Әлеуметтану | Жастардың бейресми бірлестіктерінің типологиясы

Әлеуметтану | Жастардың бейресми бірлестіктерінің типологиясы

Әлеуметтік қызметкерлер мен соған сәйкес әлеуметтік қызметтердің тарапынан ерекше назарды жастардың делинквентті топтары алады. Естеріңізге сала кетейік: делинквент (лат. – құқықбұзушы) – мінез-құлқындағы теріс қылықтардың шектен шығуы қылмыстық жазаланатын әрекет. Жастардың делинквентті тобы – қорқыту арқылы және криминалдық кіші мәдениетті бойына сіңірген, ұйымдастырушылық шеберлігі бар қылмыстық лидердің құқыққа қарсы әрекеттер жасау үшін құрған бейресми бірлестіктері.
Бұл құбылыстың ауқымы туралы жанама түсінікті республикадағы қылмыстық статистиканың мәліметтерінен көруге болады. 1991 жылы тек жасөспірімдерден тұратын топтар 5832 қылмыс жасаса, 1992 жылы - 5525, 1993 жылы – 4616, 1994 жылы – 4269, 1995 жылы – 3277 қылмыс жасаған; ересек адамдармен бірігіп, 1991 жылы – 2506, 1992 жылы – 2871, 1993 жылы – 5507, 1994 жылы – 4205, 1995 жылы – 3740 қылмыс жасаған. Қазақстанның криминологтары топппен жасайтын қылмыстардың жастар арасында өсуін атап отыр; егер 1997 жылы 18 жастан 29 жасқа дейінгі жастардың 12058 қылмысы анықталса, 1998 жылы – 14582, 1999 жылы – 14822 қылмысқа өскен.
Жастардың делинквентті топтарының қалыптасуы мекен-жайға немесе оқу орнына байланысты аяқ астынан немесе жастар ортасына қылмыс әлемінен әдейілеп енгізілген “лидер-орындаушы”дегеннің басқаруымен байланысты. Мұндай процестің катализаторына ақша төлеуді қажет ететін мазмұнсыз бос уақытты өткізу жатады, ол құқық бұзушылық жолымен алынады, ал топтағы әрекеттің жасырын жүргізілуі жасаған әрекет үшін өзінің кінәсі мен жауапкершілік сезімін ақырындап таратып жібереді.
Мұндай топтардың қалыптасуына жастар ортасындағы әртүрлі әлеуметтік аутсайдерлерінің пайда болуы әсер етеді. Жеке бас деңгейіндегі аутсайдерлік жақын социумның, соның ішіндежастардың оқуы мен тәртібіне, отбасындағы, референттік топтағы жанжалға, жұмысқа орналасудың мүмкіндігі болмауына және т.б. байланысты туындайтын әлеуметтік-экономикалық жіктелу себепті пайда болады. Ірі өндіріс орталықтарында, қалаларда аймақтық аутсайдерлік байқалады – ол халықтың сапасына қарай (білім, мәдениет деңгейі, өмір салты, девиация мен криминализация, табыс деңгейлеріне) және өмір сүретін ортаға қарай (тұрғын-үй-коммуналдық жағдайлары және т.б.) орталық аудандардан әлдеқайда артта қалған шеткері аудандарда тұруға байланысты пайда болған. әр түрлі себептерге байланысты аутсайдерлік жағдайда қалған, қызығушылықтарын қанағаттандыруға және мүдделерін жүзеге асыруға мүмкіндіктері шектелген жағдайларды бастан кешіріп отырған жастардың көп бөлігі “қарсыласудың” делинквентті тәсілін таңдайды. Американдық социологтар, “Преступность несовершеннолетних и их возможности: теория молодежных криминальных групп” атты зерттеу жұмысының авторлары Р. Кловард пен Л. Олиннің пікірлерінше, осындай жағдайларға тән реакцияға делинквентті жастар тобының бірігуі жатады, мұнда жастар, біріншіден, олардың ойынша бейнелі, өзінің өмір салтына сәйкес келетін қоғамдық тұтыну стандарттарына сәйкестікте бірігеді, екіншіден, оларды “босаңсу”, фрустрациясын, ширығуды зорлық көрсету арқылы босату, соның ішінде заңға қайшы келетін актілер жасау біріктіреді.
