Біз бір топпыз ойыны

 Біз бір топпыз ойыны

Мақсаты: - топта бірлесе жұмыс істеу дағдыларын дамыту;
- топтың бірлігін қамтамасыз ету.

1. «Баспа машинкасы» ойыны
Ойынның барысы: «Бүгін біз топта қалай жұмыс істей алатынымызды тексеріп көрейік. Ал, ол үшін баспа машинкасымен сөздерді басу процесін көзімізге елестетіп, оны ойша және еркін орындап көруіміз қажет». Біз машинкамен басып шығатын сөз өзімізге таныс өлең жолдарынан алынған болса болады. Мысалға, «Алтын күн аспаны...». Әрбір қатысушы өлең жолдарында берілген сөздердің бір - бір әрпін дауыстап атайды да, қолымен жазады («Алтын күн...»). Әрбір сөз жазылып біткен соң тыныс белгісінің орнына барлық қатысушылар орындарынан тұрып аяқтарымен жерді тебеді, ал әрбір жол аяқталған кезде қолдарын шапалақтап соғады. Осы арада айта кетер жайт, ойынның бір шарты бар: қателескен бала - ойыннан шығады. Сонымен бірінші оқушы бірінші әріпті атап, ауада жазады, ал екінші оқушы – екінші әріпті... Тыныс белгілерін ұмытуға болмайды.
«Бастадық, енді кімнің ойыннан шығатынын, ал кімнің жеңімпаз атанатынын байқайық!». Барлықтарыңызға рахмет! Осымен ойынымыз аяқталды.

2. «Ертегі құрастырайық» ойыны
Ойынның барысы: ойынға қатысушы оқушылар дөңгелене шеңбер құрып отырады да, ойын жүргізушісінің бастаған ертегісін құрастыруды кезектесіп жалғастырады.
Жүргізуші: ал, балалар мұқият болып, бір - біріңді зейін қойып тыңдаңдар. Сонымен қатар іштеріңнен өз ойларыңды дайындап, ойланып отырыңдар. Ертегі құрастыруды бастадық: «Ерте, ерте, ертеде...»- деп жүргізуші ертегінің басын бастап, келесі отырған ойыншы оны жалғастырады. Сөйтіп, шеңбер бойымен жалғаса береді. Жүргізушінің кезегі қайтадан келген кезде, ол ертегінің мазмұнын мағынасына қарай бағыттап жібереді, ал ойын жалғаса береді. Ойынның соңында тапсырманы орындау қиын болды ма, ертегінің мазмұнына құрастыру қаншалықты қиынға соқты деген сұрақтар төңірегінде талқылаулар жүреді.

3. «Шеңбер» ойыны.
Ойынның барысы: балаларға бір - бірінің қолдарынан ұстап, шеңбер құрып тұру ұсынылады. Сонымен қатар, шеңбер бойымен тұрған балалардың әрқайсысы өзіне қарсы тұрған баланың көзіне қарап, жылы жүзбен күлімсіреу керек......



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?