Тарих | 1837-1847жж Кенесары ханның басшылығымен болған көтеріліс

Тарих | 1837-1847жж Кенесары ханның басшылығымен болған көтеріліс

ХІХ ғасырдың алғашқы ширегінде патша үкіметі Қазақстанға әкімшілік саяси жаңалықтар енгізуге кірісті. Оның Ресей империя сы құрамына әліде кіре қоймаған өлке аудандарын өзіне қосып алмақ мақсаты болды. 1822ж Сібір қазақтары туралы Устав далалық аудандарды басқару құрылымын түбірінен өзгертіп жіберді.Енді басқарудың округтік жүйесі енгізілді, ол бойынша қазақ қоғамы, округке,болысқа, ауылға бөлінді. Төменгі әкімшілік бірлестігі ретінде ауыл өз құрамына 50-ден 70-ке дейінгі үйлерді біріктіріп, осындай 10-12 ауылдан болыс құрылды, 10-15 болыстан округ құрылды. Бұлардың белгілі бір территориялары болды. Әкімшілік билігін үкімет сақтап қалған аға сұлтандар негізінен алғанда сол үкімет позициясының нығайтылуын қамтамасыз етуге тиісті еді.
Қарқаралы және Көкшетау округтерін құру патша өкіметінің Орта және Ұлы жүздерінің түйіскен тұсындағы қазақ жерлерін бірте-бірте басып алуын бастап берді. Қазақтардың дәстүрлі көшіп қонатын жерлері тарылды, жері құнарлы аудандарға қазақтарды жаңадан қоныстандыру өріс алған. Абылай хан ұрпақтарының төңірегіне топтасқан қазақ халқының наразылығы арта түсті. Шыңғыс әулеттерінің бірі Ғұбайдулла сұлтанды патша үкіметінің жазалаушы отряды ұстап алып, Березовкаға жер аударып жіберді. Сол сібірлік бұғаудан ол тек 1840ж қараша айында соның өзінде Кенесары сұлтанның табандылықпен талап етуі арқасында ғана қайта оралды.
1840ж Кенесарының әкесі Қасым төре мен оның басқада жақындары қаза тапты. Патша үкіметінің отаршылдық мақсат ниетіне қарсы өзінің күресінде Қоқанд бектерінің қолдауына сенім артқан Қасым сұлтанның үміті ақталмады. Алайда стихиялық, ұйымдаспаған сипатына қарамастан Қасым сұлтан мен оның балаларының күресі отаршылдыққа қарсы күштердің Кенесары сұлтанның, кейіннен Кенесары ханның қолбасшылығымен (1802-1847жж.) тағы да бірігіп, нығайуында зор маңыз атқарды.
Кенесары Касымов тарих сахнасына Абылай ханның ісін жалғастырушы ірі тұлға ретінде қадам басты. Ал ол кездегі жағдайға келсек, патша әскерлерінің бастырмалатқан әрекеттер салдарынан, Сібір және Орынбор қазақтары туралы 1822-1824 жж.
устаптар қабылданғанына қарамай, саяси оқшауланушылығын әлі де сақтап келе жатқан Қазақстан аудандарының тәуелсіздігіне қатер төнген болатын. Сондықтан көтеріліс шығарушы сұлтанның басты мақсаты Қазақстанның Абылай хан тұсындағы территориялық шептерінің тұтастығының қалпына келтіруге,Ресей құрамына кірмеген жерлердің толық дербестігін сақтауға құрылды.
Кенесары Касымов сұлтан Ресей сияқты аса қуатты ірі мемлекетпен күресу қазақтың үш жүзінің күштерін біріктіруді, едәуір құрбандықтарды, тек әскри ғана емес, сонымен бірге дипломатиялық күш-жігерді де талап ететінін ой таразынан өткерді. Ол халық қозғалысынан бөлектенген жекеленген сұлтандардың, ағамандардың, билердің өзеркімен кетушілігін қатал басып –жаншыды. Ресей саясатын қолдаушыларды аяусыз жазалады, бірақ сондада патша үкметімен арадағы түсініспеушілікті бейбіт жолмен шешудің жақтаушысы күйінде қалды. Соғыс тұтқындарына, соның ішінде кейбіреулері өзінде қызмет еткен орыстарға қиянат жасамай, шыдамдылықпен қарады. Ресей елші уәкілдерін әдепті қабылдады. Тіпті оның мінезінен қырғыздармен қарсыластық кезеңінде көрінгені болмаса оншалықты қаталдық байқалмаған. Ал көтеріліс мүдесіне сатқындық жасап әскери тәртіпті бұзғандарға ашу – ызасын буырқануы аз болмаған-ды.
Қазақтардың бұл көтерілісі бастапқы кезінен-ақ кең құлаш жайған қарқын алды. Бұл XVIII ғ. соңы мен XIX ғ. –дағы азаттық жолындағы қозғалыстар тарихындағы Орта жүздің ру-тайпалық бірлестігінен басқа қазақ руларына тараған, барлық негізгі аудандарды қамтыған бірден-бір көтеріліс еді. Оған Кіші жүзден шекті, тама, табын, алшын, шөмекей ,жаппас және тағы басқа, Ұлы жүзден –үйсін, дулат және басқа рулар қатысты.