Жас адамның делинквентті топқа кіруінің міндетті талабына оның өзіне тән, ерекше “ұрылар” дәстүрін, салттарын, жаргон-тілінен тұратын криминалдық кіші мәдениетті меңгеру болып табылады, сол арқылы топқа енуші әлеуметтік тыйымдардан босатылады, оған басқа адамдарға қатысты өзінің ерекше жағдайы туралы түсініктер беріледі. Делинквентті кіші мәдениетті меңгере отырып, топтың жас мүшелері “қылмыстық құрылымдардың мүшелеріне тән барлық қажетті қасиеттерді” алады: бүркемелену дағдылары, лидерлерді сынамау, ұйымдасқан қылмыстың иерархиясында өсуге ұмтылу, ожар, арсыз болу, қылмыс жасағанда қатігез болу, қылмыс әлемінде қабылданған мінез-құлық нормаларын ұстану, еңбексіз табылған табысқа өмір сүруге дағдылану, қылмыс жасау арқылы арамтамақтыққа үйрену”.
Зерттеу материалдарына сүйенсек, осындай топтар қылмыс әлемінің ересек өкілдерінің қатысуы олардың бағытын анықтайды екен. Ересек адам жасөспірімдерді өз еркіне бағындырып, оларды өз мақсатына жетуге бағыттап отырады. Сондықтан ересектің қатысуымен құрылған топ әуел бастан-ақ бір мақсатта құрылады – қоғамдық қауіпті әрекет жасау үшін. Ересек қылмыскер оның үстіне бұл әрекеттері ашыла қалған жағдайда жасөспірімнің бар кінәні өз мойнына “достық үшін”, “уәде бергендіктен” алуға үйретеді (делинквентті кіші мәдениеттің әсерінен) және ол үшін жүзеге асыруға белгіленбейтініне, белгіленсе де шартты түрде алатынын, болмаса сот үкімінің кейінге қалдырылатынына сендіреді. Тәуелсіздік пен дербестікке ұмтылған жасөспірім тез иланып, қоғамға жат элементтердің психологиялық әсеріне тез елігеді.
Ал, жасөспірімдердің ересектердің қатысуынсыз дербес жасаған қылмыстары бөлек іс. Мұндағы қылмысты топпен жасаудың алдында жасөспірімдер мен бозбалалар ұзақ уақыт бойы таныс болады, бірге бос уақыттарын өткізеді, айналысатын істері, қызығушылықтары, әуестіктері бір болады. Делинквентті, қылмыстық топ осындай бұрыннан қалыптасқан топтық – қарым-қатынастар мен топтық психология негізінде қалыптасады. Бұл психологияда тұрмыстың теріс әсерлері мен жас ерекшеліктері мынадай сүйкімсіз нысандарға ие болады: жоғары эмоция – шыдамсыздық пен сылдықтан көрінеді; өзін-өзі көрсетуге деген ұмтылыс – дөрекілік пен арсыздықтан; “ересек болуға” ұмтылыс – шектен шыққан арсыздық пен парықсыздықтан көрінеді; еңбек дағдыларының болмауы – бөтеннің еңбегіне деген немқұрайлықтан және т.б. көрінеді. Қылмыстық топтың психологиясының өзі жасөсрірімдерді өзіне тартатын элементтері екенін есте сақтау керек, олар: жалған романтика, жалған ерлік, қандай да бір құбылыстарға көбіне шектен тыс шыққан арсыз, өзіндік бағалаулар, өмірдің “тыйым салынған” жақтарына “еркектерше” кірісу деген ойлар және басқалары. Осы психологияның шырмауында қалған жасөспірім өзінің көзқарастары мен түсініктерін басқаша қалыптастыра бастайды. Топ психологиясында қалыптасқан шектен тыс арсыз бағалаулар мен ойлар жасөспірімдер мен бозбалалар үшін мінез-құлық қағидаларын басқаратын бұлжымас ережелері деп қабылданады. Қылмысқа баруға да, қоғамға қарсы белсенділікке де топтың үлкен шешім қабылдауы міне осыдан. Бұл топ жасаған қылмыстарға әрбір топ мүшесінің қатысуынан да көрінеді. Зерттеулер көрсетіп отырғандай, осындай топтардың мүшелерінің көп бөлігі – қатардағы орындаушылар (88%), тек аз бөлігі ұйымдастырушылар (10%) және азғырушылар (2%). Сонымен қатар, көптеген жасөспірімдер қылмыс жасай отырып, оны жай бұзықтық деп есептейді, жасаған қылықтары мен қылмыстарының арасындағы шекті ажырата алмайды. Өткізілген сауалнамаларға қарағанда, 50% жасөспірімдер өздерінің қылмыс жасағандарын білмеген, 20% - болжаған, ал қалғандары білген, бірақ “ол туралы ойламаған да”.
