Экономика | ЕЛДІК ӨРКЕНДЕУ ЖӘНЕ ИННОВАЦИЯЛЫҚ ДАМУ

Экономика | ЕЛДІК ӨРКЕНДЕУ ЖӘНЕ ИННОВАЦИЯЛЫҚ ДАМУ

ЕЛДІК ӨРКЕНДЕУ ЖӘНЕ ИННОВАЦИЯЛЫҚ ДАМУ

Әр заманның өз мінезі, өз талабы бар. Қазіргі болашаққа ұмтылған қадамды – білім эко¬номикасына ұмтылған қадам деу¬ге болады. Бүгінгі дамудың жалғыз жолы – инновациялық жол. Ол – Қазақстан¬ның әлемнің бәсекеге барынша қабілетті 50 елінің қатарына кіру жолы деген сөз.
Бұл дегеніміз – Қазақстан эконо¬ми¬касының ғылыми білімге, инновациялық технологияларға, жоғары білікті өндіргіш күшке негізделуі тиіс дегендік. Атап айтқанда, табиғи ресурстарды жаңаша иге¬руге, оларды мүмкіндігінше респуб¬ли¬када өңдеуге, мүмкіндігінше қосымша құн жасауға, жаңа жұмыс орындарын ашуға, ғылыми ауқымды технологияларды барын¬ша аз енгізуге негізделген, тұлғаның шығармашылық қабілеттілігі мен бел¬сен-ділігін қажет етпейтін шикізаттық эко¬но¬ми¬кадан “өңдеуші және өндіруші” эконо¬ми¬каға өту деген сөз.
Елбасы Н.Ә.Назарбаев атап көрсет¬кендей, “технологиялар индексі” деп аталатын бәсекеге қабілеттілік индексінің бір бөлшегі, әрине, қоғамның иннова¬циялық даму деңгейін, технологиялар трансфертін, ақпараттық және коммуни¬ка¬циялық технологиялардың дамуын, ғылыми зерттеулер мен әзірлемелерге са¬лынатын инвестициялар көлемін және де осы саладағы университеттер мен биз¬нес¬тің ынтымақтастығын бағалаудан құралады деуге болады. “Шикізаттық” экономи¬каның халық тұрмысының “жоқтан бар” ғана болуының факторы екеніне, соны¬мен қатар ұлттың санаткерлік және адам¬гершілік әлеуетінің дамуына да кедергі келтіретініне қарсылық білдіру қиын. Демек, мұндай экономика тұтас қоғамдық менталитетке де кері әсерін тигізеді.
Қазақстанның болашағы, әлемнің бә¬се¬кеге барынша қабілетті 50 елінің қата¬рына кіруі, оның экономикасының инно¬вациялық даму жолына сапалы көшуіне тікелей байланысты. Осыған орай біздің тәуелсіз, жас мемлекетіміздің басты даму ба¬ғыттарының бірі – қазіргі білім мен ғы¬лымды барынша дамыту болып табылады.
Олай болса, істі неден бастау керек? Біз¬діңше, ұлттың инновациялық мента¬литетін қалыптастырудан, яғни мектепке дейінгі мекемелердегі, мектептердегі, жоғары оқу орындарындағы білім беру ісінен бастау керек. Әрі-беріден соң бұл Қазақстан Республикасының білім беру жүйесінде жүзеге асар реформалардың стратегиялық мақсаты болуы тиіс.
Сонымен бірге, ғылыми-техникалық ілгерілеу қарқыны қазір мынаны талап етіп отыр: мемлекеттердің, адами ресурс¬тардың ғылыми-техникалық әлеуетін ғылым дамуының басым бағыттарына жұмылдыруды тездету, ғылым нәтижелерін осы заманғы өндірісте тиімді пайдалану. Ғылыми-технологиялық жаһанданудың негізгі бағыттары – мемлекетаралық ақпараттық алмасуды қамтамасыз ететін тех¬нологияларды игеру; технологиялық және әлеуметтік инновацияларды интегра-циялайтын жаһандық метатехнология¬лар¬ды жасап шығару; санаткерлік ресурстар¬дың халықаралық мобилділігін жеделдету; әлемдік ғылыми-технологиялық дамуда ішінара халықаралық реттеу тетікте¬рін қалыптастыру; әр түрлі мемлекеттердің санаткерлік ресурстарын жинақтайтын ин¬тернет-технологиялар мен компанияларды дамыту; әлемдік деңгейде ғылыми-техно-логиялық кешенді реттеу барысында транс¬¬ұлттық корпорациялар мен мем¬ле¬кеттік құрылымдардың өзара әрекеттесуін жүзеге асыру болып табылады.
