Экономика | Кәсіпкерлік қызметті мемлекеттік қолдау механизмдері

Экономика | Кәсіпкерлік қызметті мемлекеттік қолдау механизмдері

Қазақстандағы шағын және орта бизнесті дамыту мәселері
Қазақстанда шағын кәсіпкерлікті қолдауды дамытуды тосқауыл болардық біршама кедергілерге қарамастан, айта кету керекғ Қазақстанда шағын кәсіпкерлікті қолдау және дамыту жолында алғашқы қадам 1997 жылы Президент «Мемлекеттік қолдауды күшейту және шағын кәсіпкерлікті дамытуды жандандыру шаралары туралы» және « Артықшылықтар мен қолданудың өңірлік бағдарламалары және Қазақстан Республикасында шағын кәсіпкерлікті дамыту» жарлығына қол қойған күннен жасалды. Аталмыш нормативтік актілерде осы саладағы мемлекеттің негізгі бағыттары және оның жүзеге асуының алғышарттары белгіленді.Шағын кәсіпкерлікті қолдауға орталық және жергілікті атқарушы органдар қызметін үйлестіру, сонымен қатар шағын кәсіпкерлікке қаржылық техникалық көмек көрсету мәселелеріне халықаралық қаржының институттарымен өзара қатынасты реттеу қазақстан Республикасының Экономика және сауда Министрлігінің құрамында арнайы осы мақсаттарды атқару үшін құрылған шағын кәсіпкерлікті қолдау мемлекеттік агенттігіне тапсырылды. Ал қазіргі кезде шағын бизнесті қолдау саласындағы қызметтер мен өкілеттік Қазақстан Республикасының индустрия және сауда Министрлігіне берілді.шағын кәсіпкерлікті дамытудың алғашқы артықшылықтары ретінде :
– жаңа және халық тұтынатын сырттан әкелетінөнім орнын басатын, құрылыс материалдарын, жабдықтардың аз түрін тауарлар өндіруді дамыту.
– Қызмет саласын, бірінші кезекте пәтер несиелері кооперативтеріне көрсетілетін өызмет саласын дамыту.
– Аграрлық кешеннің ары қарай қнімді өңдеу өндірісін дамыту, мемлекеттің шағын бизнестің аяғынан тік тұрып кетуіне ықпалы шаған кәсіпкерлікті дамыту және қолдау жөніндегі өңделген және сатылай қабылданған бірнеше жылғы бағдарламалары өз нәтижесін беріп жатты.
Қазақстан Республикасында шағын кәсіпкерлікті дамыту мен қолдау мемлекеттік бағдарламасы, 2003 жылы 31 қазанда болған Қазақстан кәсіпкерлдерінің 11- форумында Қазақстан Республикасы Президенті орындауға тапсырған, 2003-2005 жылдарға Қазақстан Республикасының индустриалдық–инновациялық стратегиясы болмақ. Шағын бизнесті дамытуға жоғары талаппен қойылған аталмыш осы бағытқа қазіргі қоғам мемлекет алдына осы сала бойынша төмендегідей талаптар қояды:
1. шағын кәсіпкерліктің салықтық басқару жүйесін жетілдіру,
2. шағын кәсіпкерліктің несиелік ресурсқа қол жеткізуін жетілдіру,
3. шағын кәсіпкерлікті қолдайтын мемлекттік және мемлекеттік емес институттар тиімділігін арттыру,
4. кәсіпкерлікті мемлекеттік реттеуде жеңілдету,
5. шағын кәсіпкерлікті қолдауда біріңғай білім беретін және ақпараттық –әдістемелік жүйе жасау,
6. кәсіпкерлік жөнінде нормативтік құықтық база жасау.
Шағын кәсіпкерлікті қолдауды растайтын тағы бір маңызды фактор бақылаушы органдар тарапынан жасалатын тексеруге қатысты жеңілдетілген ереже болып табылады. Шағын кәсіпкерлік субъектілерінің әрекетін мемлекеттік органдардың тексеру тәртібі ережесіне сәйкес шағын кәсіпкерлік субъектілерінің саны 10адамнан аспаса, мемлекеттік бақылаушы органдар үш жылда бір реттен артық тексеруге құқығы жоқ. Бұл тәртәп тек қана салық органдары мен қозғалған қылмыстық істерге тоқтау сала алмайды. Өкілетті мемлекеттік органдар жүргізетін шағын кәсіпкерлік субъектілерінің қаржы –шаруашылық әрекетін тексеру жылына бір реттен артық болмауы тиіс.


