Философия | Классикалық неміс философиясы

Философия | Классикалық неміс философиясы

Классикалық неміс философиясы
XVIII ғасырдың аяғы - XIX ғасырдың бірінші жартысы неміс топырағында да философия кеңінен дамыған ерекше кезең болды. Ол кезенді Ф. Энгельс классикалық неміс философиясы деп атады. Ол кезенді бастап берген И. Кант (1724-1804) болса, оны Л. Фейербах (1804-1872) философиясы аяқтады, ал шырқау шегі Г. Гегель (1770-1831) философиясы еді. Ол кезеңнің өкілдері болғандар: И. Фихте (1762-1841), Ф. Шеллинг (1775-1854). Байқап отырғанымыздай, философтар да ғалымдар сияқты, басқа да мәдениет өткілдері секілді тарихта, жоғарыда айтылғандай, топтанып, кезеңдес болып кездеседі. Ол тегін емес. Әрине, себепкер — объективтік жағдай. Философтар да тарихи қажеттіліктен дүниеге келді. Соның бір дәлелі — классикалық неміс философиясы. XV1I-XVIII ғасырлардағы ағылшын, француз жағдайларымен салыстырғанда, XIX ғасырдағы Германия әлі нағыз орта ғасырлық, феодалдық ел болатынды. Революциялық жағдай бұл кезде әлі туындамаған еді. Сондықтан неміс философтары жалпы философиялық мәселелермен айналысты. Олар дворяндар емес, жай кала халқынан (бюргер) шықты. Сондай-ақ, өз заманының білімді адамдары қатарында болды. Неміс философтарының бәрі де (Л. Фейербахтан басқалары) университеттерде профессорлық қызмет атқарды. И. Кант Кеннигсберг, Гегель Берлин университетінің ректорлары болды. Шеллинг король IV Фридрих-Вильгельмге құпия кеңесші, әрі оның досы болған, Фихте де ректорлық қызмет атқарған. Сейтіп неміс философтары аристократиялық тапқа қызмет етті. Германияның пруссиялық-юнкерлік жолмен дамуына себепкер болды. Тарих, олардың пікірінше, абсолюттік рухтың өзін-өзі табуы болып табылады. Германияда үстемдік құрған феодалдық-абсолютгік құрылысты олар ең жоғары рухани күш — жаратушының, қалауы деп түсінді. Мемлекет дегеніміз, Гегельдің пікірінше, Құдайдың әлемді кезіп жүруі. Тек Л. Фейербах олардан оқшау тұрды. Ол 1828 жылы Эрланген университетіне оқытушылық жұмысқа орналасты. Бірақ екі жыл өтпей-ақ ол оқытушылық жұмыстан куылды.
Өйткені, ол бүркеме атпен "Өлім және өлместік туралы ойлар" деген кітабын жазып шығарды. Онда ол жеке өлместікті, о дүние болады дегенді материалистік тұрғыдан жоққа шығарды. Сол үшін ол зардап шегіп, өмірінің қалған кезін деревняда қиындық пен жоқтықта өткізді. Иммануил Канттың өмірі екі кезеңге: —сынға дейінгі кезең (1770) мен сын кезеңі деп бөлінеді. Сынға дейінгі И.Кант дүние өзінен-өзі табиғи пайда болды деген пікірге тоқтады. Онда ол өзінің "Аспанның жаппай табиғи тарихы мен теориясы" (1755) деген кітабында метафизиканың тұйық шеңберін бірінші болып бұзып, планеталардың алғаша газға ұқсас түмандардың қоюланып, катаюынан, ездігінен, ешқандай сыртқы күштің әсерінсіз пайда болғанын шамалады. Бүл Н. Коперниктен кейінгі ғылымға қосылған үлкен үлес еді. "Сын" кезеңінде ол "Таза ақылға сын" (1781), "Практикалық ақылға сын" (1788) деген еңбектерін жазды. И. Кант дүниені өздігінен, біздің санамыздан тыс өмір сүретін "өзіндік зат" (вещь в себе) және "біздік зат" (вещь для нас) деп екіге бөлді. Ол дүниенің танымдылығын мойындамай, жоққа шығарды. Дүниені тануға болмайды деген агностиктік ұйғарымға келді. Ол — сонымен қатар субъективтік идеалист, дуалист. 