Құқық | Жеке тұлғаларға қарсы қылмыстар

Құқық | Жеке тұлғаларға қарсы қылмыстар

Қылмыстық құқық жеке құқық саласы ретінде адамды,оның құқықтары мен бостандықтарын,қоғамды және мемлекетті қылмыстық қол сұғушылықтан қорғауға бағытталған қоғамдыққатынастарды реттейі.Мұндай реттеу үш түрлі жолмен жүзеге асырылады.
Біріншіден қылмыстық құқық нормасы арқылы қоғамдық қатынастарды реттеу функциясы болып табылады.Бұл қатынас қылмыстың істелуіне байланысты қылмыс жасаған Адам мен мемлекет арасында пайда болады.
Екіншіден қылмыстық құқық нормасы арқылы жазамен қорқытып тыйым салынған іс-әрекеттерді істеуге байланысты қоғамдық қатынастар реттеледі .
Үшіншіден қылмыстық құқық қылмыстық құқықтың нормасы арқылы азаматтарға қылмыстық жолмен қиянат келтіргенде,олардың одан қорғауына байланыстықатынастарын реттке келтіреді.Мысалы қажетті қорғану ,мәжбүрлік қажеттілік немесе қылмыскерді ұстауда әрбір азамат заңда белгіленген тәртіппен қорғануға құқылы.
Қылмыстық құқық заң шығарушы органдар қабылдаған қылмыспен жаза қылмыстылық жауаптылық негізі , жаза жүйелерін,жазаны тағайындаудың тәртібімен шарттарын ,сондай-ақ қылмыстылық жауаптылықтан және жазадан босатуды белгілейтін заңдылық нормалардың жыйытығы болып табылады.
Қылмыстық заң – Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес Республика парламенті қабылдаған құқылықкесім болып табылады.Жеке Адам мен қоғам арасындағы қақтығыстарының қайсының қоғамға қауіптілік дәрежесін басым екендігін анықтау және оған осы мәселеде қылмыстық құқылық шараларды қолдану арқылы осы қатынастарды реттеу – қылмыстық заңның негізгі міндеттерінің бірі болып табылады.
Қылмыс әр уақытта да белгілі бір іс-әрекеттердің көрінісі,нәтижесі болып табылады.Әрекет дегеніміз адамның қылмыстық заң тиым салынған нәрселерді істеуі,ал әркетсіздік дегеніміз адамның заң нормативтік кесімдер нұсқаулар немесе арнаулы жарлықтар , бұйрықтар бойынша өзіне жүктелген міндетін орындамауы.
Сонымен қылмыстық заңдармен жазалау қатерімен тыйым салынған айыпты қоғамдық қауіпті әрекет қылмыс деп аталады.

