География | Әлемдік мұхиттың экожүйесіндегі физикалық дүниенің таралуы

География | Әлемдік мұхиттың экожүйесіндегі физикалық дүниенің таралуы

Дүние жүзілік мұхит сулары тереңдеген сайын, өзінің табиғаты мен тіршілік дүниесінің құпияларымен адамзатты әлі де таңғалдыруда. Олардың ғажайып сыры әлі күнге дейін толық ашылған жоқ. Мұхиттардың терең тұңғиықтарын зерттеу барысында қазірдің өзінде ғылымға белгісіз тірі жәндіктер табылуда. Мұхит суында қажетті қолайлы жағдайлар мен қоректік заттар жеткілікті. Сондықтан мұхит суының барлық бөліктерінде де тіршілік дамыған. Тіпті тіршілік дүниесі тереңдігі 11022 м болатын Мариан шұңғымасында да, жаңа жер қыртысы түзіліп, ыстық магма шығып жататын жарықтар да, температурасы мен қысымы өте жоғары аудандарда да кездеседі. Мұхиттардағы тіршілік жағдайлары полюстен экваторға және су бетіне тереңдікке қарай өзгеріп отырады. Мұхиттың өсімдіктер дүниесі көзге көрінбейтін бактериялар, бір жасушалы өсімдіктер мен ұзындығы 200 м дейін жететін теңіз балдырларынан тұрады. Жануарлардан көзге көрінбейтін ұсақ жәндіктерден бастап, салмағы 160 тоннаға жететін алып киттер тіршілік етеді.
Мұхиттағы тіршілік ұзақ геологиялық уақыт аралығында су массаларының қасиеттерін өзгертіп отырады. Судағы жасыл өсімдіктер бөліп шығарған оттегінің мөлшері артып, оның артық мөлшері ауаға шығу арқылы атмосфера құрамын өзгертеді. Ауадағы оттегі мөлшерінің көбеюі теңіздегі тіршілік дүниесінің бірітіндеп құрлыққа шығып, тіршілік етуіне мүмкіндік береді. Сондықтан мұхитты Жер шарындағы «тіршілік бесігі» деп атайды.
Мұхиттағы тіршілік аймақтарына судың беткі қабаты мен оны құрайтын су массасы және мұхит түбі жатады. Мұхит тіршіліктің таралу географиялық ендікке байланысты. Температурасы төмен және поляр түні ұзаққа созылатын полярлық өңір сулары тіршілік дүниесіне кедей болады. Жазда екі жарты шардағы қоңыржай белдеудің суындағы тірі ағзалар жақсы өсіп, жетіледі. Бұл ағыстар мен күшті желдер әсерінен әр түрлі су массаларының араласуынан мұхит суларында қоректік заттар мен оттегі мөлшерінің артуы себеп болады. Сондықтан қоңыржай ендіктер алабы (40º-60º) дүние жүзілік мұхиттың балыққа ең бай аудандары болып табылады. Беткі су қабатының температурасы мен тұздылығы жоғары болғандықтан, тропиктік ендіктерде тіршілік дүниесінің мөлшері азайды. Ал экватор маңында олардың саны қайтадан артады. Тіршілік бір ендіктің өзінде әртүрлі дамыған. Ашық мұхитқа қарағанда, жағаға жақын бөліктердегі беткі су қабатының 50 м-ге дейінгі тереңдіктеріндегі мұхиттағы өсімдіктер мен жануарлардың басым көпшілігі шоғырланған. Бұл күн сәулесі жарығының жақсы түсуімен, тез жылынумен, толқындар мен ағыстардың жағаны шаюы себепті құрлықтан қоректік заттардың көптеп келуімен түсіндіріледі. Судың беткі температурасы +28ºС-тан кем болмайтын тропиктер аралығындағы таяз суларда рифтер мен атолдарды түзетін маржан полиптері көптеп таралады. Ондағы су асты тіршілігі ғажайып әсемдігіментаңғалдырады.
Тіршілік жағдайына байланысты мұхиттағы тіршілік дүниесі планктон ( грек тілінен аударғанда «кезеген»), нектон (грек тілінен аударғанда «қалқыма») және бентос (грек тілінен аударғанда «тереңдік») деп аталатын үш топқа бөлінеді.
Планатон ағыстардың әсерінен еркін қозғалатын алуан түрлі бір жасушалы балдырлардан, әр түрлі қарапайымдылардан, ұсақ шаяндардан, теңіз құрттарынан, ішек қуыстылардан және бақалшақтардан тұрады. өсімдіктер планктоны – жануарлар планктонының негізгі қорек көзі. Мұхиттағы аса ірі сүт қоректілер (кит тәрізділер мен ескек аяқтылар) де планктонды азық етеді. Нектонды мұхит сулары мен оның беткі бөлігінде еркін жүзетін балықтар, теңіз сүтқоректілері, теңіз жыландары мен тасбақалары, ірі молюскалар (сегізаяқ, кальмар) құрайды. Нектон неғұрлым ірі жануарлардан тұрғанымен, олардың жалпы биомассасы бентостың жиынтық массасынан 23 есе аз. Бентосты мұхит түбіндегі бекініп тіршілік ететін өсімдіктер мен жануарлар дүниесі құрайды. Олар мұхит түбінде тіршілік етуге негізделген әр түрлі балдырлардан, теңіз шөптерінен (гүлді өсімдіктер өкілі), тікен терілілер, шаян тәрізділер, маржан полиптерден тұрады. Бентостағы тіршілік дүниесі селбесіп өмір сүруге бейімделген.
Дүние жүзілік мұхит суларында жануарлардың 150 мыңға жуық, өсімдіктердің 15 мыңнан астам түрі кездеседі, олар саны жағынан өте көп болуымен ерекшеленеді. Мұхиттың осы биологиялық байлығын неғұрлым тиімді пайдалану, қорғау, зерттеу міндеті тұр.
Қазіргі кезде Дүние жүзілік мұхиттағы тылсым табиғат құбылыстарын түсіну, табиғат байлықтарын игеру және такбиғат апаттарынан сақтану мүмкіндіктерін анықтау мақсатында жүргізілетін ғылыми-зерттеу жұмыстары жаңа сатыға көтерілді. Зерттеулер ғылым мен техниканың ең соңғы жетістіктерімен жабдықталған қуатты ғылыми зерттеу кемелерінің, мұхит түбінде жұмыс істейтін арнайы автоматты стансалардың, сондай-ақ Жердің жасанды серіктерінің көмегімен жүргізіледі. Сонымен қатар мұхит түбінің құпиясы мен оның табиғат ерекшеліктерімен жете танысу мақсатында техникалық жағынан жетілдірілген сүңгуір қайықтар мен батискафтар да кеңінен қолданылуда.....


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?