1783 жылы И. Кант "Прологомендер" ("Кіріспе") деген еңбегін жазды. Онда ол өзінің философиядағы теориялық бастамаларын анықтады. Ол философиялық категориялар тәжірибеден тыс, оған дейін адам басында таза идея күйінде пайда болады деп жазды. Олардың 12 түрін атап көрсетті. Олар: бірлік, көптік, бүтіндік, нақтылық, терістеу, т.б. Дінге тек сену қажет, ол философиядағы ғылым мен теория мәселесі емес деген қорытыңды жасады. Мәселен, Құдайды барлық тәжірибе арқылы дәлелдей алмаймыз, оған тек илану керек. И. Канттың ақылға сыятын бір пікірі — антиномия, былайша айтқанда, санада қарсыластық бар дегені. Айтқанын нақтылай келіп, ол әрбір ойдың кері түрі бар деді. Мәселен, дүние уақыт жағынан да, кеңістік жағынан да шекті. Екінші ой — олар кай жағынан алғанда да шексіз. Немесе дүниенің пайда болған мерзімі жоқ, бүған карама-карсы пікір: дүниенің пайда болған мерзімі бар. Немесе әрбір күрделі зат кдрапайым бөлшектерден түрады. Екіншісі, дүниеде карапайым зат мүлде жоқ. Тағы да бір пікір: дүниені түсінуге себептілік жеткіліксіз. Екіншісі — дүниеде бәрі де себепті, байланысты болады. Дүние - мәнді, дүние - мәнсіз, т.б. И.Канттың осы антиномиясы Гегельдің қарама-қарсылықтардың бірлігі мен күресі деген заңдылықты ашуына үлкен ықпал жасады. Иоганн Готлиб Фихте (1762-1814) - И. Канттың ерекше кезең болды. Ол кезенді Ф. Энгельс классикалық неміс философиясы деп атады. Ол кезеңді бастап берген И. Кант (1724-1804) болса, оны Л. Фейербах (1804-1872) философиясы аяқтады, ал шарқау шегі Г. Гегель (1770-1831) философиясы еді. Ол кезеңнің өкілдері болғандар: И. Фихте (1762-1841), Ф. Шеллинг (1775-1854). Байқап отырғанымыздай, философтар да ғалымдар сияқгы, басқа да мәдениет өткілдері секілді тарихта, жоғарыда айтылғандай, топтанып, кезеңдес болып кездеседі. Ол тегін емес. Әрине, себепкер — объективтік жағдай. Философтар да тарихи қажеттіліктен дүниеге келді. Соның бір дәлелі — классикалық неміс философиясы. XVII-XVІІI ғасырлардағы ағылшын, француз жағдайларымен салыстырғанда, XIX ғасырдағы Германия әлі нағыз орта ғасырлық, феодалдық ел болатынды. Революциялық жағдай бұл кезде әлі туындамаған еді. Сондықтан неміс философтары жалпы философиялық мәселелермен айналысты. Олар дворяндар емес, жай қала халқынан (бюргер) шықты. Сондай-ақ, өз заманының білімді адамдары қатарында болды. Неміс философтарының бәрі де (Л. Фейербахтан басқалары) университеттерде профессорлық қызмет атқарды. И. Кант Кеннигсберг, Гегель Берлин университетінің ректорлары болды. Шеллинг король IV Фридрих-Вильгельмге құпия кеңесші, әрі оның досы болған, Фихте де ректорлық қызмет атқарған. Сөйтіп неміс философтары аристократиялық тапқа қызмет етті. Германияның пруссиялық-юнкерлік жолмен дамуына себепкер болды. Тарих, олардың пікірінше, абсолюттік рухтың өзін-өзі табуы болып табылады. Германияда үстем-дік қүрған феодалдық-абсолюттік құрылысты олар ең жоғары рухани күш — жаратушынын, қалауы деп түсінді. Мемлекет дегеніміз, Гегельдің пікірінше, Құдайдың, әлемді кезіп жүруі. Тек Л. Фейербах олардан оқшау тұрды. Ол 1828 жылы Эрланген университетіне оқытушылық жұмысқа орналасты. Бірақ екі жыл өтпей-ақ ол оқытушылық жұмыстан қуылды. Өйткені, ол бүркеме атпен "Өлім және өлместік туралы ойлар" деген кітабын жазып шығарды. Онда ол жеке өлместікті, о дүние болады дегенді материалистік тұрғыдан жоққа шығарды. Сол үшін ол зардап шегіп, өмірінің қалған кезін деревняда надындық пен жоқтықта өткізді. Иммануил Канттың өмірі екі кезеңге: — сынға дейінгі кезең (1770) мен сын кезеңі деп бөлінеді. Сынға дейінгі И.