Тарих | XIX ғасырдың соңы XX ғасырдың басындағы Латын және Солтүстік Америкадағы халықаралық қатынас
АҚШ-тың сыртқы саясаты
XIX ғасырдың соңғы ширегінде АҚШ-та пайда болған экономикалық және әлеуметтік проблемалар (капитализмнің қарқынды дамуының салдарлары) АҚШ-тың сыртқы саясатының және халықаралық мәселелерге қатынасының өзгеруіне әкеліп соқтырды. Ірі кәсіпкерлер шикізаттың жаңа көздері мен өнімді және шикізатты шығарудың жаңа рыноктарын белсенді түрде талап етті. Рыноктарды қайта бөліске түсіру үшін күресті айналып қаша алмады.
Америка континентіндегі гегемонияны алу үшін АҚШ сол кезде өте танылған панамериканизм козғалысын (ол американдық мемлекеттердің қызығушылығының бірлігін уағыздаған) кең көлемде пайдаланды. 1869-1890 жылдары АҚШ алғашқы американаралық конференцияны шақырды. Онда 1910 жылы "Панамерикандық одақ" деген атауға өзгертілген жанында тұрақты коммерциялық бюро құрылған өзара - экономикалық ақпаратты алмасу мақсатында американ мемлекеттерінің Халықаралық Одағы құрылды.
АҚШ дипломатиясының әдеттегі құралы бұрынғы доктриналарды кеңейтіп талқылау болған. Бұл жағадй Олни доктринасымен де болды, оған сылтау болған Венесуэла мен Британдық Гвианасының Ориноко өзенінің сағасы үшін болған шекаралық дау еді. Ол үшін күрестің ушығуына бұл жерде табылған алтын қоры болды. АҚШ-тың мемлекеттік хатшысы Р.Олнидің 1895 жылдың 20 шілдесіндегі сөзінде Америка территориясында еуропалық бақылаудың болуының еш мән-мағынасы жоқ деген. Бұл позицияны анықтау үшін Монро доктринасы сілтеме жасалынды. Нәтижесінде Ұлыбританияға АҚШ-тың талаптарын орындауға тура келді, оның қолдауын иелену үшін Венесуэла мен Британдық Гвианасының арасындағы шекара АҚШ-тың қызығушылықтарын ескеру арқылы жүргізілді, Америка Құрама Штаттары ерекше белсенділікті Қиыр Шығыста да жүргізді. Олар Жапонияның агрессиялық саясатын қолдап, бәсекелестерін әлсіздендіргісі келді. 1876 жылы Кореяда тең емес келісімге қол жеткізген Жапониядан соң Америка Құрама Штаттары 1882 жылы сол аймақта өзінің азаматтары үшін сауда, өнеркәсіп, теңізде жүзу, құқықты жағдайының жағымды жағдай жасауға қол жеткізді.
Америка Құрама Штаттары Қытайға еніп, ондағы еуропалық державалардың ықпаларының өсуіне кедергі жасауға тырысты. 1884 жылы Америка Құрама Штаттары Гавай аралдарында Перл-Харбор әскери теңіз базасын орнатты. Америка Құрама Штаттары кәсіпкерлері Гавай экономикасында басты рөл атқарды, әсіресе қант өндіруде. 1893 жылы Америка Құрама Штаттары елшісі бастаған бір топ плантаторлар Гавайда патша-әйелді тақтан түсіріп, онда қуыршақ үкімет құрды, ол үкімет келісімге қол қойылғаннан кейін бір ай өткен соң Гавайды АҚШ-тың құрамдас бөлігі деп таныды, бұл аннексия 1898 жылы заңды түрде бекітілді.
Америка Құрама Штаттары Самоа аралдарын да жаулап алмақшы болды, бірақ онда Англия мен Германияның қарсы әрекетіне тап болды. Нәтижесінде 1889 жылы үш державаның кондоминимумы орнатылды, бұл АҚШ-тың Тынық мұхит суларындағы тағы бір базасын әкелді.
