Стилистика | Стиль – жазушының өзіне тән ерекшеліктер

Стилистика | Стиль – жазушының өзіне тән ерекшеліктер

Қазіргі қазақ сыншыларының, әдебиетшілерінің, мақала-зерттеулерінде жазушы ақындардың өздеріне тән творчестволық ерекшеліктері мейілінше аз сөз болады. классик ақын-жазушыларымыздың шығармалары туралы жазылған бірен-саран монографиялық еңбек, не кейбір жеке мақаларды айтпасақ, қазақ совет әдебитінің ірі өкілдерінің өзіне тән творчестволық ерекшеліктері жайлы әлі күнге ешнәрсе жоқ. Стильге бір тоқталмай кетпейтін монографияларды былай қойғанда, сөз болып отырған тақырыппен тікелей байланысты мақала, жеке еңбектерде де аз емес.
Оларды бәрінің тізімін келтіріп жату қажет те емес. Сондықтан тек кейбіреулерін ғана көрсетуге тура келеді.
Біздің қазақ әдебиеттану ғылымында стиль жайлы мақалалар болмаса жеке монографиялық еңбектер әлі жазылған жоқ. Демек, қазақ оқырмандарына бұл мәселе туралы, мүмкіндігінше толығырақ тоқталған жөн.
Стиль деген термин ескі заманнан бері қолданылып келеді. Стиль грекше stylos. Дәлірек айтсақ, балауызбен сырлаған тақтаға сөз жазу үшін жұмсалынған ағаш қалақша.
Стиль, кейінірек, грек тілінде таза, әдемі сөйлеу ұғымына ие болған.
Стильді көп зерттеп, ол туралы көптеген құнды пікірлер айтқан академик В. В. Винградов өзінің «Проблема авторства и теория стилей» атты еңбегінде стильдің көп мағыналылығына айрықша тоқталады. Тіл, искусство, әдебиет, ғылым, не басқа да өмір саласында әр түрлі ұғым, әр түрлі мәнде қолданылатындығын мысалдар келтіріп өзінше дәлелдейді. Өмірдің басқа саласында да «стиль» аз айтылмайды. Документ стилі, ғылми стиль, жұмыс стилі, газет стилі т.б. Ал, біздің тіл, филология ғылымдарында да стиль термині өте жиі кездеседі. Тілде стиль, стилистика әрдайым сабақтаса жүреді. әдебиетте прозалық, фельетондық, сатиралық, юморлық стиль деп айтамыз да жазамыз. Бірақ, біздің тоқталмағымыз әдебиетпен ған байланысты стиль. Стиль - әдебиетте негізгінде екі түрлі мағынада: кең және жай мағынада қолданылады. Кең мағынасында-әдебиет тарихы, теориясы, әдеби сын да Х VIII ғасырдан бері қарай стиль-әдебиет методы ұғымында қолданылып келеді. Жалпыға мәлім классицизм, сентиментализм, романтизм, реализмдер әдебиет стилі деп алатын. Қазіргі әдебиет тану ғылымында әдеби әдіс бұрынғы стиль ұғымында қолданылады. Стильдің екінші мағынасы, яғни, стиль деп, әр жазушының өзіне тән ерекшеліктерін ұғыну. Кейбір әдебиетшілер әдеби стильден гөрі әдеби әдістің ұғымы кеңірек, тереңірек дегенді айтып жүр. Бірақ ол әлі де дәлелдей түсуді қажет ететін сықылды. ....


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?