Философия | Дүниеге көзқарас оның құрылымы және негізгі үлгілері

Философия  | Дүниеге көзқарас оның құрылымы және негізгі үлгілері

Дүниеге көэқарас, оның құрылымы және негізгі үлгілері (типтері).

Дүниеге көзқарас - бұл, адамның Әлемге деген тұтас көзқарасы және оның осы Әлемге қатынасы және сол көзқарастарға негізделген сенім, сезімдер және адам өмірінің бағыт-бағдарын айқындайтын идеалдар, жүріс-тұрыстардың қағидалары және құндылықтары.
Көзқарастар дегеніміз түсініктер мен ұғымдарда көрсетілген белгілі бір білімдер жиынтығының жүйесі, олар дүниетанымның негізін құрайды. Бұл, адам бойындағы толық білім емес, солардың ішіндегі ең жалпықтары мен принциптері ғана, Олар нағыз сенімділікке айналғанда ғана дүниеге көзқарастың құрамдас бөліктері болып саналады. Ал, адамдардың дүниеге көзқарастарының түрлері - сол адам өмірінің ойы мен қылықтарына органикалық түрде қосылатын белгілі бір нормалардың, өлшемдердің жүйесі.
Дүниеге көзқарас өзінің барлық құрамдас бөліктерінің бүтіндігімен, бірлігімен сипатталатын күрделі рухани құбылыс. Оның құрылысындағы мына бөліктер маңызды роль атқарады.
Жинақталған білім. Олар дүниеге көзқарастың ең басты ақпараттық негізі болып келеді. Белгілі бір халықтағы немесе белгілі бір адамдағы жинақталған білімдер неғұрлым көбірек болса, дүниеге лайықталған көзқарас соншалықты өзінің дәлелдерін негіздей алады. Әрине дүниеге деген көзқарасқа білімнің барлығы бірдей жатпайды олардың ішінде тек қана әрбір тарихи заманға сай туындайтын адам мен әлемнің өзара қатынастарының практикалық және теориялық мәнін ашатын адам тіршілігіне ең қажетті білімдер жатады.
Сенімділік. Бұл руханилықтың ілікі әлеуметтік - психологиялық бөліктері, ол арқылы дүниеге көзқарастық білімдер қабылданады немесе керісінше алынып тасталынады. Сенімділік - тек қана зерделіліктің тұрғысы емес, сонымен қатар ол әсершең күй-жағдай, берік психологиялық бағыталғандық, өзінің принциптерінің, идеяларының, көзқарастарының әділеттілігіне деген көзі жеткендік. Сондықтан сенімділік дүниеге көзқарастың құрылымындағы ең қажетті бөліктерінің бірі болып табылады.
Құндыдықтар. Бұл белгілі бір социумның, адамдардың қажеттідіктеріне, қызығушылығына негізделген айналамыздағы қоршаған әлемге деген болымды не жағымсыз қатынастар. Оларды адамдар өмір барысында ұғып алады. Өзінің мән мағанасымен құндылықтар білімдерден өзгеше. Білімдерге нақты шындыққа тырысу тән - олар объективті танымға ұмтылады, ал құндылықтар өздерінің қажеттіліктеріне, қызығушылығына сәйкес айналамыздағы қоршаған әлемге деген адамдардың ерекше қатынасы.
Идеалдар. Бұл ең ақырғы мақсатқа ұмтылдыратын ойдағы жетілгендік мөлшерлер үлгісі. Идеалдардың маңызды ерекшелігіне оның ақиқатты бейнелеудегі озықтылығы және ол өзімен өзіне де аксиологиялық қызметтерін атқаратындығы жатады. Дүниеге көзқарастық құндылықтар - бұл субъектінің барлық қарекеттерінің өрістеріндегі өмірлік бағдарын айқындайтын мәдениеттің және өмірдің ең жоғары құндылықтары.
Нанымдар. Бұл әлеуметтік ақпараттарды, өлшемдерді, құндылықтарды және қоғамдық өмірдің идеалдарын қабылдаудың тәсілі және түрі. Олар өзіндік тәжірибенің немесе өзінің танымдық тәжірибесінің нәтижесіне байланыссыз көптеген фактілерді немесе шындықтың объективті сипаттарын қабылдай береді; өткен ұрпақтардың тәжірибесін игеру құралы; келешекке деген үміттері.
