География | Дүниежүзінің шаруашылық географиясы

География | Дүниежүзінің шаруашылық географиясы

Дүние жүзінің шаруашлық географиясы

Дүниежүзілік шаруашылық ұғымы. Дүниежүзілік шаруашылықтың қалыптасуы іс жүзінде адамзаттың бүкіл тарихын қамтиды.
Ұлы географиялық ашылулардың нәтижесінде халықаралық сауда Еуропа мен Азиядан соң жер шарының басқа да аймақтарын қамтыды. Олардың арасындағы өнім айырбасы дүниежүзілік рыноктың құрылуына әкеліп соқты. Бұл рыноктың мұнан әрі кеңеюі көліктің дамуына мүмкіндік туғызады. Теңіз көлігі барлық материктерді бір-бірімен байланыстырды. XIX ғасырдың екінші жартысында темір жолдардың ұзындығы тез өсіп, олар континенттердің ішкі бөліктерін байланыстырды, Генрик Гейненің бейнелеп айтқанындай, «кеңістікті өлтірді».
Алайда дүниежүзілік шаруашылықтың қалыптасуындағы басты орын XVIII ғасырдың аяғы мен XIX ғасырдың басында Батыс Еуропаның бірқатар елдері мен АҚШ-та оларда өткен өнеркәсіп төңкерістерінен кейін туған ірі машина индустриясына тиді. Демек, дүгиежүзілік шаруашылық XIX ғасырдың аяғы мен ХХ ғасырдың басында ірі машина индустриясының, көліктің және дүние жүзілік рыноктың дамуы нәтижесінде құрылды.
Дүниежүзілік шаруашылықтың географиялық моделі. Бұл модель бірітіндеп күрделене түсуде. XIX ғасырдың аяғына дейін барлық көрсеткіштері бойынша бір орталық – Еуропа басым болды; И.А. Витвердің бұл кезеңді «еуропацентрлік» деп атауы тегін емес.Одан соң дүниежүзілік екінші орталық құрылып, көп кешікпей басты орталыққа айналды, ол – АҚШ. Дүниежүзілік екі соғыстың арасындағы кезеңде дүниежүзілік маңызы бар жаңа орталықтар пайда болды, олар – КСРО мен Жапония. Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін Қытай, Үндістан, Оңтүстік-Батыс Азияның мұнай өндіретін елдер тобы, Канада, Аустралия, Бразилия секілді орталықтар қалыптаса бастады. Соңғы жиырма жылдықта «төрт Азия жолбарысы» - Корея, Тайвань, Гонконг және Сингапур бастаған ұлттық-интеграциялық елдер дүниежүзілік аренаға шықты. Осының арқасында Азия-Тынық мұхит аймағының дүгинжүзілік шаруашылықтағы рөлі бұрынғыдан да өсе түсті. Сөйтіп, қазір дүниежүзілік шаруашылықтың географиялық моделі көп орталықты сипат алып отырады.
Таяу уақытқа дейін дүниежүзілік шаруашылық ішіндегі өзара қарым-қатынастар, бейнелеп айтқанда, төрт «полюстің» болуына қарай анықталған: капиталистік Батыс пен социалистік Шығыс, «бай» Солтүстік пен «кедей» Оңтүстік. Қазір Солтүстік пен Оңтүстік арасындағы, өзгертіп айтқанда, «орталық» пен «шет» арасындағы әлеуметтік-экономикалық даму деңгейіндегі өсіп келе жатқан алшақтықты негізгі ішкі қайшылық деп есептеу керек.
Мысалы, 90-жылдардың басына қарай дүниежүзілік жалпы өнім ішкі өнім мен өнеркәсіптік өнімнің 15℅-і ғана және ауылшаруашылық өнімінің 30%-і дүниежүзілік шаруашлықтың бүкіл «шет аймағына» келетін. Жан басына шаққанда жалпы ішкі өнім орта есеппен 1 мың долларға жетпейді, ал Батыстың экономикасы дамыған елдерінде – 14 мың доллардан асады.
Сондықтан дүниежүзілік шаруашылықтың географиялық «моделін» жетілдірудің басты бағыты – оның «шеткі аймақтарын» жедел дамыту болып табылады.
Халықаралық географиялық еңбек бөлінісі туралы ұғым. Географииялық еңбек бөлінісі туралы ұғымды терең және жан-жақты зерттеген Н.Н. Баранский оны экономикалық географиялық негізгі ұғымы деп атады.
Географиялық еңбек бөлінісі – адам қоғамы дамуының тауарлы өндіріс пен айырбастың өсуіне туатын сөзсіз нәтижесі. Оның сөзсіздігі жеке территориялардың арасында әрқашан да айырмашылықтар болуына байланысты. Ол айырмашылықтар, біріншіден, географиялық жағдайына, екіншіден, табиғат жағдайлары мен байлықтарында, үшіншіден, әлеуметтік-экономикалық жағдайларында – даму деңгейлерде, шаруашылық құрылымында, еңбек қорларында, тарихи дәстүрлерінде және т.с.с. мұндай айырмашылықтар өнеркәсіп пен ауыл шаруашылығы өндірісінің көптеген түрлерінің белгілі бір территорияларға бекітілген сияқты болуына әкеп тірейді.
