Дінтану | Дін
Дін дегеніміз не?
Дін тақырыбы адамдарды өте қызықтырған. Әрбір адам дінді түсінуге және діни өмір сүруге тырысқан. Дініне байланысты өмір сүріп, балаларын сол тәрбиеде тәрбиелеген. Ақылы мен білімін қолданып, өзі таңдаған дінді қорғап, оны жалғастыруға тырысқан.
Дінге түрлі анықтамалар берілген. Әрбір анықтама діннің басқа бір ерекшелігін көрсеткен. Бірақ барлық анықтамалар діннің адам үшін пайдалы екенін көрсеткен. Дін ғалымдары, тарих және социология мамандары, діндер тарихы жазушыларының анықтамаларының біразын берейік:
Дін—адамды туралық пен әдемілікке жетелейтін жол. Адамды өз жаратылысына сай жетілдіретін ілім. Дін адам өмірін тәртіпке келтіретін жүйе. Адамды шындыққа жеткізетін жарық. Дүние мен ақыретте бақытты болу жолдарын көрсететін ереже мен қағидалар жинағы болып табылады. Дін — илаһи ережелер және соларға сүйенген әдеттердің жиынтығы.
Бұл анықтамалар дінді жалпы түсіндіріп, илагш діндер мен адам шығарған діндер арасындағы айырмашылықты көрсетпейді. Алайда, илаһи діндерге тән көптеген анықтама бар. Бұлардың көзқарасы бойынша дін-пайғамбарлардың Алладан әкелген илаһи уахилер жинағы, Алланың пайғамбар арқылы білдіретін ақиқаттары. Құрушысы Алла, негізі адам болған қағидалар жинағы болып табылады.
Дін және Адам
Дін адам үшін. Адам жаратылысыңдағы сенім сезімін күшейтеді. Дін сезімі жаратылыстан келеді. Адам нәсілі сенім сезімімен бірге туады. Міндетті түрде бір нәрсеге сеніп, діни сезімді сөндірмеуге тырысады. Өйткені, дін—адам рухының азығы. Дененің қажеттіліктерін қамтамасыз ететін адам рухының қанағаттануына үлкен мән береді. Рух пен денесін тең дәрежеде қанағаттандыратын адам негізінде жаратылу мақсатын жүзеге асырады. Дененің қажеттіліктерін қамтамасыз етіп, рухын қанағаттандырмаған адам жарымжан болады. Ал мықты адам рухы мен денесін бірдей қанағаттандырады. Тарихта мәдениет қалыптастырып, мемлекет құра алмаған халықтар болған, бірақ дінсіз және ғибадатханасыз мемлекет болмаған.
Дін барлық тақырыпта адаммен байланысып, соның пайдасын көздейді. Діни бұйрық пен тыйымдар, адал мен арамға байланысты үкімдер жеке және қоғамдық пайданы көздейді. Адамның, жан тыныштығын және бақытты болуын қалайды. Сондықтан дін адамды негізге алған. Ақылды, нәсілді, жаратылысты және моральды қорғауға бағытталған негіздерден тұрады және жеке адам мен қоғамға бақыт әкеледі. Құлықты (мінез-құлықты) жақсартып, қабілеттерін жетілдіреді. Сондықтан дін мен адам бір мағынаға сай десек болады, бірі болмаса екіншісі болмайды.
Ақылды адамдарды өз таңдауларымен пайдалы нәрселерге жеткізетін дін — ілім (доктрина) және әдіс жағынан бөлінген. Шынында да әр дінде бірі доктрина, екіншісі әдіс болған екі элемент бар.
Ислам сенімі бойынша діннің құрушысы Алла. Барлық илаһи діндер Алла тарапынан келіп, түпнұсқасын сақтаған күйінде өмір сүрген.
Алғашқы адам — сонымен бірге алғашқы пайғамбар болып табылады. Өзіне білдірілген дін—тәуһид діні. Барлық пайғамбарлар адамдарға бірдей ақиқаттарды үйреткен, Алланың бар екеніне және бір екендігіне, періштелеріне, кітаптарына, пайғамбарларына, жақсылық пен жамандықтың Алладан болатынына, ақыретке, өлгеннен кейін қайта тірілуге иман келтіруге шақырған. Сондықтан барлық пайғамбарлар білдірген діннің аты Ислам.
