География | Жапония

География | Жапония

Ниппон, Нихон (Таң шапағы елі) – Шығыс Азия жағалауларында жақын маңыдағы Тынық мұхит аралдарында орналасқан мемлекет. Ел 4 мыңға жуық аралдардан тұрады. Ең үлкендері; Хоккайдо, Хонсю, Сикоку, Кюсю, т.б. Жер аумағы 372,2 мың км 2. Халқы 126,2 млн. (1997). Астснасы – Токио қаласы, оның алып жатқан жер көлемі 11,9 млн км2. Әкімшілік жағынан 47 префектураға бөлінеді. Жапония – бір ұлтты ел. Халқының 99,4% -і жапондар. Бұдан басқа қытайлар, корейлер, америкалықтар тұрады. Ресми тілі – жапон тілі. Негізгі діндері – синто және будда діндері болып табылады. Жапонияның – конституцияласы монархияны сақтаған ел. 1947 жылы 3 мамырда қабылданған конституция бойынша император – «мемлекет пен халық бірлігінің көрінісі». Ол, парламенттің ұсынысы бойынша премьер – министрді тағайындайды және премьер – министрдің ұсынысымен үкімет мүшелерін, Жоғарғы соттың төрағасы мен мүшелерін тағайындайды немесе орнынан алады. Конституция бойынша, мемлекеттік істерге толығымен премьер – министр басқаратын үкімет жауап береді. Жоғары заң шығарушы орган парламент - екі палатадан (өкілдер палатасы және кеңесшілер палатасынан) тұрады. Ұлттық мерекесі 23 желтоқсан (император Акихитонның туған күні. Ақша белгісі – иен.
Табиғаты. Жапония аралдарының жан – жағын Тынық мұхит пен оған кіретін Жапон, Охот, Шығыс Қытай, теңіздері қоршаған. Жерінің көп бөлігі таулы – қыратты болып келеді. Неғұрлым ірі таулары; Хидака, Кисо, Аканси (Хонсю аралында) . Бұл тауларда сөнбеген жанартаулар әлі де көп. Ең белгілі – Хонсю аралындағы 3776 м биіктікте орналасқан Фудзияма жанартауы. Елде жиі – жиі жер сілкіністері болады және мухит жағалауларында цунами желі үнемі соғады. Жазық жерлер аз, ірі жазықтары Канто немесе Токио жазығы (Хонсю аралында), Исикари (Хоккайдо аралында). Климаты муссонды. Территориясының басым бөлігі – субтропикалық белдеуде, солтүстігі - қоңыржай, оңтүстігі – тропикалық белдеуде орналасқан. Қаңтар айындағы орташа температурасы Хоккайдо аралында – 5 С, оңтүстікте – 6 С, Рюкю топаралында 16 С, ал шілде айында 22, 27, 28 С. Жылдық жауын – шашын мөлшері ел аумуғының көпшілік бөлігінде 1700 – 2000 мм, оңтүстікте – 4000 мм –ге дейін. Көбінесе жаздың аяғы мен күз айларында болатын тайфундар нөсер жауын алып келеді. Өзендері шағын, бірақ суы мол, сондықтан электр қуатын өндіру мен жер суғаруға қолданылады. Территориясының 68 % -ін қолдан өсірілген ормандар мен бұта тоғайлары алып жатыр. Ұлттық саябақтар (Бандай – Асахи, Никко, Сето – Найкай, т.б.) мен қорықтар көп.