Бұл жекелеген экономикалық аудандарға қатысты, сондай-ақ халықаралық географиялық еңбек бөлінісінің арқасында өзара байланысқан тұтас елдерде де қатысты. Ол ежелгі кезде туған, бірақ дүниежүзілік шаруашылықтың шығуына байланысты дүниежүзін қамтыды.
Халықаралық географиялық еңбек бөлінісі жеке елдердің өнімінің белгілі бір түрлерін өндіруге, белгілі бір қызмет көрсетуге және оларды тиімді пайдалануға, айырбастауға мамандануынан көрінеді.
Халықаралық географиялық еңбек бөлінісі уақыт ішінде өзгереді.
Халықаралық мамандану саласы – географиялық еңбек бөлінісінің нәтижесі. Жеке елдердің өнімінің белгілі бір түрлерін өндіруге және белгілі бір қызмет көрсетуге мамандануы өндіруші елдің оларды өз қажетінен артық мөлшерде өндіруін қажет етеді. Ол халықаралық мамандану салаларының, яғни көбінесе өнімді экспортқа шығаруға бағытталяғни көбінесе өнімді экспортқа шығаруға бағытталған және халықаралық географиялық еңбек бөлінісіндегі елдің «келбетін» бірінші кезекте айқындайтын салаларының қалыптасуынан нақты көрініс табады.
1-мысал. Жапония автомобиль жасау жөнінен дүниежүзінде бірінші орын алады. Бүкіл шығарылатын автомобильдердің шамамен алғанда жартысын ол басқа елдерге экспортқа жібереді. Автомобиль өнеркәсібі – оның халықаралық мамандану саласы.
2-мысал. Канада дәнді дақылдарды жинау жөнінен дүниежүзінде бесінші, ал экспортқа шығару жөнінен екінші орын алады. Астық шаруашылығы – оның халықаралық мамандану саласы.
Өз кезегінде, халықаралық мамандану тауарлар мен қызметтің халықаралық айырбасын қажет етеді. Бұл айырбас халықаралық экономикалық байланыстардың дамуынан, жүк тасқындарының саны мен қуатының артуынан көрінеді, оның үстіне, өндіру орны мен тұтыну орны арасынан қашан да үлкен немесе кіші территориялық алшақтық түзіледі.
Халықаралық экономикалық интеграция: аймақтық және салалық топтары. Дүниежүзілік шаруашлық пен географиялық еңбек бөлінісі дүниежүзінің барлық елдерін қамтып болғаннан кейін, соңғы онжылдықтарда енді жан-жағынан гөрі, тереңге қарай өсуде. Олар күрделеніп, жаңа формалар табуда. Халықаралық маманданудың және айырбастың тереңдеуі бірқатар елдердің ұлттық шаруашылығының ерекше етене «кірігіп» кетуіне себепші болады. Сөйтіп, халықаралық географиялық еңбек бөлінісінің жаңа, жоғары сатысы – халықаралық экономикалық интеграция пайда болды. Ол жеке елдер тобының олардың мемлекетаралық келісім саясаты негізінде тым терең және тұрақты өзара байланыстарда дамуының заңды процесі болып табылады.
ХХ ғасырдың екінші жартысында аймақтық экономикалық интеграция дүниежүзілік шаруашылықтың дамуындағы басым тенденцияға айналды. Ол барған сайын интеграцияланған экономикалық топтардан құралатын болады. Олардың ішіндегі ең маңыздылары осындай төрт аймаққа топ болып жатады.
Еуропада бұл Еуропалық экономикалық-қоғамдастық, оған 325 млн. Халқы бар 12 ел бар.
Солтүстік Америкада бұл 80-жылдардың аяғында құрылған еркін сауда аймағы. Ол алғашында АҚШ-ты, Канаданы біріктірсе, кейін халқының жалпы саны шамамен 360 млн. Адам болатын Мексиканы, сондай-ақ 11 елді қамтитын Латын Америкасы интеграция ассоцациясы. Азия-Тынық мұхит аймағында бұл Оңтүстік-Шығыс Азия елдерінің ассоцациясы.
Дүниежүзілік шаруашылық жүйесінде аймақтық экономикалық топтардан басқа салалық экономикалық топтар да бар. Олардың ішіндегі маңыздысы – Мұнайды сыртқа шығаратын елдер ұйымы (ОПЕК), ол 13 елді біріктіреді. ....


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?