Бірақ, тарих ағымында адамдар діннен алыстаған және бос (батыл) нәрселерге сенген. Міне, сол кезде Ұлы Алла адамдарды ескі сенімдеріне қайтару үшін немесе оларға діннің жаңа негіздерін үйрету үшін анда-санда пайғамбар жіберген.
Діннің түрлері
Ғалымдар шығу тегі, доктрияалары, әдістері және жақтастарына қарай діндерді бірнеше бөлімдерге бөлген. Осы бөлімдерге бөлген адамдар түрлі діндерден және ұлттардан болған. Бір бөлігі мұсылман, бір бөлігі христиан және еврей, ал бір бөлігі басқа діндердегі адамдар болып табылады. Бұлардан мұсылман ғалымдар дінді Құранды негізге ала отырып бөлімдерге бөлген.
Ұлы Алла Құранда Али-Имран сүресі 3/19, 85; Рум сүресі 30/30; Саф сүресі 61/9; Тәубе сүресі 9/33 аяттарында дінді анықтап, бөлімдерге бөлді. Осыған орай діндер екіге бөлінеді. 1) Хақдін, 2) Хақ емес дін (батыл).
Хақ дін Ислам. Ал Ислам пайғамбарлардың ортақ діні, әрі Алла разы болған жалғыз дін. Хақ діннің құрушысы Алла, шығу тегі — уахи, бұзылмаған және сол қалпында қалған дін. Құран Кәрім өзгеріп-өзгермеуіне қарай да діндерді екіге бөледі.
1) Өзгертілген діндер.
2) Өзгертілмеген дін.
Өзгертілген діннің құрушысы Алла, шығу тегі уахи болған, бірақ уақыт өте келе түрлі себептермен бұзылған, өзгерген, өзгертілген және тазалығын жоғалтқан. Ал илаһи дін бұзылғанда немесе өзгертілгенде Алла бір пайғамбар жіберіп, адамдарға жаңадан таза дінді, яғни Исламды білдірген. Мысалы, еврейлердің және христиандардың діні баста ислам діні еді. Бірақ уақыт өте келе түрлі себептермен еврейлер мен христиандар діндерін таза қалпында ұстай алмай, оны бұзып, өзгертті. Сондықтан Алла Хз. Мұхаммедті соңғы пайғамбар етіп жіберді және оған соңғы дінді уахи етті. Құранды уахи етіп, таза және соңғы дін Исламды адамдарға жаңадан білдірді.
Өзгертілмеген бір ғана дін — Ислам діні. Түскен кезінен бүгінге дейін таза қалпын сақтаған Исламның сенім, ғибадат, құлықтық (моральдық) негіздері ешқандай өзгеріске ұшырамай, сол күйінде қалған. Өйткені, Исламның қайнар көзі болып табылатын Құран Алладан Пайғамбарға түсірілген күйінде сақталып, қазірге дейін жеткен.
Алайда, бұрынғы пайғамбарларға жіберілген Зәбүр, Тәурат және Інжіл атты қасиетті кітаптар қорғалмай, уақыт өте келе өзгертілген. Оларға адамдардың сөздері, философтардың және дін адамдарының көзқарастары қосылған. Нәтижеде бұл кітаптар Алланың сөздері болу қасиетін жоғалтып, адамдардың сөзі болып қалған. Діндердің кейіннен бұзылуы шындығында қайнар көзі болған қасиетті кітаптардың бұзылуы және өзгертілуі нәтижесіңде болады. Діндер доктрина құрылымдарына және сенім жағдайларына байланысты екіге бөлінеді.
1. Тек тәңірлік діндер: Бір Аллаға сенім негізіне сүйенген діндер болып табылады. Мұндай діндерде тек Тәңірлік негізге алынады. Алланы барлық жағынан бір екеніне жөне оған серік (ортақ) қоспау сеніміне сүйенеді. Ислам мұндай дінге үлгі болып табылады.