Экономикалық дамудың инновация¬лық жолы – экономикадағы технология¬лардың жылдам жаңаруын, соның ішінде тұтынушының көңілінен шыққан, ғылыми білімді қажет еткен өніммен алмасуын қамтамасыз етуді меңзеп отыр. Жапония¬ның “Сони” фирмасының президенті Акио Мората ұлттық инновациялық жүйе мен қоғамның ұлттық инновациялық қабі¬летін, ұлттық инновациялық менталитетін қалыптастырудың маңызына тоқтала келіп былай дейді: “Жапонияның экономикалық қуаттылығының арту себебі, шетелдің маңызды зерттеу нәтижелерін сатып алып отырғанында емес... Оған Жапония үлкен нәтижелерге негізделген өнімді шығару жолын табу арқылы жетіп отыр. Амери¬када техно¬логияларға деген тапшылық жоқ. Алайда, онда осы технологияларды ко쬬мерциялық тұрғыда қолдануға ба¬ғытталған шығармашылық белсенділіктің төмендігі байқалады. Менің ойымша, бұл Амери¬кадағы ең ірі проблема. Ал Жапо¬ниядағы шығармашылық белсенділік – оның ең мықты жағы”.
Бұл мемлекеттің экономикалық басым¬дылығы формуласының нәтижесі, негізгі білімнің, патенттер мен технологиялардың коммерциялық өнімге айналуының көрсеткіші. Мұның барлығын адамдардың инновациялық қызметі мен жоғары шы¬ғармашылық белсенділігі қамтамасыз етеді. Осы тұрғыдан келгенде, бай мемлекет дегеніміз – дамыған инновациялық жүйенің жоғары сапасын қамтамасыз еткен мемлекет, яғни ұлттық инновациялық қабілет деңгейі жоғары ел, ұлттық инновациялық мента¬литетті қалыптастырған мемлекет деген сөз.
Қазақстанның инновациялық экономика бағытындағы жолы – бұл білім экономикасы бағытындағы жол. Мемлекеттің ХХІ ғасырдағы инновациялық дамуындағы уни¬вер¬ситеттің рөлі мен орнын анықтайтыны да, міне, осы фактор.
Жалпыға мәлім болғанындай, қандай жаңалықты, қандай жаңа құбылысты өмірге енгізбес бұрын, ең әуелі ұғым ретінде айқын¬дап алуға тура келеді. Олай болса, сөзіміздің осы тұсында инновациялар, инновациялық үрдіс, инновациялық қызмет деген мәсе¬ле¬лерге сипаттама бере кетудің еш артықтығы жоқ.
Әлемдегі инновациялық үрдістердің бәрі де кез келген мемлекеттің экономикалық дамуының жоғары деңгейін қамтамасыз етумен бірге, ғылыми-техникалық ілгерілеуін де едәуір жылдамдатады. Өйткені, мемлекет дамуының негізі болып табылатын инно¬ва¬циялық саясат кез келген бәсекеге қабілетті мемлекеттегі ғылым дамуының бағытын анық¬тайды. Сондықтан да ғылыми-техни¬калық үдеріс бүкіл әлемде “инновациялық үдеріс” ұғымымен тығыз байланыста болуды талап етеді. Инновациялық үрдіс жаңа бір өнімнің алынуын білдіреді де, ол идеяның пайда болуынан бастап, оның коммерциялық тұрғыда жүзеге асырылуына дейінгі ұзақ жолды қамти отырып, әр түрлі қарым-қатынастар (өндіру, алмасу, тұтыну) кешенін өз қармағына алады.
