Экономика | Кәспорынның қаржылық тұрақтылығы

Экономика | Кәспорынның қаржылық тұрақтылығы

Кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығының мәні мен мазмұны.

Нарықтық қатынастар жағдайында кәсіпорынның қаржылық жағдайының маңызы өте зор. Бұл кәсіпорындардың тәуелсіздікке ие болуымен, сондай ақ олардың меншік иелері, жұмысшылар, коммерциялық серіктестіктер және басқада контрагенттер алдында өзінің өндірістік кәсіпкерлік қызметінің нәтижелері үшін, толық жауапкершілікте болумен байланысты. Кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығы жөніндегі сұрақтарды қарастырмас бұрын, «кәсіпорынның қаржылық жағдайы» дегеніміз не, соны анықтап алған жөн. Соңғы жылдары шығарылған әдебиеттерде бұл ұғым әр түрлі түсіндіріледі.
Профессор А. Д. Шеремет «Кәсіпорынның қаржылық жағдайы қаржыны тарату, пайдалану және оны қалыптастыру көздерімен (меншікті капитал және міндеттемелер, яғни пассивтер) сипатталады»1 деп жазған.
Профессор Н. А. Русак бұл ұғымды былайша анықтайды: «Кәсіпорынның қаржылық жағдайы қаржы ресурстарын жасау, тарату және пайдаланумен сипатталады. Кәсіпорынның қаржылық жағдайы кәсіпорынның қалыпты өндірістік, коммерциялық және басқада қызмет түрлері үшін қажетті қаржы ресурстарымен қамтамасыз етілуімен және оларды мақсатқа сай, тиімді тарату және пайдаланумен, сондай ақ басқада шаруашылық субъектілермен қаржылық қаржылық қарым – қатынаста болу, төлеу қабілеттілігі және қаржылық тұрақтылықпен сипатталады. Кәсіпорынның уақтылы төлеу мүмкіндігі, оның қаржылық жағдайының жақсылығын көрсетеді» 2 деп жазған.
Жоғарыда берілген анықтамалар қарастырылып отырған ұғым мәнін жеткілікті дәрежеде ашпайды. Бір қатар түрлі әдістермен есептелетін бірыңғай көрсеткіштерге қарағанда қаржылық жағдай түрлі көрсеткіштерді
есептеу нәтижесінде және олардың жалпы бағалауға тигізетін әсерін зерттеу негізінде анықталатыны анық. Қорыта келе, кәсіпорынның қаржы жағдайы әлсіз және өмір сүру қабілеті жоқ, кәсіпорындарға аяусыз қарайтын бәсекелі нарықтық экономика жағдайындағы кәсіпорынның сенімді болуын, тұрақтылығын және келешегі барлығын куәландыруы тиіс. Кәсіпорынның қаржылық жағдайы осы кәсіпорынның белгілі бір кезеңдегі қаржылық тұрақтылығын және оның өз шаруашылық қызметін үздіксіз жүргізуі мен өзінің қарыз міндеттемелерін уақытылы өткізуі үшін қаржы ресурстарымен қамтамасыз етілуін көрсетеді.
Ал кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығы нені білдіреді? Бұл сұрақ та арнайы оқулықтарда түрліше түсіндіріледі. Бір авторлар қаржылық тұрақтылықта «өз қаражаттарын шебер пайдалану қабілеттілігі, жұмыс процесінде үздіксіздігін қамтамасыз ететін қаржының жеткілікті болуы» дептүсіндіріледі. Қаржылық тұрақтылық – меншікті және қарыз қаражаттарының байланысы деп жазады.
Бұл ұғымды А. Д. Шеремет пен Р. С. Сайфуллин өте ықшам түрде анықтайды. Олардың ойынша «Қаржылық тұрақтылық – бұл әрдайым төлем қабілеттілігін кепілдендіретін белгілі бір шоттар жағдайы» 3 .
