар отбасы бір жыл бұрын жол апатынан қайтыс болған әкесі Сапарбек Байтайұлын, анасы Сәуле Құрмашқызын және Әсем Сапарбекқызын сағынышпен еске алады.

Өмірдің жолы күрделі, әрі бұралаң,
Жаратушымыз оны ақ-қарадан құраған.
Қарасына пенде қамығып, кейде қан жылап,
Тағдыр талқысына еріксіз көніп шыдаған.
Сондаймыз біз де, ерте кеттің, құлыным,
Ішімізге толды запыран, зарлы қайғы-мұң.
Азамат болар зерделі, таралар аты көпке деп,
Үміт күтіп, армандағанның бірімін.
Кенеттен кеттің, сартап болып санамыз,
Ойласақ іштей қайғыдан күйіп-жанамыз.
Өткенді ойлап, келешектен үміт қып,
Аңсауменен өзіңді ағартты шашын анаңыз.
20 жыл өтті, бейнеңді қарғам, сағындық,
Алладан сұрап қайырын, жақсылығына жалындық.
Алдың бейіш, артың нұр, шапағатың тисін деп,
Дұға қылып өзіңе, тағдырға біз де бағындық.
Сағынышпен еске алушы жеңгең.
Жаманбаев Дәуір Еркінтайұлын сағынышпен еске алу
Автор: Айгуль Нургалиева

Раушан апайымды сағынып еске аламыз

Еске аламыз ардақты да апамызды
үлкеніміз ақыл айтар панамызды,
егілеміз жылаймыз еске алып
кең пейілді ақ көңіл Раушанымды.

Жылаймыз да көнеміз ғой тағдырға
бала шағаң туыстарың бар мұнда,
ешқашанда ұмытпаймыз біз сені
дұға жасап барып тұрамыз басыңа.

Арай менен Айгерімдей қыздарың
Айдос Жандос алтын сенің ұлдарың,
Жандосыңның қызығында көрмедің
көп болды ғой армандаған арманың.

Немерең бар Апа деген өзіңді
сағынады айтқан сенің сөзіңді,
апаларын іздейді олар сағынып
мейірімді жарқын сенің жүзінді.

Жездем жүрғой сені ойлап жылайды
Раушаным деп сағынады ойлайды,
орта жаста опырылдау омыртқаң
жыласаң да орны енді толмайды.

Аға бауыр сіңілдерің өзіңнің
қарашығы біздер сенің көзіңнің,
апатайым ақыл айттың сен бізге
астары бар сенің айтқан сөзіңнің.

Тірі болса туған күні болушеді
елу алты жасқа бүгін толушеді,
сұм ажал кеп акетпесе апайымды
ортамызда күліп ойнап жүрушеді.

Тура деген сөздерің бар ұмытылмас
сол сөздерің мына біздің естен шықпас,
сол сөзіңді бір естуге зар болдық қой
апатайым туысың бар сені қимас.

Жақсы адам ол жаққа да керек екен
жұмақ төрін апатайым мекендеген,
Раушантайым кетеді деп кім ойлады
Алла берген ғұмыр жасы өлшеулі екен.

Топырағың торқа болсын жан апам
орын берсін Аллам саған жұмақтан,
қорғап қолдап аруағыңмен ұрпағыңды
сақтай көрші Аллам өзің жаратқан!!!

Бауырың Ерік Еренғазыұлы.

Отбасың туыстарың
Сағынып еске аламыз.

Досымды еске алу

Әне-міне дегенде,
1жыл өтті қас қағым.
Пай-пай шіркін өмір ай,
Қара-ақтан ау тұрасын.

Бүгін бармыз,ертен жоқпыз-деген сөз
Ойға салар,күрсіндіріп,мұңайтып.
Күліп-ойнап,ұмыттығой бұл кісі,
Сағынбайды-дейтін шығар әр кісі.

Сағынамын, сағынамын әрине,
Сағынамын,сағынбайды' деседе,
Кім сағынбас?!адал досты,сендей ау
Кім сағынбас?!сендей досты,жаным ау.

Әр кез сені еске алып ойланам,
Орынынды баспайды екен әр адам.
Өкініштен тұратын бұл өмірге,
Өкпелімін,ех шіркін алып кетер біздіде.

1жыл өтті көрмегелі өзіңді,
Еске аламын жарқылдаған жүзіңді,
Еске аламын көнілді бір кезіңді.
Еске түсер қызық күндер бұрынғы,
Қайтпайтының кім біліпті ол күнді.

Қас-қағымда кеттінғой сен бұл күні,
Жүзімізді бір мұңайтып,жылатып.
Ажал айтып келмейдіғой-деп бірақ,
Бірімізді біріміз жүрік жұбатып.

Пай-пай шіркін өмір ай,
Қара-ақтан тұрасын..
Күліп жүрсен бүгін сен,
Бәлкім ертен жыларсын.
Кеткендерді еске ап,
Бір сәтте мұңға батасын.
Бақыттысын сен бірақ,
Қара жерді басасын.
Есте сақтап,ұмытпассын бәлкім сен,
Қара жерде бір күні сенде жатарсын.
Қатап А.