Әрине, инновациялық әлеуетті дамыту мен сақтаудың қажетті, басты талабы ғылым екені мәлім. Бұл ретте инновациялық қыз-мет¬ті жүзеге асырудағы маңызды элемент ғы¬лы¬ми өнімнің коммерциялануы болып та¬былады. Ғылыми қызмет жаңа техникалық жобаларда, технологияларда, тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарда жүзеге асы¬рылады. Трансферт – бұл технологияларды, жоба-конструкторлық құжаттаманы, құрал-жабдықтар мен техниканы өзге заңды немесе жеке тұлғаға беріп, оның меншік құқығын тіркей отырып, құнды қағаз сертификатын беру еді.
Технологиялық үрдіс пен жаңа өнімді коммерцияландыру университеттердің жанында бірқатар құрылымдарды жасауға бағытталған инновациялық қызмет барысын¬да жүзеге асады. Бұл құрылымдарға техно¬парк¬тер, инновациялық-технологиялық ор-талықтар, бизнес инкубаторлары, санаткерлік меншік шағын инновациялық кәсіпорындар, өнімді лицензияландыру мен сертифи¬каттауды қамтамасыз ететін құрылымдар, консалтинг, маркетингтік зерттеу қызметтері жатады. Инновация дамуының басты рет¬теу¬шісі нормативтік құқықтық актілерді жетіл¬діру, жаңа құқықтық құжаттарды қабылдау болып табылады.
Ұлттық инновциялық қабілет дегеніміз – бұл оның экономикалық өсуі мен отандық тауарлар мен қызмет түрлерінің әлемдік еңбек нарығындағы бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ететін жаңа білім мен техно¬логияларды тез жасап, тарату мен пайдалану. Демек, инновациялық қабілет – бұл жалпы қоғамның тыныс-тіршілігін ұйымдастырудың құрылымдық сипаттамасы.
Олай болса, инновацияның түпкілікті мақсаты болып табылатын білімді экономи¬каға көшіру мен оны коммерцияландырудың механизмдері қалай жасалады? Иннова¬ция¬лық үрдістегі маңызды түйіннің бірі осы мәселе. Себебі, кез келген ұлы мақсат пен ауқым¬ды жоспардың жүзеге асу тетіктері дұрыс жасалмаса, еткен еңбек, төккен тер далаға кетеді.
Әлемдік және отандық тәжірибеге сүйен¬¬сек, технологиялық трансферт пен санат¬кер¬лік меншікті коммерцияландырудың тиімді механизмдерінің бірі технопарктер болып табылады. Технопарктердің қызметі ға¬лым¬дардың, өнертапқыштардың, жаңа¬шыл¬дардың, инженерлердің, студенттердің, ма¬гис-транттардың жаңа идеяларды, игеру мүм¬кіндіктерін қамтамасыз етуге бағытталады. Технопарктердің құрылтайшылары көбінде университеттер, ғылыми орталықтар, ғылы¬ми-зерттеу институттары, өндірістік кәсіп¬орындар, іскер топтар (банктер, қорлар) ша¬ғын және орта кәсіпорындар, өнертап¬қыш¬тар, инвесторлар болып келеді.
Технологиялық жағынан дамыған елдерде ғылыми жаңалықтар жүйесінде университтер маңызды рөл атқарады. Өйткені, олардың басты қызметі мамандарды дайындауға ғана емес, негізін қолданбалы зерттеулерді жүргізуге бағытталған ғылыми кешендер құрайды. Инновациялық дамудың әлемдік тәжірибесіне қарасақ, бұл мемлекеттердің қол жеткізген табыстары ғылым мен техника жетістіктерінде жатқанын көреміз. АҚШ пен Ұлыбритания жалпы ұлттық қаржының 11-12%-ын ғылымның дамуына бөледі. Ал Франция мен Жапонияда бұл көрсеткіш 15-16%-ды құрайды. Сондықтан АҚШ, Германия, Жапония мен Ұлыбританияның алдыңғы қатарлы жоғары оқу орындары әлемдегі аса ірі ғылыми орталықтар болып есептеледі.