Шағын кәсіпкерлік – ұлттық экономиканы дамытудың маңызды шарты

Кәсіпкерлік, жоғарыда айтылғандай, кәсіпорынның экономикалық дамуының маңызды факторы. Сонымен бірге ұлттық экономиканы одан әрі дамытуға да аса басты ықпал етеді. Соңғысын мына жағдаймен түсіндіруге болады: кәсіпкерлік қзінің мәнін жете түсіну негізінде шағын және орта бизнесті дамыту формасы арқылы жалпы жағдайды тудырады.
Шағын кәсіпорындардың ел экономикасындағы рөлі аса үлкен. Біздің республикада шағын кәсіпкерліктің үлесі қазіргі кезде 90% - ке жетеді.
2000 жылдың 1 қаңтарындағы мәлімет боынша республикадағы 372 мыңнан астам шағын кәсіпкерлік субъектісі тіркеліп, олардың ішіндегі жұмыс істейтіндері– 329,1 мың болды. Шағын кәсіпкерлік саласындажұмыспен қамтылғандар саны - 1,4 млн. Адамды құрады.
Шағын бизнес өкілдері 2000 жыл ішінде 532,6млрд. Теңгенің өнімін өндірді және қызмет көрсетті.1999 жылы олар бюджетке төленетін төлем 33,7 млрд. Теңге құраса, 2000 жылы – 45,9 млрд. Теңгеге жетті.
Қазақстан Республикасы Президентінің 2001 жылғы 7 мамырдағы Жарлығымен Қазақстан Республикасында «Шағын кәсіпкерлікті дамыту мен қолдаудың 2001-2002жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы» бекітілді. Оның басты мақсаты шағын кәсіпкерліктің өндірістік саласының серпінді дамуын қамтамасыз ететін мемлекеттік қолдау саясатын жетілдіру болып табылады.
Бағдарламаның міндеттері оның мақсатымен айқындалған және олар мыналар:
• Халықтың жұмыспен қамтылуын қамтамасыз ету;
• Қоғамдық бірлестікердің шағын кәсіпкерлікті қолдау мен қорғау мәселелеріндегі рөлін күшейту;
• Шағын кәсіпкерліктің өндірістік саласын басымдылықты дамыту;
• Шағын кәсіпкерлікті ақпараттық қамтамасыз ету жүйесін жетілдіру және дамыту арқылы шағын кәсіпкерлік субъектілерінің тұрақты қызметі үшін қолайлы жағдайлар жасау болып тұжырымдалады.
Шағын кәсіпорындардыңең басты маңыздылығы – бұл әлеуметтік аспектілігінде. Өзінің құрылуымен шағын кәсіпорындар жұмыс орындарын көбейтуге жағдай жасайды, сөйтіп, жұмыссыздықты азайтады. Бұдан басқа халықтың жалпы білімділігінің артуы барысында азаматтар арасында жаппай өздерінің жеке қабілеттіліктерін көрсетуілері үдей түседі. Ең алдымен бұған қол жеткізуде өз істерін ұнататындықтары және бұған бейімділіктерінің сай болуына қарай өздерінің жеке «ісін» ашу, өзінің бизнеспен айналысуын жалғастыруы болып табылады. Мұның өзі сондай –ақ, шағын кәсіпорындардың дамуына қажеттілігін тудырады.