Көптеген делинквентті жастар тобы алғашқыда бос уақыттарын өткізуге біріккен бейресми топтардың “дрейфтерінің” қылмыстық әркеттер жағына ауысып кетуінен құрылады. Мұндай өзгеріп кетудің механизмі бүтіндей бір кешендер факторынан тұрады: өзін “басқаларына” өздерінің кіші мәдениетінің сыртқы атрибуттарымен ғана емес, күш көрсету, зорлық көрсету арқылы өзінің “күшті екенін” дәлелдеу арқылы қарама-қарсы қоюы; топтың бос уақытын өткізуге ақша тапшылығын “қарапайым” жолдар арқылы – зорлық көрсету, қылмыс жасау арқылы табу; бейресми бірлестіктерде қалыптасып қалған топтық психологияның ерекшеліктеріне (күштілікке табыну, басқалардан “асып түсу” және т.б.); асоциалдық лидердің рөлі және басқалары.
Сондай-ақ, тәжірибе көрсетіп отырғандай, әр алуан жастардың девиациясы әлеуметтік бақылаудың төмендеген жағдайында “дрейф” жасап, делинквентті мінез-құлықтарға және қылмыс жасауға барады.Осыған байланысты кейбір мамандар мен бұқаралық ақпарат құралдарының бейресми бірлестіктердің бос уақытын өткізудегі әрекеттерін “зиянсыз” деп қоғам үшін де көрсеткісі келуі соншалықты зиянсыз емес, себебі жастар тобындағы бейресми қарым-қатынас, әсіресе асоциалдық бағытындағы белгілері алғашқыда аморальдық және қылмысқа қарсы қылықтармен көрінгенімен, кейіннен қалыпты криминалдық әрекетке көшеді.Кейбір жастардың бейресми бірлестіктерінің әлеуметтік алшақтау процесі, әсіресе қоғамға жат ұстанымдармен қалыптасқандарды тұрақты криминалдық мінез-құлыққа ие болады.
Әлеуметтік қызметкерлер тарапынан ерекше әсер етуді бейресми бірлестіктердің дәстүрлі емес, деструктивті, “тотарлитарлы” діни секталар сияқты өздеріне тән түрлері қажет етеді, себебі олардың әрекеттері адамдардың, әсіресе жастардың саналары мен моральдық құндылықтарына қарсы қылмыс жасауға бағытталған.
Деструктивті, тоталитарлық секталар - өз мүшелерін тарту және ықпал ету үшін, олардың сезімдерін, ойларын, мінез-құлықтарын бақылау үшін, сектаның лидерінің өз мақсаттарына жету үшін шектен тыс айлалы әрекет әдісін қолданатын секталар.
Қазіргі уақытта Қазақстанда республикалық прокуратураның мәліметтері бойынша (наурыз, 2000 жыл) 340-қа жуық әртүрлі діни бірлестіктер бар, олардың бес бөлігі юстиция органдарында тіркелмеген, яғни жасырын әрекет етеді. Секталарда 18 жастан 27 жасқа дейінгі жастар болса, олардың 80% жоғары білімді жастар. Республикада ең кең тараған секталар – “Сознание Кришны” Қоғамы, ол елімізде он жылдай әрекет етеді, ең ірісі Алматы қаласында орналасқан; “Белое братство” Қазақстанда 1994 жылдан бері өмір сүреді де, құрамында мың жарым адам бар; “Адвентисты седьмого дня”, жүзге тарта қауымдастықтары мен топтары бар; “Свидетели Иеговы”, 50-дей қауымдастыққа біріккен, құрамында мыңға жуық мүшесі бар; “АУМ Сенрике”, Қазақстанда 1992-1994 жылдары кеңінен таралған; “Церковь Сатаны”, Алматы қаласында, Қарағанды облысының Сарань қаласында және басқа жерлерде әрекет етеді, “сатанистердің” саны ресми емес мәліметтерге қарағанда, 400-450 адамды құрайды екен; ислам пайымындағы деструктивті бағыттағы әр түрлі діни ағымдардың әрекеттері өршіп барады: Алматы қаласында, Алматы, Оңтүстік Қазақстан, Маңғыстау облыстарында ұйымдасқан әрекеттері жасырын жүріп жатқан, ваххабиттердің діни қауымы әрекет етеді.
Республикада философиялық қоғамдар мен коммерциялық ұйымдар деген атаулармен бүркемеленген бірнеше секталар әрекет етеді. Жастар арасында атақты әрі ең белгілі осындай секталардың бірі – “Церковь сайентологии” (ағылш. – білім, ғылым) сектасы, олар үшін қатаң ішкі йерархия, қатардағы мүшелерінің жоғарыда тұрғандарына толықтай бағыну, секта мүшелерінің психикасына әсер етудің ұйымдастырылған насихаттау және тарту жүйесі тән. Ресейдегі, Германиядағы және басқа да елдердегі сайентология деструктивті діни секта ретінде анықталған. Штаб-пәтері орналасқан АҚШ-та да осылайша мойындалған.