Тарихы. Қазіргі Жапония аумағына адамдар неолит дәуірінде қоныстана бастаған. Алғашқы тұрғындар Азия құрлығынан топ – топ болып қоныс аударған деген жорамал бар. Олар жер өңдеумен , мал шаруашылығымен айналысқан (Дземон және Яеи мәдениеттері). Б.з.б. 2 ғасырдан бастап тайпалар одағы қалыптасқан, ямато тайпалық одағы негізінде ежелгі Жапон мемлекеті пайда болды. Орталық мемлекеттің билігі күшейіп, ямато билеушілері Қытай императорына бірнеше елшілік аттандырды және осы кезден бастап ел ішінде будда діні тарай бастады. Ямато патшалары «тэнно» деп атады және бұл атау күні бүгінге дейін император деген ұғымды білдіреді. 645 жылы болған Тайк төңкерісінен кейін құл иелену жойылып, жалдамалы шаруалар мен ірі жер иелері пайда болды. 710 жылы алғашқы тұрақты астана Нара салынып, 784 жылы орталық Нагаоку, 794 жылы Хэйан қалаларына көшірілді. 11-ғасырда ірі – ірі әскери топтар арасында билік үшін күрес басталып, 1192 жылдан бастап үкімет билігі тек сөз жүзінде ғана сақталды. Сегундер елді әскербасыларының көмегімен басқарды. Бусилардың төменгі бөлігі ұсақ жер иелерінен тұрып, самурай деп аталды. Қытай мен Кореяны басып алған Шыңғыс хан империясы 1274 және 1288 жылдары екі рет Жапонияға сәтсіз жорық жасады. Елде 13- ғасырдан бастап сауда және қолөнер бірлестіктері көптеп құрыла бастады. Қалалардың саны өсті. Кореямен арадағы сауда дамыды. Кен орындары (алтын, күміс, мыс) пайда болды. Жапония жеріне алғаш рет еуропалықтар (1542 жылы португалдар, 1584 жылы испандар), христиан миссионерлері келе бастады. Иэясу Токугава (1542 – 1616) елдің бірігуін аяқтап, 1603 жылы сегун болып жарияланды. Токугава әулетінің билігі 1867 жылға дейін созылды. Аймақ билеушілері үлкен жасақ ұстады. Оларға самурайлар қызмет етіп, еңбектері үшін күріш түрінде жалақы алды. Даймелердің үстінен қатаң бақылау орнатылды. Халық төрт әлеуметтік жікке; 1.самурайлар, 2.шаруалар, 3.қолөнершілер, 4.саудагерлер болып бөлінді. Үкімет еуропалықтарға қарсы арнайы заңдар шығарып, олардың елге келуіне және христиан дінін насихаттауына тиым салды. 1641 жылдан Қытай мен Голландия көпестері үшін Нагасаки (Дэсима) порты ашылды. 18- ғасырдың аяқ кезінен бастап мануфактуралар (жібек өңдеу, қағаз т.б.) пайда болып, нарықтық қатынастар дами бастады. 1850 – 60 жылдары Жапония, АҚШ және еуропалық мемлекеттердің қысымымен шетелдіктер үшін жаңа порттар ашуға мәжбүр болды. 1867 – 68 жылғы революйиядан кейін сегундердің билігі аяқталып, жоғары билік императордың қолына өтті. Басқару жүйесі еуропалық үлгіге көшіріле бастады. 1871 жылы князьдіктер жойылып, орнына префектуралар құрылды. 1872 – 73 жылдары үкіметке төлейтін бірыңғай салық енгізілді. Нәтижесінде, 1868 --- 85 жылдары 1300 жаңа өндіріс орындары ашылды. Кейбір кәсіпорындар арзан бағаға жеке меншікке, ең алдымен, аса ірі «Мицул», «Мицубиси», т.б. компанияларға сатылды. Сөйтіп, ірі кәсіпкерлер мен монархия арасында одақ қалыптасты. Бірте – бірте Жапон билеушілері қорғаныстан сыртқы елдерге агрессиялық саясат жүргізуге көше бастады. 1876 жылы Кореямен екі арада тең емес Каихвас келісімі жасалынды. 1894- 95 жылдары Жапон – Қытай соғысы болып, нәтижесінде, Жапонияның алғашқы отары Тайвань, Пэнхуледао аралдарын басып алды және Қытай