Сонымен, жоғарыда баяндалғандай экономиканың жаңа жағдайындағы рынокқа өтуінде шағын кәсіпорындар «жанама» өнім ретінде болмайды. Олар еліміздің ажырамайтын саяси – экономикалық жүйенің бөлігі болып табылады.Біріншіден, нарықтық қатынастардың тұрақтылығы, солай болғандықтан, халықтың көптеген бөлігі осы қатынастар жүйесінде тартылады; екіншіден, рыноктық жағдайда олар қажетті икемділікті қамтамасыз етеді, терең мамандануды іске асыруды және өндірісті тармақтанған кооперацияға айналдырады.Онсыз оның экономикалық тиімділігінің болуы мүмкін емес. Нәтижесінде, бұл шаруашылық дамуының жеке ұлттық экономиканың серпінді өсуіне үлкен ықпал етеді; үшіншіден, шағын кәсіпорындар рөлінің өзгеруі орта және ірі кәсіпорындардың қызмет етуіне тиек болады.
Қазақстан Ресрубликасында шағын кәсіпкерлікті реттейтін негізгі заңдық актілер тізбесі:
1. ҚР Азаматтық кодексі. 27ю12.94 ж(жалпы бөлім).
16.12.98 ж.өзгерістер енгізілген.
2. «Шағын кәсіпкерлікке мемлекеттік қолдау туралы» ҚР Заңы. 19.06.97ж. №131-1 (26.07.99ж. өзгерістер енгізілген)
3. «Жеке кәсіпкерлік туралы» ҚР Заңы. 19.06.97ж. №135-1 (29.11.99ж. өзгерістер енгізілген)
4. «Жұмыстардың жеке түрлері және қызмет рыногын дамыту туралы» ҚР Үкіметінің қаулысы. 31.03.99ж. №343 (14.02.2000ж. өзгерістер енгізілген)
5. «Шағын кәсіпкерлікті қорғау мәселелері бойынша заңдық актілерге бірсыпыра қосымша өзгерістер енгізу туралы» ҚР Заңы. 29.11.99ж. №489-1.
6. «Адамдар мен заңды тұлғалардың кәсіпкерлік қызметіндегі бостандық құқығын қорғаутуралы» ҚР Президентінің жарлығы. 27.04.98ж. №3928.
7. «ҚР кейбір заңдық актілерге өзгерістер мен қосымшалар енгізу туралы»ҚР Заңы. 10.07.98ж. №283-1
8. «ҚР Агенттігінің шағын бизнесті қолдау мәселелері жөніндегі» ҚР Үкіметінің қаулысы. 26.04.99ж. №475.
9. «Шағын кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі» ҚР Үкіметінің қаулысы. 08.04.97ж. №499.
10.«Шағын кәсіпкерлікті дамыту мен қолдаудың 2001-
2002жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасы» Қазақстан Республикасының Президентінің 2001 жылғы 7 мамырдығы Жарлығы