АҚШ үшін стратегиялық және экономикалық маңыздылығы өте көп болған -бұл Филиппин аралдары, әсіресе Куба болды. Кубаны иемдену-Кариб бассейнінде үстемдік ету. XIX ғасырдың аяғына қарай Куба шаруашылығының басты бағыты шала өңделген қант пен темекі өндірісінің негізгі бөлігін бақылады. Сонымен қатар, солтүстік американдықтар Кубада темір жолдар, рудниктер, сауда қаржылық мекемелерді иемденді. 1895 жылы куба халқының Испанияның отарлық езгісіне қарсы күресін пайдаланып, Куба халқын қорғау ұранын жабылып, солтүстік американдық баспасөз елдегі көзқарасты соғысқа дайындады.
Америка Құрама Штаттары Испаниямен соғысты бастау үшін сылтау іздеген. 1898 жылдың 15 ақпанында Гавана рейдінде солтүстікамерикандық "Мэн" крейсері атылды да онда 260 офицер мен теңізшілер қайтыс болды. Атаудың себебі табылмағанмен, инцидентті зерттеу үшін АҚШ құрған комиссия испандықтарға кінә тақты. Конгресс 50 млн.доллар ақшаны әскери дайындықтарға бөлді.
19 сәуірде Америка Құрама Штаттары Испаниядан Кубаға тәуелсіздік беруді талап етті. Испания келісім бермеді де 23 сәуірде АҚШ -қа соғыс жариялады.
Бірақ әскери қимылдар Кубада емес, Тынық мұхитта басталды. 1898 жылдың 1 мамырында Солтүстік Американдық эскадра Манила бухтасында испан флотын талқандап, сол арқылы өзіне Филиппин аралдарына бақылау орнатты. 3 шілдеде Куба жағалауларын қорғап тұрған испан эскадрасы Сантьяго түбінде жойылды. Испания көпке шыдамай 22 шілдеде бейбітшілікті сұрады.
Бейбіт келісімшартқа 1898 жылы 10 желтоқсанда Парижде қол қойылды. Шарттар бойынша Испания Куба мен Пуэрто-Рико, және де Мариан аралдар тобындағы Гуам аралдарын қоса Вест-Индиядағы басқа да аралдық иеліктерден бас тартты. АҚШ-қа Испания ол үшін 20 млн доллар алған Филиппин аралдары өтті.
Филиппин халқы өзінің елінің үстіндегі АҚШ егемендігін мойындамады да 1902 жылға дейін созылған көтеріліске шықты. Куба тәуелсіз деп жарияланды, бірақ АҚШ-тың бақылауында болды.
АҚШ-тын сыртқы экспансиясы
XX ғасырдың басында Америка Құрама Штаттары стратегиялық жағынан маңызды теңіз аралық канал құрылысымен айналыспақша болды. Колумбия үкіметімен келісім дайындалды, ол бойынша АҚШ-қа белгілі төлем үшін каналдың құрылысы аймағында бақылау берілу керек болды, бірақ Колумбия Сенаты бүл келісімнен бас тартты. Сонда АҚШ Панам провинциясьшың этникалық азшылығының қозғалысын пайдаланып, оны тәуелсіз мемлекет деп жариялануына көмек көрсетті. 1903 жылы 4 қарашада Панаманың тәуелсіздігі жарияланған соң 18 карашада Вашингтонда АҚШтың болашақ канал зонасына қажетті құқықтарын берген келісімге қол қойылды, сонымен қатар, бұл АҚШ-тың Панамаға протекторатын білдірді.
Т.Рузвельттің "үлкен қолшоқпар" саясатының (АҚШ-тың Латын Америка елдерінің ішкі саясатына араласуы) тәжірибеге енуі Доминикан Республикасының (1904, 1914), Куба (1906-1909, 1912), Гондурас (1905, 1907, 1911, 1912), Никарагуаны (1912) Солтүстік Американдық теңіз жаяу әскерімен оккупациясында да білінді.