Тіршілік нормалары. Бұл тарихи қалыптасқан жүріс-тұрыстағы құлықтардың қажетті шарттарының үлгілері, қызмет стандарттары, оларды орындау жеке адамдардың немесе адамдар тобының қарекеттерін қоғамдық талаптарға бағындырудың қажетті жағдайы болып табылады.
Сонымен қатар дүниеге көзқарастың бұл құрылымдық бөліктерінің астары екі деңгейге бөлінетіндігін ескеруіміз керек: біріншісі, Әлемді сезім арқылы білу (Әлемді сезіну, Әлемді қабылдау, Әлемді елестету, Әлеммен әсерлену); екінші деңгей, Әлемді мифтік, діни, ғылыми ұғымдар арқылы түсіну. Нақ осындай, дүниені ұғымдар арқылы түсінудің ерекше түрін философия ұсынады. Философия - дүниеге көзқарастың еңжоғарғы деңгейі және теориялық тұрғыда реттендіріліп, ұтымды - жүйеленген көзқарастың түрі.
Дәл осы секілді адамдардың дүниетануы да екі түрлі жолдар (немесе деңгейде) арқылы қалыптасады. Ол жеке стихиялы түрде құрылуы мүмкін. Әркім жеке өзінің өмір тәжірибелерінің негізінде, сонымен қатар аңыздар мен ауыз-екі түсініктер және діни, немесе философиялық түсініктердің үзінділерінің негізінде өзі үшін белгілі бір көзқарасты қалыптастыра алады. Келесі жағынан кәсіпқой - идеологтар (шамандар, теологтар, философтар) осындай көзқарастарды жүйеге келтіріп адамдар арасына ендіруге тырысады.
Дүниеге көзқарастың негізгі түрлеріне: мифологиялық, күнделікті (немесе үйреншікті). діни, көркемділік, табиғи жаратылыстың (патуралистік), философиялық көзқарастар жатады. Бұлардың бәрі дерлік адамзаттың рухани дамуында маңызды роль атқарды. Тарихи тұрғыда олардың негізгі үш түрін ерекше көрсетуге болады: мифологиялық, діни және философиялық.
Мифологиялық көзқарас - ертедегі қоғамның даму сатыларының алғашқы кезеңдерінде қалыптасты Ол дүниенің, жануарлардың, адамдар тегінің пайда болуы, әлемнің жаратылысы, табиғат құбылыстарындағы апаттардың себептері туралы, қоршаған әлемде өз орнын айқындау жәйлі алғашқы түсініктердің, аңыз-әңгімелердің ең бірінші тарихи үлгісі.
Адамзаттың қарапайым тайпалары үшін айналасындағы аспан жұлдыздары, күн, тау мен өзендер, өсімдіктер және т.б. - жанды болып көрінді, олар да адам, не жануарлар сияқты өздеріне тән қызметін орындайды. Осылайша адамдар өзін қоршаған ортаны өзіне ыңғайластырып жаңа болмыс - мифтік болмысты орнатты. Бұл олардың алғашқы табиғат философиясы, әрине дөрекі, бірақ шындап оймен толықтырылған және анық түсінуге болады.
Ежелгі мифтер әртүрлі жағдайларды басқаратын рухтың бейнелерін суреттейді. Ішіндегі ен құдіреттілері мен күштілері кейін адамдар сиынатын Құдайға айналады. Рух пен құдайлар адамдарға өте ұқсас, бірақ тек қана адам бейнесінде болу шарт емес.
Уақыт өткен сайын мифтердің саны өсе түсті, олар азды-көпті біртұтас көзқарастарды құрайтын үлкен мифологиялық жүйеге және алғашқы пұтқа табынатын діндерге қосыла бастады. Кейінгі монотеистік діндер сол мифтердің ауқымынан өсіп шығып және олардың көп жақтарын өздерінің бойына ендірді.