Қазақстан кәсіпорындарын нарықтық қатынастарды реттеудің әдіснамалық аспектілері.

Қазақстан Республикасында нарықтық экономикаға бетбұрыс және көшу іс жүзінде 1991 жылы басталды. Біздің елде нақты нарықтық қатынастардың қалыптасуы үшін бүкіл адамзаттың көп ғасырлық тәжірибесін ескере отырып, олардың қалыптасқан объективті экономикалық тетігі ретінде атқарымдық мүмкіндіктерін жаңаша ұғыну; ғылыми –техникалық прогреске, тиімділігі жоғары экономикаға қабілетті, тұтынушыға бағдарланған нарықты жалпыадамзаттық игілік және шаруашылық жүргізудің күрделі жүйесі ретінде жан– жақты мәнін түсіну қажет.Еліміздің ерекшеліктерін ескере отырып, арықтық қатынастарды ендірудің көптеген теориялық және әдіснамалық проблемаларын шешуге дұрыс тәсілдемені қалыптастыру қажеттілігі пісіп жетілді. Республикадағы экономикалық реформаның жетістігі нақты жағдайдағы реттелетін нарық экономикасының үлгісіңің бөлшектерін анықтауға байланысты. Күрделілігі сол нарықтық дамудың тұтас теориясының жоқтығында болып отыр. Барлық белгіліпарагдималар орталықтан басқарылатын экономикадан нарыққа көшкен кезде қолайлы. Экономикалық ғылымның осы заманғы іс – тәжірибеден қалып қойғанн атаған жөн. Бұл кемістіктің орнын толтыру үшін нарықтық қатынастардың әлеуметтік экономикалық мазмұнын экономикалық санат ретінде ең әуелі талдау, олардың мәнін, табиғатын, экономика саласындағы басқа қатынастармен өзара байланысын ашу қажет.
Нарықтық қатынастардың дамуы Қазақстанның ТМД–ның басқа аймақтармен байланысын кеңейтуге мүмкіндік береді, шаруашылық жүргізуші субъектілердің жаңа ұйымдық нысандарының пайда болуына әкеледі.
Нарықтық қатынастар– бұл меншіктің түрлі нысандарында шаруашылық жүргізетін субъектілер өндірген тауарлардың сұранысы мен ұсынысынын анықтайтын өндірушілер мен тұтынушылардың өзара іс– қимыл тәсілі. Біздің пікірімізше, бұл өнім өндірісі үрдістерін басқару ідісі, экономикалық тұтқалар көмегімен нарықты ретке келтіретін жүйе, ол кездесетін қарама – қайшылықтарды шешуге бағытталған, бұл өнімді өндіру үрдісінде жеке, ұжымдық басқа мүдделердің біртұтастығын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Бұдан басқа, нарықтық қатынастар деңгейімен өнім өндірудің көлеміне ғана емес, сонымен бірге нарық қызметі орбитасына енетіндердің барлығы да байланысты.
Нарықтық қатынастар өнімді бөлу, айырбастау және тұтынуға байданысты ұдайы өндіру үрдісінің барлық сатыларының өзегінен өтеді. Сондықтан оларды шаруашылық жүргізуші субъектілердің экономикалық жүйесінен тыс зерттеуге болмайды. Мұнда нарықтық қатынастар нарықтың атқарымдағына кері әсер етеді. Олар нарықтың жеке элементтерінің дамуын жылдамдатады немесе тежейді.Мысалы, кәсіпкерлік нарықтың қалыптасуының басты факторы болып есептеледі, бірақ оның дамуы нарық элементтерінің кемелдену жағдайына байланысты.
Нарық қатынастарының негізгі элементтерінің бірі болып кәсіпорынның кәсіпкерлері есептелінеді.Атап айтқанда, олар белгілі бір жағдайларда қарама–қайшылықтардың субъектісі және объектісі болады. Кәсіпорынның мүдделері мен қажеттіліктері нақты жағдайларда қалыптасады, бұл олардың басқа кәсіпорындармен қатынасын анықтайды. Алайда қазіргі кезде кәсіпорынның нарықтық қатынастары дамуының тұтас теориясы жоқ, оның ядросы қалыптасу сатысынан өтуде. Сондықтан Қазақстан Республикасының кәсіпорындарындағы нарықтық қатынастардың даму ерекшеліктерін зерттеудің теориялық және тәжірибелік мүддесі бар. Осыған орай туындап келе жатқан дағдарыстың алдын алу керек. Міне, осыған байланысты кәсіпорынның өміршеңдік кезеңінің өсу сатысына көшуді қамтамасыз ететін стратегияны жасау қажеттілігі туындайды.

