Экономика | АҚША НАРЫҒЫНЫҢ ТӨЛЕМ ҚҰРАЛДАРЫ ЖӘНЕ ОНЫҢ ЭКОНОМИКАДАҒЫ РОЛІ
Ақша нарығының төлем құралдары және оның экономикадағы ролі
Тауар өндірісі және тауар айналымының дамуы, сонымен бірге кредиттік қатынастардың дамуы нәтижесінде ақшаның төлем құралы деген тағы бір қызметі туындады. Бұл жағдайда Т-А-Т айналымы барысында Т-А және А-Т деген екі метафора бөлініп шығады. Ақшаның сатушыға жетуінен гөрі тауар сатып алушының қолына жылдамырақ жетеді. Бұл жағдайда тауарды сатушы кредит берушіге,ал сатып алушы – қарыз алушыға айналады. Сату және төлем актінің бөлінуі нәтижесінде ақшалар төлем құралы деген жаңа қызметті орындай бастады. Тауар сатылғаннан кейін, төлем құралдары айналымға түседі. Ақша айналым процесін бастамайды,оны аяқтайды. Сатып алушы тауар үшін ақша төлемейді, міндеттеме төлейді. Сонда тауар кредитке сатылады екен. Төлем міндеттемені (кредитті) өтегеннен кейін жүзеге асады, ал ақшалар сату-сатып алу актін анықтамайды,кредитті жаба отырып,тек қана оны аяқтайды.
Нәтижесінде тауарларға қатысты ақшаның салыстырмалы дербес қозғалысы жүзеге асады.
Егер ақшаның айналыс құралы ретіндегі қызметі кезінде ақша мен тауардың қарама-қарсы бір уақыттағы қозғалысы орын алса, ал ақшаның төлем құралы қызметінде бұл қозғалыс барысында уақыт бойынша алшақтық болады,яғни қарыз алушы тауарды несиеге сатып алушыға қарыз мендеттемесін береді,ол белгіленген мерзімде ғана төленеді. К.Маркс мұны былайша сипаттаған: «Бір тауар иесі қолма – қол тауарды сатады,ал екіншісі ақша өкілінемесе болашақ ақша иесі ретінде әрекет ете отырып,сатып алады. Сатушы кредит беруші болса,сатып алушы – қарыз алушы болады».
Төлем құралы ретіндегі ақша тауарлық айналысқа ғана емес,сонымен бірге қаржылық және кредиттік қатынастарға қызмет етеді: тауарлар мен қызметтерді сату кезінде, жұмысшылар мен қызметткерлерге еңбекақы төлеу кезінде, салықтарды және басқа қаржылық міндеттемелерді мемлекеттке төлеу кезінде, банктік қарызды қайтару, айыппұлдарды, санкцияларды өтеу кезінде және т.б.
Ақшаның төлем құралы ретіндегі қызметінің дамуы қолма-қолсыз есеп айырысуды және кредиттік ақшаларды дамытуға ықпал етті. Осылайша айналыс шығындары қысқарады, төлемдер жеделдетіледі және қолма-қол ақшалар айналыстан шығарылады, сонымен қатар олар кредиттік электрондық ақшалармен алмастырылады. Төлем құралы қызметіндегі ақшалар көптеген тауар иелерін, сатушылар мен сатып алушыларды өзара байланыстырады, олардың әрқайсысы тауарды кредитке сатып алады және сатады. Егер белгілі бір буынға қарыз міндеттемелері бойынша төлемдер нақты уақытында түспесе, яғни төлемдік тізбектің бір буынында үзіліс болса, онда бұл жайт өзінің артынан төлем жасамаудың біртұтас тізбегін (кредит бойынша мерзімінен асып кеткен борыш, бюджетке төлем бойынша, еңбекақы бойынша және т.б.) туғызады. Мұндай дағдарыстар 1991-1996 жылдары Қазақстан тәжірибесінде болған. Ол экномикамызға аса зор материалдық, моральдық шығын әкелді, жекелеген кәсіпорындар мен кәсіпкерлерді дағдарысқа және банкротқа ұшыратты.