Мифологиялық көзқарастың негізгі сипаттары: 1. Антро-поморфтылық, яғни табиғат құбылыстарын (мысалы, бұлттардың қозғалысын, жер сілкінулерді және т.б.) адаммен ұқсастырып қарастыру; оларға адамға тән қасиеттердің барлығын: түнсіктерді, келеңсіз факторларға деген реакцияны, тілектерді, жеккөрушілікті, қайғы-қасіретті және т.б., тану. 2. Дескриптитивтілік (ағылшын -суреттеме) - оқиғаларды, құбылыстарды түсіндіру, әңгіме, аңыздар арқылы суреттеме түрінде бейнелеуге ұмтылу; ал кейіпкерлері-ерекше адамдар түріндегі батырлар және құдайлар (мыс. Мифтер Нептун Зевс, Меркурии, Алпамыс және т.б. туралы аңыздар). 3. Объективтілі және субъективтілі Әлемдерді синкретикалық (бір-тұтас, бөлінбейтін) бірлікте қарастыру. Бұл мифологиялық көзқарастың барлық жағына тән. 4. Алғашқы-қауымдық сананың толыққанды кезеңінде адамдар, жануарлар, өсімдіктер туралы алғашқы мифтік білімдермен қаруланған бақсылардың әрекеттерінде көрінетін сиқыршылықпен байланысты.
Миф - бұл ауыз әдебиетінің халық шығармашылығы, қоршаған ортаның мәнін түсіну барысында тәжірибеде сақталған ойлау мен сезінудің түрі; бұл тіршілік әдіснамасы. Осы типтес мифтердің түрлері Ежелгі Грекияның да әртүрлі аймақтарында орын алды. Әр полистің өзі құрметтейтін қамқоршы құдайы мен ержүрек батыры болды, олардың құрметіне храмдар тұрғызылып, малдардан құрбандық шалынды.
Енді осы мифтер қалай жасалынады? Әрине оларды ойдан шығарылған мағұлматтармен толы десек те, бірақ оны адамдар тек қана қиялдағы жәй елестің ойыны арқылы жасамайды. Кез келген миф белгілі бір нақты деректерге арқа сүйейді. Сол жағдайда ғана өмір сүре алады. Адамның қиялы, сезім арқылы қабылданатын болмыстан қанша бір шарықтап кеткенмен, ақиқаттан қол үзіп кетуі мүмкін емес. Яғни, мифтің мазмұнында адамның сезім мүшелеріне байқалатын әйтеуір бір дерек болады және мифтік қиял соған арқа сүйейді. Мыс, табиғаттың жыл мезгілінің ауысуын ежелгі египеттің таңғажайып мифінде Озирис құдайының өлуімен және тірілуімен байланыстырылған. Әрине, бұл жерде жыл мезгілінің ауысуы құрғақ қиял емес, нақты дерек. Дәл осы секілді, кілем күнделікті өмірдегі қарапайым зат. Алайда кілем - ұшақ, мифологиялық бейне. Екеуінің арасында қандай айырмашылық бар? Әрине, деректілігінде емес, кілем өзінің факт тұрғысында кілем күйінше қалады. Оның айырмашылығы сол, ол тіптен басқа идеяға, мағынаға ие болады: сол себептен оған басқаша өзге көзбен қарау орын алады. Бұл жерде оларды бір бейнеге біріктіру, бірлестіру орын алады (кілем белгілі бір зат және кейбір құстардың ұша алатындығы да одан өзгеше), олардың табиғи - ерекшеліктеріне қарамастан оларды қарапайым заттар әлемінен дербестендіріп басқа түсінік тудырады. Мифологиялық қиялдың өзі айналамыздағы байқауға болатын құбылыстарды түсіндіру үшін адамдардың ақыл-ойында пайда болады.
Миф - ойдың ешқандайда арнайы жұмысын қажет етпейді. Қарапайым заттар мен адамдармен өзара сұхбаттасуға қаншалықты ой қажет болса, мифтегі ой жұмысы да соншалықты. Ал, философияның дәлелденген тұжырымдарына, белгілі бір жүйеге келтірідген қорытындылар, терминологиялық айқындылық қажет.
Миф дегеніміз символ, солай болғандықтан, ол өзін күрделенген символикалық қабаттармен және аллегориямен, желі-сараптармен қамтамасыз ете алады. Мыс, құдайға сиыну символикалы, өйткені адамдар бұл жерде сыйынуды жәй бейнелемейді және белгілі бір қимылдар жәй бейне емес, ол шынында өтеді.
