Жаңа 1000 теңгелік банкноттан Якутияның елтаңбасының бейнесі табылды

Жаңа 1000 теңгелік банкноттан Якутияның елтаңбасының бейнесі табылды

Өткен айда жарық көрген жаңа 1000 теңгелің банкнотта Саха республикасының (Якутия) ұлттық елтаңбасы бейнелеген, деп жазады Ykt.ru порталы.

Біздің жыл санауымызға дейінгі 6-9 ғасырлардан мұра болып жеткен тастағы таңбалардан алынған бейне бүкіл түркі халықтарына ортақ жәдігер екендігі анық.

Алайда, Якутияның Ykt.ru порталында бұл сурет жергілікті якут елінің түп-төркіні болып саналатын курыкан халқының ұлттық мұрасы болып саналады, салт атқа мініп, қолына байрақ ұстаған жауынгер бейнесі республика халқының бірлігі мен күш қуатын айқындайды деп жазылған.

Бұл жерде Ресей ғалымдары да пікір білдірген.

"Ежелгі Курыкан елі Лена өзенімен солтүстікке қарай жылжып отырып саха халқының пайда болуына негіз болды. Қолына байрақ ұстаған жауынгер орта ғасырларға тиесілі сурет. Демек оған түркі халықтарының барлығы ортақтаса алады. Біз оны тек қана якут халқының мұрасы деп айта алмаймыз. Ал қазақ халқы бұл жерден мүлдем алыста орналасқан", - дейді тарих ғылымдарының кандидаты Виктор Дьяконов.

Ресей ғалымдары осындай пікір білдіріпті. Ал бүкіл түркі әлемінің алтын бесігі Алтай екендігін ескерер болсақ, ежелгі халықтардың қай жақтан, қай жаққа көшкендігін, тастағы таңбаның төркіні қайдан екендігін еш қиындықсыз екшелеуге болатын сияқты.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?