Қазіргі кездегі қоғамда кредиттік, электрондық ақшаның дамуы кезінде есеп айырысудың басым формасы ретінде қолма-қол есеп айырысумен салыстырғанда қолма-қолсыз есеп айырысу басым қолданылады, яғни төлем құралы қызметіндегі ақша айналыс құралы қызметімен салыстырғанда артықшылығы басым болып келеді. Сонымен қатар төлем құралы қызметін қолма-қол ақшалар да атқара алады. Фирмалар, кішігірім кәсіпорындар, ұйымдар мен мекемелер төлем құралы қызметіндегі қолма-қол ақшалардықолданады: еңбекақыны төлеу, сыйақы беру, жәрдемақы, зейне,тақы, стипендия төлеу, облигация, лотореялық билет бойынша ұтыстарды төлеу, тұтынушылық қажеттіліктерге және ипотекаға кредит беру, сонымен бірге халықтың коммуналдық қызметтер үшін төлемі және т.б.
Қазіргі замандағы қоғамда ақша өте үлкен және алуан түрлі ролді атқарады. Ақшаның ролі жалпы балама түліндегі маңызымен анықталады, өйткені бұл ролге айрықша арнайы тауарды бөліп шығару тауар өндірісі мен айналысының заңы болып табылады. Ақша тауарларды айырбастау құралы ретінде әрекет етеді, ол тауар өндірісімен үздіксіз айналыста болады. Яғни ақша дамыған шаруашылықтың ажырамас бөлігі болып табылады, ол шаруашылық өмірдің жағдайына және қоғамда болып жатқан экономикалық үрдістерге маңызды түрде және үнемі ықпал етеді. Ақша тауарлар мен қызметтердің үлкен массасының қозғалысын, сонымен бірге қаржы-кредит жүйесі арқылы жеткізушілер мен тұтынушылар арсында ақша құралдарының қозғалысын туындатады.
Ақшаның нарықтық экономикадағы ролі ақша жинақтарын қалыптастырудың механизмдерін құру және кеңейтуде, барлық қаржылық ресурстарды жұмылдыруда (мобилизация) және оларды ұдайы өндірісіте тиімді қолдану үшін инвесторларға беруде жатыр. Осылайша, ақшаның экономикалық жүйедегі қоғамдық ролі – олар нарықтық экономикадағы тәуелсіз субъектілер арасында байланыстырушы буын болып табылады.
Ақша тауарларды, қызметтерді, тауарлық-материалдық құндылықтарды шаруашылық-қаржылық қызмет нәтижелерін құндық есепке алу және бақылау құралы ретінде қолданылады.
Ақшаның нарықтық экономикадағы ролі еңбекақы, сыйақы түрінде еңбек шығындарын құндық өлшеу және бақылау ретінде, яғни еңбек өлшемі мен тұтыну өлшемін, еңбектің саны мен сапасын бақылау құралы ретінде айқындалады.
Ақшаның экономикадағы ролі тауарларды, қызметтерді сату-сатып алу бойынша экономикалық қарым-қатынастар субъектілері арасында келісімдік міндеттемелердің орындалуын бақылау құралы ретінде айқындалады, ақша арқылы өндірістік жәнесаудалық қызметті жақсы ұйымдастыруға қатысты жабдықтаушылар мен сатып алушылардың материалдық жауапкершілігі артады.
Мемлекеттер экономикасында ақшалай-кредиттік реттеудегі ақшаның ролі жоғары, онда бұл реттеу ақшаның монетаристік теориясына негізделеді. Әрбір елде жыл сайын орталық банк тарапынан ақша массасын өлшеудің ақшалай бағыт-бағдары белгіленеді, соған сәйкес ақша-кредит құралдары көмегімен оны реттеу жүзеге асады.
Мұндай ақша–кредиттік реттеудің мақсаты – ақша массасының өсуін тежеу, инфляцияны болдырмау, елдегі ЖІӨ-нің өсуін ынталандыру.