У.Тафт экспансиялық саясатты жүргізген кезде АҚШ-тың экономикалық күшіне негізгі ұстанымдылықты қойды. Ол "доллар дипломатиясын" қолданды. Бұл "дипломатия" қарыздар беру, қаржы-экономикалық "көмек" беруге бағытталып, жеке капиталдың Латын Америка елдеріне шығаруға көмектесті. Соның нәтижесінде АҚШ Аргентина, Бразилия, Боливия, Венесуэла, Парагвай, Перу және тағы басқа елдердің экономикасының түрлі салаларына бақылау орнатты. "Доллар дипломатиясының" арқасында Америка Құрама Штаттары Еуропалық державалардың Латын Америкасындағы ықпалын жоюға ұмтылды да 1914 жылға қарай Латын Америкалық сауданың 50 пайызын бақылап тұрды.
Америка Құрама Штаттары өзінің экономикалық басымдылығын пайдалана отырып, Қиыр Шығыстан да бәсекелестерін ығыстыруға үміттенді. Осы мақсатпен АҚШ мемлекеттік хатшысы Дж. Хэй 1899 жылы "ашық есік" доктринасын ұсынды. Бұл доктрина батыс державаларының Қытайдағы тең құқықты талап етті. Қытайда бекініп қалуға ұмтылып АҚШ 1900 жылы болған Ихэтуанэй көтерілісін басып-жаншуға қатысты.
Орыс-жапон соғысы кезінде Америка Құрама Штаттары Жапонияны қолдады, осылайша Ресейдің Қиыр Шығыстағы, әсіресе Манчжуриядағы, позицияларын әлсіретпекші болды. Соғыс аяқталар алдында қүпия Кацура-Тафт келісімі жасалды. Ол Жапонияның Кореяға протекторатын мойындады, ал Жапония Филиппин аралдарында Солтүстік Американ басқарылуының сақталуына қызығушылығын танытты. Алайда, бұл келісім орыс-жапон соғысынан кейінгі жапон-американ қатынастарының шиеленісін болдырмай қоймады.
1902 жылдың аяғы 1903 жылдың басында "Венесуэла қақтығысы" пайда болды. Ол Англия мен Германияның әскери-теңіз флотының көмегімен Венесуэла үкіметінен біршама асыра-сілтенген оның қаржылық қарызын қайтармақшы болды. Англия мен Германияның еуропалық саясаттағы сүрақтарды шешудегі қиыншылықтарын және Венесуэланың қиын ішкі жағдайын біле тұра Америка Құрама Штаттары дауласқандарға өз арбитражын байлап сол арқылы Батыс жарты шеңбердегі өзінің басымдылығын көрсетпекші болды.
ХІХ ғасырдың екінші жартысындағы Латын Америкасы мемлекеттерінің
арасындағы шиеленістер
АҚШ-тың экспансионистік идеологиясының тамыры тереңде жатыр. (1776-1900 жылдар аралығында АҚШ территориясы 10 есе артты). АҚШ-тағы экспансия идеологиясының қайнар көзі тек қана американдық идея емес: бірқатар теориялар Еуропадан алынып жергілікті жерге жерсіндірілген. Ерекше ықпалды Еуропа тарихнамасындағы германдық концепциясы жасады.
Экспансионизм Строгтің Америка Құрама Штаттарын әлемді христиандандыру миссиясының құрамдас бөлігі болды. Алайда оның оның жүйесі діни емес сипатқа ие болды. Стронг англосаксондықтардың басқа халықтардың үстінен саяси үстемдігі туралы нәсілдік тұжырымдарды кеңінен пайдаланды. Пайдалы бір қыры ретінде Стронг англосаксондықтардың «ақша жасай білу» кабілетін атады. Басқа экспансияшылдарға қарағанда ол «өткізу ерігі» мен іскерлік мүдденің арасындағы байланысты бұрынырақ атап көрсетті. Стронг экспансияның қажеттілігін американ өнеркәсібінің қуатының артуымен ақтауға тырысты.