Қылмыстың санаттары.Қылмыс санаттары деп оларды нақты белгілері бойынша топқа бөлуді айтамыз.Қылмыстар – сипатына және қағамға қауіптілік дәрежесіне және кінәнің түріне байланысты онша ауыр емес ауырлығы орташа,ауыр және аса ауыр санаттарға бөлінген.
Қылмыстық кодекстің 10-бабына сәйкес жасалғаны үшін осы кодексте көзделген ең ауыр жаза /бас бостандығынан айырубан/
-қасақана жасалған әрекет-екі, абайсызда жасалған әрекет бес жылдан аспайтын болса-онша ауыр деп саналады.
-қасақана жасалған әрекет –бес, абайсызда жасалған әрекет те бес жылдан аспайтын болса –орташа ауыр.
- қасақана жасалған әрекет он екі жылдан аспайтын болса –ауыр.
- қасақана жасалған әрекет он екі жылдан аспайтын болса немесе өлім жазасы көзделсе –аса ауыр қылмыс деп танылады.
Қылмыстың объектісі – қылмыскердің қиянат жасайтын және де қылмыстық заңдармен қорғалатын қоғамдық қатынастар. Олар мыналар болуы мүмкін саяси және экономикалық құрылымдар,меншік,Адам және оның құқықтарымен бостандықтары құқықтық тәртіп ,сот төрелігі,әскери қызмет.
Қылмыстың
Қылмыстың субъектісі –ол қылмыс жасаған уақытта есі дұрыс және 16 жасқа толған Адам. Кейбір ауыр қылмыстар үшін /кісі өлтіру, зорлау , адам ұрлау,кісі тонау,қорқытып тартып алу т.б/
Қылмыстық жауаптылыққа адам 14жастан тартылады.
Кінә - бұл адам өзінің қасақаналықпен немесе абайсызда істейтін қоғамға қауіпті іс-әрекетіне және оның қоғамға зиянды зардабына деген көзқарастардың жиынтығының көрсеткіші.
Істелген әрбір қылмыс үшін кінәнің болуы – объективті ақиқат.Қылмыс субъектісінің кінәлілігі туралы тұжырымды сот іс бойынша жинақталған дәлелдемелер арқылы анықтайды.Кінә екі түрлі болады, қасақаналық және абайсыздық.Тікелей немесе жанама ниетпен жасалған әрекет –қасақана, менмендікпен немесе немқұрайлықпен жасалған әрекет абайсыздықта жасалған қылмыс деп танылады.
Әрбір азаматтық конституциялық борышы – қоғамдық қатынастарды қылмыстық жолмен келтірген зияннан қорғау.Осы міндетті асыруда жеке адамға,қоғамға мемлекетке қарсы бағытталған іс-әрекеттерді дер кезінде тиюдың тойтарудың маңызыерекше.Қоғамға қауіпті іс-әрекеттерді тойтаруда , оның зияндылығын тиюда,сол қауіпті төндірген адамға материалдық , моральдық және басқа да зиян келтірілуі мүмкін.Мұндай әрекеттер формальдық жағынан алғанда қылмыс құрамына жатуы мүмкін.Қылмыс –бір адам арқылы немесе бірнеше адамның бірлесуі арқылы стелуі мүмкін.

Қылмыстық жаза мемлекеттік күштеу шараларының бірі болып табылады және ол мемлекеттің қылмыспен қарсы күрес жүргізу құралдарының бірі ретінде қолданылады.
Жаза-соттың үкімі бойынша тағайындалатын мемлекеттік мәжбүрлеу шарасы.Жаза қылмыс жасауға кінәлі деп танылған адамға қолданылады және адамды құқықтары мен бостандықтарынан айыру немесе оларды шектеу болып табылады.
Жеке адамға оның өміріне жасалған қылмыстар ең аса қауіпті қылмыстар болып саналады. Бұл ең бірінші , адам өлтір.
Адам өлтіру дегеніміз басқа адамға құқыққа қарсы қасақана қаза келтіру болып табылады.Адамның өмірін табиғат Берген маңызды әлеуметтік құндылық ,ол оны туғаннан иемденеді.
Объектісі басқа адамның өмірі,ал субъектісі –есі дұрыс 14ке толған адам.
Қылмыстық кодекстің 96-бабына сәйкес :
1. Кісі өлтіру яғни басқа адамға құқыққа қарсы қасақана қаза келтіру – алты жылдан он бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
2. Кісі өлтіру
-екі немесе оданда көп адамдарды
-осы адамның қызметтік іс-әрекетін жүзеге асыруына не кәсіби немесе қоғамдық борышын орындуына байланысты адамды немесе оның жақындарын
-дәрменсіз жағдайда екендігін айыпкерге белгілі адамды,сол сияқты адамды ұрлаумен не адамды кепілге алумен ұштасқан
-жүкті екендігі айыпкерге белгілі әйелді
-аса қатыгездікпен жасалған
-көптеген адамдардың өміріне қауіпті тәсілмен жасалған
-ұйымдасқан топ жүзеге асырған
-пайда табу мақсатымен,сол сияқты жалданып
-бұзақылық ниетпен
-басқа қылмысты жасыру немесе оны жасауды жеңілдету мақсатымен жасалған,сол сияқты зорлауға немесе жыныстық қатынас сипатындағы күш қолдану әрекеттерімен ұштасқан.
-әлеуметтік,нәсілдік, ұлттық,діни өшпенділік немесеараздық не қанды кек себебі бойынша
-жәбірленушінің мүшелерін немесе тінінпайдалану мақсатымен жасалған
-Қылмыстық кодекстің 97-100баптарына көзделген әрекеттерді қоспағанда,бұрын кісі өлтірген адам жасаған адам өлтіру –мүмкін тәркілеу арқылы немесе онсыз он-жиырма жылға дейін мерзімге бас бостандығынан айыруға ,не мүлкін тәркілеу арқылы немесе онсыз өмір бойы бас бостандығынан айыруға жазаланады.
Адам денсаулығына қасақана зиян келтіру – бұл денені жарақаттау,соз,ВИЧ-инфекциясын әдейі жұқтыру , денені жарақаттау-ауыр, орташа және жеңіл болып бөлінеді.
Қылмыстың ең ауыр түрлеріне зорлау жатады.Мысалы 120 бапқа сәйкес /Зорлау, яғни жәбірленушіге немесе басұа адамдарға күш қолданып немесе қолданбақшы болып қорқытып, не жәрірленушінің дәрменсіз күйін пайдаланып жыныстық қатынас жасау -3 жылдан 6 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын айыруға жазаланады,ал адамдар тобы жасаса -40жылдан 10 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
Есірткі заттарды немесе жүйкеге әсер ететін заттарды заңсыз дайындау , сатып алу , сақтау,тасымалдау,жөнелту және сату 3 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
Меншікке қарсы қылмыстар ұрлық алаяқтық, тонау,қарақшылық, қорқытып алушылық, алдау т.б. болып табылады