Ақша экономикада өте маңызды рөл атқарады: «ол трансакциялық шығындарды төмендету, еңбектің мамандануы мен бөлінісін ынталандыру арқылы экономиканың жеңіл қозғалысын жүзеге асыратын жағармай
АҚША НАРЫҒЫ. Ақша жүйесінің мәні және түрлері
Тарихи металл ақша айналымының (жүйесінің) биметализм және монометаллизм деген түрлері қалыптасты. Биметаллизм алтын мен күмісті пайдалану негізінде 16-19 ғасырларда Батыс Еуропа елдерінде пайда болды. 19 ғасырдың соңында куміс өндірісі жағдайларының өзгеруіне сәйкес ол құнсызданып, алтынмен арасалмағы өзгерді. Күміс монеталардың көбеюі оларды шығаруды тоқтатты. Сөйтіп биметтализмді монометаллизм мұнда ақша материалы болып, бір ғана металл – алтын есептелетін болды. Қағаз және несие ақшалары осы металға еркін айырбасталады.
Монометаллизмнің үш тірі белгілі: біріншісі- алтын монеталы стандарт. Ол бірінші дүниежүзілік соғысқа дейін қолданылып, қағаз және несие ақшалардың алтынға еркін айырбасталуымен сипатталады. Екіншісі- алтын кесек стандарты. Ол Англия мен Францияда бірінші дүниежүзілік соғыс кезінде енгізілді. Мұның ерекшелігі құн өлшемінің алтынға айырбасталуы, тек ол өлшем алтын кесегі стандартының бағасына сәйкес келуі тиіс. Үшінші- алтын девиздер стандарты, ол 20-жылдарда көптеген елдерде енгізілді, мұнда банкноттарды алтынға шағылған шетелдік валютаға (девиздерге) айырбастады. 1929-1933 жылдардағы дүниежүзілік экономикалық дағдарыс монометаллизм дәуірін тоқтатты.
20 ғасырдың 30-жылдарынан бастап батыс елдерінде бірте-бірте несие ақша жүйесі қалыптаса бастады. Оның айрықша белгілеріне мыналар жатады: несие ақшалардың үстемдік жағдайы, алтынның аиырбастан кетуі, банкнотты алтынға айырбастауды жою және оның алтындық мазмұнын жоққа шығаруы; жеке кәсіпкерлерге, мемлектке несие беру мақсатында ақша эммисиясын күшейту; қолма-қол емес айналымды айтарлықтай кеңейту; ақша айналымын мемлекеттік реттеу.
Қазіргі кезде қағаз бен несие ақшаларды шығаруды мемлекет тікелей өз билігіне алды.
Ақша массасы дегеніміз не?
Ақша массасы – халық шаруашылығындағы тауарлар мен қызметтің айналымын қамтамасыз ететін сатып алу мен төлемдердің жиынтығы. Олар жеке адамдарда, кәсіпорындарда, бірлестіктер мен ұйымдарда және мемлекетте болады.
Ақша массасы құрылымының белсенді – активті бөлігіне шаруашылыққа нақты қызмет көрсететін ақша құралдары, ал пассивті бөлігіне ақша қорларының есепшоттағы қалғандары жатады, соңғысы есеп айырысу құралдары рөлін атқарады. Жинақтап айтқанда, ақша массасының құрылымы едәуір күрделі және ол қатардағы тұтынушының ойлағанындай тек қолдағы қағаз ақша мен айырбас монетасы емес. Шындығында қағаз ақшаның ақша массасындағы үлесі өте төмен (25%-тей), ал басқа бөлігі кәсіпорындар мен ұйымдар арасында дамыған рыноктық экокномикада бөлшек сауданың өзі де банктік есепшот арқылы жүреді.