Кәсіпорынның тұрақтандырылуын басқару

Кәсіпорынның тұрақтануын басқарусыз оның дамуы мүмкін емес. Нарық экономикасының қалыптасуы кәсіпорынды басқару үрдісін айтарлықтай қиындатады. Кәсіпорынды басқару жүйесі – бұл тұтынушының мүдделері ескерілген бұйымның өміршеңдік кезеңі мен басқару деңгейлерінің барлық сатыларында өзара байланысқан атқарымдар жүйесінде іске асатын басқарылатын объектіге нысаналы үздіксіз әсер ету. Нарық жағдайындағы кәсіпорын мақсаты – кәсіпорынның жұмыс істегендегі шығыны мейлінше аз, ал пайдасы барынша көп болатындай етіп сондай бейімделумен нарықты молықтыру.
Мұнда кәсіпорынның қызметі бағамен анықталады, ал дамуды ынталандыру факторы болып бәсеке есептеледі.
Нарықтың тығырығынан шығу үшін, нарықтық позицияны ұстай отырып, даму үшін кәсіпорындарға инвестициялар қажет. 2004 жылға дейін республикада кәсіпорын дамуының қазіргі жағдайы мен үрдісіне жасалған талдауы бойынша негізгі капиталда инвестицияның төмендеуі байқалғанын көрсетті.Шетелдік инвестицияларды ірі ауқымды жобаларға, ал отандық инвестицияларды шағын және орташа бизнесті дамытуға тарту орынды екенін атаған жөн.
Отандық ұйымдардың инвестициялық белсенділігінің жеткіліксіздігі кәсіпорын экономикасының тұрақтануына кедергі келтіреді. Нәтижесінде инвестицияларды лизингі арқылы тарту қажеттілігі туындайды. Лизингілік өызмет белгілі бір қауіптермен байланысты, ол залалға әкеліп соқтыруы мүмкін және меншікті ресурстары есебінен дами алмайтын кәсіпорындарды қолданылады.Кредитке қабілеттілігін арттыру үшін кәсіпорынды дамытудың жаңа стратегиялық тұжырымдамасын ендіру қажет.
Кәсіпорындарда жүріп жатқан өзгерістер нарық конъюнктурасының зерттеу үрдісі және тауармен қамтамасыз етуді ұйымдастыруды жандандырады, бұл нарыртық ділдің (менталитеттің) қалыптасуына және нарыққа көшу тиімділігін арттыруға мүмкіндік жасайды. Сондықтан даму кезеңінің ауытқуын бағалау сипаттамас кәсіпорынның өндірістік –өткізу қызметінің қажетті шарттарын көрсетеді.
Нарықтық жағдайы белгілі бір дәрежеде оның микродеңгейдегі, яғни кәсіпорын деңгейінде әлеуетті мүмкіндіктеріне байланысты. Өз мүмкіндіктерін талдау үшін әрбір кәсіпорын нарықтағы бағдарлану жөніндегі мәселені негізді шешу үшін нарықтың жалпы әлеуетін бағалауы қажет. Алайда кәсіпорындарда тауарға сұраныс сылбыр зерделенетін жағдайлар, келісімшарттық міндеттемелерді бұзушылық және менеджменттегі юасқа да кемшіліктер жиі кездеседі.
Кәсіпорынның тұрақтануын басқарудың келесі индикаторы болып кәсіпорынның ресурстық әлеуетінің қалыптасуы есептеледі. Өндірістің қазіргі кездегі төмен деңгейі халықтың материалдық игіліктерге қажеттілігін қамтамасыз етуге мүмкіндік бермейді, бұл өндіріс пен тұтыну арасындағы қарама–өайшылықтың тереңдеуін шарттастырады. Мысалы, жұмыс орындарының болмауына байланысты біліктілік деңгейі төмендейді. Ақша табудың тәсілдері мен көздерін іздестіруде адамдардың кез келген жұмысқа баруы адамгершілік пен рухани ізгіліктер мен басқа да талаптарды төмендетеді, бұл көлеңкелң экономиканың әлеуметтік базасын жасауға әкеледі.
Кәсіпорынның тұраұтануын ретке келтіретін маңызды әдіснамалық тәсіл болып оны кешенді басқару есептеледі. Қазіргі кезде кәсіпорындардың экономикасы дағдарыстық жағдайда болуда. Кейбір мамандардың болжауынша басты себеп – экономикалық дағдарыс емес, кәсіпорынды басқарудың дағдарысы болып отыр.....


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?