Өлең: Еске алу

Ана... Жүрекке тым жақын, нəзік үн. Менің жүрегімде ойып, орын алып кеткен жан жүрегім Анашым... Сіздің əрбір даусыңыз, айтқан ақылыңыз бен көз алдымнан кетпейтін жарқын бейнеңіз жаңғырып санама нұр себуде.. Іздеймін... Сағынамын... Құшақтап құшағыма қысқым келеді... Сырымды ашқым келеді... Бақытыммен бөліскім келеді... Өмір қысқа болсада жеткен жетістіктерімді көрсеткім келеді... Əттең... Амал не?... Жанымда жоқсын Жан Ана... Тағдыр бізді осылай сынған болар... Бірақ бір өкінетінім... Анасы жанында жүрген жандарға қарап... Өмір неге сонша қатал деп налимын... Мама сізді жиі сағынамын... шерімді тарқатқым келеді... жан сырыммен бөліскім келеді... Сіз кеткелі жаныма жұбаныш жан таппадым... Жалғыз тірегім өзің екенсің Мама... Міне бүгінде сіздің бұл өмірден өткеніңізге 3жыл болыпты... Сізсіз көктемнің 3 жылын, жаздың 3жылын , күздің 3жылын, қаһарлы қыстың 2 жылын қарсы алыппын... Осы тұста көп өзгеріс орын алды өмірімде... Бірақ барбір сіздің орныңыз ерекше... Дал қазір жанымда болсаң ғой... Мама... Сағынамын сізді...

Nazira Baratova

Еске аламыз


Жыл толды алып жүрек тоқтағалы
Жыл толды ұлымызды жоқтағалы
Алайда ұлымыздың нұр бейнесі
Көңілдерде мәңгілік сақталады

Еске аламыз сағынамыз өзіңді
Бір жыл болды көздің жасы төгілгелі
Ақ көңілді жан едің ғой өмірде
Неге өмір қысқа болып берілді

Еске алады сағынады ата анаң
Сұм ажалға кімдер қарсы баралған
Жердің бетін жетірет айналсамда
Өзіңдей ұлды қайдан таба алам

Өмір неге қатал едің аяусыз
Қара жердің тоймағаны мазасыз
Өткен жылы он жетіге келгенде
Жастың жанын алып кеттің шыдамсыз

Сағынамыз сарғайамыз жабыға
Қайғы мұңды көтерерміз жабыла
Қара жерді сен жатырсың жамыла
Көзімізден ыстық жастар ағыла

Достарыңда көбеді ғой жаныңда
Өзің едің тұңғышымда барымда
Қуанушедің қос қарындас барына
Қуанушедің аға болған бауырға

Міне бүгін жиналдық сенің жылыңа
Тума туыс жиналған жұрт қайғыра
Бізді ойлап Қуандығым қайғырма
Қош бол енді əрең жүреміз жарыла

Қос жанарым жылағаннан оралмас
Сыр шертемін жүрегімде ауыр тас
Еш қашанда айлар өтсін жыл өтсін
Есімізден еш қашанда жойылмас

Қуандық Ниязымбетовтың рухна арнау

Жазған : Калиев Мейрамбек

Аяулы жар, ардақты әкеміз. Орта жүз, Руы – Көшкін-Шақабай, Қасымбекұлы Жолдыбай көзі тірі болса, 8 маусымда 80 жасқа толар еді… Сұм ажал ортамыздан алып кеткеніне 27 жыл толып отыр. Әкемізді сағына еске ала отырып, топырағың торқа, жанның жәннатта нұрлансын деп Алладан тілейміз.

Әкеден асқар жок екен!
Әкенің сөзі оқ екен.
Қарайып жүрсе қасыңда,
Уайым-қайғы жоқ екен.

Өзің жайлы айта алмаймыз тауысып,
Ел айтады, жұрт айтады жарысып.
Көпшіліктен алған алғыс, сауабың,
Жатқан шығар, рухыңменен қауышып.

Әке, көзден кеттіңіз мәңгі жырақтап,
Сенбей сізді көп іздедік біз жылап.
Кетіпсіз ғой бұл өмірден мәңгіге,
О дүниені мекен қылып тұрақтап.

Әке деген асқар тауың,орманың,
Әке деген жұбанышың,қорғаның!
О,адамдар бар кезінде Әкені,
Қадірлейік,өкініште болмағын!

Адам мәңгі жүрмейді бұл жалғанда,
Көнеміз ғой тағдырдың салғанына.
Көзімізге ып-ыстық жас келеді,
Әке, өзіңді сағынып, еске алғанда!

Бәйтеректей әулетке сая болған,
Бәрінен де мейірімін аямаған.
Жәннатта жаның болсын, рухың биік,
Өзіңдей қайда бізге аяулы адам.

Жалғап өскен ағайынның арасын,
Қайран Әке, бір төбе дарасың.
Тірі болса артыңдағы ұрпағың,
Әкешім, мәңгі есте қаласың!


Қол жайып «Әумин» — деп бата оқып,
Жүреміз талай барып қабіріңе!
Мейіріммен жымиған күлкіңізді,
Еске алып, мәңгілікке сағынамыз.
Жатқан жерің, жан әке, жайлы болып,
Сәуле шашып тұрсыншы қабіріңде.

Еске алушылар: зайыбы – Орал, балалары, күйеу балалары, немерелері-шөберелері



Комментарии для сайта Cackle