Кант дүние өзінен-өзі табиғи пайда болды деген пікірге тоқтады. Онда ол өзінің "Аспанның жаппай табиғи тарихы мен теориясы" (1755) деген кітабында метафизиканың тұйық шеңберін бірінші болып бұзып, планеталардың алғаша газға ұқсас тұмандардың қоюланып, қатаюынан, өздігінен, ешқандай сыртқы күш-тің өсерінсіз пайда болғанын шамалады. Бұл Н. Коперниктен кейінгі ғылымға қосылған үлкен үлес еді. "Сын" кезеңінде ол "Таза ақылға сын" (1781), "Практикалық ақылға сын" (1788) деген еңбектерін жазды. И. Кант дүниені өздігінен, біздің санамыздан тыс өмір сүретін "өзіндік зат" (вещь в себе) және "біздік зат" (вещь для нас) деп екіге бөлді. Ол дүниенің танымдылығын мойындамай, жоққа шығарды. Дүниені тануға болмайды деген агностиктік ұйғарымға келді. Ол — сонымен қатар субъективтік идеалист, дуалист. 1783 жылы И. Кант "Прологомендер" ("Кіріспе") деген еңбегін жазды. Онда ол өзінің философиядағы теориялық бастамаларын анықтады. Ол философиялық қатегориялар тәжірибеден тыс, оған дейін адам басында таза идея күйінде пайда болады деп жазды. Олардың 12 түрін атап көрсетті. Олар: бірлік, көптік, бүтіндік, нақтылық, терістеу, т.б. Дінге тек сену қажет, ол философиядағы ғылым мен теория мәселесі емес деген қорытынды жасады. Мәселен, Құдайды барлық тәжірибе арқылы дәлелдей алмаймыз, оған тек илану керек. И. Канттың ақылға сыятын бір пікірі — антиномия, былайша айтқанда, санада қарсыластық бар дегені. Айтқанын нақтылай келіп, ол әрбір ойдың кері түрі бар деді. Мәселен, дүние уақыт жағынан да, кеңістік жағынан да шекті. Екінші ой — олар қай жағынан алғанда да шексіз. Немесе дүниенің пайда болған мерзімі жоқ, бұған қарама-қарсы пікір: дүниенің пайда болған мерзімі бар. Немесе әрбір күрделі зат қарапайым бөлшектерден тұрады. Екіншісі, дүниеде қарапайым зат мүлде жоқ. Тағы да бір пікір: дүниені түсінуге себептілік жеткіліксіз. Екіншісі — дүниеде бәрі де себепті, байланысты болады. Дүние — мәнді, дүние - мәнсіз, т.б. И.Канттың осы антиномиясы Гегельдің қарама-қарсылықтардың бірлігі мен күресі деген зандылықты ашуына үлкен ықпал жасады. Иоганн Готлиб Фихте (1762-1814) - И. Канттың шәкірті. Оның басты еңбегі - "Әрқилы жаңалықты сынау тежірибесі". Ол — субъективтік идеалист. Фихтенің пікірінше, нақты өмір сүретін — тек біздің санамыз. Материалдық дүние, болмыс, табиғат тек біздің санамызда, біздің сезімімізде, елесімізде, ұғымымызда болады. Оның пікірінше, практикалык, істен сана бұрын басталады. Сана іштен туады. Фихтенің тағы бір пікірі — дөңгелектер туралы ілім. "Қандай да бір шындық болмасын, ол -"меннің" жемісі" дейді философ. Бірақ "меннің" екі түрі бар: жекелік "мен" және абсолютгік "мен". Бұл екеуі тығыз байланыста. Егер "менді" "мен емес" бейнелейтін болса, онда субъект теориялық болады да, ал егер керісінше болса, онда ол практикалық болады. Ал 1800 жылдан кейін ол "мен еместі" "мәнге" біржолата