Педагогика | Қиын бала ұғымының шығуы және ғалым педагогтардың ой пікірлері

Педагогика | Қиын бала ұғымының шығуы және ғалым педагогтардың ой пікірлері

«Қиын бала» ұғымының шығуы және ғалым-педагогтардың
ой-пікірлері.
Қазіргі ХХІ ғасыр табалдырығын аттап отырған кезеңде «қиын балалар» мәселесі бізді әлі де ойландыруда.
Ахмет Байтұрсынұлы айтқандай, «балам дейтін жұрт болмаса, жұртым дейтін бала қайдан болсын»(51.).
«Қиын балалар» ұғымы 1920-1930 жылдарда тәрбие мәселесінде пайдаланып жүрді. Бара-бара бұл 1950-1960 жылдары қайтадан қолданысқа енді. Қазір бұл мәселе ғылымда нақты орын алып отыр. Әрине, бұл мәселемен көптеген ғалымдар айналысқан, қиын балалар мінезін, өмірін жан-жақты зерттеген. Қазір де мұндай жасөспірімдер көп.
Қиын балалар қайдан шығады?- деген сұраққа былай жауап берсе де болады. Ең басты себеп отбасы тәрбиесінде жатыр: ата-ананың ішімдікке салынуы немесе екеуінің біреуі болмауы. Осының бәрі баланың мінез-құлқына, ішкі жан дүниесіне әсер етеді.
Кейбір тәрбиесі, мәдениеті өте төмен ата-ана баласын ұрып-соғып, жаман сөзбен балағаттап, тіпті баласына қайыр-садақа сұратқызады. Мұнда бала ертеңгі күні кекшіл, жасқаншақ, төбелескіш келеді. Сонда оның тағдыры, болашағы қандай болмақ.
А.Макаренконың мына бір сөзіне көңіл қою артық болмас еді. «Бала тәрбиесі біздің өміріміздің саласы. Біздің балаларымыз мемлекетіміз бен әлемнің болашақ азаматтары. Олар ертеңгі әке мен шеше, олар да өз балаларын тәрбиелейтін болады. Біздің балаларымыз тамаша азамат, жақсы әке, жақсы шеше болып өсуі керек.Бірақ мұнымен де бітпейді. Біздің балаларымыз – біздің қартайған шағымыз. Дұрыс тәрбие - бұл бақытты қарттығымыз, бұл біздің көз жасымыз, бұл біздің басқа адамдармен бүкіл ел алдындағы кінәміз»(48).
Қазіргі уақытта мінез-құлықтың бұзылу себебі түбегейлі түрде зерттеліп, жаңа сипатқа ие болуда және әлеуметтік-психологиялық, клиникалық, криминалогиялық тұрғыда қарастырылуда.
Қиын жасөспірімді тәрбиелеудегі мектеп ұжымы мен отбасының рөлі
Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңында девиантты мінезді оқушыларға мынадай анықтама берілген: «балалар мен жасөспірімдердің әкімшілік жазалау шараларын қолдануға әкеп соғатын құқық бұзушылықтарды үнемі жасауы, оқудан, жұмыстан үнемі жалтаруы, отбасынан немесе балалардың оқыту-тәрбиелеу ұйымдарынан үнемі кетіп қалуы, сондай-ақ қоғамға қауіпті әрекеттер жасауы»(43.).
Олардың әр кезеңде әртүрлі аталғаны бізге белгілі: «тәртібі нашар», «қиын», «тәрбиесі қиын» тағы басқа.
Ғылыми тұрғыдан зерттегенде, дәл осы балалардың оқуға қызығуларының жоқ екені, олар мектепке де сыймай, үйге де сыйлы болмай, мұғалімдердің берекесін кетіріп, түптің түбінде олардың басым көпшілігінен дайын заң бұзушылар мен қылмыскерлер шығатыны бұрын да дәлелденген.
Әрбір оқушының өзін қоршаған ортасымен тығыз қарым-қатынаста болатынын, солардың әсерімен дамитынын ескере отырып «қиын» балалардың мінезіне отбасы, мектеп және көшенің қалай әсер ететін жағдайларына жеке-жеке тоқталып көрелік.
Бала тәрбиесіне отбасының жағымсыз әсер ету жақтарын сөз еткенде, оны үш топқа бөліп қарастыруға болады.
1. Бірінші топ – баланы қалай тәрбиелеуді біледі және дәл солай тәрбиелейді. Олар көп емес, алайда, өздерінің саналы өмірімен және сапалы іс-әрекеттерімен тек өз балаларына ғана тәрбие беріп қоймай, мектептегі қоғамдық жұмыстарға қолғабыс етіп, басқа ата-аналарға үлгі көрсетеді.