Экспансияның пайдалы жақтарын тізе келе Стронг англосаксондыктардың ертеңгі күнін былайша сипаттады: «Ұлы еркіндіктің, таза христиандықтың және жоғарғы өркениеттің таратушысы, бай эрі жігерлі, өз институттарын тарату үшін бойында агрессияны жинақтаған нэсіл бүкіл жерге тарайды. Менің болжамым дұрыс болса, бұл нәсіл Мексикаға, Орталық және Оңтүстік Америкаға, мұхиттағы аралдарға, кейіннен Африкаға және одан ары да жылжиды».
Стронг АҚШ-тағы экспансионистік идеологияның таралуына зор ықпал етті. Оның идеялары экспансионистік миссионерлерді белсендірді.
Келесі бір концепция Тернердің «шекара» теориясы. ХІХ ғасырдың соңындағы АҚШ-тағы әлеуметтік қайшылықтардың ұшығуын Тернер «бос» жерлердің сарқылуымен түсіндіреді. Бұл «шекара» теориясының саяси түйіні АҚШ-тың ары қарайғы дамуы үшін негізгі шарт сыртқы саясаттағы экспансияны жариялау болды.
«Шекара» теориясы әдебиеттерде кең көрініс тапты, университеттерде тарады, әр түрлі бағыттағы саяси қайраткерлер де мұны құптады. Концепцияның мұндай табысқа жетуінің себебі - оның американдық-ұлттық сипатта болуында. Екінші бір себебі- еркін жерлер туралы арман болатын. Тернердің айтуынша империалистік экспансия бұл «еркіндік экспансиясының» көрініс табуы болып табылады. Бұл саясат демократияны сақтап қалу үшін және оны мемлекеттің сыртына тарату үшін жүргізіліп отыр - мыс.
Міне осы сынды концепциялар американың қоғамының арасындағы пікірге терең әсер етті. Оның әрбіреуінің өзіндік бағыты болды. Экспансинионизмді үгіттеу саясаты қарқынды жүргізіліп жатты. Ондағы ойлар университет кафедраларында да, шіркеу пірадарларының ауыздарынан да айтылып жатты. Экспансиялық идеяларды саяси қайраткрлер, әскери қызметкерлер, дипломаттар кеңінен пайдаланып, олардың эрі қарай етек жаюына ат салысты. Олар экспансиялық идеяны насихаттау мен іс жүзінде агрессиялық сыртқы саясат жүргізуді араластырып империалистік концепцияны қүрады. Монро доктринасына жаңа атау беріп, «ашық есік» доктринасын жариялауға дайындалып, дүниежүзіндегі ең бірінші империалистік соғыс-испан-американ соғысын жүргізді.
1861-1865 жылдардағы азамат соғысы аяқталды. Мемлекеттің дамуының жаңа қырлары пайда бола бастады. ХІХ ғасырдың соңғы онжылдығында АҚШ дамудың империалистік жолына түсті. АҚШ-тың сыртқы саясатына тән экспансионизм өзіне нәсілшілдікті, элеуметтік дарвинизмді, геосаяси теорияны сіңірді. 1893 жылғы Гавай аралдарын басып алу жеке отарлық империяның пайда болуының бастамасы болды. Алайда әлем бөлініп қойған еді. Экспансионистер қайда көз салса да, бүрыннан бергі отарлаушы державалар американдықтарды өздерінің ықпал ету аймақтарына жібергісі келмеді. АҚШ-тьщ карулы күштері еуропалық державалардың күшімен тең келе алмады. Американ халқының басым көпшілігі отарлау идеясын құптамады. Бес жыл өтті. АҚШ-тың империалистік даму жолындағы келесі қадамдары, олардың конгресс пен үкімет мүшелеріне әсерінің артуы, монополистік ортанын қолдауы, флоттың күшеюі жэне сыртқы саясаттағы қолайлы жағдай АҚШ-тың соғысқа енуін белгілеп берді. Бұл жағдай оның өзінің, көршілес мемлекеттерінің тағдырына және халықаралық қатынастардың сипатына зор ықпалын тигізді.