мен Кореяға өз үстемдіктерін орната бастады. 20-ғасырдың бас кезінде Маньчжурия мен Корея үшін Ресеймен қарым – қатынас шиеленісіп, 1904- 05 жылдары орыс – жапон соғысы болып өтті. АҚШ пен Ұлыбританияның қолдауына сүйенген Жапония жеңіске жетіп, Ресей Кореядағы жапон үстемдігін мойындады және Қиыр Шығыстағы Порт – Артур, Дальний порттарынан, Оңтүстік Сахалин аралдарынан бас тартуға мәжбүр болды. 1910 жылы Жапония Кореяны толық жаулап алды. 1-ші дүниежүзілік соғыс жылдарында (1914-18) еуропалық мемлекеттердің өзара соғысып жатқанын пайдаланып, Германияның Қытайдағы иеліктерін басып алды да, Қытайға 21 талаптан тұратын Декларация тапсырды. Қытай бұл талаптарды негізінен, орындауға мәжбүр болды. 1-ші дүниежүзілік соғыс жылдарында Жапония өзінің Қиыр Шығыстағы бәсекелестерін (Германия, Ұлыбритания,Ресей) ығыстырды. 1914 -19 жылы өнеркәсіп өнімдері 13- тен 65 млрд. Иенге өсті. Ресейдегі азамат соғысын пайдаланып, 1918 жылы 5 сәуірде Владивостокты басып алып, Қиыр Шығыспен Сібірге баса көктеп енді. Алайда, 1922 жылы күзде Жапон әскерлері кеңестік Қиыр Шығысты тастап шығуға мәжбүр болды. 1924 -25 жылдары АҚШ және Ұлыбритания үкіметтерімен қайшылық күшейіп кетті де, Жапония КСРО – мен қарым – қатынас жасай бастады. 1929 – 33 жылдары елде экономикалық дағдарыс басталды. 3 млн- нан аса жұмыссыздар армиясы пайда болып, шаруалар да күрт кедейленіп кетті. «Жас офицерлер» ұйымдары пайда болып, үкіметтен елде әскери диктатура орнатуды талап етті. Сыртқы және ішкі саясатта әскерилердің беделі күрт өсті. 1931 жылдары күзде Маньчжурияда қуыршақ үкімет құрылып, 1933 -36 жылдары Қытайға қарсы агрессияны күшейтті. Жапония 1936 жылы қарашада Германиямен «Антикоминтерндік пактіге» қол қойды да, 1937 жылы шілдеде Қытайды толық жаулап алу үшін соғыс бастады. 1938 жылы Қытайдың неғұрлым шығыс бөлігін толық басып алып, Кеңес Одағы мен Моңғолияға шабуыл жасауға дайындалды. Бірақ 1938 жылы шілдеде Хасан көлі жағасында 1939 жылы мамыр – тамыз айларында Халхин – Гол ауданында кеңес әскерлерінен жеңіліп қалды. Осыдан кейін жапондар оңтүстік бағытта, яғни еуропалық мемлекеттер мен АҚШ – тың Оңтүстік Шығыс Азиядағы отарларына шабуылды күшейтті. 1940 жылы қыркүйекте Үндіқытай түбегінің солтүстігін басып алды. 1941 жылы 7 желтоқсан күні түнде жапон әскерлері ешқандай соғыс жарияламастан америкалықтардың Гавай аралындағы негізгі соғыс базасы Перл – Харборға және Гуем, Манила, Ганконгке басып кірді. 1942 жылдың орта тұсына дейін Филиппинді, Тайландты, Үндіқытайды, Бирманы, Малайзия мен Индонезияны басып алды. 1945 жылы 6 – 9 тамыз күндері Америка әскери - әуе күштері Жапонияның екі қаласына (Хиросима мен Нагасаки) атом бомбасын тастады. 1945 жылы 9 тамызда Кеңес әскерлері шабуылға шығып, Манчжурияны, Солтүстік Кореяны, Оңтүстік Сахалин және Куриль аралдарын азат етті. 2 қыркүйек күні Жапония өзінің толық жеңілгендігі жөніндегі актіге қол қойды. Елге одақтастар атынан АҚШ әскерлері басып кірді. Жапония барлық отарларынан айырылып, ел экономикасы аса қиын жағдайда қалды. 1947 жылы 3 мамырда Конституция қабылданды. 1946 – 49 жылдары аграрлық реформа жүргізіп, мемлекеттік аппарат пен ағарту саласы демократияландырылды. Жүргізген реформа елдің әрә қарай жедел дамуына мүмкіндік туғызды. Корея соғысына қажетті әскери тапсырыстың күрт артуы өнеркәсіптің жедел дамуына алып келді. Сөйтіп, 1950 жылдардан бастап экономика тез арада көтеріліп, 60-жылдардың аяғына таман Жапония дамыған елдер арасында АҚШ – тан кейінгі екінші орынға шықты.