Осы сектаның қазақстандық жастарға әсер етуі өте жоғары. Әсіресе, ол “батысқа”, “прогресске” еліктейтін, жастардың батыстануын білдіруімен және ұйымның беделдігімен еліктіретін қалалық жастар арасында кеңінен танымал.
Өздерінің әр алуандығына қарамастан, деструктивті, тоталитарлық секталардың ортақ белгілері де бар. Олар үшін өз рөлдерінің кереметтігіне, доктриналарына, құндылықтары мен ұстанымдарына деген жоғары баға беру сипаты тән. Басты мақсаттары – адамның еркі мен бастамашылығын басып тастау, оны сыртқы ортадан оқшаулау, оны өзімен бірге бір сәтте болса оңаша қалдырмау, оны галлюцинациясы заңды құбылыс деп қабылдауға дейінгі физикалық жағдайға апару.
Мұндай секталар үшін қолайлы сәт қазіргі уақыттағы идеялық құндылықтардың дағдарыс жағдайында халықтың көп бөлігінде, әсіресе, жастарда белең алған ертеңгі күнге деген сенімсіздік, әлеуметтік депрессия жатады.
Мұндай діни секталардың жастарды өзіне тарту күшіне олардың жастарға болашағын жеңілдету түрлерін ұсынуы; өз мәнері мен әрекеттерін түзетуге, ұялшақтық пен өз-өзін бақылаушылық қасиеттерінен арылуға мүмкіндік береді, “үлкен аға” ролін ойнайтын басшыға бағыну, балалар мен ата-аналары арасында болатын екі жақты қатынастарда болу; жақсылық пен жамандық күштері толы ішкі дүниенің сыртқы әлем мен оның мақсаттары және қауіптерінен тұратын шындығының арасында үйлесімділіктің көрінуі сияқтыларды жатқызуға болады.
Осы факторлар негізінен жас адамдардың секталарға бірігуін анықтайды, өйткені олар өздеріне жалғыздықты сезінген, шындық пен болашақтан қорыққан немесе бастарынан қиын жағдайды өткеріп отырған адамдарды шақырады. Секталардың лидерлері өмірдің толықтай мәнін және сенімді ниеттестер қоғамынан табуға уәде береді. Олар “көсемдерінің бейнесін” (гуру, миссия, пайғамбар және т.б.) құдайшылдық белгілерімен және жеке адамдар мен барлық әлемді құтқарудың ерекше құпиясын білетіндер ретінде көрсетеді. Оқу мен оқытушы абсолютті шындықты білдіреді, ал олардың мүшелерінің жалпы күйзелістерін бір топқа біріктіру олардың таңдап алынғандарын, “әулиелік өмір” сүретіндерін, болашақта жалпыға бірдей ләззат алуды, өзін-өзі құтқаруына әкеп соғатынына сендіреді.
Жас адамдарды сектанттарға “кіргізу” және одан кейінгі сабақтарында “сананы кеңейту әдістері”: медитация, транс, экстаз қолданылады. Кейде “қайта қосылу және қайта бағдарлау” деп аталатын процесс қосылады, бұл есірткілер мен қандай да бір дене жаттығуларын жасаумен (гипервентиляция, гипоксия, ұзақ ырғақты қозғалыстар) жүзеге асырылады. Сектаның жас мүшелеріне әсер етудің барлық кешені олардың саналарын өзгертуі сонша, олар бір жағдайда үлкейтпелі линза рөлін орындаса, келесі бір жағдайларда қисық айна рөлдерін орындап тұрғандарына сенеді. Осының нәтижесінде сырттағы адамдардың берген ақпараттары қабылданбайды да, секта мүшелерінің берген ақпараттары аксиома ретінде қабылданып, қалыптасады. Осылардың барлығы жас сектанттың иррационалды сенімдері мен қатал сенімдерін қалыптастырады және күшейте түседі.
Осы әсерлердің нәтижесінде жас сектанттың санасында мынадай өзгерістер болады:
 еркінің әлсіреуі және өз өміріне бақылау жасауды жоғалту;
 тәуелділіктің дамуы және баланікіне ұқсас мінез-құлыққа қайтып келу (инфантильділікке қайта қайту);
 сектаға жатпайтын адамдармен эмоционалды байланысқа бара алмау, оларды жек көру;
 егер отбасы оның жаңа идеяларын қолдамаса, олардан қол үзу;
 ойларының біржақтылығына байланысты шындықтан алшақ кету, секта лидеріне ғана бағыну;
 денсаулық жағдайының нашарлауы (асқорытуының бұзылуы, бастың ауруы, теріге байланысты аурулар және т.б.).....


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?