2. Екінші топ - өз балаларына өнегелі тәрбие бергісі келеді, бірақ, қалай тәрбиелеу керек екенінін білмейді. Мұндайлар ата-аналардың басым көпшілігі. Олар білмегендіктен балаларына кері әсер етуі мүмкін.
3. Үшінші топ – балаларды тәрбиелеудің жолдарын білмейді, білгісі де келмейді, педагогтерге қарсы тұратын төмендегі әлеуметтік топ. Бұлар соншалықты көп болмағанымен, «қиын» балаларды беретін отбасылар.
Енді осы факторларды тарата айталық. Халық даналығы «Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілесің», «Әке көрген оқ жонар, шеше көрген тон пішер», «Не ексең соны орасың», десе ұлы Абай «тегінде адам баласы адам баласынан ақыл, ғылым, ар, мінез деген нәрселерімен озады. Одан басқа нәрсемен оздым ғой демектің бәрі - ақымақшылық» деп түйіндейді. Ал атақты физиолог И.Павлов «әрбір баланың мінез-құлқы ата-анасының жағымды іс-әрекеттерінен үлгі алу барысында қалыптасады» (43.) деп тұжырымдайды.
Бала отбасы жағдайында өмірдегі әртүрлі жағдайларда өзін қалай ұстауды, адамгершілік әліппесі: кішіпейіл болу, ізеттілік, сыйластық, үлкендермен және кішілермен қандай қарым-қатынаста болу сияқты тәжірибе жинақтайды және оны меңгереді. Отбасында бірін-бірі сыйлау, қамқоршы болу, бірлесіп еңбек ету секілді игі дәстүрлер қалыптасқан болса, ол ортадан қоғамға қарсы тұратын тәрбиесіз адам шығуы теориялық жағынан алғанда мүмкін емес. Бұл әңгімеміз, әрине, бірінші топтағы ата-аналарға қатысты.
Моралдік жағынан азғындаған отбасында, әдетте, балаға жеткілікті көңіл бөлінбейді. Балалар ата-анасының қамқорлығы мен сүйіспеншілігін сезінбегендіктен, оларды А.С.Макаренко «ертеңгі күннің қуанышын жоғалта бастайды» (49),- деген. Сондықтан олар отбасында өздеріне алмаған жылылық пен қайрымдылықты сырттан, көшеден іздейді. Бірақ, көп жағдайда оларды қоғамға жат элементтер өз «қамқорлығына» алады. Олар бұзақылар тобы , нашақорлар, жезөкшелер және тағы басқа әлеуметтік топтар болуы мүмкін.
Отбасы тәрбиесінде ең маңызды мәселенің бірі – ата-аналардың педагогикалық көзқарасының қалай қалыптасуында. Қазіргі кездегі аса бай отбасылардың пайда болуы, оларда бала тәрбиесінің дұрыс тәжірибесі қалыптасты деген сөз емес. Міне, осындай отбасылардың кейбір ата-аналары балаларының кез келген сұрансын мезетте қанағаттандыру, аламын деген нәрсенің бәрін сөзге келмей сатып әперу, үй тірлігіне қатыстырмауы баласының өзімшіл, тек қана тұтынушы, жалқау, басқаның есебінен жақсы өмір сүргісі келетін, арамтамақ болып қалыптасуына әкеліп соқтыратынын ескере де бермейді.
Дәл осыған қарама-қарсы әрекет істейтін ата-аналардың да түсінгі балаларын тура жолдан шығаруға итермелейді.
Мұндай ата-аналар өз балаларын аса қаталдықпен тәрбиелеймін деп әртүрлі қысым мен тыйымдарды қолдану, сәл нәрсеге бола қатаң жазалау, ар-намысын қорлайтын әрекеттер жасау арқылы балаларын өздеріне қарсы қояды. Мұндай жағдай да әрине, балалар ата-анасын сыйламайды, олардың баласына айтқан «ақылы» кері әсер етеді. Осындай отбасында «тәрбие» алған баланың тәрбиелі болуы да екіталай.
Үшінші топқа жататан ата-аналар өз балаларының не істеп, немен айналысып жүргендерімен ісі жоқ, оны өзінің міндеті деп санамайтындар. Олардың балалары қараусыз қалғандай әсер береді. Бұл – ең қауіпті әрі сөз жоқ, девиантты мінезді балалардың басым көпшілігін беретін отбасылар.
Мектептегі оқу-тәрбие жұмысындағы кемшіліктердің де бала тәрбиесіне кері әсер етері даусыз. Олардың бірнеше түрін атап өтсек мына төмендегідей:
1. Тәртіп бұзуға бейім тұратын оқушылардың дер кезінде анықтап, олармен алдын ала жұмыстар жүргізбеу.