бағындырады. Сондықтан ол И. Кантты "мен еместі", былайша айтқанда, санадан тыс "өзіндік затты" мойындағаны үшін сынады. Идеалистік бағыттың өкілі Фридрих Шеллингке Фихтенің әсері зор болды. Бірақ ол Фихтеден бас тартты. Шеллинг объективтік идеалист болды. Оның пікірінше, әлем - объективтік идеяның, әлемдік рухтың нақты бейнесі. Оның еңбектерінің өзегі - саналылық пен санасыздықтың арақатынасы. Шеллингтің пікірінше, дүниені абсолюттен туындайтын санамен түсіндіру мүмкін емес, ол — иррационалды, алғашқы, санаға емес, ырыққа, оның бостандыққа ұмтылуына негізделген. Олай болса, дүниенің бастамасы - қараңғы стихия. Фихтеге қарама-қарсы ой айтып, Шеллинг "менді" дүниенің бірден-бір өзегі, абсолюттік субъект емес, табиғаттан, адамнан тыс рухани негіз, объективтік сана деп қорытады. Табиғат - әлемдік рухтың санасыз бейнесі, нәтижесі, ал адамзат - әлемдік рухтың саналы ерекеті. Ол "Жаңалық ашу философиясы" деген еңбегінде "табиғаттың барлық құбылыстары белгілі ретпен жасалады, оның әрбір жаңа сатысы бұрынғыдан сергек, саналы болып келеді" деп тұжырымдады. Георг Вильгельм Фридрих Гегель - классиктік неміс философиясының көрнекті өкілі. Объективтік идеалист. Гегель өзінің "Барлық ақылға сыятын нәрсе - шындық, барлық шындық ақылға сыяды" деген қағидасын И. Фихтеден алып дамытты. Басты еңбектері: "Логика ғылымы", "Философиялық ғылымдар энциклопедиясы", "Құқық философиясы", "Философия тарихы туралы лекциялар, "Тарих философиясы туралы лекциялар", т.б. Гегель философиясының жүйесі мынадай үш бөлімнен тұрады: а) логика; б) табиғат философиясы; в) рух философиясы (феноменология). Гегель философиясының басты мәселесі — әлемдік рух, абсолюттік идеяның бүкіл дүниені жаратқаны айтылады.Бұл пікірді Гегель "Логика ғылымы" деген еңбегінде жан-жақты баяндаған. Мұнда ол абсолюттік идеяны, дүниежүзілік рухты табиғат, қоғам пайда болғанға дейін әлі ештеңе емес, таза идея күйінде қарап, оның диалектиканың үш жалпылық зандары санның сапаға көшуі, қарама-қарсылықтың бірлігі және күресі, терістеуді терістеу негізінде, өздігінен қозғалып, дамуын идеалистік тұрғыда табиғаттың пайда болуына дейін алып қарастырады. Бұл еңбектің бірінші бөлімі — "болмыс", екінші бөлімі — "мән", үшіншісі "ұғым" деп аталады. "Логика ғылымы" еңбегінде Гегель ең алғашқы болып диалектиканың осы үш жалпылық заңын, жоғарыда айтылғандай, идеалистік тұрғыда зерттеп көрсетеді. Бұл зандарда Гегель берген көптеген философиялық дұрыс анықтамалар да бар. Біз оның, мәселен, мөлшер — сандық сапа немесе сапалық сан деген, сондай-ақ, "қарама-қарсылыққа", "қайшылыққа", "санға", "сапаға", "терісте-уге", т.б. берген анықтамаларын қолданамыз. Бірақ, Гегель идеалистік түрғыдан таза идеяньщ абсолюттік идеяға, әлемдік санаға, демиургке айналуын қиял түрінде тұжырымдады. Әрине, бұған қосылуға болмайды. Өйткені, идеяның даму зандылықтары — тек объективтік шындықтың даму зандылықтарының санадағы көшірмесі, бейнесі ғана. Гегельдің пікірінше, табиғат — абсолюттік идеяның өзгеше өмірі. Бұл пікір Гегель философиясы жүйесінің екінші белімі — "Табиғат философиясында" баяндалады. Бірақ табиғат дамымайды, тек кеңістікте жазылады. Гегель еңбегінде механика, физика және тіршілік мәселелері қарастырылады. Ол