Еліміз артып отырған үлкен жауапкершілікке лайық болу – біздің тікелей міндетіміз
Демеуова Аяжан
7 сынып, Жаңажол орта мектебі
Казталов ауданы
7 сынып, Жаңажол орта мектебі
Казталов ауданы
Тәуелсіздік... Осы сөзде қаншама мән, шаттық, бақыт жатыр десеңізші! Осы бір ғана сөз елдің тыныштығын,азаттығын, бостандығын, ынтымағын білдіреді. Осы тәуелсіздікке жету үшін қанша аға-апаларымыз тер төккен. Міне, сол бір ғана сөздің арқасында алтын күн аспанымызда нұрын шашып тұр. Біздің ел – азат ел! Тәуелсіздігінің жиырма жылдығын тұғырға байлаған асқақ ел. Осы жиырма жыл ішінде талай жетістікке, талай күйініш-сүйінішке бөленіп, талай өрлеудің жолында келе жатырмыз. Еліміздің кірпішін қалаған Елбасымыз бар.
Ал біз болсақ, тәуелсіздіктің туы желбіреген жас ұрпақпыз. Ел сенімін ақтар ұланбыз. Елбасымыз бізді бекерден бекер «Жас Ұлан», «Жас Қыран» деп атамаған. Бұның астарында үлкен мән жатыр. Бізді қырандай қырағы, тұлпардай жүйрік болсын деп, бізге көп көңіл бөлген. Арнайы төсбелгі мен галстуктері бөлінді. Бұл дегеніміз біздің нағыз Ұлан, Қыран атануымыз. Яғни, осы атаққа ие болғандықтан, сол атаққа сай болуымыз керек. Ата-бабамыз аңсап келген тәуелсіздікті қазіргі таңда мемлекет болып, ел болып өзінің баға жетпес нәзік байлығын біздің алақанымызға тапсырғалы отыр. Сондықтан да еліміздің ертеңі мен бүгінгі, атар таңы мен батар күні біздің қолымызда.
Еліміз артып отырған үлкен жауапкершілікке лайық болу – біздің тікелей міндетіміз. Осыны бір сәтке де есімізден шығармай, өз-өзімізді қазірден бастап тәрбиелеуіміз қажет деп білеміз. Өйткені, біз сонау «Ақтабан шұбырынды» да өз елін жаңғар шапқыншыларына бермей алып қалған Абылайдың, қанды майданда жігерлі бола білген Бауыржанның, сонау майданда елі үшін төсін оққа тіккен қазақтың батыр қаздары Әлия мен Мәншүктің, сонау ижаңбырша жауған оттың арасында Берлиннің биік шыңына алғаш туымызды тіккен Р. Қошқарбаевтің, сонау 1986 жылы 16 желтоқсанда тәуелсіздік жолында құрбан болған Ләззат пен Қайраттың ұрпағамыз. Осыншама адамдардың қанына боялып , қиындық пен уысымызға түскен тәуелсіздігімізге немқұрайлы қарауға біздің қақымыз бар ма? Елімізді дамыға елдердің алдыңғы қатарына енгізіп, ата-бабамыз өсиет етіп қалдырған кең-байтақ даласын бүкіл әлемге мойындатып, ұрпақтан ұрпаққа табыс ету біздің тікелей міндетіміз деп білеміз.
Біздің әрбір таңымыз бойымызға ата-бабаның қанымен сіңген отан сүйгіштікпен, еліне, жеріне деген ар-намысымызбен атауы керек. Біздің бағындырар биігіміз, алар шыңымыз әлі алдымызда.
«Жас Ұлан» - сені өз міндетіңе жауапкершілікпен қарауға шақырамыз!!!

Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
kz | Шығармалар
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?