2. Көп тәңірілік діндер: бірнеше тәңірдің бар екенін қабылдайтын сенім жүйесі. Пұтқа табынушылық, екі тәңірілік (дуалистік), натурализм, көне грек, көне рим және көне мысыр діндері (политеист) көп тәңірлік діндер болып табылады.
Құрылымдарына қарай діндер екіге бөлінеді.
1. Құрушысы болған діндер, құрушысы белгілі, құрушысы Алла немесе адам болған діндер: Исламият, Буддизм, Брахманизм және Христиандық сияқты.
2. Құрушысы болмаған, әдет-ғұрыпқа сүйенген діндер. Дәстүрлі түрде жасаған, әдет-ғұрып түрінде өмір сүрген діндер: Яхудилік, Мысыр, Рим, Грек діндері сияқты.
Діндер ерекшеліктері мен мазмұндарына қарай үшке бөлінеді:
1. Алғашқы діндер: Анимизм, тотемизм, натуризм және фетишизм сияқты діндер. Бұл діндерде дін сезімі және сенім негіздері жетілмеген.
2. Ұлттық діндер: Белгілі бір халыққа немесе ұлтқа тиісті діндер. Яхудилік және буддизм сияқты діндер. Мұндай діндердің ережелері мен құндылықтары тек қана өз халықтарына байланысты болады.
3. Әлемдік діндер: Барлық адамдарға тән және адамдардың қажеттіліктерін қамтамасыз ету мақсатындағы діндер. Ережелері, сенім, ғибадат және мораль негіздеріне байланысты әлемдік болып табылады. Бүкіл адамзаттың діні. Әлемдік дін — тек қана Ислам діні болып табылады.
Діндер ғибадат түсініктері мен негіздеріне қарай да үшке бөлінеді:
1. Сакраменталдық діндер: Діни тойларға сүйенген діндер. Қасиетті нәрселерге мән береді.
2. Профетикалық діндер: Пайғамбары бар және оның білдіруіне негізделген діндер сенім және құлыкқа (адамгершілікке) көп мән береді.
3. Мистикалық діндер: Бірқатар ішкі жорамалдар мен сыртқы практикаларға сүйенеді. Ақыл ережелеріне емес, сезімге және бос жорамалдарға, нәпсі мен рухқа байланысты бағалауларға және тәжірибеге мән береді.
Дінге байланысты басқа бөлінулер де бар. Бірақ, барлық анықтамалар мен бөлінулердің ортақ пайдасы назарға алынғанда, үш түрлі дін бар екенін байқауға болады.
1) Алғашқы қауым діндері.
2) Ұлттық діндер.
3) Әлемдік діндер.
4. Дін аттары.
Жалпы алғанда діндер құрушылары, жақтастары, ерекшелігі мен мазмұны сияқты негізгі жақтарын көрсететін бір немесе бірнеше түрде аталады. Көне ұлттық діндер өз ұлттарының аттарымен аталған. Көне грек діні, көне рим діні, көне мысыр діні, хитит, ацтек т. б. діндер сияқты. Құрушыларының аттарымен аталған діндер көбірек кездеседі. Буддизм, конфуцийшілік, даосизм, зороастризм сияқты діндер. Жақтастарының аттарымен аталған діндерден қазіргі якудилік, христиандықты айтуға болады. Буддизм мен брахманизм болса құрушыларының аттарымен аталған діндердің қазіргі үлгілері болып табылады.
Ерекшелігі мен мазмұнына байланысты аталған діндердің саны көп емес. Монотеист, дуалист, политеист дін, отқа табынушылық, шайтанға табынушылық сияқтылар.
Аты, құрушысы және ерекшелігі Алла тарапынан белгіленген қасиетті кітапта (Құран) айтылған дін — тек қана Ислам. Али Имран сүресі 19/85, Маида сүресі 3, Тәубе сүресі 74 аяттарында Исламның аты аталады.
Діндерді тарих және тіл білімі (филология) әдістерін қолданып, туу және дамуы, сенім, ғибадат, құлық (мораль) т. б. тақырыптар тұрғысынан зерттейтін ғылымды "Діндер тарихы" дейді. Діндерді салыстырмалы түрде зерттейтін ғылымды "Салыстырмалы діндер тарихы" дейді. Бұл ғылым діндер арасында айырмашылық жасамай бәрін зерттейді.
