Экономика | Кедейлік ұғымы онымен күрес тәжірибесі Халықтың тұрмыс деңгейін көтеру жолдары

Экономика | Кедейлік ұғымы онымен күрес тәжірибесі Халықтың тұрмыс деңгейін көтеру жолдары


Кедейліктің түрлері.
Ғылыми әдебиеттерде кедейліктің келесідей түрлері бөлініп көрсетіледі: абсолюттік, салыстырмалы, қайшылық, депривация, қуып жетуші кедейлік.
Абсолютты кедейлік индивидтің өзінің табысымен тамаққа, баспанаға, киімге , жылуға деген сұраныстарын қанағаттандыруға қабілетсіздігін, болмаса тек қана биологиялық өмір сұруін қамтамасыз ететінминималды сұраныстарын ғана қанағаттандыруға мүмкіндігі бар екенін сипаттайды. Абсолютты кедейліктің сандық көрсеткіші кедейлік табалдырығы болып есептелінеді.
Салыстырмалы кедейлік адамның басқа адамдармен салыстырғандағы қаншалықты кедей екендігін зерттейді. Бұл жерде салыстырмалы кедейлік индивидтің қоғамдағы кедей табына жатпайтын басқа топтар мен таптар иеленіп отырған байлық пен молшылыққа қарағандағы кедейлік деңгейін көрсетеді. Бұл сипаттаманың негізі бір әлеуметтік стратаны екінші әлеуметтік стратамен салыстыру. Сонымен қатар, кедейліктің бұл түрі адамның нақты бір өмір сүру стандарттарына қарағандағы кедейлік деңгейін де көрсетеді. Салыстырмалы кедейлік- бұл адамның өзінің материалдық және әлеуметтік жағдайын және мүмкіндіктерін субъективті бағалауы, көруі.
Қамтамасыз етілмеу ретінде элементарлық физиологиялық және әлеуметтік қажеттіліктердің қанағаттандырылуы, бірақ , жоғары деңгейдегі қажеттіліктердің орындалмауы жағдайындағы өмір сүру жеңгейін есептейді. Адамдар тамаққа деген қажеттіліктерін салыстырмалы түрде толық қанағаттандырады. Дегенмен, олардың тамақ рационын толық дәрігерлік нормаларға сай келеді деп айта алмаймыз. Олар өз деңгейінде болмаса да, демалуға да,киінуге де,емделуге де көңіл бөле алады. Бірақ, бұл қажеттіліктердің бәрі өте төмен деңгейде өтеледі.
Кедейліктің төменгі түрі қайыршылық деген терминмен сипатталады. Біреулердің бергені не қайыр сұрау арқылы өмір сүруші адам қайыршы деп есептелінеді. Қайыршылықты абсолюттік кедейліктен ажырата білу керек. Кедейлер жалаұыға, зейнетақы, қосымша төлемдерге өмір сүрсе, қайыршылар қатарына тұрақты қайыр сұрау арқылы өмір сүретін адамдарды жатқызамыз.
Шетқалушылық кедейліктің бір түрі ретінде қарастырылады. Кедейліктің бұл түрі адамның денсаулығына, көпбалалығына ,

маскүнемдігіне және т.б.себептеріне байланысты материалдық және мәдени байлықтарға қолы жетпеуден пайда болады.
Қуып жетуші кедейлік – бұл құбылыстың негізі материалдық және басқа да құндылықтарды мәртебелі тұтынуда.
Шетелдік ғалымдар сонымен қатар алғашқы және екінші кезектегі кедейлікті де бөліп көрсетеді. Алғашқы кезектегі кедейлік өздерінде бар қор мен күшті максималды керегіне қарай үнемдеп пайдаланғанның және тиімді өмір салтын ұйымдастырғанның өзінде кедейліктің шегінде қалып отырған отбасыларында орын алады. Екінші кезектегі кедейлік қорларын тиімсіз пайдалануына байланысты негізгі өмірлік қажеттіліктерін өтей алмайтын отбасыларын сипаттайды.
Қазақстандағы кедейлер.
Қазақстанда бұл таптың саны туралы әр түрлі деректер аз емес. Деректерде бұл таптың саны – 70 пайыз, басқа жерде – 60 пайыз, ал ресми түрде 49-50 пайыз деп берілген. Не болғанда да, өкінішке орай, әзірше біз бай ел емеспіз. Біздің тұрғындарымыздың басым көпшілігі кедей адамдар.
Егер біздің ұлттық тұрғыдан алсақ, кедейлердің көпшілігі қазақтар. Қазақтардың 80 пайызға жуығы ауылдық жерде тұрады. Кедейшілік деңгейін өлшеуде тұтыну себеті деген ұғым қолданылады. Осы өлшем бойынша бір адамға бір тәулікте немесе бір жеті ішінде қаншама тамақ қажеттігі, оған қанша ақша жаратуға болатындығы , шамамен алғанда бір адамға киіну үшін , пәтерге ақы төлеу үшін қанша теңге қажет екендігі анықталады. Мәселе сол жеке адамның не отбасының бірқалыпты, жұрт қатарында тіршілік ету үшін күніне, айына, жылына қажетті қаржының көлемі қандай ? Ол индекс, әрине, өзгеріп тұруы мүмкін, бірақ та осындай көрсеткіш бар екені рас.
Қазақстандағы кедейлердің санына байланысты ресми және бейресми сипаттағы әр түрлі деректер бар. БҰҰ -ның, ҚР- ның Статистика агенттігінің , эконоист, социолог ғалымдардың нақты жүргізген социологиялық зерттеулерінің деректері бар. Өкінішке , орай ол деректер бір-біріне сәйкес келмейді, кейде олардың алшақтығы өте жоғары.Дегенмен, осы деректерді біріктірсе Қазақстандағы кедейлер саны 20-дан 70 пайызға дейінгі шаманы қамтиды. Яғни, осы деректерге сәйкес, Қазақстан тұрғындарының жартысы кедей тапқа жатады. Ал дүние жүзі көлемінде БҰҰ ның мәліметі бойынша, дүние жүзі халқының жартысына жуығы кедейлік жағдайда өмір сүруде.

