Елбасының өмірі мен қызметі
Құлмахан Қазына
сынып, Жамбыл атындағы орта мектеп
Т.Рысқұлов ауданы
Жетекшісі: Абдиханова Н.М.
сынып, Жамбыл атындағы орта мектеп
Т.Рысқұлов ауданы
Жетекшісі: Абдиханова Н.М.
Елбасының әкесі Әбіш атасы Назарбайдың кенжесі. Ол кісінің Әбіштен үлкен Үмбет, Шалабай деген ұлдары, бір қызы болған екен. Қызы жас кезінде қайтыс болып кетіпті. Назарбай әлде би, болмаса болыс па, әйтеуір ауқымды аймаққа билік жүргізген, қолында мөрі бар адам екен. «Назарбайдың жазығы», «Назарбайдың диірмені» деп аталатын жерлер әлі де бар. Назарбай Шамалған, Қаскелең, Үшқоңыр жайлауларын қоныстаған екен.
Назарбай атасы дүние салғаннан кейін мөрін елбасының әжесі Мырзабала ешкімге бермей өз қолында ұстаған. 1929 жылдың қатерлі көктемінде қазақ даласына «Коллективтендіру» деген бәле келді. Бұл шақ – жуанның жіңішкерік, жіңішкенің үзілген кезеңі. Әбіш жалданып жұмыс істеген Никифоровтар отбасының тамырына балта шабылды. Сөйтіп, бәрінен жұрдай болған халық ауылдан шұбырып, бас ауған жаққа кете барады. Басқа жақтан жер аударылған «кулактар» Шамалғанға қоныс тебеді. Жергілікті елге шаруашылықпен айналысуға рұқсат берілмей, тауда жол салу жұмысын істетеді . Осы оқиғадан кейін қаншама уақыт өтсе де, жергілікті тұрғындар осынау бұралаң жолды – «Жазалылардың жолы» деп атап келеді. Сол кезде бригадир болып қызмет атқарған Әбіш «Жазалылардың» арасынан болашақ жары Әлжанды кездестіреді. Сөйтіп, екеуі жүрек қалауларымен тағдырларын қосады. Тұрмысқа шыққаннан кейін Әлжан бес жылға дейін құрсақ көтермейді. Райымбек бабадан «бойыма бала бітсін» деп тілеген Әлжан анамыз арада бес жыл салып қазақтың Қарасай батырының жетінші ұрпағы Назарбайдың Әбішінің отауында аңсап күткен маңдайы жарқыраған ұл дүниеге келеді. Түсінде теңіздің түбінен тауып алған мылтығы бүгінде баяндаманың кейіпкеріне айналған Елбасының өзі.
Құдайға сеніп, құлшылық етіп, намаз оқыған әжесі Мырзабала «Кенже ұлдан көрген тұңғыш немерем» деп бауырына салып, өзі Нұрсұлтан деп ат қойыпты. Бұл күн 1940 жылы шілденің алтыншы жұлдызы еді. Жастайынан білімге деген құштарлық пен ата-анаға деген сүйіспеншілігі байқалып тұратын баланы үй ішіндегілері Сұлтан деп атаған. Өз ортасының алғыры бола білген бұл Сұлтан бүгінде әлемді салиқалы саясатымен мойындата білген. Қазақстан
Республикасының тұңғыш Президенті. Елбасының өмір дерегіне көз жүгіртер болсақ ол кісінің аса еңбек сүйгіштігін байқаймыз.
Еңбек деген байлық бар,
Іздеген талмай жететін.
Жоқшылық деген жәбірді,
Жермен жексен ететін, деп дана халқымыз айтқан осы өлең жолдарының сөздері Елбасының бозбала кезінен – ақ бойынан табылады екен.
Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 20 жылдығы қалың қазаққа, күллі қазақстандықтар үшін айтулы мереке болды. Тәуелсіздігіміз халқымыз бен Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың ерең еңбектерінің жемісі. Тәуелсіздіктің 20 жылдығында Қазақстан қалыптасу мен дамудың ғажайып жолынан өтті. Сондықтан, біз еліміздің тәуелсіздігімен қалай мақтансақ, елімізді ерең биіктерге көтерген Елбасымызбен солай мақтанамыз.