2. Мектеп ұжымының осы мәселеде алаусыз болуы немесе жүйелі жұмыстың болмауы. Мектептегі өзін-өзі басқару жұмысының дұрыс жүрмеуі.Сыныптан тыс, мектептен тыс өтілетін іс-шаралардың сапасының төмен екендігі.Тәрбиесі қиын балалардың отбасыларымен қарым-қатынастың нашар ұйымдастырылуы.
3. Девиантты мінезді оқушылармен дұрыс қарым-қатынас орната білмеу немесе мұғалімдер мен тәрбиешілердің кәсіби деңгейінің төмендігі.
4. Кейбір мұғалімдердің сабақ беру әдісінің төмен болуының әсерінен оқушылардың сабаққа қызықпауы, үлгерімнің нашарлығы, сөз жоқ, оқышылардың тәртібін әлсіреді және ол мұғалімдердің де беделін төмендетеді.
5. Кейбір мұғалімдердің педагогикалық этиканы білмеуі немесе сақтамауы оқушыларды өзіне қарсы қоюға әкеліп соғады да, ұзаққа созылған шиеленісті туғызады.
6. Көшедегі кездейсоқ топтардың оқушының теріс мінезін қалыптастырудағы қосар үлесі де аз емес. Өйткені, қазір көшелерді, аймақтарды белгілі бір топтардың бөліп алып, сол жерлерде билік жүргізілетіні ешкімге де құпия емес.Олар өз түсініктері бойынша өмір сүреді және өз қатарын өзі сияқтылармен толықтырып отырады. Ал олар сол ортада өздерін еркін әрі ыңғайлы сезінеді. Себебі отбасында, мектептегі қағидалары мен адами құндылықтары өздерінше қалыптасқан. Сондықтан қоғамдық мораль мен нормалар олардың түсінігіне сай келмейді. Олардың еліктейтіндері: түрмедегі беделділер, зоршылық пен тонаушылық «ерлік» істері. Ендеше қоғамға жат құмар ойыны, ішкілік ішу, дөрекі сөйлеу, нашақорлықпен, жезөкшелікпен айналысу олардың күнделікті қатардағы тірліктері іспетті. Нәтижеде отбасындағы тәрбиенің нашарлығы мен мектептегі тәрбие беру ісінің дұрыс жолға қойылмауының кесірінен девиантты мінезді балалар тәртіп бұзушылардан «көше» тәртібін қабылдайды. Сөйтіп, ақырында кәдімгі қылмыскерлерге айналады.
Қиын» баланы қайта тәрбиелеу жолдары

«Адамның баласын заман өсіреді. Кімде-кім жаман болса, оның замандасының бәрі кінәлі» (13.) деп Абай атамыз айтқандай, бала тәрбиесіне бәріміз де: мектеп, ұстаз, ата-ана, қоршаған орта, қоғам жауаптымыз. Ата-бабаларымыз бізден бұрын бала психологиясын танып, адамның жан дүниесіне үңіле білген. Ал, бұл қасиет дәл қазіргі уақытта бізге өте қажет: баланың ішкі дүниесіне үңіле білу, жан-сезімін түсініп, ұғыну, оған көмектесу. Мысалы, «Балаңды 5-7 жасқа дейін патшадай сыйла, 10-15-ке дейін құлша жұмса, 15-17 жасынан ақылға-ақыл қосар дос, жолдасыңдай сыйла»деген ғибаратты баланың даму психологиясын жас ерекшеліктеріне қарап, сипаттап, саптап бөліп қойғандай. Осы кезеңдердің бірінен аттап кетсек тәрбиенің күрт бұзылуы даусыз.
Орта білім дамыту тұжырымдамасында «Қоғамымыздың ірге тасын нығайту мақсатында ең алдымен адамгершілік, ізгілік, имандылық тәрбиесін көркейту керек» делінген. Бұл үшін психология, педагогика ғылымдарының жетістіктерін пайдалана отырып, нарықтық экономикаға сай дені сау, ұлттық сана – сезімі жоғары, рухани ойлау дүниесі биік, мәдениетті, еңбекқор, іскер, бойында басқа да игі қасиеттері қалыптасқан Қазақстан азаматын тәрбиелеу- міндетіміз.