1895 жылы 25 ақпанда кубиндіктер Испан езгізісіне қарсы көтерілді. Көтерілісті ұйымдастырушылар кубиндік патриот Хосе Марти басқарған Кубиндік революциондық партия болды. Испан әскерінің қудалау жорықтары да, 1895 жылы 19 мамырдағы Дос-Риостағы ұрыста Мартидің қазасы да көтерілісшілердің салын суға кетірмеді. Олар әскери командир Масимо Гомесо мен оның көмекшісі Антони Масеоның басшылығымен күрестерін жалғастырды. Кубадағы жағдай және 1895-1896 жылғы ағылшын-венесуелдік қақтығыс Құрама Штаттардың Латын Америкасының ісіне деген қызығушылықтарының оянуына түрткі болды. Оның үстіне Испания үлкен дағдарыс үстінде еді, Кубадағы көтерілісті басумен байланысты әскери және экономикалық жағынан нашарлап қалған болатын. АҚШ алдында оңайлықпен арал үстінен үстемдік жүргізудің керемет мүмкіндігі ашылды. Тек сылтау керек болды.
Кубаның генерал-капитаны Мартинес Кампос көтерілісті баса алмады. Испан үкіметі оның орнына генерал Валериано Вайлерді койды. 1896 жылы 10 ақпанда ол өз қолымен Кубаға келді. Осы күннен бастап арал тұрғындары аяусыз жаншу басталды. Он мыңдаған бейбіт тұрғындар, ішінде әйелдер де балалар да бар, аштықтан, эпидемиядан, аяусыз қарым-қатынастан түрлі лагерлерде қаза тапты. Вейлер тұқрғындардың үштен бірін қырып тастады. Бүны американ империалистік ортасы өз мүддесіне пайдаланып, америка халқы мен әлем халқына бұл іске АҚШ-тың араласуы сөзсіз керек деген ойға сендірді. Алайда олардың негізгі мақсаты Куба халқын «Қанішер» Вейлерден құтқару емес, керісінше жеке мүдделері болды.
Кубадағы жағдай АҚШ үшін ел ісіне араласу үшін сылтау ғана емес, сонымен бірге өзінің қарулы интервенциясының негізгі мақсатын жасырып, жақсы жағынан көрінудің де бірден-бір жолы болды.
Дегенмен, әлі де нық қадамдар жасауға батпады. «Куба мәселесін» шешуде демократтар мен республикандықтардың бірігуі үшін уақыт керек болды. Бұл жағдай президент-демократ Кливлендтің қолын байлады. АҚШ әскері испандықтарға карсы соғысқа дайын емес еді.
Кубадағы соғыс ұзаққа созылды. Құрама Штаттар антиисттандық кампанияны күшейтті. Бұл өз нәтижесін берді. Себебі, Вейлердің қатыгездігі артып келеді, ал аралдағы кәсіпкерлік және сауда ісі орнында қатып қалған болатын.
1896 жылы тағы бір испан отарында, Филиппин аралында көтеріліс ошағы жанды. Метрополиядан мыңдаған шақырымға, Атланттан Тынық мұхитына күштерді тасыған Испания дал болды.
1896 жылы қарашада АҚШ президенті болып Маккинли сайланды. Оның бағдарламасындағы негізгі мәселе Куба мәселесіндегі нақты әрі батыл саясат болды. Экспансионистер Испаниямен соғыс жариялауды талап етті.
Желтоқсанда ұрыс кезінде Масео қаза тапты. Кубиндықтар үшін бүл қайғылы жағдайды АҚШ-тағы Кубаның ресми өкілі Эстрада Пальма өз еліндегі қарсыластарының Вашингтонмен әскери әріптестігін әлсірету үшін пайдаланды. Куба мәселесіндегі Ұлыбританияның позициясы да күннен күнге американдық бола бастады. Әбден пісіп жетілген Куба эскері өз қарсыластарын ірі қалаларда тұсау қылды. Басқаша айтқанда, кубалықтардың Испанияға қарсы соғысына қатысуына АҚШ үшін қолайлы жағдай туа бастады.