Діндер тарихы ғылымының мақсаты дін ұйымдарының пайда болу себептерін, тарихтағы және түрлі қоғамдарда алған көріністерін, діни тәжірибенің қабылдануы және айтылу түрлерін мүмкіндігінше объективті түрде қолға алады. Зерттеулерінде ешқандай баға бермей, хақ және батып діндер деп бөліп қарамайды.
Басқа діндер туралы мәліметтер Құранда да берілген. Мұсылман ғалымдардың шығармаларында басқа діндер туралы бастапқыда теріс пікірлер жазылса, кейіннен анықтайтын және түсіндіретін пікірлер жазыла бастады.
Діннің негізі.
Діннің негізі туралы басты деректер қасиетті кітаптар болып табылады. Ғылым адамдары мен ойшылдар да діннің негіздерін өздерінше бағалаған.
Ислам бойынша адамзаттың алғашқы діні — "тәуһид діні". Ал діннің құрушысы — Алла. Алла адам мен әлемді жаратып, осы екеуінің арасында тура байланыс болу үшін бұйрықтар шығарған. Адамның жаратылысына сай өмір сүруін және құлдық қызметін дұрыс атқаруын қамтамасыз ету мақсатымен пайғамбар мен кітаптар жіберген. Алғашқы пайғамбар Хз. Адам, соңғы пайғамбар Хз. Мұхаммед.
Діннің негізі адам. Дін адамзат пайдасы үшін жаратылған. Сол себептен адамды жақсы білу керек. Олай болса адам кім? Исламдық сенімде адамзат ер мен әйелден тараған. Алла адамды ер мен әйел етіп жаратқан. Адам дене мен рухтан тұрады. Алдымен рух болып жаратылған адам рухтар әлемінен дүниеге келіп, ет, сүйек және қан элементтерінен құралған бір денеге ие болған. Рух пен дененің бірігуінен пайда болған адам өзіне тән бір құрылысқа ие. Алғаш жаратылған адамдар - Адам:және Хауа. Бұл екеуінен ерлер мен әйелдер түрінде адамзат тарап, көбейген." Құран Кәрімде Ниса сүресінің 1-аятында осы жаратылыс түсіндірілген.
Адам ата сонымен бірге алғашқы пайғамбар болып табылады. Алладан алған уахи және илаһи бұйрықтар арқылы адамдарға уағыз жүргізген. Адамзатқа сүйіспеншілік және бейбітшілік жолдарын, жақсы және әдемі өмір сүруді үйреткен, Алланың дінін жариялаған.
Бірақ, жаратылысына сай жақсылық пен жамандық жасау ерекшелігі бар адам баласы уақыт өте келе тәуһид дінінен алыстап, Алладан басқа нәрселерді тәңірі деп қабылдаған. Табиғаттан көрген, қорыққан немесе жақсы керген нәрселеріне табына бастаған. Сонымен, дін таза қалпын жойып, адамдардың сенімдері мен құлықтары (мінез-құлықтары) бұзылған. Осындай жағдайда Алла жаңадан пайғамбар жіберіп, оларды хақ дінге шақырып отырған. Жіберілген пайғамбарлардың саны белгісіз.
Діннің пайдасы
Дін адамдарға байланысты бір ұйым. Адамның рухтық және физикалық қажеттіліктерін толық қамтамасыз етіп, жетілуін жүзеге асыратын негізгі мақсат болып табылады. Дін рухтың азығы және дененің шипасы. Рухты қанағаттандыратын және құлықты (моральды) жақсартатын дін болып табылады. Дін — рух жаңбыры, сезімдер мен жақсы әрекеттер, пайдалы қимылдар сол арқылы жүзеге асады. Рухсыз дене, денесіз рух бір мағына бермейтіні сияқты, дінсіз адам өзіне де, басқаға да пайдасын тигізе алмайды. Дін мен адам бір бүтін. Дін жеке адам мен қоғам үшін қажетті. Дінсіз мемлекеттер өмір сүре алмайды және күшті мемлекеттер құрыла алмайды. Өйткені, дін өмірдің негізі, бірлік пен бүтіндіктің негізгі элементі. Адамға адам болуды, ұлттарға бірлік пен тұтастықта өмір сүруді үйреткен жауапкершілік түсінігін, құлшылық білімін және жақсы құлықты (мінезді) қалыптастырады. Жанұяны, мемлекет ұйымын және қоғам құрылымын мықты негіздермен қамтамасыз етеді.