В. М. Родионова мен М. А. Феодотова бұл ұғымды келесідей түсіндіреді: «Кәсіпорынның тұрақты қалыптасқан табысбың шығыннан артуының өзіне тән айнасы – қаржылық тұрақтылық болып табылады. Ол ақша қаражаттарын еркін пайдаланып, оларды тиімді қолдану арқылы өндіру мен өнімді өткізу процесінің үздіксіздігін қамтамасыз ететін, сондай ақ кәсіпорынды кеңейтуге және жаңартуға қажетті шығындарын қаржыландыратын кәсіпорынның қаржы ресурстық жағдайын сипаттайды. Қаржылық тұрақтылық ңкәсіпорынның жалпы тұрақтылығының негізгі бөлігі болып табылады».
«Қаржылық менеджменттің теориясы мен практикасында кәсіпорынның қаржылық – экономикалық жағдайын талдауына үлкен көңіл аударады. Осы мақсатпен бухгалтерлік баланстың есептеулері, кірістері мен шығындарын бағалау, ақша қаражаттарының айналуы мен жеке капиталдарын бағалау, сонымен қатар салық және статистикалық есеп беруін нақты қарастырады. Бұл үшін, есеп беру периодының басы мен аяғында тікелей және жанама талдау белгілі бір құжаттар формасының есеп беруінің абсалютты, қатыстылық және басқада кемшіліктерін, сонымен қатар өтімділік коэффициенттерін қарастырады. Бірақ бұндай жағдайдға жақындағанда қаржылық менеджменттің бір жағын, яғни ұйымдастырушылық бақылауын қарастырмайды. Бұл жағдайда кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығын бақылау механизмін құру және қаржылық директордың мұндағы рөлі, қаржылық – экономикалық службалар мен кәсіпорынның ұйымдастыру мен қызмет етуі көп әсерін тигізеді» 4.
Ал кәсіпорынның жалпы қаржылық тұрақтылығы, ол ең алдымен әрдайым табыстың шығыннан артуын қамтамасыз ететін ақша ағымының қозғалысын көрсетеді. Нарық жағдайында ол ең бірінші өнімді өткізуден түсетін табыстың Тұрақтылығын талап етеді және оның мөлшері мемлекетпен, жабдықтаушылармен, несие берушілермен, жұмысшылармен және тағы басқалармен есеп айырысу үшін жеткілікті дәрежеде болуы тиіс. Сонымен қатар кәсіпорынның одан әрі дамуы үшін, барлық есеп айырысулар мен барлық міндеттемелерді орындағаннан кейін, осы кәсіпорында өндірісті дамытуға, оның математикалық – техникалық базасын жаңартуға және де әлеуметтік климатты жақсартуға және басқаларға мүмкіндік беретіндей дәрежеде табыс қалуы қажет.
Кәсіпорынның қаржылық қызметінің қалыпты болуы, әсіресе өз кезеңіндегі қойылған мақсаттарға қол жеткізу үшін қажетті жағдайларды туғызады, оны төлеу қабілеттілігінің кепілі болып табылатын өнім өндірудің үздіксіздігін және кәсіпорынның қаржылық жағдайының тұрақтылығын
қамтамасыз етеді. Қаржылық жағдайды жақсы білуді қаржылық
тұрақтылықтан бастаған жөн және оған мыналар жатады:
- кәсіпорын активтерінің құрылымдық және құрамдық динамикасын талдау;
- кәсіпорын активтерінің қалыптасу көздерінің құрамдық және құрылымдық динамикасын талдау;
- кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығының абсалюттік және салыстырмалы көрсеткіштерін талдау;
- кәсіпорынның төлем қабілеттілігін және несие қабілеттілігін талдау;
1.2 Кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығына әсер ететін факторлар

Кәсіпорын жұмысы нарық жағдайына өтумен бірге оның қаржылық жағдайы және оны сауықтыру жолдарын іздеу жөніндегі сұрақтар да шиеленісе түседі.
Кәсіпорынның қаржылық тұрақтылық жағдайына көптеген факторлар әсер етеді, оларды В. М. Радионова мен М. А. Федотова келесідей түрлерге жіктейді:
1. Пайда болу орнына байланысты:
- Ішкі
- Сыртқы
2. Нәтижесінің маңыздылығына байланысты:
- Негізгі
- Негізгі емес
3. Құрылысы бойынша:
- Қарапайым
- Күрделі
4. Әрекет ету уақыты бойынша:
- Тұрақты
- Уақытша
Ішкі факторлар кәсіпорынның өзінің жұмысын ұйымдастыруына байланысты болады, ал сыртқы факторлар кәсіпорын еркіне бағынышты емес.