1841ж. қазақтардың үш жүзінің өкілдері Кенесары Қасымовты хан сайлады. Қазақ хандығы қалпына келтірілді. 1841ж. тамызында көтерілісшілер қоқандықтардың едәуір күштері орналастырылған Созақ, Жаңақорған, Ақмешіт, Жүлек бекіністерін қоршауға алды. Қоқандықтардың бірнеше бекіністеріне басып кіру көтерілісшілерді жігерлендіре түсті. Көтерілістің негізгі ошақтарынан шалғайда көшіп-қонып жүрген төртқаралықтар мен шектілердің өздері Кенесарыны бүкіл қазақтық хан деп мойындайтындықтары туралы хабарлады. Төртқаралықтармен шектілердің Кенесары Касымов жағында белсенді әрекет жасағандығы туралы айта отырып, олардың XIX ғ.-дың 30-жылдардың соңы мен 40-жылдарының бас кезінде әрекет-қимылдарын ширықтыра түскен қозғаушы факторларға назар аударғанымыз жөн. Кенесары хан құрған мемлекет феодалдық мемлекет болды. Ол өзінің билігін империяның отаршылық билігі орныққан Ертіс, Есіл, Жайық бекініс желілері бойындағы аудандардан басқа Қазақстанның бүкіл территориясына таратты. Салықтар жинау тәртіпке келтірілді: малшылар үшін – зекет, егіншілер үшін-ұшыр салығы қолданылды. Патша әскерлерімен соғысудың жалғасуы көтеріліске шыққан ауылдарды астықпен қамтамасыз ету қажеттігінен туды. Көтерілісшілерге арналған астық конфискеленіп отырды, оларға тәуекелдікпен астық жеткізуші саудагерлер қатаң жауапкершілікке тартылды.
Мемлекеттік құрылыс қайта өзгертілді, Хандық кеңес мәселені кеңесіп шешетін жоғары органдар ретінде ханға берілген батырлардан, билерден, сұлтандардан, ханның туысқандарынан құрылды.Басқарудың негізгі тұтқасы Кенесарының өз қолында қалды. Хандық кеңеске негізінен азаттық қозғалысының мүдделеріне адал, жеке басының батылдығымен, дипломатиялық қабілетімен көрінген адамдар енді.
Кенесары өзіне қажетті мәліметтерді жеткізіп отыратын өз тыңшыларының қызметін білгірлікпен пайдаланды.
Хандықтың басына келіп Кенесары қазақ жерлерін азат ету жолындағы күресін бұрынғысына қарағанда едеуір табандылықпен жалғастырады. Қоқандтың Созақ бекінісін басып алып, Кенесары тек соғыс қимылдары ауданын кеңейтуді ғана емес, сонымен бірге өз жақындарының өлімі үшін кек алуды көздеді.
Орынбор бастықтары Кенесарыға Долгов пен Герн басқарған елшіліктер жіберу қажет деп тапты. Олар өздері алған нұсқауға сәйкес Кенесарының алдына қабылдауға болмайтын шарт қойды.
Бұл шарт бойынша көтерілісшілерге үкімет белгілеген шектеулі аймақтарда ғана көшіп-қонуға рұқсат етілді. Көздеген мақсатарына жете алмаған патша елшілері кері қайтуға мәжбүр болды.Соның өзінде Долгов Орынбор әкімшілігіне Кенесарының талаптарын жеткізді. Онда Кенесары егер орыстардың барлық бекіністері жойылса, басып алған жерлер қазақтарға қайтарылса, далада тонаушылық пен зорлық – зомбылық жасаушылық тоқтатылса ғана Ресейдің протекторатын (импералистік ұлы мемлекеттің ықпалындағы кіші мемлекет...) қабылдауға келісім беретінін білдірді.
Сібір өкімет орындары аймаққа Кенесары жасақтарының желеу етіп, Жетісуға Сібір шекара басқармасының төрағасы генерал Вишневскийдің басқаруымен зеңбіректері бар едәуір әскери күш жіберді. Оның қай жағынан да басым күшінің қысымымен Кенесары Іле өзенінің оң жағалауына өтіп, одан алатаулық қырғыздарға қауіп төндіре Алатау бөктеріне қоныс аударды. Ұлы жүз батырлары Сұраншы, Байсейіт, Қайшыбек Кенесарыға қолдау көрсетті. Хан солтүстік қырғыз манаптарының өзіне бағынуын талап етті. Қырғыз манаптары Орман, Жантай және Жанғараш тайпалар өкілдерінің құрылтайын шақырды. Тоқмақтың маңында болған күштері тең емес шайқаста Кенесары 32-қазақ сұлтандарымен бірге қаза тапты. Ханның жеңілісі мен өлімі орыс отрядтарының Іле сыртындағы өлке мен Солтүстік Қырғызия жаққа қарап жылжуына қолайлы жағдай туғызды, сөйтіп бұл территорияларды Ресей империясына қосып алуды жеңілдетті.
Кенесары Қасымовтың көтерілісінде қарама – қайшылықтар аз емес. Олар: бір жағынан – Қоқанд хандығымен соғыс (қазақтарды азат ету мақсатын көздеді)және екінші жағынан – қырғыздармен туысын өлтірушілік соғыс, өзіне қолдау көрсетуден бас тартқан қазақ руларына деген өшпенділік.
Қазақ халқының феодалдық хан мемлекеттігін қалпына келтіру мақсаттындағы XIX ғ. аса ірі халық-азаттық көтерілісі бұл жолыда жеңіліспен аяқталды, ол Орта Азия мен Қазақстан халықтарының есінде өшпес із қалдырды. Кенесарының күресі, оның халық мүддесіне шын берілгендігі, қолбасшылық өнері, нәзік саясатшы ретіндегі сирек кездесетін қасиеті XIX ғ.-дың өзінде – ақ халық арасында қадірлеушілік тапты.....


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Ораза айт намазы уақыты Қазақстан қалалары бойынша
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!