Экономикасы.Жапония - өнеркәсібі жоғары дамыған мемлекет. Өңдеуші өнеркәсіпте 14 млн- дай адам немесе елдегі халықтың 25 % -ы жұмыс істейді. Жапония кеме шығарудан (52%), автомобиль (30%), трактор, металл өңдейтін құрал – жабдықтар, тұрмыстық қажетті электроника, робот жасаудан дүниежүзінде бірінші орын алады. Бұған қоса жапондар әлемдегі түрлі – түсті теледидардың 60 % -ін, жасанды талшықтың 12,3% -ын өндіреді. Жапония энергия ресурстарына өте кедей. Сондықтан энергетикасы энергия көздерінің (мұнай, газ, көмір, уран т.б.) 80%- ын шеттен әкеледі. Соңғы жылдары су және атом энергиясын өндіру жедел артып келеді. Елде жалпы көлемі 35 млн квт. Ток өндіретін 43 атом реакторы бар. Атом шарушылығында 5,7 млн адам жұмыс істейді және жалпы жиынтық өнімнің 2,2% -ын өндіреді. 5,3 млн га жер өңделеді. Дегенмен, Жапония өзін - өзі азық –түлікпен 70%-ын қамтамасыз етеді. Балық аулаудан Жапония дүниежүзінде бірінші орын алады. Елдегі автожолдардың ұзындығы 1,2 млн. Км . Темір жолдардың ұзындығы – 30 млн км. Теңіз сауда флоты жақсы дамыған. Сыртқы сауда айналымы жағыннан АҚШ пен Германиядан кейін үшінші орын алады. Негізгі сауда серіктестіктері: Оңтүстік Шығыс Азия елдері (28%), АҚШ (26%), Еуропалық одақ елдері (14%) Қытай (6%), т.б. Экспортқа машиналар, электртехникасы, металл және химия өнімдері шығарылса, сырттан шикізат, мұнай өнімдері және азық – түлік әкелінеді. Алтын, валюта қоры жағынан дүние жүзіндегі алдынғы қатарлы ел, сыртқы қарызы жоқ. Халықтың орташа айлық жалақысы 400 мың иена ( 4 мың долл.) шамасында. Қазақстан мен Жапония арасындағы қарым – қатынас 1994 жылдың сәіріндегі Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтың Жапонияға сапарынан бастау алады. Екі ел арасындағы сауда айналымы жылдан жылға артып келеді. Қазақстанның Жапонияға экспортының 99,4% - ы – металл өнімдері (титан, мырыш, мыс, ферроқорытпа, феррохром, т.б.) тұрады, ал Жапониядан құрал – саймандар (73,4%), автомобильдер (25%), электр тауарлары әкелінеді.Бұған қоса жапон компаниялары Қазақстанның мұнай, металлургия, энергетика мен инфрақұрылым салаларын қаржыландыруда. Жапония ұлттық мұнай корпорациясы Арал теңіз маңына геологиялық барлау жұмыстарын жүргізуде және астананың көшуіне байланысты «Жаңа астана» қорына қаржылай көмек беруде. Жапония қаржысына (21,5 млрд. Иена) Ертіс өзеніне жаңа көпір салынды және Астана қаласындағы халықаралық әуежай жөндеуден өтуде (22,122 млрд. Иена). Бұған қоса ғылым мен техника салаларында да екі ел арасындағы байланыс күшеәіп кетті. ....


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?