Елбасы атап өткендей, жоғары мектеп, университеттер қазіргі заманда тек білім беру мен ғылыми қызметті, қолданбалы зерттеу¬лерді жүргізіп қана қоймай, тәжірибелік-конструкторлық әзірлемелерді, жаңа техника мен технологиялардың үлгілерін жасауды оларды көбейтуді, ғалымдардың, оқытушы¬лар мен студенттердің ғылыми-зерттеу нәти¬желерін коммерцияландыруды, дайын өнім¬нің тұтынушыға берілуін (технологиялық трансферт) қамтамасыз ету керек. Уни¬вер¬ситеттің инновациялық айналымы мына¬лардан құралады: біріншіден, идеялардың пайда болуына қолайлы жағдай туғызу, маң¬ызды зерттеулерді ұйымдастыру, патенттер алу; екіншіден, қолданбалы зерттеулер, тәжірибелік-конструкторлық әзірлемелерді, жаңа техника мен технологиялардың ма¬кеттік және тәжірибелік үлгілерін жасау; үшіншіден, инновациялық өнімді өндіру, инвестиция тарту, маркетингтік зерттеулерді жүргізу, дайын өнімді нарық талабына сәйкестендіру.
Қазіргі заманғы университет иннова¬циялық қызметі оқу-ғылыми инновациялық кешенге (ОҒИК) айналуы тиіс.
Қазақстан халқына Жолдауында Елбасы¬мыз білім беру саласындағы негізгі міндетіміз – осы заманғы білім беру мен кәсіптік қайта даярлау, “білім экономикасының” негіздерін қалыптастыру, жаңа технологияларды, идея¬лар мен көзқарастарды пайдалану, инно¬вациялық экономиканы дамыту екендігін атап көрсетті.
Елбасы нұсқаған бұл межеге жету үшін Қазақстанның жоғары оқу орындарында физика, химия, химиялық технологиялар, экономика салаларындағы жоғары білікті кадрлар болуы тиіс. Әлемдік тәжірибе көрсетіп отыр, кадрлардың математикалық дайындық деңгейінің жоғары болуы экономикада сапалы және қарқынды өсуге мүмкіндік береді. Біздің ойымызша, барлық жоғары оқу орындарындағы математикалық бағыттағы қолданбалы кафедраларда оқыту деңгейі мен құрылымын жаңғырту бүгінгі басты міндет болуға тиіс.
Ал инновациялық университеттердің негізгі міндеттері санаткерлікті, әлеумет¬тілікті, білім беруді, технологияны, ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету екендігі белгілі.
Сонымен, инновациялық университет ұлттық инновациялық жүйенің құрамдас бөлігі ретінде ұлттық инновация қабілетінің тиімділігі мен деңгейін көтеретін, сондай-ақ технологиялардың трансферті мен оларды коммерцияландыруды қамтамасыз ететін; инфрақұрылымды қалыптастыратын, сондай-ақ инновациялық қызметті белсенді жүр¬гізуге, елдің инновациялық технологиялық негізін жасауға, ғылыми білімді қажет ететін өнім өндірісін жолға қоюға септігін тигізетін механизмдерді жасақтауға белсенді атса-лысуға тиіс. Сонымен қатар, инновациялық университет өзінің ішінде “тоңазып тұратын” білім беруден “инновациялық” білім беруге көшуді қамтамасыз ете алатын иннова¬ция¬лық білім беру сигментін қалыптастыруға тиіс. Бұл – университет білім беру, тәрбие беру, ғылыми-зерттеу және инновациялық қызметті атқара отырып, білім беру мен білім беру қызметтерінің сапасын көтеруге, студенттердің шығармашылық қабілеттерін дамытуға, жастарды Қазақстанның рухани бай, адамгершілігі жоғары, мәдениетті азамат¬тары етіп тәрбиелеуге байланысты проб-лемаларды шешуге тиіс деген сөз. Яғни, инновациялық университет кәсіпкерлердің, басқарушылардың, менеджерлердің жаңа буын мамандарын дайындауды қамтамасыз етуге міндетті.
Қысқасы, білім экономикасы жағдайында инновациялық университеттердің ғылыми-техникалық және білім беру әлеуеті қазақ¬стандық тауарлар мен қызметтердің бәсекеге қабілеттілігін, елдің қуаттылығы мен ұлттық өркендеуін қамтамасыз етеді. Инновациялық университеттердің басты міндеті де осы.