Осы жылдар ішінде Елбасы өзінің шын мәнінде алыстан ойлап кең пішетін нағыз стратег тұлға екенін көрсете білді. Бұған дәлел ретінде астананы Алматыдан Ақмолаға көшіру әрекетін сонау 1994 жылы қолға алғанын, Елбасының бай мемлекеттер басшылары арасындағы беделінің арқасында Астанаға қазірге дейін, 400 млн. доллардың инвестициясы сый ретінде, мүлде тегін келді.
Еліміз 1991 жылы тәуелсіздігін алғаннан соң, ТМД елдері өз ақша, Валюталарын еңгізді . Соның ішінде бірінші болып біздің елдің Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев 1993 жылы 16 қарашаны – Теңге күні деп жариялады. Ол мемлекеттің ішкі саясатын нығайту және Ресейге тәуелдіктен құтылу үшін Қазақстанның ұлттық валютасын жасауды қолға алып, төл теңгемізді дер кезінде айналымға енгізді. Мемлекетаралық ынтымақтастықты қолға алды. Теңге өмірге оңайлықпен келген жоқ. Елбасымыз өз теңгемізді шығаруға қаржыгерлерге арнайы тапсырма берді. Ұлттық валютамыздың өз дизайні, өз идеясы болуы керектігін қатаң тапсырылды. Олай етпейінше, Қазақстанның халықаралық ауқымды танылуы, сол арқылы әлемдік қоғамдастық тарапынан қауіпсіздігі қамтамасыз етілуі, аумақтық тұтастығы мен шекарасының мызғымастығына кепілдік алуы мүмкін емес еді.
«Қазақстан - 2030» бағдарламасын экономика әлі оңала қоймаған 1996 жылы қабылдатқанын, сондай – ақ, Еуропадағы Қауіпсіздік және Ынтымақтастықтың Ұйымына төреғалық етуге деген қадамы да сонау 2003 жылы басталғанын еске алсақ жеткілікті. Тәуелсіздікке қол жеткізе салысымен, елімізде ядролық сынақтарға тыйым салуы, көп векторлы сыртқы саясат жүргізу арқылы алыс – жақын мемлекеттердің бәрімен де достық қарым– қатынасты жолға қоюы шетелдерде тұратын мыңдаған қандастарымызды Отанымызға көшіріп алғызуы Елбасымыздың республикамызды бүгінде ТМД мемлекеттері арасындағы ең қарышты қарқынмен дамып отырған, қуатты елдердің қатарына әкеліп қосқан тарихи еңбегі екені даусыз.
Қилы замандарда атамекенін амалсыз тастауға мәжбүр болып, шет елдерге тарыдай шашырап кеткен қазақтардың басын қосып, дүниежүзі қазақтарының алғашқы құрылтайын ұйымдастырып, қауымдастығын құрды. Қандас бауырларымыздың ата – жұртына қайтып оралуына жағдай жасап, квота бөлді. Мұндай практиканы қолданатын әлемде үш ақ ел бар, соның бірі Қазақстан. «Ең жақсы патша – өз халқына мылтықтың дауысын естіртпеген патша» - деген бар. Бұл жағынан алғанда, Елбасының Қазақстан халқы алдында жүзі жарқын екендігімен ешкім таласа қоймас дейміз.
Елбасының ұстанған саясатының арқасында Қазақстан халқының бірлігі жарасым тауып келеді. Тәуелсіздік орнығуының ең қиын жылдарында халықтың кемелдігі мен елдің Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың қайраткерлігі нәтижесінде Қазақстанда этносаралық жанжал мен қоғамның бөлінуіне жол берілген жоқ. Осы орайда, Қазақстанның Ел бірлігі доктринасы қабылданды. Мұндай саяси мәні терең, алуан түрлі ұлт пен ұлыстарды бір шаңырақ астына біріктірген Доктрина ешбір елде жоқ. Елбасының үлкен еңбегінің бірі Қазақстан халық Ассамблеясы институтын құруы. Бұны Біріккен Ұлттар Ұйымы басшысының өзі жоғары бағалады. Мемлекеттік тіліміздің ахуалы да біртіндеп түзеліп келеді. Осы кезде мектеп оқушыларының 71% қазақ тілінде білім алып жатыр.
