Р дыбысы және әрпі

 Р дыбысы және әрпі

Сабақтың мақсаты: 1) Балаларға өткен сабақты еске түсіре отырып, Р дыбысы мен және әрпімен таныстыру. Дидактикалық материалдар арқылы Р дыбысы бар сөздер ойлауға, сөйлем құрауға үйрету.
2) Сөздік қорларын байыту, ой - өрісін, танымын, шығармашылық қабілеттерін дамыту. 3) Ұқыптылыққа, жылдамдыққа тәрбиелеу, эстетикалық тәрбие беру.
Көрнекілігі: суреттер, кеспе әріптер, гүл шоқтары, электронды оқулық.
Әдісі: Сұрақ - жауап, түсіндіру.
Түрі: Ойын

Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру: Қара достым жан - жаққа,
Дайынсың ба сабаққа?
Орнында ма қараңдар,
Кітап - дәптер қаламдар.
- Балалар мына гүлдерге зер салып қараңдаршы. Гүлдер құрғақта жатыр, бұлар жайқалып өсуі үшін не қажет?
- Суға салып қою керек.
- Демек гүлдерді бұл жағдаяттан құтқару үшін: бүгінгі сабақта сұрақтарға дұрыс жауап беруіміз керек. Алдымыздағы су толы ыдысқа әрбір дұрыс жауабымыз үшін берілген гүл шоқтарын салып отырамыз. Сабақ соңында кімге қанша гүл шоғы жиналғанын санаймыз. Сол бойынша: жұлдызша, төртбұрыш, үшбұрыштармен еңбегіміз бағаланады. Олай болса, сабаққа жақсы қатысып, ыдысымызға гүл шоқтарын көптеп жинайық.

2. Қайталау: Өткен сабақтарымызды қайталау мақсатында «Орамал тастамақ» ойынын ойнап жіберейік. Мен кімге орамал тастасам, сол ойыншы орнынан тұрып сұраққа жауап береді. Дұрыс жауап берген оқушы өз вазасына бір гүл шоғын салып отырады.
1. Дыбыс деген не?
2. Әріп деген не?
3. Қандай дыбыстарды білесің?
4. Дауысты дыбыстар қалай аталады?
5. Дауыссыз дыбыстар қалай аталады?
6. Өткен сабақтарда қандай әріптермен таныс болдық?
7. Сөз деген не?
8. Сөйлем деген не?
9. Сөзде қанша буын болады?
10. Әріпке сөз ойла.
11. Сөзді қатыстырып сөйлем құра.

3. Жаңа сабақ: 1. Суретпен жұмыс. Қарғаның суретін көрсете отырып, сипаттау.
- Мынау ненің суреті балалар?
- Оның түсі қандай?
- Ол қалай дыбыстайды?
- Енді осы сөздерді қатыстырып сөйлем құрап көрейікші:
- Қара қарға қарқылдайды.
- Қай дыбыс басым естіліп тұр?
- Демек біз бүгін Р дыбысымен және әрпімен таныс боламыз.
2. Р әрпін тақтаға ілу.
Р - ға тілі келмейді,
Кей баланың басында.
Р - де десең «И»дейді,
Ол басқа әріп расында.

- Шынымен балалар, кей балалардың Р - ға тілі келмейді екен.
- Қане бәріміз дыбыстап көрейікші - Р - Р - Р - Р - Р
3. Суретке қарап сөйлем құрау.
- Орманда қасқыр, жолбарыс, қарға және аралар радио тыңдап отыр.
- Суреттен тағы не көріп отырмыз?
- Балалардың жауаптарын тыңдау,
- Р дыбысы бар сөздерді буынға бөлгізу (шапалақтау арқылы буынға бөлгізу).
- Р дыбысының сөздің басында, ортасында, аяғында кездесетінін түсіндіру.
4. Енді экранға назар аударайық.
- Экран сөзінде де р дыбысы бар екенін түсіндіре кету.
- Электронды оқулықтағы Р дыбысына қатысты суреттерді тамашалай отырып қайталау.
5.”Кім тапқыр ” ойыны.
Р дыбысы бар сөздер ойлау, сол сөзді қатыстырып сөйлем құрау(. Ойын доп лақтыру арқылы жүргізіледі)

4. Сергіту сәті: Биік болып өсеміз,
Жапырақтай жайқала.
Табиғатты сүйеміз,
Денемізді тік ұстап
Билеп, билеп аламыз.

5. Бекіту: 1. Әліппе дәптермен жұмыс. Суреттерге тоқталып өту.
2. Р әрпінің баспа түрімен және жазба түрімен таныстыру.

3. Жазуға дайындық сәті: Бір, екі, үш,
Жинап алып күш.
Қолға қалам аламыз,
Әдемі етіп жазамыз.
а) Ауаға жазып көру.
ә ) Тақтаға жазып көрсету.
б) Оқушыға жазып байқату.
в) Әліппе дәптердегі жолақты толтыру.
4. Эстафеталық ойын: Өтілген әріптер бойынша кеспе әріптерден сөз құрап, қатар бойынша жарысу.
- Озып шыққан қатардың оқушыларын ерекшеліктеріне тоқтала отырып, мадақтау, ынталандыру.
Апа Ата
Аға Ана
Таға Ара

6. Бағалау:
- Әр баланың үлесіне жиналған гүл шоқтарын санау, сол бойынша еңбектерін бағалау.

7. Қортынды:
- Гүл шоқтарын «Тілек шоғына» айналдырайықшы
(жақсы тілек айта отырып, гүл шоқтарын бір - біріне қоса отырып жинау.)
- Мінеки балалар қандай әсем, әдемі гүл пайда болды. Келешекте осы гүлдей әдемі де әсем болып құлпырып өсуге тиіспіз. Ол үшін сабақты жақсы оқып, жан - жақты, үлгілі азамат болуымыз керек. Олай болса, ол үшін - сабақты жақсы оқуға уәде береміз бе?
- Уәде береміз.
Олай болса, осымен сабағымызды аяқтаймыз. .....



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Ораза кестесі 2024 жыл. Астана, Алматы, Шымкент т.б. ауыз бекіту және ауызашар уақыты
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу

Соңғы жаңалықтар:
» 2024 жылы студенттердің стипендиясы қанша теңгеге өседі
» қазақ тілі тестілеуде_келген_сұрақтар_зерттеуші
» Наурыз мейрамы Қазақстанда жаңа форматта тойланады