Биология пәнінен қазақша рефераттар жинағы: Топырақ жағдайларының микробиологиялық процестерге әсері


Топырақ жағдайларының микробиологиялық процестерге әсері. Топырақтың механикалық қүрамының микроорганизмдерге әсері.

Топырактың түріне қарай оның механикалық қүрамы да өзгеріп отырады, олардың ұсақ бөлшектерінің шамасы миллиметрдің өлігіндей және одан ірілеу болады. Осындай бөлшектердің арасында ауа, су болумен қатар микро-организмдер де тіршілік етеді. Олардың көпшілігі топырақ бөлшектерінің ішінде, қалғандары топыраіқ ерітіндісінде кездеседі. Я. П. Худяковтың зерттеуіне карағанда, бактерияларды топырақ бөлшектері адсорбциялайтыны анықталған. Қара топырақтың бір ғрамдайы 7 миллиард бактерияны ез бойыида ұстап түра алады. Ерітіндіде жүрген бактериялардың 99%-тейін топырақ адсорбция-лай алады. Әдетте топырақ ерітіндісіндегі бактериялардың мөлшері оның бөлшектерінде тіршілік ететіндерінен әлдекайда аз. В. Р. Ви-льямстің керсетуіне қарағанда, топырақтың ірі бөліктерінің сыртында аэробты бактериялар, ал ішінде анаэробты түрлері тіршілік етеді. Осы заңдылық топырақтың қабаттарында да байқалады. Мәселен, топырақтың терең қабаттарында спора түзуші анаэробты микроорганизмдер кездеседі де беткі қабатында да аэробты микробтар көті болады.
Топырақтың механикалық қүрамы оның қабаттарындағы ауа мөлшеріне түрліше әсер етеді. Оның нәтижесінде механикалық құрамы әр түрлі болатын топырақтарда микробиологиялық процестер де түрліше жүреді. Ауа жеткілжті болса органикалық қалдықтардың ыдырауын тездетеді, ал онда ауа жеткіліксіз болса бүл процесс тежеледі. Сол сияқты топырақты өңдеу кезінде оған ауа-ның енуіне мүмкіндік туып органикалык заттар тез минералданады. Сөйтіп, аэробты микроорганизмдердің (саңырауқүлақтар, актиыо ицеттер және бактериялардың біраз топтары, балдырлар мен карапайым организмдер) тіршілігі тек ауалы жерде жақсы жүреді.
Топырақтың терең қабаттарында анаэробты және факультативті микроорганизмдер (негізінен бактериялар) басым болады. Бірақ бұл қабаттарда аз да болса оттегінің кездесетіні анықталған. Сондықтан оттегі бар жерде анаэробты микроорганизмдер тіршілік ете алмайды деп кесіп айтуға болмайдьі.
Топырақ ылғалдығының және температура-сының микробиологиялық процестерге әсері. Микроорганизмдер негізінен ылғалды жерде жақсы тіршілік етеді. Сондықтан қажетті мөлшерде ылғалдың болуы микробиологиялық процестің тез жүруіне күшті әсер етеді. Әр түрлі микроорганизмдер үшін қажетті ылғалдың мөлшері де түрліше болады. Кейбір микроорганизмдер ылғал шамадан тыс аз болса да тіршілігін тоқтатпай-ды. Оларға микроскоптық саңырауқұлақтар мен актиномицеттер жатады. Ылғалдың азаюы әсіресе бактериялардың тіршілігін киындатады, олар тіршілік барысында топырақ қүрамына байла-ныоқан сулармен қоректенуге бейімделген. Осындай ерекшелік көптеген балдырларда да бар. Олар көбінесе тіршілікке қолайсыз, ылғалсыз жерлерде, тастарда тіршілік етеді.
Жалпы топырақтағы ылғал сыйымдылығының 60—70%-дей мөлшеріне жешенде микробиологиялық процестердің жылдамдығы артып, органикалық заттардың минералдануы күшейе түседі. Ылғал шамадан тыс кәп болса да микроорганизмдердің тіршілігін нашарлатады. Бүл — топырактағы ауа режимінің дүрыс сақталмауынан болатын процесс. Өйткені ауа мен су топырақта өз ара қарама-карсы әсер ететін факторлар. Мәселен, органикалық заттардың минералдануы кәбінесе аэробты жағдайда жүреді, егер осы кезде ылғал шамадан тыс көбейіп кетсе процесс тежеледі. Оны болдырмау үшін топырақты дренаждау, яғни артық ылғалды әр түрлі тәсілдермен ағызып, құрғату шаралары қолданылады. Дренаждалған және дренаждалмаған топырактардағы микробиологиялық процестердің бірдей болмайтынын Мырзашөлде жүргізілген тәжірибелер айқын дәлелдеді (9-таблица).
Таблицадан, дренаждалған топырақтарда су-ауа режимдерінің жақсаруынан микробиологиялық процестің де төздетілгенін бай-қау қиын емес.
Әдетте саз топырақта микроорганизмдер баяу дамиды. Органи-кальгқ қалдықтардың ыдырауы оның беткі 40 см қабатында ғана жүреді. Одан тереңдеген сайын бұл процесс баяулайды, кейде тоқ-тап та қалады. Ал актиномицеттер саз шымтезекті топырактардың тек беткі қабатында ғана тіршілік етеді. Мүнда бірлі-жарым микроскоптық сақырауқүлақтар да кездеседі.
Практикада топыракты суландырғанда органикалық заттардың минералдануы күшейеді. Мүны Қырғыз республикасында жүргізген Е. Н. Мишустиннің тәжірибесінен көруге болады.
Ылғалдың шамадан тыс көп болуы, мәселен, күріш өсімдігі үшін қолайлы. Бүған қарамастан күріш тамырынын, айналасында да біраз мөлшерде микробтар кездеседі. Мүның басты себебі, күріш


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Ораза айт намазы уақыты Қазақстан қалалары бойынша
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!
Пікір жазу