Қазіргі таңда тәуелсіз және егемен ел екенімізді білдіретін Елтаңба , Ту, Әнұранымыз бар. Мемлекеттік Рәміздер қашанда ел айнасы, ұлттық тұтастықтың кепілі. Елбасының пәрменімен 1992 жылы 4 маусымда Мемлекеттік Рәміздер бекітілді. Мемлекеттік рәміздер – еліміздің өмір салтын, бүкіл болмысын, ерекшелігін, айрықша арман-аңсарын, басқалармен байланыс мұратын білдіреді.Еуропадағы қауіпсіздік және Ынтымақтастықтың Ұйымына төрағалық етуіміз, оның 11 жылдан соң саммитін өткізіп 56 мемлекеттің басшыларын қабылдап, Астана декларациясының қабылдауына қол жеткізуіміз, 27 елдің спортшыларын жинап, VІІ қысқы Азия ойындарын өткізуіміз шоқтығы биік жетістігіміз екені анық. Мәдени мұра бағдарламасы, «Қазақстан – 2050» Стратегиясы қоғам дамуының жаңа белесіндегі басты сұрақтарға жауап береді. «Біз ұлттың тарихи санасын қалыптастыру жұмысын жалғастырумыз керек» дейді Елбасы.
2012 жылғы 14 желтоқсандағы Елбасының «Қазақстан -2050» Стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты атты Қазақстан халқына Жолдауында Нұрсұлтан Әбішұлы «Қазақстан ХХІ ғасырдың ортасына қарай әлемнің ең дамыған 30 елінің қатарында болуға тиіс», деп асқаралы межеге қол жеткізу қажеттігін мәлімдеді. Бұл мақсатқа жеті үшін Елбасының сеніп отырғаны - елі, туған халқы және өскелең жастарға деген зор сенімі мен үміті. Елдің даму стратегиясын ондаған жылдарға алдын-ала айқындап және оған болжам жасап қана қоймай, сол жоспарды іске асыра білу Елбасыға тән қасиет. Еліміздің халықаралық деңгейдегі беделін арттыратын айтулы оқиғаның бірі – 2017 жылы Астанада өтетін ЭКСПО – 2017 көрмесі. Жаңа Қазақстан әлемдік беделді оқиғаларды тек қана тамашаушы ғана емес, өзі жүзеге асырушы, жаңа идеяларды сыңға салып, әлемдік қоғамдастықтың мерейіне бөлей алатын белсенді де жетекші мемлекеттің біріне айналды. ЭКСПО – 2017 көрмесінің жасыл энергия тақырыбы жаһанды өркендеу мен шуаққа, елімізді жаңа технология мен ғылымның әлеуетті буынына айналдыратын жасампаз жоба болатыны айдан анық.
Елбасымыздың қазақ халқына арналған жолдауын «Қазақстан жолы – 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» деп атаған. Жолдау – жаңа үміт, жаңа міндет, жаңа жетістіктерге жол бастаушы. Жолдау Қазақстан халқын толғандырып отырған мәселелерге нақты жауап береді. Елбасының жолдауынан бастау алатын игі істердің барлығы еліміздің дамуына, халықтың мүддесіне бағытталады.
Біздің халқымыздың еңбек жолын қарапайым жұмысшылықтан бастап, бүгінде аты әлемге әйгілі қайраткер дәрежесіне көтерілген, өмірдің
ащысы мен тұщысының бәрін де татқан, от пен судан өтіп, мейлінше шыныққан, мемлекет басшысы ретінде жүргізіп отырған саясатын дүние жүзі мойындаған өз Елбасымыз бар.
Ол Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев.

Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
kz | Шығармалар
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?