Күнделікті, эмпирикалық көзқарас. Бұл, дүниеге көзқарастың келесі тарихи үлгісі. Тіршілік тәжірибесі мен эмпирикалық білімдерден құрыла отырып, бұл көзқарас күнделікті қарекетке бағыт-бағдар береді. Әрине, олар күрделі мәселелерде тиянақты білімдерді, ойлау мәдениетін қажет етеді және адамдағы білімдер белгілі бір көлемде болып екі деңгейге бөлінеді.
Біріншісі – кәдуілгі (стихиялы - эмпирикалық) білім. Бұған еңбек дағдыларын, тұрмыс дәстүрлерін, өнерге деген қарапайым көз-қарастарды және т.б. жатқызуға болады. Бұл білімдер, адамдардың тіршілік тәжірибесінде, еңбек барысында, басқа адамдармен қарым-қатынастарының негізінде қалыптасады. Оларды адамдар өздерінің күнделікті тұрмыстарында басшылыққа алады.
Білімнің екінші деңгейі - ғылыми білім. Олар көпгеген ұрпақтар күшімен арнайы кәсіпкер ғалымдар арқылы абстрактілі ұғымдармен қалыптасып, қисынды жүйелер түрінде жасалынады. Ғылыми білім материалдық әлемнің, қоғамның, адамның мәнін, заңдарын тануға бағытталған.
Кәдуілгі және ғылыми білімдер білімнің барлық көлемін қамтымайды. Өздерінің шешілуіне байланысты даналық деп атайтын ерекше, «мәңгі» сұрақтар да бар. Яғни даналық деп сол қарапайым, кәдуілгі және ғылыми білімдердің жиынтығын айтпайды. Кез келген адамның бәрі бірдей дана бола бермейді.
Дана адам - ол көп біліп кана қоймай, негізінде әлем қалай құрылған, адам оған деген қатынасын қалай жасайды. Яғни мифтік, діни, не философиялық пайымдаулар арқылы адамның әлемдегі орны қаңдай, әлем мәңгілік не, әлде жаратылған ба, жаратылғандардың бәрі жағдайлардың ырқынан тыс жасалынып жатыр ма, адам дегеніміз не, жалпы таным арқылы біз оған ықпал жасай аламыз ба, ақиқат дегеніміз не, жақсылық, жамандық дегеніміз не деген сұрақтарға әрдайымда жауап іздеу барысында болатын адам. Сонымен күнделікті эмпирикалық көзқарасқа бұлардан өзге тіршілік барысында және қаракеттердің барлық түрлерінде жеке сананың негізінде қалыптасатын белгілі бір тұрғыдағы түсініктер жатады.
Философия дүниеге жаңа сапалы үлгідегі көзқарас болып келеді. Әрине оның негізгі сипаттары туралы жоғарьща айтыл өттік. Сондықтан былайша корытылдылауға болады: Философия, мифология мен дінге қарағанда әлемді дұрыс (рационалды) түсіндіруге бағытталған. Философияда табиғат, қоғам, адам туралы жалпы ой-түсініктер - теориялық қарау мен логикалық (қисынды) талдаудың пәніне айналады. Дүниеге философиялық көзқарас, мифология мен дінге қарағанда логикалық реттелген білімдердің жүйесі, өзінің жайлары мен принциптерін теориялық тұрғыда негіздеуге тырысады. Дүниеге философиялық көзқарасқа сипаттама бере отырып, оның мазмұнында өзіндік философаялық мәселелермен қатар экономикалық, саяси, құқық және жаратылыстану түсініктері, этикалық, эстетикалық, діни (немесе атеистік) принциптер, көзқарастар, идеалдар жататындығын айта кету керек.
Сондықтан дүниеге философиялық көзқарасын философиямен толық телдестіруге болмайды. Алайда бұл көзқарастың теориялық негізі мен түйіні философияда. Яғни философия - тек қана дүниеге көзқарас емес, ол басқа да қызметтер атқарады.
Жалпы көзқарастар жаллы адамзаттық тұрғыда туындайды, ойдағыдай жағдайда ол кез келген адамға тән. Сондықтан көзқарастың жіктелуінің өзіндік межелері бар, оны көруге болады.....



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
» Елімізде TikTok желісі бұғатталуы мүмкін бе?
» Елімізде су тасқынынан зардап шеккендердің қандай мүліктеріне өтемақы төленеді?