Осынау өмірдегі әрбір жасөспірімге тән қасиет яғни, көңілінің қамауы – ешкімге бағынышты болмай, қатар-құрбыларымен бірге ойнап, бірге күліп, ішкі жан сырларын да бірге бөлісіп, балалық бал дәуренін көңілді өткізу. Ол сондай-ақ тіршілік көшіне үлескісі келіп, жеке басы үшін әрқандай қам-қаракет жасайды, өзін болашаққа бағыттайды. Осындай ұмтылыс әрбір жас жеткіншектен көрінгенімен, оның сапалық дәрежесі әркімде әр түрлі болады. Мысалы, қиын балалардың болашаққа ұстанған бағыты басқа жасөспірімдерден өзгешелеу болып келеді. Тәрбиесі «қиын» балалар әдетте өмір тәжірибесінің таяздығынан, көп ретте ерік-күшінің аздығынан, берік қалыптаспауынан кездескен қиыншылықты жеңе алмай, тағдырдың тәлкігіне түсіп кете барады.
Тәрбиесі «қиын» балалардың пайда болуына бірден-бір себепші болатын және жағымсыз жағдай туғызатын – отбасы тәрбиесі. Оның бастылары: - біріншіден, баланың күнделікті жүріс-туыстарын қадағаламау; оның көзінше арақ-шарап ішу, дау-жанжал, ұрыс-керіс туғызу;
- екіншіден: тәрбиенің көзі- баланы киіндіру, тамақтандыру, мұң-мұқтажын қамтамасыз ету деп санаушылық;
- үшіншіден, жастайынан еңбектену әдет-дағдыларын қалыптастырмау. Оқушының жан дүниесіне көңіл аудармау, отбасындағы ажырасу және жаңа адамның отбасы мүшесі болып енуі де себеп болады.
Отбасындағы тәрбиеден кеткен кемшіліктер мектеп жағдайында одан да бетер шиеленсе түсетіндігі айқын. Себебі мектепте де баланың жеке басын силамай, әкімшілік көрсету баршылық. Мектеп мұғалімдері мен қиын балалардың қарым-қатынастары «қиын» айтуымен, ұрысу ар-ожданына тию тәрізді. Педагогикаға жат әрекеттермен сипатталады.
Мұғалімдер мен қиын балалардың арасындағы қарым қатынастар жүйесіндегі кемшіліктерді төмендегіше топтан өткізуге болады.
1. Мораль белгілерімен заң нормаларын ұстамауға бейімділігі бар оқушыларды алдын-ала айқындай алмау. Мұғалімдердің кейбіреулері оқушының дара ерекшеліктеріне, адамгершілік тәрбиесі нормасынан ауытқу себептеріне толық көңіл аудармаған. Ұжым арасындағы қарым қатынастардағы кемшіліктерді жоймау, балалардың бос уақыттарын нәтижелі ұйымдастырмаудан деп санаймын.
2. Тәрбиесі «қиын» оқушылармен тіл таба алмай, яғни жеке педагогикалық ықпалдар жасай алмаудан барып, педагогтық этикаға жатпайтын тәсілдері: ұрсу, әрбір қылықтарын талдауға алу, орынсыз жазаламау, қандай бір жөнсіз «әрекеттер» болсын оны сол балаға жабу, кемсіту т.б. қолдану, дұрыс қолданылмаған шара жас өспірімдердің ыза кегін туғызып, қарсылық көрсетеді.
3. Кейбір педагогтердің кәсіптік деңгейлерінің төмен болуы және психологиялық тұрғыдан балалармен жұмыс жүргізуге дайындығының жеткіліксіздігі, өз пәндерінен білімдерінің таяздығынан, тәрбие жұмыстарын ұйымдастырумен өткізуде методикалық шеберліктер дәрежесі төмен болуы себеп болған.
Қиын оқушылардың проблемаларын шешуде оқушылардың психологиялық-педагогикалық ерекшеліктерін педагогтер білулері қажет. Себебі, қандай бір педагогикалық ықпалдар жасалмасын олар баланың ішкі жан дүниесімен сабақтасып жатуы тиіс.
4. Оқушыларға ықпал жасайтын басты тұлғалардың бірі- сынып жетекшілері. Сынып жетекшілері жүйелі жоспар құрып, шәкірттермен ақылдаса ата-аналармен бірлесе жұмыс істеген жағдайда ғана үлкен нәтижелерге ие бола алады. Сондықтан ол әр уақытта оқушыларының күшті және әлсіз жақтарын ескеріп, нәтижелеріне жүйелі салыстырулар жүргізіп, нақты талдау жасап отыру тиіс. Ең бастысы әрбір ұстаз өзі атқаратын тәлім тәрбие ісін ғылыми тұрғыдан ұйымдастырып, шәкірттерін жан-жақты білуге ұмтылған дұрыс. Оқушылардың тәрбиелік деңгейі нақты анықтау үшін үздіксіз жұмыс істеу керек ....


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Ораза кестесі 2024 жыл. Астана, Алматы, Шымкент т.б. ауыз бекіту және ауызашар уақыты
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу

Соңғы жаңалықтар:
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!
» 2024 жылы студенттердің стипендиясы қанша теңгеге өседі