Экономикалық қызмет саласындағы қылмыстар
Олар:
- кәсіпкерлік саладағы және экономикалық қызметтің басқа саласындағы заңды кәсіпкерлікке кедергі жасау
- ақша –несие саласындағы қылмыстар/несиені заңсыз алу және мақсатыз пайдалану,бағалы қағаздар шығару тәртібін бұзу
- қаржылық қызмет саласындағы қылмыстар
- сауда және халыққа қызмет көрсету саласындағы қылмыстар мысалы, тұтынушыларды алдау т.б.
Қазақстандағы сыбайлас жемқорлықпен күрес

Мемлекеттік міндеттерді атқаратын адамдардың, сондай-ақ соларға теңестірген адамдардың лауазымдық өкілеттігін және соған байланысты мүмкіндіктерін пайдалана отырып,жеке өзі немесе делдарлар арқылы заңда көзделмеген үліктік игіліктер мен артықшылықтарды алуы,сол сияқты бұл адамрға жеке және заңды тұлғалардың аталған игіліктер мен артықшылықтарды құқыққа қарсы беруі арқылы оларды сатып алуы сыбайлас жемқорлық деп ұғынылады. Осыған орай заңдарға белгіленген тәртіптік, әкімшілік және қылмыстық жауап кершілікке әкеп соқтыратын сыбайлас жемқарлықпен жымдасқан немесе сыбайлас жемқорлық үшін жағдай тудыратын әрекеттер сыбайлас жемқорлық үшін жағдай тудыратын әрекеттер сыбайлас жемқорлықпен байланысты құқық бұзушылықтар болып табылады.
Бұл мәселе Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 2 шілдедегі /Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күркес туралы / заңымен реттеледі. Сыбайлас жемқорлыққа байланысты құқық бұзушылықтар үшін, осы заңның негізінде барлық лауазымды адамдар –Парламенттің,маслихаттардың депутаттары,судьялар, сондай-ақ мемлекеттік міндеттерді атқаруға уәкілдік берілген өзге де адамдар және соларға теңестірілген адамдар-жауапты болады.
Заңның талабына сәйкес барлық мемлекеттік органдар мен лауазмды адамдар өз құзіреті шегінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жүргізуге міндетті.
Қорытынды

Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес Республика Парламенті қабылдаған құқылық кесім болып табылады.Жеке адам мен қоғам арасындағы қақтығыстардың қайсысының қоғамға қауіптілік дәрежесінің басым екендігін анықтау және оған осы мәселеде қылмыстық құқылық шараларды қолдану арқылы осы қатыастарды реттеу – қылмыстық заңның негізгі міндеттерінің бірі болып табылады.Бұл міндеттерді жүзеге асыру үшін осы Кодексте қылмыстық жауаптылық негіздері белгіленеді,жеке адам қоғам немесе мемлекет үшін қауіпті қандай әрекет қылмыс болып табылатыны айқындалады,оларды жасағаны үшін жазалармен өзге де қылмыстық ықпал ету шаралары белгіленеді делінген. ....


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?