материяны да сөз етеді, бірақ оны дүниенің негізі ретінде емес, идеяның бір көрінісі - ұғым ретінде қарастырады. "Химия құбылыстарында, - дейді Гегель, — органикалық емес табиғат өзінің ең жоғары нүктесіне жетеді". "Органикалық физиканың шегі -тіршілік", — дейді Гегель. Оның философиясы жүйесінін үшінші бөлімі — рух философиясында қаралады. Мұнда ол әлемдік рух табиғаттан жоғары көтеріліп, өзіне-өзі айналады. Гегель бұл белімде азаматтық, қоғамды, мемлекетті, құқықты, эстетиканы, діни философияны әңгіме етеді. Сондай-ақ, сана, өзіндік сана, ақыл, рух феноменологиясын, мәдениет мәселелерін арнайы алып қарайды. Гегельдің пікірінше, дүниежүзілік тарих шығыстан батысқа ауысып келеді. Революция, Гегельше, субъективтік рухтың абсолюттік жаратушы рухтың жасаған шындығына наразылығы көрінеді. Соғысты Гегель адам қоғамының рухани іріп-шіруінен сақтап, қоғамды моральдық жағынан тазартатын құбылыс, әрекет деп түсіндірді. Бұл Гегельдің кешірілмейтін қателіктеріне жатады. Дегенмен, философияда оның орны ерекше. Людвиг Фейербах - классикалық неміс философиясының соңғы өкілі. Германиядағы жүз жылға созылған идеалистік, діни көзқарастың түндігін батыл сыпырып тастап, езін ашықтан-ашық материалистпін деп жариялады. Оның басты еңбектері: "Христиандықтың мәні", "Болашақ философиясының негізгі кағидалары", т.б. Ол дүниенің материядан тұратынын мойындап, табиғаттың санадан тыс, оған бағынышсыз екенін дәледдеді. Ол рух пен дене арасының алшақтығын жойды. Фейербах болмысты — бастауыш, сананы баяндауыш деп қарады. Табиғат денелерден, материядан, сезімдіктен тұрады, деп жазды Фейербах. Табиғат мәнгі және шексіз. Сана — соның тек көшірмесі, ал психолог-идеалист сол көшірмені түпнұсқа ретінде түсіндіреді, — деп түсіндірді Фейербах. Бірақ ол антропологиялық материализмді қуаттады. Өйткені, ол барлық материализмді тұрпайы материализм деп түсінді. Сондықтан өзін одан аулақ ұстамақ болды. "Шындық — идеализмде емес, материализмде емес, шындық тек антропология", — деп жазды Фейербах. Бірақ ол өзінің антропологиялық материализмінің нағыз метафизикалық материализм екенін байқамады. Таным сезімнен басталады, — деп уағыздады Л. Фейербах. Шындықтың дәйегі — оның іштен туған санаға сай келуі деп түсінді. Бұл оның идеализмге жасаған кешірімі болатын. Л. Фейербах Гегельдің идеализмін орынды сынай отырып, онын диалектикасының мәнін түсінбей, оны теріске шығарды. Л. Фейербах христиан дінін де орынды сынады, бірақ діннен ол біржолата қол үзбеді. "Болашақ философияның негізгі қағидалары" деген еңбегінде Л.Фейербах қоғамның қозғаушы күші — адамның адамға сүйіспеншілігі, әсіресе, ерлер мен әйелдер махаббаты деп түсіндірді. Сол байланысты ол дін деп қарады. Бұл да Л. Фейербахтың идеализмі болатын. Л. Фейербах Гегельдің идеалистік философиясын сынап талдағанымен, айналып келгенде, ол әсіресе қоғамтануда идеализм шеңберінен шыға алмады.....


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Ораза кестесі 2024 жыл. Астана, Алматы, Шымкент т.б. ауыз бекіту және ауызашар уақыты
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу

Соңғы жаңалықтар:
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!
» 2024 жылы студенттердің стипендиясы қанша теңгеге өседі