Экономикалық дағдарыстан шығу, елдің, мемлекеттің табысын, байлығын көтеру – кедейліктен шығудың басты жолы.
Бір жағынан , бұл мұқтаждық материалдық, эконокомикалық, қаржылық болса, екінші жағынан жетімдік, жесірлік, жан қайғысы, рухани мұқтаждық. Елде мүгедек, ауру адамдар аз емес. Оларға мемлекеттік тұрғысынан әлеуметтік көмек, зейнетақы тағайындалады. Бірақ бұл көмектің мөлшері аздау, бұл адамдардың көпшілігі кедей тұрады. Мемлекеттен басқа да қоғамдық қорлар, орындар осы адамдар тобына көмек беруге тырысады, қайырымдылық істер жасайды. Бірақ ол көмек те жеткіліксіз. Олар қаржы жағынан мұқтаждық көруде.
Кедейшілік дегенде тек қана материалдық кемістік емес, рухани кедейшілікті де айтуға болады. Мысалы, кейбір адамдар материалдық, қаржылық жағынан көтеріңкі, тіпті бай болғанымен, оларға рухани кедейшілік тән болуы мүмкін. Социологияда рухани кедейшілік деген категориялар көп зерттелмеген. Маңызды және өзекті мәселе- осы кедейшілікті азайту, мүмкіншілік болса азғындаған шектен шыққан кедейшілікті жою. Бұл ірі және мемлекеттік мәселе. Кедейшілікті жою мәселесі күн тәртібіне қойылып отыр.
XX ғасырдың 90- жылдары БҰҰ – ның бастамасымен кедейлікке қарсы күресуді алдына қойған бірнеше конфиренциялар өткізілді. 1995 жылы Копенгагенде өткен әлеуметтік даму жөніндегі әлемдік Самитте қабылданған Декларацияға сәйкес 1997-2006 жылдар аралығы « БҰҰ – ның кедейлікті жою онжылдығы » деп жарияланған болатын. БҰҰ ның да, Бүкіләлемдік Банктің де, Қазақстанның да 2015 жылға дейін кедейлер санын екі есе азайту басты мақсаттары болып табылады. Халықаралық қауымдастықтың 2015 жылға дейін кедейшілікті азайтуға бағытталған бірнеше мақсаттары бар. Олар:
• Бір күндік табысы 1 АҚШ долларынан аспайтын кедейлер санын екі есеге азайту;
• Жалпыға бірдей бастауыш білім беруді қамтамасыз ету;
• Бастауыш орта білімді әйелдер мен ерлердің білім деңгейіндегі алшақтықты қысқарту;
• Балалар өлімі көрсеткішін үштен екіге азайту;
• Халықтың репродуктивтік медицина қызметіне жалпыға бірдей қол жеткізуін қамтамасыз ету;


• Экологиялық ресурстардың жойылуын тоқтату мақсатында 2005 жылға дейін барлық елдерде тұрақты даму жөніндегі стратегиялардың қабылдануын қамтамасыз ету.
Кедейлікті жеңу, халықтың өмір сүру деңгейін көтеру - Қазақстан алдындағы стратегиялық мақсаттардың бірі. Кедейлікпен күресуде күресуде келесі принциптерді атап көрсетуге болады:
1. Мазмұндыұ принциптер. Оған гуманизм, демократизм, заңдылық, әлеуметтік белсенділікті ынталандыру, әлеуметтік әділеттілік, қоғамдық, топтық, тұлғалық мүдделердің біріне бірі қайшы келмеуі, әлеуметтік қызмет көрсетуде және мемлекеттік кепілділіктерді белгілеуде азаматтардың құқықтарын сақтау, көрсетілетін барлық әлеуметтік қызметтердің бірін бірі толтырып отыруы, көмек көрсетуде нақты адамға көмек көрсету бағытына сүйену,
2. Ұйымдастыру принципі. Шаралардың орындалғанын бақылау, осы жұмыстарға жауапты мамандардың өкілеттіліктері мен жауапкершіліктерінің, құқықтары мен міндеттерінің бір болуы, кешенділік т.б.
3. Психологиялық-педагогикалық принцип. Кедей адамдарға жан ашу, олардың белсенділігін арттыру, мақсатты бағыттылық, шаралардың үздіксіздігі, кедейлермен жұмыс істеу бағдарламаларын жасауда және олармен тікелей жұмыс жасауда олардың психологиясын, жастық, жыныстық ерекшеліктерін, менталитетін ескеру.....


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?