Экономикалық қиыншылықтар мен либералдар мен консерваторлар арасындағы саяси тартысты бастан өткізіп жатқан Испания үкіметтің саясатына қарсы халық наразылығынын алдында түрды. 1897 жылы Кубадан Вейлер қайтарылып алынды. Кубаға берілген автономияны кубалықтар да, американдықтар да мойындамады. Аралдағы әскери әрекеттер жалғасып жатты. 1898 жылы қаңтарда Ақ үй бұл Испанияға қарай иілудің белгісі деп Гаванаға броненосец «Мэнді» жіберді.
Испания «Мэнді» Гаванаға жіберді. 1898 жылы испан елшісі Дюпуи де Ломның Маккинли туралы жағымсыз түрде жазылған жеке хаты ұрланып алынады. Хатты баспаға беріп, оны АҚШ-тағы шовинистік жағдайдың қалыптасуына сылтау ретінде пайдаланды. Елші жұмыстан кетуге арыз берді. Мадридтегі үкімет оны қабылдады.
Бірнеше күн өтті. 15 ақпанда Гавана тұрғындары жарылыс естіді. Жарылысты зерттеуге келген американ делегациясы жарылыста Испанияны кінәлі деп тапты. Испан-Американ соғысынан қашып құтылу мүмкін емес болды.
АҚШ-та соғысқа дайындық аяқталды. 19 ақпанда конгресс Испаниядан Кубадағы биліктен бас тартуды талап ететін резолюцияны қабылдады. Екі күннен кейін Испания ультиматумды қабылдамай тастады. АҚШ президенті аралды коршау туралы жарлық берді. 23 сәуірде Испания, ал 25 сәуірде АҚШ Испанияға соғыс жариялады. Соғыс жарияланды, Куба жағалауларында Американ флотының Атлантикалық эскадрасы жүрді, бірақ әскер әлі жағалауға орныққан жоқ. АҚШ соғыс жариялаймын деп асығыс жасаған сияқты. Волонтерлік бөлімдер әлі қалыптасып бітпеген еді, оның әскер мен флотпен әлі де байланысы орнап бітпеген, әскер шоғырланған жерлерде түсініспеушіліктер көп болды. Испанияға жаны ашушылар бұл жағдай оның есін жинауға, өзіне одақтастар тауып, кубалықтармен келісімге келуге қолайлы болар деп ойлады. Алайда 1898 жылы 1 мамырда американдык эскадра Манилаға басып кіріп ондағы адмирал Монтехоның испандық флотын су астына батырды. Американдықтар бір де бір адам жоғалтпай, бүкіл Филиппин бұғазындағы теңіз коммуникациясына бақылау орнатты. Тынық мұхитындағы АҚШ-тың кенеттен жасаған әрекеті көпшіліктің бұл соғыстың Кубаны азат ету үшін жүргізіліп жатыр деген ойын күмәнға келтірді. Бұл әрекеттің астарын АҚШ-тың империалистік бақталастары нық түсінді. Германия согысушы жақтардың арасына өзінің эскадрасын жіберді. Мұны американдықтар қабылдамады.
Вест-Индияда испандықтар өздері үшін қайғылы шешімді өздері тездетті. Кубага американдықтардың көзінен таса Испаниядан адмирал Сервердің эскадрасы келді. Ол соғысқа жарамсыз еді, бірак жағалаудағы қамалдарға арқа сүйеп кубалықтарға қарсы әрекет еткші жаяу әскерді және арал жағалауларын күзетуге жарады. Сервер абайсызда оны ашық теңізге шығарып жібереді. Американ кемелері оны жолда қолдарына түсіреді. 3 шілдедегі ұрыста Сервер эскадрасы талқандалады. Американдықтар жақтан 1 адам қаза тауып, 10 адам жараланады.....

Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
kz | Рефераттар
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?