Дін адамға адамдықты, ұлтқа ұлттықты үйретеді. Үлгілі, таза адамдарды жетілдіреді. Жұмысты, адал күнелтуді, әлемді түсінуді және ондағы нығметтерден пайдалануды қамтамасыз етеді. Осы тұрғыдан жер бетінде мемлекетсіз және мәдениетсіз ұлттар болған, бірақ дінсіз ұлттар мен ғибадатханасыз қоғамдар болмаған. Олай болса дін жеке адам мен қоғам үшін қажетті.
Дін адамды жетілдіретін бір ұйым болып табылады. Әрбір адам тумысынан дін сезіміне ие болады. Бірақ, діннен қандай пайда табатынын білуі және дін сезімін дамытуы керек. Дін үйретілмесе және жақсы істермен қамтамасыз етілмесе, жүре келе әлсірейді, адамға әсер етпейді. Сондықтан дін тәлім-тәрбиесі әрбір адам үшін пайдалы және қажетті болады. Ата-аналар балаларына дін тәрбиесін беруге мәжбүр. Бұл ата-ана болудың негізі болып табылады. Мемлекеттер де халықтардың діни тәрбие алуына көмектесіп, қажетті ұйымдар құрып, мектептер ашады.
Дін адамға сүйіспеншіл және бейбітшіл өмір сүруді үйретеді, жақсы сезімдер мен іс-әрекеттер, қайырлы істер мен дұрыс ғибадат жасауды үйретеді. Жамандық, кек, жек көрушілік, дұшпандық, бұзықтық, сенімсіздік сияқты жағымсыз нәрселерден адамды алыстатып, дене тазалығы мен адамгершілікке тәрбиелейді.
Қазіргі кездегі діндер
Адамзаттың алғашқы діні - тәуһид діні, яғни, жаратылыс діні және бір илаһтың бар екеніне иман келтіруді негізге алған дін — исламият. Бірақ, уақыт өте келе адамдар жаратылыс және тәуһид діні болған Исламнан алыстап, басқа діндер мен сенім жүйелерін қабылдаған. Осылайша хақ дін бұзылып (бұзылған дін болған), адамдар жаңа діндер ойлап шығарған.
Осылайша дүниеде дін екіге бөлінеді:
1) Илаһи діндер
2) Адамдар ойлап шығарған діндер
Илаһи діндер уахиға сүйенген. Алланың бұйрықтарын қамтитын діндер болып, сенім негіздері тұрғысынан бір болады; тәуһид сенімін негізге алған. Бірақ, пайғамбарлар қайтыс болғаннан соң өз ерекшелігін жоғалтып, бұзылған. Ұлттық дін немесе адам ойлап шығарған дін түрін алған. Яхудилік пен христиандық бұзылған (мухарреф) илаһи діндер болып табылады.
Адамдар ойлап шығарған діндер - құрушысы адам, негізі ақыл мен сезімге қатысты діндер. Бір адамның дін түсінігінің жүйеленіп, ұйымдастырылуына байланысты түрленген. Аймақтық шарттар, салт-дәстүрлер бүл діндердің пайда болуына зор ықпалын тигізген. Буддизм, Брахманизм, Шинтомизм және Даоизм діндері осындай дін түрлеріне жатады. Әсіресе Қиыр Шығыста, Қытай, Үңдістан және көрші аймақтардағы діндер бірқатар діни салтанаттар мен адамгершілік ережелерді қамтиды. Тәңір деп есептеген адамдарға табыну және құлшылық ету сеніміне сүйенеді. Бірқатар ақыл мен қисынға сай ережелері, философиялық және әлеуметтік пікірлер иман негіздері болып қабылданады. Сенімсіздік, хурафе (болмайтын нәрсеге сену), надандық және еліктеушілік элементтері де адам ойлап шығарған діндердің пайда болуына маңызды ықпалын тигізген. Адамды немесе табиғат болмыстарын тәңір ету, соларға құрбан шалу, ғибадаттар мен діни салтанаттарды реттеу, удхулул (кіру), рух көші сияқты сенімдерге ие болу – олардың негізгі ерекшеліктері.