Негізгі ішкі факторларды қарастырайық. Кәсіпорынның тұрақтылығы ең бірінші өндіріс шығындармен үздіксіз байланысқан өндірілген өнім мен көрсетілген қызметтің құрамы мен құрылымына тәуелді. Сондай ақ тұрақты және айнымалы шығындар арасындағы қатынас маңызды болып табылады.
Кәсіпорынның өндірілетін өнім және өндіріс технологиясымен тығыз байланысқан қаржылық тұрақтылығының маңызды факторларының бірі – активтердің тиімді құрамы мен құрылымы, сондай ақ кәсіпорынның басқару стратегиясын дұрыс таңдап алуы болып табылады. Ағымдағы активтерді басқару өнері – кәсіпорын шотында оның ағымдағы жедел қызметі үшін қажет болатын қаржының ең төменгі соммасын ұстаудан тұрады.
Қаржылық тұрақтылықтың ішкі маңызды факторларының бірі – бұл қаржы ресурстарының құрамы мен құрылымы, олардың басқару стратегиясы мен тактикасының дұрыс таңдалып алынуы. Кәсіпорынның өз қаржы ресурсы, соның ішінде таза табысы қаншалықты көп болса, соншалықты ол өзін жайлы сезіне алады. Сонымен бірге тек таза табыстың көлемі ғана емес, сонымен қатар оны тарату құрылымы, әсіресе өндірісті дамытуға бағытталған бөлігі де өте маңызды болып табылады.
Кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығына қарыздық капиталдар нарығындағы қосымша жұмылдырушы қаражаттар үлкен әсерін тигізеді. Кәсіпорынның ақша қаражаттарын қаншалықты көп тарататын болса, оның қаржылық мүмкіндіктері де соншалықты жоғары болады, алайда, сонымен бірге қаржылық тәуелділік те өседі – яғни кәсіпорын өз кредиторлармен уақында есептесе ала ма, жоқ па? – деген қауіп туады. Және де бұл жерде кәсіпорынның қабілеттілігінің қаржылық кепілінің бір түрі ретінде резервтерге үлкен роль берілген.
Жоғарыда айтылғандарды қорыта келсе, кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығына әсер ететін мынадай ішкі факторларды атап көрсетуге болады:
- кәсіпорынның салалық топқа жатуы;
- шығарылатын өнімнің құрылымы және оның жалпы төлем қабілеттілігі бар сұраныстағы үлесі;
- төленген жарғылық капиталдың үлесі;
- төленген жарғылық капитплдың мөлшері;
- шығындардың көлемі, олардың ақшалай табыспен салыстырғандағы динамикасы;
- қорлар мен резервтерді, олардың құрамы мен құрылымын қоса алғандағы мүлік пен қаржы ресурстарының жағдайы;
- кәсіпорынның басқару тиімділігі;
Сыртқы факторларға шаруашылық жүргізудің экономикалық жағдайының әсері, қоғамда үстемдік ету үшін техника мен технология, төлеу қабілеті бар сұраныс және тұтынушылар табысының деңгейі, ҚР үкіметінің салық және несие саясаты, кәсіпорынның қызметін бақылау жөніндегі заң актілері, сыртқы экономикалық байланыс және тағы басқалар жатады.