Қазақстанда инновациялық университет идеясының жүзеге асуы – шығармашылық бел¬сенділік пен ұлттық инновациялық мента-литеттің қалыптасуын қамтамасыз етеді деп толық сеніммен айтуға болады. Осы арада инновациялық университет деген не деген заңды сұрақ туады. Инновациялық универ¬си¬тет дегеніміз, бұл негізінен барлық сала¬лар¬да жаңашылдығымен, оның жалпы білім берудің, соның ішінде жоғары мектептің өздігінен дамуына, сондай-ақ аймақтың әлеуметтік-экономикалық және техноло¬гия-лық дамуына деген игі ықпалымен, алуан бағыт¬та әрекет ететін, шапшаң әрі жүйелі дамып отырған білім ордасы.
Демек, инновациялық университет – бұл экономикаға, әлеуметтік салаға, ғы¬лым¬ға, халықаралық білім беруге ақпа¬рат¬тық ортаға терең интеграцияланған инс¬ти¬тут. Бұл реттен келгенде, инновациялық университеттің айрықша ерекшелігі, оның бір тұтас оқу-ғылыми-инновациялық ке¬шені (ОҒИК) немесе ғылыми білім беру-өндірістік кешені (ҒБӨК) болуында деуге болады.
Сондықтан әуелгі кезекте инновация¬лық университеттің ғылыми білім беру-өндірістік кешенінің үлгісін, соның ішінде ҒБӨК-тің “ішкі” және “сыртқы” құры¬лымының құрамдас бөлімдерін, жоғары оқу орны мен оның серіктестерінің ғылым мен техниканың басым бағыттары бой¬ын¬ша инновациялық жобаларды орындауы¬ның және еншілес серіктестерінің тапсы¬рысы бойынша мамандарды бейімдеудің осы заманғы механизмдерін жасау қажет.
Инновациялық университеттің “ішкі” инновациялық қызметіне мыналарды жатқызуға болады: университеттің даму саясаты мен стратегиясын тұжырымдау және жүзеге асыру; инновациялық білім беру технологияларын тұжырымдау және енгізу; құрылымдық сипаты бар иннова¬циялық өзгерістерді жүзеге асыру; универ¬ситетті басқару, соның ішінде оның қыз¬меті¬нің сапасын арттыру саласындағы инновациялық өзгерістерді жүзеге асыру; университеттегі инновациялық білім беру сегментін қалыптастыру; ғылыми-техни¬калық және технологиялық саладағы ин¬но¬вациялық сегментті жетілдіру; ғылыми-техникалық және білім беру саласындағы толық инновациялық айналымның жүзеге асуын қамтамасыз ету; университетті қаржыландырудың көп арналы жүйесін, оның ғылыми, білім беру, инновациялық, қаржы және ақпараттық қызметтерінің интеграциясын бір ізді ету, т.б. Ал инновация¬лық университеттің “сыртқы” инновациялық қызметіне мыналарды жатқызуға болады: ұлттық, аймақтық және салалық инновациялық жүйелердің, сон¬дай-ақ кәсіпорындардың инновациялық жүйелерінің дамуына қатысу; елдің, аймақтың, саланың, жоғары мектептің, кә¬сіп¬орындардың инновациялық қабілетінің тиімділігін зерттеуге, елдегі, аймақтағы, са¬ладағы инновациялық қызметті қолдай¬тын инфрақұрылымды жасауға қатысу; елдің, аймақтың, саланың инновациялық экономикасы үшін кадрларды дайын¬дауды, кәсіби қайта даярлықтан өткізу мен біліктілігін арттыруды қамтамасыз ету; ғылым, техника, өндіріс дамуының басым бағыттары бойынша технологияларды, техниканы, материалдарды, жүйелерді, технологиялардың коммерциялануын және университеттерден, ғылыми ұйымдардан елдің, аймақтардың, салалардың экономи¬касы мен әлеуметтік саласына жедел транс¬фертін қамтамасыз ететін тетіктерді жасауға қатысу.
Университеттің аталған проблемаларды шешуі оның аймақтағы рөлі мен маңызын күшейтеді, сондай-ақ елдің, аймақтың және саланың инновациялық қызметін дамытудағы белсенділігін арттырады.....


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Ораза айт намазы уақыты Қазақстан қалалары бойынша
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!