Қазіргі кездегі адамзаттық діндер.
Алғашқы діндер.
Табиғат болмыстарына табыну негізіне сүйенетін, адамдардың ойлап тапқан діндері. Өздері ұнататын немесе қорқатын, жәрдем етіп, қолдайды деп сенетін жанды және жансыз болмыстардың тәңір деп қабылданып, солардың атына діни рәсім мен ғибадат жасалған, құрбан шалынған діндер болып табылады. Белгілі бір қағида мен ережелері, сенім және ғибадат негіздері жоқ. Алғашқы діндер әр түрлі болып келеді.
а) Анимизм. Рухтарға табыну негізіне сүйенеді. Рух пен түс тақырыптарындағы алғашқы пікірлер мен сенімдер адамдарды осындай сенімге жетелеген. Жақсы рухтардың жақсылығын алу, жаман рухтардың жамандықтарынан қорғану мақсатынан туған дін. Көптеген алғашқы қоғамдарда осындай сенім кездеседі.
б) Натуризм. Табиғат болмыстарында илаһи және жоғары бір қүш бар екеніне иман ету діні. Әрдайым табиғатпен бірге өмір сүретін адам баласы кейде кейбір табиғат болмыстарынан және оқиғаларынан әсерленіп, қорыққан. Нәтижеде ағаштарға, жануарларға, өзендерге, тауларға, айға, жұлдыздарға, күнге, бұлттарға және жаңбырға табылған. Осылайша натуризм (табиғатшылық) сенімі пайда болған.
в) Тотемизм. Ең алғашқы қоғамдар, клан және тайпаларда кездесетін бір сенім түрі. Бүгін Африка мен Азияның кейбір аймақтарында осындай сенімдегі тайпалар бар. Тотем құрметтеген жануарға табыну негізіне сүйенеді. Тотем жануарды қасиетті деп санайды, оған ешқандай зиян келтірілмейді. Ал тотем адамды қорғайды. Тотем бүркіт, қасқыр, арыстан сияқты бір жануар немесе жансыз болмыс болады.
Исламның сенім негіздері.
Ислам діні негіздері 3-ке бөлінеді.
1. Сенім (иман) негіздері.
2. Ғибадат негіздері.
3. Моральдық негіздер.
Мұсылман болу үшін "усул-и дін" (діннің негіздері) деп аталатын сенім негіздеріне міндетті түрде иман ету керек. Алладан басқа илаһ болмағанына, Хз. Мұхаммедтің Алланың құлы және елшісі екеніне, сену, намаз оқу, ораза тұту, зекет беру және қажылыққа бару — исламның негіздері мен шарттары болып табылады. Сүйікті пайғамбарымыз бір хадисінде: "Ислам 5 нәрседен құрылған. Алладан басқа илаһ болмайтынына. Хз; Мұхаммедтің Алланың расұлы екеніне қуәлік ету, намаз оқу ораза тұту, зекет беру және қажылыққа бару",- деп бұйырып, осы негізгі 5 нәрсені түсіндірген.
(Ислам дінінде "Аллаға, періштелерге, кітаптарға, пайғамбарларға, қаза мен тағдырға, ақыретке, өлгеннен кейін қайта тірілуге сену" иман негіздерін құрайды. Адам осы алты негізге иман еткенде ғана "мүмін" болады. Ислам осы 6 негізді діннің міндеттері (зарұрат-ы диние) деп атайды. Бұлар жүрекпен бекітілмесе, иман жүзеге аспайды. Олардың бәрін немесе бірін қабылдамау адамды иманнан шығарады.....

Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
kz | Рефераттар
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?