Кәсіпорынның тұрақты қаржылық жағдайын қалыптастыруды, оның өз контрагенттерімен өзара қарам-қатынасы әсер етеді. Сондықтан да серіктестіктермен реттелген іскерлі қатынаста болу – жақсы қаржылық жағдайдың бірден-бір шарты болып табылады. Әрине, акционерлер өз жинақ қорларын тұрақты тиімділікке ие және дивиденттерді ұқыпты төлейтін қаржылық тұрақты кәсіпорындарға салады. Инвестициялық тартымдылығы болуы үшін, тек бүгінгі күні ғана емес, болашақта да кәсіпорынның қаржылық жағдайы көршісіне қарағанда жақсы болуы тиіс. Қаржылық жағдай кәсіпорынның бәсекелестік қабілетін және оның іскерлік қарым-қатынастағы потенциялын анықтайды, кәсіпорынның өзінің және оның серіктестіктерінің өзінің қаржылық және басқада қатынастар тұрғысындағы экономикалық қызығушылықтары қаншалықты дәрежеде кепілдендірілгенін бағалайды.
Кәсіпоранның қаржылық жағдайының объективті дұрыс бағасын алудың ең жақсы тәсілі, бұл талдау, ол кәсіпорынның даму бағытын бақылауға, оның шаруашылық қызметіне кешенді түрде баға беруге мүмкіндік береді және осындай жолмен басқарушылық шешімдерді өңдеумен кәсіпорынның өзінің өндірістік кәсіпкерлік қызметі арасында байланыстырушы қызмет атқарады.
Нарықтық экономика жағдайында жұмыс істеуші кәсіпорындардың қаржылық жағдайын талдаудың басты мақсаты келесілер болып табылады:
- қаржылық жағдайда баға беру және оның есеп беру мерзіміндегі өзгерісі;
- активтер мен олардың қалыптасу көздері арасындағы сәйкестілік, оларды таратудағы рационалды және пайдаланудағы тиімділікті зерттеу;
- айналым капиталының көлемін, оның өсуін (кемуін) және ағымдағы міндеттемелермен арақатынасын анықтау;
- қаржы-есептік және несие ережесін сақтау;
- кәсіпорын активтері және оның міндеттемелерінің құрылымын зерттеу;
- ағымдағы активтердің айналымдылық есебі, оның ішінде дебиторлық борыш және қорлар есебі;
- баланстық өтімділігін, кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығын және төлеу қабілеттілігінің абсалюттік және салыстырмалы көрсеткіштерін анықтау;
- кәсіпорынның табыстылығын бағалау;
- кәсіпорын табысының салыстырмалы көрсеткіштерін, сондай ақ олардың деңгейінің өзгеруіне әсер етуші факторларды есептеп шығару;
- кәсіпорынның іскерлік белсенділігін анықтау;
- кәсіпорынның қаржылық жағдайының тұрақтылығын ұзақ және қысқа мерзімді болжау, яғни оның қаржылық стратегиясын анықтау;

2 бөлім. ҚР-да кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығын
жоғарлату жолдары.
Кез келген мемлекетте кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығына жетілдіру жолдары қандай деген сұраққа жауап беруге болады. Бірінші және екінші бөлімде көрсетілген барлық жағдайларды қарастырып, талдап, бақылау жасап отыру қажет. Яғни, кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығымен тығыз байланысты көрсеткіштерді анықтау арқылы бақылау жасап, барлық жағдайлармен қамтмасыз ету керек. Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасында қаржы және экономика жағында көптеген жоғарғы және орта топ мамандарды міндетті түрде дайындау іске жүргізіліп жатыр. Мамандардың біліктілігіне байланысты кәсіпорынның қаншалықты жоғары дамығандығын білуге болады. Оның ішінде қаржылық директор, жоғары топтың басқарушыларының бірі болып табылады. Ол кәсіпорынның қаржылық – экономикалық және бәсекелестік жағдайына жауапты болып табылады. Қаржылық директор басты директордың экономикалық және қаржылық жағынан орынбасары болып табылады. Оның негізгі міндеті кәсіпорынның қаржылық экономикалық жағдайын басқару, қаржылық тұрақтылығын орнатуға қаржылық саясатын дамыту. Бұл мақсатты орындау үшін, көбінесе оған мыналар жатады:
- ақша қаражаттарының түсімдері мен кірістері, тауарлық – материалдық құнның қозғалысын, сонымен қатар аналитикалық баланстарды үйлестіруді бюджет жүйесіндегі графикпен есеп алуды жетілдіру;
- төлем балансының профицитіне жету үшін, қаржылық ағымын және жеке ақша қаражаттарының бюджетін жасауды басқару;
- қаржылық ресурстарының, мүлкінің және кіріс қозғалысының балансының негізіндегі қаржылық тұрақтылықты талдау, қаржылық тұрақтылықтың графигін орнату және банктің несиелік ресурстарды қарыз алушыға талап қоюына, талаптың тыйым салуын анықтау;
- төлем ресурсы мен жиналған қарыздың қаншалықты үлкейгендігі мақсатында, өндіруші программалар мен бизнес жоспардың экономикалық дәйектемесі;
- жеке және қарыз алған ақша қаражаттарының керектігінің дәйектілігі, капитал мен актив структурасындағы қаржылық тетікті бақылау;
- айналым капиталын басқару;
- бухгалтерлік, салықтық, статистикалық, оперативтік және басқарушылық талдауды экономикалық оқыту жөні;
- материалдық, қаржылық және құжаттық ағындарының қозғалысына бақылау;
- кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығын шынайы тұрақты уақытпен, ағымдық және оперативтік басқару;
- жұмыс координациясын және қаржылық-экономикалық қызметтерге және оның бөлімшелеріне басшылық, басқа қызметтер және бөлімшелермен өзара әрекет ету механизмін дамыту;
- ішкі есеп беру құжаттарын стандартқа сәйкестендіру;
- методикалық жағдайын сәйкестендіру;
Жоғарыда көрсетілген тізімдерді, қаржылық инструменттерді қолдану және кәсіпорынды дамыту, әртүрлі тәуекелдерді есептеу, бағалы қағаздармен жұмыс жасау, дивиденттік және инвестициялық саясатқа қосуға болады. Бірақ бұл әдістер орта және ұсақ кәсіпорындарға емес, тек аса үлкен кәсіпорынға сәйкес келеді. Яғни, мұнда көрсетілгендей экономикалық және қаржылық аймақта ең басты маман ретінде қаржылық директор, қазіргі уақытта бухгалтерлік, қаржылық, статистикалық, экономикалық, салықтық службалардың жұмыстарын нақты білуіне міндетті. Яғни, оның жұмысының дұрыстылығы, кәсіпорынның қаржылық және экономикалық жағдайы, басқа кәсіпорындар мен банктер арасындағы қаржылық қарым-қатынасы соған тікелей байланысты болып келеді.
Әрине, қаржылық директордың жұмысының тиімділігі, тек қана оның біліміне байланысты емес, сонымен қатар, біліктілігі және методикалық тәжірибесі, материалдық, құжаттық және қаржылық ағымдардың қозғалыс механизмінің біліктілігіне, сонымен қатар қаржылық-экономикалық басқаруды ұйымдастыру жұмыстылығына байланысты. Мысалға, 1-суреттегі қаржылық-экономикалық службалардың және алдыңғы қатарлы мамандардың мамандалған нұсқаулардың жағдайы ұйымдастырушылық қызметінде көрсетілген:
- бухгалтерлер бухгалтерлік, қаржылық және салықтық есеп беруді дайындауды, стандартқа сәйкес есеп беруге міндетті болып табылады;
- жоспарлы экономикалық бөлім бюджетті құрастыру, баға құру және калькуляциялауды, есп беру мен есептесуді жоспарлау, болжау және талдауға жауап береді;
- қаржылық бөлім жеке және қарыз капиталына есеп береді, проекттердің пайдалылығын, акциялар және оған тығыз байланысты тәуекелдерді талдау сұрақтарында инвестицияландыру және несиелеуді шешеді;
- аналитикалық бөлім, талдау мен аудиттің ішкі есеп беру құжаттарына сүйене отырып, кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығына талдау және есеп берудің ағымдық және оперативтік басқаруды жүзеге асырады;
- ақпараттық технологиялар және автоматтандыру бөлімі автоматты есептеу, алгоритмдерді зерттеу (жетілдіру) және әртүрлі өнімдердің программаларын орнатудың тиімділігін жоғарлатуды мақсат етеді.....


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Ораза айт намазы уақыты Қазақстан қалалары бойынша
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!