Қазіргі рыноктық экономикада банктік ақша дәуірі басталады. Банктік ақшаға чектер, несие карточкалары және т.б. жатады. Аталған есеп айырысу құралдары банктік депозиттерді де билейді. Тауар мен қызметті төлеуде сатып алушы чекпен несие карточкасы арқылы банктерге өз депоизитінен қажетті сомманы сатушының есепшотына аударады немесе қолма қол беруді бұйырады. Ақша массасының құрамына тікелей сатып алу немесе төлем құралы ретінде пайдаланылмайтын компоненттер де кіреді. Әңгіме коммерциялық банктердегі мерзімді есепшоттағы жинақ салымдары, басқа да несие-қаржы ұймдарын қаржылар, депозиттік сертификаттар, инвестициялық қорлардағы акциялар туралы болып отыр. Ақша айналымының аталған компоненнтері «квази-ақша» деп аталады. Ақша айналымы құрылымдағы ең қомақтысы да және ең тез өсетін бөлігі де осы квази-ақшалар.
Профессор П.Самуельсон квази-ақшаларды өтімді активтер деп атады. Өтімді (ликвидный) түсінігі ақша категориясын анықтау үшін маңызды қандай болмасын мүліктің немесе активтің өтімділігі дегенде оның оңай сатылуы және құнын жоғалтпай ақша түрінде айналуы мүмкіндігін айтады. Демек, активтердің ең өтімді түрі – ақша. Жоғары өтімді мүліктерге алтын, бағалы металдар мен тастар, мұнай, өнер шығармалары жатады. Өтімі төмендеу болатындарға – үйлер, құрал-жабдықтар (бизнесмендер оларды «мұздатылған» құралдар деп атайды) жатады.
Жоғарыда айтылғандарды ескере отырып ақша айналымы құрылымды мынадай компоненттерді бөліп көрсетеді, оларды ақша агрегаттары М1 және М2 деп атайды. М1 – мағынасындағы ақшаны басқаша «ескерлік ақша» деп атайды. Бұл қолма-қол ақша мен монеталарды, яғни банктен тыс айналатын ақшаларды және банктің ағымдағы есепшотындағы ақшаларды қамтиды. Олар ағымдағы есепшоттағы депозиттер қызметтерін түгел атқарады және қолма-қол ақшаға жеңіл айналады. М2 – кең мағынадағы ақша, ол М1-дің барлық компоненттерін қамтиды және коммерциялық банктердің жедел жинақ есепшоттарындағы ақшаны, маманданған финанс институттарындағы депозиттерді де қосып алады. Мерзімдік салымдардың иелері ағымдағы салымдармен салыстырғанда жоғары проценттік табыс табады, бірақ олар салымдарын көрсетілген мерзімнен бұрын ала алмайды. Сондықтан мерзімдік жинақ есепшоттағы ақшаларды сатып алу және төлем қаржылары ретінде пайдалана алмайды, бірақ олар өз потенциалы тұрғысынан есеп айырысуға жарамды, М1 және М2-лердің айырмашылығы М2-квази-ақшалар бар, оларды іс үшін пайдалану қиын, қолма-қол аудару да оңай шаруа емес.
Біздің елімізде соңғы уақытқа дейін ақша агрегттары есептелмеді және пайдаланылмады. Теориялық жағынан ол маркстік экономикалық теорияның квази-ақша мен қолма-қол ақшаны біріктіруге болмайды, өйткені олар әр түрлі категорияларды ақша, бағалы қағаздар мен несиелер деген қағидасына негіздельді. Алайда ақша, инвестиция рыногы (орта және ұзак мерзімді қарыз капиталы) мен бағалы қағаздар рыногының арасында тығыз байланыс бар. Мерзімдік есепшоттағы қалған ақшалары мен бағалы қағаздары есеп айырысуға жеткілікті салымшылар оларды өз қажеттеріне жарата алады. Бағалы қағазды сатудан түскен табыстар тауар, сатудан түскен ақша қаржылары сияқты ағымдағы есепшоттарда сақталады. Ақша агрегаттары күнделікті өмірде мемлекеттің ақша саясатының нысанасы ретінде оң қызмет атқарады.....

Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
kz | Рефераттар
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?